ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2019 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2019 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 28 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 сәуір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығына қосымша |
"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2019 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакеті мен сынау объектілерін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 20 (жиырма) күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакеті мен сынау объектілерін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) не осы Стандарттың 10-тармағында белгіленген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін қоса алғанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар мен сынау объектілерін ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған стандарттау бойынша нормативтік құжаттар, фирманың каталогы, қару паспортының түпнұсқасы және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы қару (бұйым) нөмірлерінің тізбесі;
4) сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде:
өзін-өзі қорғау және белгі беру қаруы – әр модельден немесе модификациядан кемінде 20 дана патронымен (газды қару үшін қосымша кемінде 15 дана бос патрон ұсынылады) 3 дана;
қызметтік, спорттық және аңшылық қару – әр модельден немесе модификациядан кемінде 30 дана патронымен (снарядымен) 2 дана;
конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйым – әр модельден немесе модификациядан 4 дана;
қызметтік және азаматтық қаруға патрондар – әзірлеуші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде 20 дана;
суық және лақтыратын қаруды, сондай-ақ сыртқы құрылысы бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде:
сұқпалы суық және лақтыратын қару болып табылатын заттар – әр модельден немесе модификациядан 3 дана;
сыртқы құрылысы бойынша сұқпалы суық және лақтыратын қаруға ұқсастығы бар арнайы құралдар – әр модельден немесе модификациядан 4 дана;
сыртқы құрылысы бойынша сұқпалы суық және лақтыратын қаруға ұқсастығы бар шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы өнімдер – әр модельден немесе модификациядан 2 дана;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификациядан 15 бірлік ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Құжаттар мен сынау объектілерін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес тізімдеме бойынша ұсынады және тапсырады. Құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне қоса беріледі.
Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынау аяқталғаннан кейін қорытындыға көрсетілетін қызметті алушы сынау үшін ұсынған құжаттар мен криминалистік талаптарға сәйкес келетін және сынау нәтижесінде сыртқы түрін, конструкциясын, жауынгерлік қасиеттерін, техникалық сипаттамаларын өзгертпеген объектілер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша қоса беріледі.
10. Көрсетілетін қызметті алышуға:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес деректерді (мәліметтерді) анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ұсынылған құжаттар мен объектілердің толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен объектілерді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдауды растау оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақытын, арызды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не жергілікті жерге шыға отырып тексеру;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімін ұзартқан жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімін ұзартқан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзартудың себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз тасымалдағышта берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" портал арқылы жолдаған кезде өтініш беру туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 72-25-89, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне № ____ қорытынды
20____ жылғы "____" ________ |
Өтініш: 20____ жылғы "____" ______________ кіріс № ___________________
Көрсетілетін қызметті алушы:_________________________________________
Заңды мекенжайы: __________________________________________________
Криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша ШЕШІМ
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша: қайтарылатын объектілер мен құжаттардың тізбесі бар тізімдеме _____ парақта.
Орындаушы:
________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Сынау зертханасының басшысы:
________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Мөр орны (болған жағдайда)
Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарға қойылатын криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті
20 ____жылғы "___"________№ ________қорытындының анықтама парағы
Бұйым_______________________________________________________________
(сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,
_________________________________________________________________________
базалық үлгі модификациясының нөмірі,
__________________________________________________________________________
әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі)
Нәтиже ______________________________________________________________
(сынау бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі)
Техникалық сипаттамалары:_____________________________________________
Орындаушы: ________________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Сынау зертханасының
басшысы: ________________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Мөр орны (болған жағдайда)
ӨТІНІШ
Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.
Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар______парақта және объектілер саны _______данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________парақта.
Мыналар:
көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;
барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Басшы______________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Мөр орны (болған жағдайда)
Толтырылған күні 20 _____жылғы "____"_______________
"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗБЕСІ
р/с № | Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы | Саны | Қосымша мәліметтер |
Объектілерді тапсырған:______________ _______ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20___жылғы "___"________
Объектілерді қабылдаған:_____________ _______ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20___жылғы "___"________
Құжаттар мен объектілерді қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының 41-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
__________________________________________________________________________
(аумақтық ішкі істер органының атауы мен мекенжайы)
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар мен объектілерді толық ұсынбағандықтан, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________;
2) ________________________________;
3) ________________________________
"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар мен объектілерді қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр жаққа бір-бір данадан.
Көрсетілетін қызметті берушінің __________________________________ ___________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
20___жылғы "___"________
Алды: көрсетілетін қызметті алушының________________________________ ________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
20___жылғы "___"________