Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11245 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика Министрдің


міндетін атқарушы

Т. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 20 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министр
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 282 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының
шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы

      12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізбе бойынша белгіленеді.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әрбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша айқындалады.

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларының шекті мәндерін белгілеу тәртібі

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейлері мен өзгерістері бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Pi = Pbase*rav,i, мұндағы:

      Рi - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына i-ші тоқсандағы бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;

      Рbase - тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы, теңгемен;

      rav,i - тауар бойынша соңғы үш жылдағы i-ші тоқсанда баға индексінің орташа өзгерісі, пайызбен;

      i - тоқсанның реттік нөмірі.

      Астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жылдың

      қарашасындағы бөлшек сауда бағасы тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы болып табылады.

      Тауар бойынша соңғы үш жылдағы тоқсандарда баға индексінің орташа өзгерісі мынадай формула бойынша есептеледі:


, мұндағы:

      rn,i - тауар бойынша n-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;

      rn-1,i - тауар бойынша n-1-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;

      rn-2,i - тауар бойынша n-2-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;

      n - бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленетін жылдың алдындағы жыл.

      Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері өткен екі жылдың төртінші тоқсаны үшін және n-ші жылдың қазаны үшін тауар бойынша бағалар индексін ескере отырып белгіленеді және мемлекеттік статистика органдары n-ші жылдың төртінші тоқсанының деректерін жариялағаннан кейін жоғарыда көрсетілген формула негізінде түзетіледі.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат жолдайды.

      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін уәкілетті органға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша жиынтық ұсыныстар енгізеді.

      Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, ағымдағы жылдың

      10 ақпанына дейін уәкілетті органға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту жөнінде түзетілген жиынтық ұсыныстар енгізеді.

      7. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар жиынтық ұсыныстар бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде макроэкономикалық талдау жүргізеді және жергілікті атқарушы органдардың жиынтық ұсыныстарымен қоса, жүргізілген макроэкономикалық талдау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына шығарады.

      8. Комиссия уәкілетті орган ұсынған материалдарды бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Комиссия шешімінің тиісті жобасын алғаннан кейін уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және ағымдағы жылдың 25 наурызына дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған түзетілген деректерді бекітеді.

3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін айқындау тәртібі

      10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асып кеткен жағдайда жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін және көрсетілген тауарларға бағалардың маусымдық ауытқуларына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қажеттілігі туралы еркін түрде өтінім енгізеді.

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының бекітілген шекті мәндері жоғарылатылған немесе өңірде бағаның өсу қаупі бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі;

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсу себептері немесе одан әрі өсу қаупі;

      3) көрсетілген тауарларға бағалардың маусымдық ауытқуларына байланысты тоқсандарға бөле отырып, өңір бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және тұтыну теңгерімінің ағымдағы жылға арналған көрсеткіштері;

      4) мерзімін көрсете отырып, бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеуге арналған негіздеме және бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері туралы ұсыныстар (90 күннен артық емес);

      5) сауда қызметі субъектілеріне қатысты монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану не әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірушілерін қаржылық қолдаудың қажетті шараларын, қолдаудың ықтимал көлемдері мен қаржыландыру көздерін (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, қаржы институттарының қаражаты) көрсету бөлігінде баламалы шаралар бойынша ұсыныстар;

      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының артуына жол бермеу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

      11. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар өтінім ұсынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде өңірде бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін енгізудің орындылығына және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына талдау жүргізеді.

      12. Уәкілетті орган бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін енгізудің экономикалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы жинақталған қорытынды жасайды және Комиссияның қарауына енгізеді.

      13. Комиссия он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ұсынған материалдарды қарайды.

      14. Комиссияның тиісті шешімін алғаннан кейін уәкілетті орган

      азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының енгізілу мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекітеді.

      15. Жергілікті атқарушы органдар бір күн мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы ақпарат таратады.

      16. "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Жергілікті атқарушы органдар сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінен асырмауын бақылауды жүзеге асыруда.

      17. Заңының 7–бабының 15-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жағдайда, қабылдаған шешімнің ықпалға мониторинг және талдау жүргізеді.