«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 13 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
1-қосымша
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте тұрудың жол берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі – шешім).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде жер учаскесінің тұрған жері бойынша көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша өкілеттілігін растайтын заңды тұлғаның, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне және неғұрлым бағасы жоғары алқаптарға ауыстыру кезінде - аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
- суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру кезінде - облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;
5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңын, пайдаланылу түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеу актiсi және түрлендіруге жататын анықталған жерлері көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің және ауыл шаруашылығы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушыларының (жер иелерінің) өкілдері қол қойған далалық зерттеу сызбасы;
6) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы баланстық құны мен тозу сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорлардың одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса берумен суару желісінің техникалық жағдайы туралы мәліметтер.
Құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, нәтижені алу мерзімі мен орны көрсетілген талон - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауының растауы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады.
Шағымда:
1) жеке тұлғалар үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғалар үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден екінші
түрге ауыстыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
нысан
_____________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар
_____________________________________
қаланың) әкімі
_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________
(ЖСН (БСН), жеке немесе заңды тұлғаның
_____________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың
_____________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
____________________________________
мекенжайы)
Өтініш
_____________________________________________________________ бойынша
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
орналасқан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты _______________________, кадастрлық нөмір _____________, алаңы _____________ гектар ауыл шаруашылық алқабын
__________________________________________________________ байланысты
(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)
бір түрден екінші түрге (алқап түрін көрсету керек) ауыстыруыңызды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші _________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды
тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
2-қосымша
«Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде барынша жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жағдайы (топырақтың мелиорациялық жағдайы, бонитет балы және жем-шөп алқаптарының дақылдық техникалық жағдайы) және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 158-бабына сәйкес жер учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны «Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс құнының есебі бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.
Жер учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді ұсыну ақысы қолма қол және қолма қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыралады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде жер учаскесінің тұрған жері бойынша көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басты куәландыратын құжаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
жер таңдау актісінің көшірмесі және (немесе) жер учаскесін орналастыру схемасы;
көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы түбіртек.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттар, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, нәтижені алу мерзімі мен орны көрсетілген талон - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауын растау болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу нөмірі шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
«Жерлердің сапалық жағдайы және
жер учаскесінің бағалау құны
туралы мәліметтерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс құнының есебі
Өлшем бірлігі: 50 га дейінгі жер учаскесі
Р/с №№ |
Жұмыс түрлері |
Бағасы, теңге (ҚҚС-сыз) |
Учаскенің алаңына байланысты жұмыс құнын арттыру коэффициенті |
1 |
2 |
3 |
4 |
I. Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтер беру |
|||
1 |
Өтінім қабылдау. Жұмыстарды орындау үшін материалдарды іріктеу |
1102 |
- |
2 |
Жер учаскесінің сапалық |
3672 |
1,1-ден 100га дейін; 1,2-ден 500га дейін; 1,3 –тен 1000га дейін; одан кейінгі әрбір 1000 га-ға баға 10% ұлғайтылады |
3 |
Жер учаскесі бойынша топырақ бонитетінің орташа есептік балының есебі |
2075 |
|
4 |
Мал-азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық жағдайын анықтау |
734 |
|
5 |
Баспа өнімдерін дайындау |
303 |
- |
Барлығы: |
7886 |
||
II. Жер учаскесінің бағалау құнын айқындау, мәліметтер беру |
100 га дейін I санат - 9 366 II санат - 11 178 III санат - 12 160 IV санат - 13 067 V санат - 13 973 |
1,15-тен 500 га дейін |
«Жердің сапалық жағдайы мен
бағалау құны туралы мәліметтерін
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
филиалының басшысы
_______________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_______________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_______________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жекебасын
_______________________________________
куәландыратын құжаттың деректемелері,
_______________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
Жер учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы
мәліметтер беруге өтініш
_____________________________________________________________________
(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
_____ гектар алаңында _______________________________________________
(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)
___________________________________________________________мекенжай
бойынша орналасқан жер учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәлімет беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші _______________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
немесе заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы)
20___ж. «____»________________ __________
күні (қолы)