Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-2/331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11092 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12. 2015 № 3-3/1084 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз).

      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы
      _________ М. Құсайынов
      2015 жылғы 20 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 3-2/331 бұйрығымен 
бекітілген      

Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
      2. Асыл тұқымды мал мәртебесін ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата (бұдан әрі - Палата) бірінші және екінші санаттағы ірі қара малдарға береді.
      3. Асыл тұқымды мал мәртебесі ірі қара малдың әр басына жеке беріледі.
      4. Асыл тұқымды мал мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет беріледі.
      5. Асыл тұқымды мал мәртебесін беру үшін қажетті ірі қара малдың ең төменгі жасы жеті айды құрайды.
      6. Қағидаларда фенотиптік көрсеткіштер болып малдың сыртқы, соның ішінде түсі және дене бітімі бойынша айқын білінетін белгілерінің жиынтығы түсініледі.

2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі

      7. Бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығымен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7864 тіркелген) сәйкес тіркелген малдарға беріледі.
      8. Бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
      1) өнімділіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:
      мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
      асыл тұқымдық құндылығын, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, енесінен айырған кездегі салмағы және тиісті жасқа жеткен кезде бір жастағы салмағы бойынша индекстік бағалаудың болуы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрамына кірмейтін елдерден импортталған малдар үшін асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау экспорттаушы елде қабылданған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады);
      әкесі жағынан шынайылығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында туылған және шетелден әкелінген малдар үшін);
      таза тұқымдылық;
      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
      2) өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағыттағы тұқымдары үшін:
      малдың тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
      асыл тұқымдық құндылығын, оның ішінде өнімділігі, дене бітімі және соматикалық клеткалардың саны бойынша индекстік бағалаудың болуы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрамына кірмейтін елдерден импортталған малдар үшін асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау экспорттаушы елде қабылданған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады);
      әкесінің жағынан генетикалық сараптаманың болуы;
      таза тұқымдылық;
      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады).
      9. Малға екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
      1) өнімдіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:
      мал тегінің екі жақтан кемінде үш қатар тегін көрсете отырып, әкесі жағынан тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің бар болуы (екі жақтан тегінің үш қатары бар барлық әлеуетті әкелері көрсетіледі);
      тірі салмағы бойынша абсолюттік көрсеткіштер деректерінің болуы (Қазақстан Республикасында туылған малдар үшін);
      таза тұқымдылық;
      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
      2) өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағыттағы тұқымдары үшін:
      мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің бар болуы;
      ата-тегінде сауу бойынша өнімділіктің абсолюттік көрсеткіштерінің болуы;
      таза тұқымдылық;
      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады).
      10. Бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – Өтініш беруші) Палатаға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады.
      11. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 78, және 9-тармақтарында көрсетілген критерийлерге (бұдан әрі - Критерийлер) сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
      12. Ірі қара мал Критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата Өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген ірі қара малға тиісті санатты және жеке тіркеу нөмірін береді.
      13. Ірі қара мал Критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата Өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
      14. Ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап беріледі.

Асыл тұқымды мал мәртебесін
беру қағидаларына   
1-қосымша       

Нысан

Бет жағы

Асыл тұқымдық
ірі қара мал мәртебесін беруге өтініш

_____________________________________________________________________
         (Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата)
кімнен_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы)
«__________» тұқымды ____(_____________________________) бас
                                    (жазбаша)
ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін беруді сұраймын.

      Жануарлар туралы мәліметтер (қажеттісін белгілеу):
_____(__________________________) дана мөлшерінде импорттаушы
                  (жазбаша)
туралы мәліметтер көрсетілген асыл тұқымдық куәліктің не оған балама құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі бар;
жануарлар/ұрық/эмбрион импортталды және менің иелігімде;
жануарлар туралы деректер асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған балама құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес/асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымды куәлік нысандарына сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат базасында толтырылды;
жануарларды қолдан ұрықтандыру/шағылыстыру туралы деректер қоса берілген (буаз малдардың импорты кезінде);
тіркелетін малдың енесінің ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатада асыл тұқымды мал мәртебесі бар (Қазақстан Республикасында туылған малдар үшін);;
әкелері/әлеуетті әкелері болып табылатын асыл тұқымды бұқалар тіркелетін төл иесінің меншігі болып табылмайды;
жануарлардың шығу тегі шынайылығының иммуногенетикалық сараптамасы бар (бірінші санаттағы жануарлар үшін);
жануарларда бірдейлендіру нөмірлері және ені бар.

Сырт жағы

Асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтініш берілген жануарлардың тізімдемесі

р/с №

Мал (малдар) туралы ақпарат

Ата-енесі туралы ақпарат

Шетелдік немесе Қазақстандық бірдейлендіру номері

Татуировка немесе таңба нөмірі

Лақап аты

Жынысы

Туған күні

Туған жері

Әкесінің Палатадағы тіркеу нөмірі

Әкесінің шетелдік нөмірі

Енесінің Палатадағы тіркеу нөмірі

Енесінің шетелдік нөмірі

1











2











      Мен, ______________________________, жануар туралы жоғарыда белгіленген мәліметтер одан әрі асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін шынайы болып табылатындығын растаймын.
      Күні _________________
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________ _________
                                                             (қолы)
                                               Мөр орны

Асыл тұқымды мал мәртебесін
беру қағидаларына    
2-қосымша        

Асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналы

р/с №

Мал туралы ақпарат

Өтініш беруші

Шетелдік немесе Қазақстандық бірдейлендіру нөмірі

Тіркеу нөмірі

Татуировка немесе таңба нөмірі

Тұқымы

Жынысы

Түсі

Туған күні

Туған жері

Берілген мәртебесі

Өтініш берген күні

Мәртебені берген күні

1













2













3