Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11117 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержановқа):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _________________ В. Школьник
      2015 жылғы 17 сәуір

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрі міндетін атқарушысының
2015 жылғы 17 сәуірдегі   
№ 464 бұйрығымен бекітілген 

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың
шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды
есептеу қағидалары 1. Жалпы ереже

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрленген және Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда Заңда белгiленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:
      пайдалы қазбалар тобы - қатты пайдалы қазбалар, көмiрсутек шикiзаты және кең таралған пайдалы қазбалар.

2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың
шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды
есептеудiң тәртібі

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеудi жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзу кезiнде құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      4. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу үшiн пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлiнген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзілетін жылдың алдындағы жылға жұмыс iстеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларындағы, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерiндегi жергілікті қамтудың нақты үлесi бойынша деректердi пайдаланады.
      5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:

      МСmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту;
      Pi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу көлемi, мың теңге;
      МСi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының тауарларындағы немесе жұмысы мен көрсетілетін қызметiндегi жергілікті қамтудың нақты үлесi;
      n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны.
      6. Жергiлiктi атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:
      тауарлар бойынша:

МСmin = Рtotal Х 0,16

      жұмыстар мен қызметтер бойынша:

МСmin = Рtotal Х 0,85

      МСmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту мың теңгеде;
      Рtotal - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуының жалпы көлемi мың теңгеде.
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу жөнiндегi комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда өтпедi деп таныған кезде, Заңның 47-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарға барлық ұсынылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебi бойынша құзыреттi орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiпте осы Қағидаларда көзделген тәртiпте есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту мөлшерін жиырма бес пайызға азайту бөлiгiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.