Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11087 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы (Р.Н. Закаргаева) белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығына (Р.Н. Закаргаева) жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _______________ М. Құсайынов

      2015 жылғы "____" ________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 320 бұйрығына
1 қосымша

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің
шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөлімшелері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтініш берген сәттен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн;

      2) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыларға мөрмен бекітілген мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      9. Мұрағаттық анықтаманы және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша өтініш ұсынады.

      Өтініштің қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, күні және уақыты, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысын білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растаушы құжат болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратқа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 72-22-57, 8 (7172) 71-47-22.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 320 бұйрығына
2 қосымша

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөлімшелері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыларға апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес алынады, ол мемлекеттік баж төленген күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізімі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Көрсетілетін қызметті алушыға өтініштердің бланкілерін көрсетілетін қызметті беруші береді;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

      Өтініштің қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, күні және уақыты, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысын білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растаушы құжат болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратқа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 72-22-57, 8 (7172) 71-47-22.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты
мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      _______________________________________

      _______________________________________

      _______________________________ басшысы

      _______________________________________

      _______________________________________

      _______________________________________

      жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі

      _______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы -

      жеке/заңды тұлғаның байланыс деректері)

Өтініш

      Маған _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      қатысты _____________________________________________________________

      ______________ мұрағаттық анықтаманы (мұрағаттық құжаттың көшірмесін)

      (қажеттісінің астын сызыңыз)

      бұдан әрі ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________ пайдалану (ұсыну)

      үшін апостиль мөртаңбасын қоя отырып, беруді сұраймын.

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы (көрсетілетін

      қызметті алушының)

      ____________________

      (қолы және күні)

      М.О (заңды тұлға үшін)