"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11192 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 14 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9175 болып тіркелген, 2014 жылы 31 шілде № 147 (27768) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
      2) «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9650 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылы 19 ақпан № 33 (27909); «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылы 19 ақпан № 33 (28511) жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е.Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірде  
№ 359 бұйрығымен   
бекітілген      

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мен оның облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпарат.
      Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің электронды нұсқасын алу мүмкіндігі ұсынылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
      Бірінші тәсіл:
      Одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) www.stat.gov.kz интернет-ресурстарында орналасқан стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында кеңсені жүргізуге жауапты тұлға 15 (он бес) минут ішінде шартты жасасу үшін қажет құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар және толтырылған үлгі шарт көрсетілетін қызметті берушінің құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөліміне және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалындағы шартты жасасуға жауапты тұлғаға беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалындағы шартты жасасуға жауапты тұлға 2 (екі) жұмыс күні ішінде шарттың жобасын, қабылданған құжаттардың толық болуын және заңдылығын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің келесі қызметкерлерімен немесе қызметті берушінің филиалында:
      бухгалтерлік есепті жүргізуге жауапты қызметкермен;
      көрсетілетін қызметті берушінің статистикалық ақпаратты ұсынуға жауапты қызметкерімен;
      көрсетілетін қызметті беруші директорының орынбасарымен (филиалда - бар болса) шарттың жобасын келіседі.
      Қаралып, келісілгеннен кейін Шарттың жобасына директор немесе оның міндетін атқарушы тұлға 2 (екі) данада қол қояды, елтаңбалы мөрмен куәландырылады және шарттардың тізілімінде тіркеледі және 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалындағы статистикалық ақпаратты ұсынуға жауапты қызметкер жасалған шарттың талаптарына сәйкес статистикалық ақпаратты көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
      Бухгалтерлік есепті жүргізуге жауапты қызметкер 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шот-фактураны және көрсетілген қызметтер актісін қол қоюға ұсынады.
      Екінші тәсіл:
      Қағаз жеткізгіште не электрондық форматта (сканерленген өтініш) жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz және Комитеттің www.stat.gov.kz интернет-ресурстарында орналасқан стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсені жүргізуге жауапты тұлға 15 (он бес) минут ішінде кіріс хат-хабарлар журналында тіркейді және бұрыштама қою үшін директорға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жібереді.
      Директордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұрыштамасы бар стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілген қызметті берушінің филиалындағы статистикалық ақпаратты ұсынуға жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі;
      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалындағы статистикалық ақпаратты ұсынуға жауапты қызметкері қажетті статистикалық ақпаратты қалыптастырады және 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне жауап дайындайды.
      Дайындалған жауапты көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсе жүргізуге жауапты тұлға 20 (жиырма) минут ішінде шығыс хат-хабарлар журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мыналар арқылы жолдайды:
      келу тәртібінде - шығыс хатта көрсетілетін қызметті алушы өкілінің қолымен;
      электрондық пошта арқылы - кейін көрсетілетін қызметті алушыдан алғаны туралы электрондық хатты алумен.
      Бухгалтерлік есепті жүргізуге жауапты қызметкер 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шот-фактураны және көрсетілген қызметтер актісін қол қоюға ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының сұратылып отырған статистикалық ақпараты жоқ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттың жоқтығы туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны ұсыну мерзімі - бір жұмыс күні.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі келесі рәсімнің (іс-қимылының) орындалуын бастау үшін негіз болады:
      шарт жасасудың негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде:
      стандарттың 9-тармағында көрсетілетін құжаттар және толтырылған шарт;
      шарттың келісілген жобасы;
      қол қойылған, шарттардың тізілімінде тіркелген және мөрмен бекітілген шарт 2 (екі) данада;
      қалыптастырылған статистикалық ақпарат;
      шот-фактура және көрсетілген қызмет актісі.
      Біржолғы өтініштің негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде:
      стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар және өтініш;
      қалыптастырылған статистикалық ақпарат;
      шот-фактура және көрсетілген қызмет актісі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      директор не оның міндетін атқарушы тұлға;
      бухгалтерлік есепті жүргізуге жауапты қызметкер;
      көрсетілетін қызметті берушінің филиалындағы және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің статистикалық ақпаратты ұсынуға жауапты қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің филиалында шарт жасасуға жауапты тұлға және (немесе) құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсені жүргізуге жауапты тұлға.
      8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы әрбір рәсімнің (іс-кимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген
статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы