«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 271 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және
олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.12.2015 № 1001 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/р № |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары | Бөлінген орындардың жалпы саны | Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар | Кәсіптік орта білімі бар мамандар | |||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
ҚД | БА | БА | ||||||||
2 ай | 4 ай | 5 ай | 1 апта | 2 апта | 4 апта | 1 апта | 2 апта | |||
1. |
Астана медицина университеті |
14535 |
535 |
852 |
193 |
2344 |
1946 |
1216 |
4494 |
2955 |
БАРЛЫҒЫ |
14535 | 535 | 852 | 193 | 2344 | 1946 | 1216 | 4494 | 2955 |
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ҚД - қайта даярлау
БЖ - білімін жетілдіру
* 1 апталық біліктілікті арттыру курсында 2 344 кәсіптік жоғарғы білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып - 280 маман оқудан өтеді;
**1 апталық біліктілікті арттыру курсында 4 494 кәсіптік орта білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып - 25 маман оқудан өтеді.