Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11180 тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                     Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қаржы Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е.А. Досаев
      2015 жылғы 23 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 223 бұйрығымен     
бекітілген        

Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар уәкілетті мемлекеттік органдардың объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және осындай учаскелерге қатысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 6-тармағына сәйкес жер салығының он есеге ұлғайтылған базалық мөлшерлемесін қолдану үшін мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
      2) мемлекеттік кірістер органы - өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
      3) мәліметтер - объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер.

2. Объектілер құрылғысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және олар бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Уәкілетті орган объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау үшін объектілер салуға арналған жер учаскелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 145-бабының 8-тармағына сәйкес тоқсан сайын жинақтауды жүзеге асырады.
      4. Объектілер салуға берілген жер учаскелері туралы мәліметтерді жинақтау үшін уәкілетті орган Кодекстің 92-бабында белгіленген игеру мерзімі мәліметтерді жинау сәтінде аяқталған немесе аяқталуға жақын осындай жер учаскелерінің жер-кадастрлық ақпараттарын зерделейді.
      Объектілер салуға берілген жер учаскелері туралы мәліметтерді толықтыру үшін уәкілетті орган:
      1) тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне - қала құрылысы кадастрынан салынып жатқан (салынуға жоспарланып отырған) объектілер туралы мәліметтер алу үшін;
      2) жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға-мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен көшірме алу үшін тиісті сұрау салуды жолдайды.
      Қажет болған кезде керекті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды толықтыру мақсатында уәкілетті орган басқа уәкілетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға сұрау салуды жолдайды.
      5. Объектілер салуға арналған жер учаскелері туралы мәліметтерді жинақтағаннан соң уәкілетті орган өзінде бар және алынған мәліметтерді талдайды, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастырады.
      6. Жоғарыда көрсетілген тізбе негізінде уәкілетті орган объектілер салуға арналған жер учаскелерін анықтайды, бірақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын, тексеріс жүргізу арқылы және есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесінен кешіктірілмеген мерзімде мемлекеттік кірістер органына жер учаскелерінің мақсатқа сай пайдаланылмауын немесе оларды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылуын айқындаған фактілер жөніндегі мәліметтерді өткен салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
      7. Мәліметтер қағаз жеткізгіште электрондық нұсқасын (флеш - есте сақтау жеткізгіші ретінде пайдаланатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Місrosoft Ехсеl форматында) қоса бере отырып, екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:
      1) бірінші дана уәкілетті органда қалады;
      2) екінші дана мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.
      Жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жіберілетін мәліметтерге уәкілетті органның басшысы не оның орнындағы тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның қолы қойылады және ол мөрмен расталады.
      Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қол қояды.

Жердің аймақтық коэффициенті

Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)

Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), ш.м

Бұзушылық түрі

Тексеру актісінің күні мен нөмірі

Жазбаша ескертудің күні мен нөмірі

Жазбаша ескертуді табыс ету күні

Айқындалған бұзушылықты жою күні

10

11

12

13

14

15

16

17









__________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның
басшысы не оның орнындағы адамның
    тегі, аты, әкесінің аты)

__________
(қолы, МО)

Осы мәліметтерді
қабылдап алған
мемлекеттік кірістер
органының қызметкері

__________________________________
(Мәліметтерді жасау үшін жауапты
лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты)
Мәліметтер жасалған күн «__»_______20__жыл

__________
  (қолы)

________________________
(тегі, аты, әкесінің
      аты, лауазымы)
________________________
         (қолы)

*Нысан осы нысанға қосымшаға сәйкес толтырылуға жатады


Мәліметтер қабылданған күн
«___»_______20_______жыл

«Жер учаскелерінің мақсатқа
сай пайдаланылмауын немесе
заңнамасын бұза отырып   
пайдаланылуын айқындаған  
фактілер жөніндегі мәліметтер»
нысанына қосымша      

Жер учаскелерінің мақсатқа сай пайдаланылмауын немесе оларды
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылуың
айқындаған фактілер жөніндегі мәліметтер нысанын толтыру
бойынша түсіндірме

      «Жер учаскелерінің мақсатқа сай пайдаланылмауын немесе оларды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылуын айқындаған фактілер жөніндегі мәліметтер» нысаны былайша толтырылады:
      «№» деген 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі (Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді бұзбауы тиіс);
      «Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген 2-бағанда жер учаскелерін меншік және жер пайдалану құқығында алған заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
      «БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағандағы көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі немесе 2-бағандағы көрсетілген жеке тұлғаның ЖСН-і көрсетіледі;
      «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды» деген 4-бағанда «Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша код көрсетіледі;
      «Жер учаскесінің орналасқан орны» деген 5-бағанда жер учаскесінің орналасқан жері көрсетіледі;
      «Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі» деген 6-бағанда жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;
      «Жер учаскесінің арналған мақсаты» деген 7-бағанда жер учаскесінің арналған мақсаты көрсетіледі;
      «Жер учаскесінің алаңы (ш.м)» деген 8-бағанда шаршы метрмен жер учаскесінің алаңы көрсетіледі;
      «Жер учаскесінің санаты» деген 9-бағанда жер учаскесінің санаты көрсетіледі;
      «Жердің аймақтық коэффициенті» деген 10-бағанда жердің аймақтық коэффициенті көрсетіледі;
      «Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)» деген 11-бағанда елді мекендердің жерлерін қоспағанда, бонитет балы көрсетіледі;
      «Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), ш.м» деген 12-бағанда шаршы метрде үлес алаңы көрсетіледі;
      «Бұзушылық түрі» деген 13-бағанда объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бұзушылықтың түрі көрсетіледі;
      «Тексеру актісінің күні мен нөмірі» деген 14-бағанда тексеру актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі;
      «Жазбаша ескертудің күні мен нөмірі» деген 15-бағанда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға тапсырылған жазбаша ескертудің күні мен нөмірі көрсетіледі;
      «Жазбаша ескертуді табыс ету күні» деген 16-бағанда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға тапсырылған жазбаша ескертудің күні көрсетіледі;
      «Айқындалған бұзушылықты жою күні» деген 17-бағанда айқындалған бұзушылықты жою күні көрсетіледі.