Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11146 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК Шекара қызметі) (Д.А. Ділманов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы полковник Д.А. Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы

Н.Әбіқаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      мiндетiн атқарушы

      _________________ М. Құсаинов

      2015 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 20 сәуір

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
  қауіпсіздік комитеті Төрағасының
  2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26
  бұйрығына 1-қосымша

"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу
үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше
рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

      экипажы тек Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталған қазақстандық кемелер үшін – жиырма жұмыс күні;

      экипажы шетелдік азаматтардан жасақталған қазақстандық кемелер үшін – жиырма бес жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі түрде бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қағаз түрінде Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну сағат 9.00 ден 17.30 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30 дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесі немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесі (теңіз кемелері үшін);

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесі (теңіз кемелері үшін);

      4) қазақстандық кемеде қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызметті алушы автоматты сәйкестендіру жүйесінің болуын растайтын жабдықталуы мен жарақталуы жағынан кеменің қауіпсіздігі туралы куәліктің көшірмесі (бұдан әрі – техникалық бақылау құралдары);

      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен берілетін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;

      6) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі (бұдан әрі – тізім);

      7) экипаж мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

      8) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттардың көшірмесі;

      9) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      10) кеме куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін).

      Көрсетілген құжаттардың көшірмелері не олардың нотариалды куәландырылған көшірмесі түпнұсқаларымен бірге салыстырып тексеру үшін ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжатты қабылдауын растау құжаттар топтамасын қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген арыздың көшірмесіне белгі қою болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы қолма-қол ұсынылады.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.

      Шағымда:

      1) Жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, поштасының мекенжайы;

      2) Заңды тұлғаның – оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ену режимінде алады.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
  ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
  қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
  рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  1-қосымша

      нысан

Сериясы _______________ № ___________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      1. Көрсетілетін қызметті алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның заңды мекенжайы (оның мекенжайы) _____________

      ____________________________________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Кеменің атауы _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Кеменің түрі ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ______________

      ____________________________________________________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____________________________________________________________________

      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі ______________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәлімет ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ______________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) __________________

      ____________________________________________________________________

      Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті берушінің қолы)

      20___ жылғы "___" ____________________

      мөрдің орны

      (1-қосымшаға парақтың сыртқы жағы)

Ерекше белгілер

      1. Рұқсаттың тоқтатыла тұрған күні ____________________________

      2. Рұқсатты тоқтата тұрудың себептері _________________________ _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Рұқсатты қайта жаңарту күні ________________________________

      Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі

      1. Рұқсаттың күші жойылған күні _______________________________

      2. Рұқсаттың күшін жою себептері ______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті берушінің белгілері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

  "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
  ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
  қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
  рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  2-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру туралы
өтініш

      Кімге ________________________________________________________

      (ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен _______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы (Т.А.Ә.), оның заңды мекенжайы (оның мекенжайы)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында балық және өзге де өнімді сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін (объектілерін) жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызметті жүргізу жағдайында кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)

      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға өтінім білдірген кемелер туралы мәліметтер ________ парақта келтірілген.

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20___ жылғы "___" _________________

      мөрдің орны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
кесіп өтуге рұқсат алуға өтінім білдірген қазақстандық
кеме туралы өтінішке мәліметтер

      1. Кеменің атауы _____________________________________________

      2. Кеменің түрі ______________________________________________

      3. Кеменің борттық нөмірі ____________________________________

      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ______________

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер: ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу нөмірі, орны, күні және оның қолданылу мерзімдері _____________________________________

      7. Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы (Т.А.Ә.), оның заңды мекенжайы (оның мекенжайы) ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _______________

      ____________________________________________________________________

      9. Квота иесінің атауы және мекенжайы ________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Техникалық бақылау құралдарының түрі _____________________

      12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) _____________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      13. Кеменің кәсіпшілік ауданына баруы кезіндегі болжамды координатор мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту мерзімдері _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Кеменің кәсіпшілік ауданына шығуы және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізуі мен түсіруі үшін кіруіне арналған Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20___ жылғы "___" ________________

      мөрдің орны

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
  қауіпсіздік комитеті Төрағасының
  2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26
  бұйрығына 2-қосымша

"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – отыз күнтізбелік күн;

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі түрде бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес қағаз түрінде шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 09-00-ден 13-00-ге дейін). Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну сағат 9.00 ден 17.30 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30 дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (жеке тұлғалар үшін) не болмаса мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс (шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге қызметтерді жүргізуді, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар өткізуді жоспарлаған жеке және заңды тұлғалар үшін);

      2) заңды тұлғалар үшін олардың басшылары, шекара аймағының елді мекенінде тұратын жеке тұлғалар үшін жергілікті атқарушы органдар құрастырған тізімге сәйкес, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжатты қабылдауын растау құжаттар топтамасын қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген арыздың көшірмесіне белгі қою болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы қолма-қол ұсынылады.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.

      Шағымда:

      1) Жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, поштасының мекенжайы;

      2) Заңды тұлғаның – оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ену режимінде алады.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Шекаралық белдеуге кіруге және онда
  болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет стандартына
  1-қосымша

      нысан

Серия ___________ № _________
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға
рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № _____

(корешок пропуска)

Берілді

(выдан) _______________________

Тұрғын

(жителю) ______________________

Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат берілген

(разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)

Кіру мақсаты (цель въезда)

Болу мерзімі (срок пребывания)

Болу уақыты (время пребывания)

Негіздеме (основание)

Берілген күні (дата выдачи)

"АЛҚАБЕК" заставасының бастығы (начальник заставы)

2277 ә/б (в/ч)_________________

_______________________________

мөрдің орны

РҰҚСАТТАМА № _____

(пропуск)

Берілді

(выдан) _________________________

Тұрғын

(жителю) _______________________

Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат берілген

(разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)

Кіру мақсаты (цель въезда)

Болу мерзімі (срок пребывания)

Болу уақыты (время пребывания)

Негіздеме (основание)

Берілген күні (дата выдачи)

Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды

(пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность) №

"АЛҚАБЕК" заставасының бастығы (начальник заставы)

2277 ә/б (в/ч) _________________

________________________________

мөрдің орны

  "Шекаралық белдеуге кіруге және онда
  болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет стандартына
  2-қосымша

      нысан

Жеке тұлғалардың
шекаралық белдеуге кіруге және онда болуына рұқсаттама алуға өтініші

ӨТІНІШ

(ЗАЯВЛЕНИЕ)

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын

(Прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу) __________________________________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

Мақсаты

(с целью) ________________________________________________________

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын

(о себе сообщаю следующие сведения)

Тегі (фамилия) ___________________________________________________

Аты (имя) ________________________________________________________

Әкесінің аты (отчество) __________________________________________

Туған жылы мен жері (год и место рождения) _______________________

__________________________________________________________________

Жұмыс, оқу орны (место работы, учебы) ____________________________

__________________________________________________________________

(ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)

жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющего личность) ______________

№ __________________________________ 20__ ж. "___" ______________

__________________________________________________________________

(жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)

(дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющего личность)

Тұрғылықты жері

(местожительство) ________________________________________________

Өзіммен бірге балаларым барады

(со мной следуют дети) ___________________________________________

(аты және жасы) (имя и возраст)

қолы (подпись) ___________________________________________________

(күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)

      (сыртқы жағы)

Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы
азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың)
тізімі

р/с

Т.А.Ә

Күні, айы, туған жылы

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Ескертулер

1

2

3

      Барлығы:___________________________________________________________

      (адамдардың жалпы саны – жазбаша)

      Шекаралық белдеуде техникалық құралдар тартылатын болады:

р/с

Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің Т.А.Ә.

Ескертулер

1

2

  "Шекаралық белдеуге кіруге және онда
  болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет стандартына
  3-қосымша

      нысан

Жеке немесе заңды тұлғалардың шекаралық белдеуге кіруге және
онда болуға, шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе
өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге
де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алуы үшін осындай
қызметке қатысушылардың тізімі қоса берілген ұсыныс

ҰСЫНЫС

(ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама(лар) беруді сұраймын

(Прошу выдать пропуск (а) на въезд и пребывание в пограничную полосу) __________________________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

Мақсаты (цель) ___________________________________________________

Уақыты (время) ___________________________________________________

Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға)

саны _____ дана қоса берілген тізімге сәйкес

(Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно

прилагаемому списку в количестве _______ экземпляров)

Ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі

(К представлению прилагаются следующие документы)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

лауазымы (должность)

қолы (подпись) ___________________________________________________

___________________________________________________

(күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)

мөрдің орны

      (сыртқы жағы)

Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы
азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың)
тізімі

р/с

Т.А.Ә

Күні, айы, туған жылы

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Ескертулер

1

2

3

      Барлығы:___________________________________________________________

      (адамдардың жалпы саны – жазбаша)

      Шекаралық белдеуде техникалық құралдар тартылатын болады:

р/с

Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің Т.А.Ә.

Ескертулер

1

2

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
  қауіпсіздік комитеті Төрағасының
  2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26
  бұйрығына 3-қосымша

"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының
аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына
рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – жиырма жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті (ұсынысты) одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі түрде бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес қағаз түрінде шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізге) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін). Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, кезектік тәртіпте жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес 2 дана нысан бойынша өтініш не болмаса мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес 2 данада нысан бойынша ұсыныс;

      2) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеушілік, іздеушілік немесе өзге де қызметтерді жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсат беру туралы құжаттарының көшірмесі;

      3) шағын көлемді өздігінен жүретін кемені (құралды) басқару құқығына құжаттың көшірмесі және жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткізілгені жөнінде белгісі бар кеме билеті.

      Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) теңіздік ғылыми зерттеушілік және іздеушілік қызметтерді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті берушіге қосымша:

      1) жобаның сипаты және мақсаты;

      2) кемелердің атауын, түрін және сыныбын қоса алғанда, пайдалануға жоспарланған әдіс пен құралдар;

      3) ғылыми жабдықтың сипаттамасы;

      4) жобаны жүргізу жоспарланған аудандар бойынша нақты географиялық деректер;

      5) зерттеу жүргізетін кемелер келген және кеткен немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылған және алып тасталған күн;

      6) жоба үшін жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпарат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішін растау күні, уақыты құжаттар топтамасын қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген арыздың көшірмесіне белгі қою болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы қолма-қол жұмыс күндері немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде ұсынылады.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ену режимінде алады.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін
  және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
  кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен
  жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының
  аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына
  шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  1-қосымша

      нысан

Серия ___________ № _________
Қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты), оның ішінде шағын көлемді кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА

түбіршегінің № _____

(корешок пропуска)

(выдан) ______________________

берілді

(жителю) _____________________

тұрғыны

20__ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген

(разрешен выход в море и внутренние воды в 20__ году)

Ауданның аумақтық суларында болу

(нахождение в территориальных водах в районе)

Жол жүру бағыты ______________________________

(маршрут следования)

Теңізге шығу мақсаты

______________________________

(цель выхода в море)

Шығу уақыты

______________________________

(время выхода)

Келу уақыты

______________________________

(время пребывания)

Жүзу құралының түрі

______________________________

(тип плавсредства)

Жүзу құралының тіркеу № ______

(рег. № плавсредства)

Жүзу құралының тіркелімге алыну орны _________________________

(место приписки плавсредства):

Негіздеме

______________________________

(основание)

Берілген күні ________________

(дата выдачи)

0000 ә/б "___" заставасының бастығы

(начальник заставы "__" в/ч 0000) ________________________

мөрдің орны

РҰҚСАТТАМА

түбіршегінің № _____

(корешок пропуска)

(выдан)__________________________

берілді

(жителю)_________________________

тұрғыны

20__ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген

(разрешен выход в море и внутренние воды в 20__ году)

Аумақтық сулардан тыс ауданда болу

(нахождение в территориальных водах в районе)

Жол жүру бағыты

_________________________________

(маршрут следования)

Теңізге шығу мақсаты

__________________________________

(цель выхода в море)

Шығу уақыты

__________________________________(время выхода)

Келу уақыты

__________________________________

(время пребывания):

Жүзу құралының түрі

__________________________________

(тип плавсредства)

Жүзу құралының тіркеу № __________

(рег. № плавсредства)

Жүзу құралының тіркелімге алыну орны ____________________________

(место приписки плавсредства)

Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды

(пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность) №

_________________________________

Берілген күні

_________________________________

(дата выдачи)

0000 ә/б "___" заставасының бастығы

(начальник заставы "___" в/ч 0000)

_________________________________

_________________________________

мөрдің орны

  "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін
  және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
  кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен
  жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының
  аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына
  шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  2-қосымша

      нысан

Жеке тұлғалардың қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін
және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің
(құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына
шығуына рұқсаттамалар алуға өтініші

0000 әскери бөлімінің командиріне

(командиру воинской части 0000)

ӨТІНІШ

(ЗАЯВЛЕНИЕ)

Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын

(Прошу выдать пропуск на выход в море)

Ауданында аумақтық суларда болу (нахождение в территориальных водах в районе) ________________________________________________________

__________________________________________________________________

_____________ мерзімге дейін ( на срок) с ________ по ____________

Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) ___________________________

Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) ____________________

Жүзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства) __________________________________________________________________

Мақсаты (с целью) ________________________________________________

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын

(о себе сообщаю следующие сведения)

Тегі (фамилия) ___________________________________________________

Аты (имя) ________________________________________________________

Әкесінің аты (отчество) __________________________________________

Туған жылы мен жері (год и место рождения) _______________________

Жұмыс орны (место работы) ________________________________________

ұйым атауы мен лауазымы (наименование организации и должность)

Тұрғылықты жері (местожительство) ________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность) № _______________________________________"___" __________ 20__ ж.

__________________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы мен күні

(дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность)

қолы (подпись) _______________________________

күні, айы, жылы (дата, месяц, год) ___________

      (сыртқы жағы)

Қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті
және суасты), оның ішінде шағын көлемді кемелердің
(құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына
шығуына Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің,
азаматтығы жоқ адамдардың) тізімі

р/с

Т.А.Ә

Күні, айы, туған жылы

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Ескертулер

1

2

3

      Барлығы: ___________________________________________________________

      (адамдардың жалпы саны – жазбаша)

      Бұл ретте техникалық құралдар тартылатын болады:

р/с

Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің Т.А.Ә.

Ескертулер

1

2

  "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін
  және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
  кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен
  жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының
  аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына
  шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  3-қосымша

      нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының
аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына
рұқсаттамалар алуға ұсыныс

0000 әскери бөлімінің командиріне

(командиру воинской части 0000)

ҰСЫНЫС

(ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын

_______________________________________

(Прошу выдать пропуск на выход в море)

_______________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның А.Ә.Т.)

Мақсаты (с целью) _____________________________________________

Уақыты (время) ________________________________________________

(нахождение в территориальных водах в районе)

_______________________________________________________________

ауданында аумақтық суларда болу

Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) ________________________

Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) _________________

Жүзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства): ________________________________________________

Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға) қоса берілген тізімге сәйкес саны _____ дана рұқсаттама

(Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно прилагаемому списку в количестве ______ пропусков)

Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі (К представлению прилагаются следующие документы)

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

лауазымы (должность)

қолы (подпись) ________________________________________________

(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)