«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
1-қосымша
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық
белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация
құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық
заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы, қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қатаң есептілік бланкісі болып табылатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште рәсімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
өнім дайындауға негіз болатын дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер) көшірмелері;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы:
Еуразиялық экономикалық одағының аумағында дайындалатын өнімдерінің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапасы туралы куәліктің немесе дайындаушының хатының көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);
Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнімдердің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапасы туралы куәліктің, еркін сауда сертификатының немесе дайындаушының хатының (белгіленген тәртіппен куәландырылған, орыс тілінде аудармасы бар) көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);
бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда);
өтініш беруші куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе олардың макеттері;
өтініш беруші куәландырған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);
үлгілер (сынамалар) алу актісі немесе үлгілерді зерттеуге әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы;
аккредиттелген зертханалардың зерттеу (сынақ) хаттамаларының көшірмелері, ғылыми есептер, сараптама қорытындылары;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
дайындаушы (өндіруші) куәландырған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);
дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмелері:
Еуразиялық экономикалық одағының аумағында дайындалатын өнімдерінің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапасы туралы куәліктің немесе дайындаушының хатының электрондық көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);
Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнімдердің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапасы туралы куәліктің, еркін сауда сертификатының немесе дайындаушының хатының (белгіленген тәртіппен куәландырылған, орыс тілінде аудармасы бар) электрондық көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);
бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндіруші) құжаттарының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері (нұсқаулық, нұсқау, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда);
сұрау салуға қоса тіркелетін өтініш беруші куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері немесе олардың макеттері;
өтініш беруші куәландырған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);
сұрау салуға қоса тіркелетін үлгілер (сынамалар) алу актісі немесе үлгілерді зерттеуге әкелуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
сұрау салуға қоса тіркелетін тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар болуы туралы дайындаушы (өндіруші) декларациясының электрондық көшірмесі;
аккредиттелген зертханалардың зерттеу (сынақ) хаттамаларының, ғылыми есептердің, сараптама қорытындыларының электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын және қабылдаушының тегі мен атын, әкесінің атын көрсете отырып оның тіркелгені туралы белгі қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күнін көрсетіп отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш;
мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).
Өнім дайындаушының немесе өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде қосымша растаушы құжат ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын және қабылдаушының тегі мен атын, әкесінің атын көрсете отырып оның тіркелгені туралы белгі қабылданғанын растау болып табылады.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) бақылаудағы тауарлардың Бірыңғай санитариялық талаптарға және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
2) егер осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған, құжаттар топтамасы толық көлемде ұсынылмаған және анықталмаған ақпаратты қамтитын болса;
3) егер бақылаудағы тауарларға және оларды дайындау және олардың айналымы шарттарына қатысты ғылымның қазіргі заманғы дамуы деңгейінде қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаса, сондай-ақ өнімде және адамның өмір сүру ортасында мұндай өнімнің қауіпті факторларын анықтау және өлшеу әдістемелері болмаса;
4) өнімдерді дайындау, олардың айналымы және тұтыну (пайдалану) кезінде бақылаудағы тауарлардың адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы ақпараттың болуы негіз болып табылады.
Бас тарту туралы шешім бас тарту себептері негізделе отырып, жазбаша нысанда немесе электронды құжат нысанында үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
нысан
_________________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
_________________________________
жеке куәлігінің (паспортының) №
_________________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
_________________________________
мекенжайы, байланыс телефоны
_________________________________
ЖСН/БСН
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға
өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(өнімнің атауы)
_____________________________________________________________________
(қажеттісінің астын сызу)
мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттар көшірмелері):
1.
2.
3.
М.О.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
2-қосымша
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізген сынақтар (зерттеулер) хаттамалары;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізген сынақтар (зерттеулер) хаттамаларының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге және гигиеналық
нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
____________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.,
____________________________
ЖСН/БСН
____________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
(аудан, көше, үй, пәтер)
__________________________________________________ бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
объектінің нысаналы мақсаты
_____________________________________________________________________
тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________________________
қолы, күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге және гигиеналық
нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
Талон
1. Сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні _________________
2. Сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі: ____
3. Қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы ________________
_____________________________________________________________________
4. Құжаттардың берілген күні (уақыты) және орны _______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары __________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
3-қосымша
«Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы тізілімнен үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің көшірмесі;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тамақ өнімін өндіру (дайындау)
объектісіне есептік нөмір беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
нысан
____________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
____________________________
ЖСН/БСН
____________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
сериясы ________№__________
____________________________
жеке немесе заңды тұлғаның атауы,
мекенжайы
____________________________
байланыс телефоны
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
(аудан, көше, үй, пәтер)
мекенжайы бойынша орналасқан ________________________________________
(объектінің атауы)
тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
4-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және
қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары
объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына,
қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың
құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі
жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жобаның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық ноормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) ХҚКО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау объектінің аумақтық орналасу принципі бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
3) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш жасаған кезінде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
объектіні орналастыруға және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
объектіні орналастыруға және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің реконструкциялау, күрделі жөндеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалардың және нормативтік құжаттаманың электрондық көшірмесі;
4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жобалау құжаттамалары, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеудің және сулардың сапасының қорытындысы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
жобалау құжаттамаларының, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеу және сулардың сапасының қорытындысының электрондық көшірмесі;
5) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жобаның, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
6) қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылыс салуларының бас жоспарлары, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылыс салуларының бас жоспарлары, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобалары;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысы салуларының бас жоспарларының, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобаларының электрондық көшірмесі.
ХҚКО-на өтініш жасаған кезде:
жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
өкіл өтініш жасаған кезде – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін – сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі, заңды тұлға үшін – заңды тұлға сенімхатының көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады).
ХҚКО-ның қызметкері ұсынылған құжаттарды сканерлейді және оларды электрондық өтінішке қоса тіркейді, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
ХҚКО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін және (не сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе ХҚКО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
сұраудың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттардың берілетін күні;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты,көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, Халыққа қызмет көрсету орталығының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
ХҚКО-ның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚКО-ның басшысына жіберіледі.
ХҚКО-ның кеңсесіне қолма-қол, сонымен бірге поштамен келіп түскен шағымдарды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, ХҚКО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті
көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Белгіленген заңнамалық тәртіпте өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алу қабілеті мен мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне шыға отырып ХҚКО-ның қызметкерімен жүргізіледі.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің: www.economy.gov.kz;
көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz;
ХҚКО-ның: www.con.gov.kz.интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
бақылауға және қадағалауға жататын,
эпидемиялық маңыздылығы жоғары
объектілерді салу, реконструкциялау және
кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық
елді мекендердің, курорттық аймақтардың
құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына
және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
_____________________________
мемлекеттік органның атауы
_____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
_____________________________
жеке немесе заңды тұлғаның аты,
мекенжайы
____________________________
(ЖСН/БСН)
_____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жобаның атауы)
жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
бақылауға және қадағалауға жататын,
эпидемиялық маңыздылығы жоғары
объектілерді салу, реконструкциялау және
кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық
елді мекендердің, курорттық аймақтардың
құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына
және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
__________________________________
(Т.А.Ә., не көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________;
2) ____________________________;
3) …
мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір данадан 2 данада жасалды.
Т.А.Ә.(ХҚКО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. _____________
Тел.________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы «____» _______________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
5-қосымша
«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және
гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – I, II, III, IV (көрсету қажет) патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасна сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
үй-жайлардың мақсаты көрсетілген зертхананың схемаларын, зертхананың бейініне сәйкес режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актілері;
зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;
зертхананың бейініне сәйкес келетін режимдік комиссия сарапшыларының қорытындылары;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
үй-жайлардың мақсаты көрсетілген зертхананың схемаларын және таза, жұқпалы ағындар қозғалыстарының схемаларын қоса бере отырып, зертхананың бейініне сәйкес режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актілерінің электрондық көшірмесі;
зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;
зертхананың бейініне сәйкес келетін режимдік комиссия сарапшыларының қорытындыларының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрстілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«I-IV патогенді топтардың
микрорганизмдерімен және
гельминтермен жұмыс істеуге
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
______________________________
басшысының Т.А.Ә.
______________________________
мемлекеттік органның атауы
______________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.,
_________________________
ЖСН/БСН
______________________________
өтініш берушінің мекенжайы
______________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
аудан, көше, үй, пәтер
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан ________________________________________
_____________________________________________________________________
объектінің атауы
І, II III, ІV (қажетінің асты сызылады) патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
«I-IV патогенді топтардың
микрорганизмдерімен және
гельминтермен жұмыс істеуге
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
Талон
1. Сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні _________________
2. Сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі _____
_____________________________________________________________________
3. Қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы ________________
_____________________________________________________________________
4. Құжаттардың берілген күні (уақыты) және орны ______________
_____________________________________________________________________
5. Өтінішті ресімдеуге, құжаттарды қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
6-қосымша
«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау
шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
өнім негізге алынып дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер) көшірмелері;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген тамақ өнімдері сынамаларының санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне зерттеу (сынақ) хаттамалары;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
сұрау салуға қоса тіркелетін өнім негізге алынып дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер) электрондық көшірмелері;
сұрау салуға қоса тіркелетін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген тамақ өнімдері сынамаларының санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне зерттеу (сынау) хаттамаларының электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күнін көрсетіп отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін
және оны сақтау шарттарын келісу туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
нысан
_______________________________
басшысының Т.А.Ә.
_______________________________
мемлекеттік органның атауы
_______________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
_______________________________
ЖСН/БСН
_______________________________
жеке немесе заңды тұлғаның атауы,
мекенжайы
_______________________________
байланыс телефоны
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, көше, үй, пәтер)
мекенжайы бойынша орналасқан ________________________________________
(өндіріс объектісінің атауы)
дайындаған (өндірген) _______________________________________________
(тамақ өнімінің атауы)
тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және сақтау шарттарын келісу туралы санитарилық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
7-қосымша
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман
сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған біліктілік емтиханын өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат). Сертификат тестілеу мен әңгімелесуден оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімге сертификат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі;
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз сертификатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі;
біліктілік саанатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың көшірмесі;
2) порталға:
тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімге сертификат алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз сертификатты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:
өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
өтінішке қоса берілген құжаттардың саны;
тестілеу мен әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеу нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда);
өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі.
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеу мен әңгімелесуден өтетін күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеу нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда).
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымының портал арқылы қабылданғанын растау тіркелуі туралы хабарлама болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің
ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы маман
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
Маман сертификаты
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандығы)
мамандығы бойынша _________________________________ бiлiктiлiк санаты беріле отырып, осы маман сертификатын алды.
Сертификатты беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20__ жылғы «___» _____________ № _________________ бұйрығы.
Сертификат ___________________________________ мерзімге жарамды
Тiркеу № ________________
Берiлген күнi 20__ жылғы «___» _____________
Басшының қолы _______________________
Тегі, аты, жөні
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы маман
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
___________________________
___________________________
(мемлекеттік органның атауы,
басшысының Т.А.Ә)
басшысы
___________________________
___________________________
кімнен ____________________
___________________________
(көрсетілетін қызметті алушының,
Т.А.Ә, ЖСН)
___________________________
___________________________
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
___________________________
___________________________
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
(мамандық атауы)
мамандығы бойынша _______________________ біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханына жіберуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 ___ жылғы « » _______________
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
______________________
(толтырылған күні)
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы маман
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
нысан
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ
1. Білімі
2. Дипломының нөмірі
3. Дипломының сериясы
4. Білім беру ұйымының толық атауы
5. Түскен жылы
6. Аяқтаған жылы
7. Дипломы бойынша мамандығы
8. Дипломы бойынша біліктілігі
9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)
Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы мәліметтер
10. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі
11. Қайта даярлау мамандығы
12. Оқытушы ұйымның атауы
13. Оқыту көлемі сағатпен
14. Оқытудың басталуы
15. Оқытудың аяқталуы
Өтініш берілген мамандық бойынша санат берілген қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері
16. Берілген күні
17. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
18. Берген орган
19. Сертификаттың қолданылу мерзімі
20. Мамандығы
21. Біліктілік санаты
Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер
22. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі
23. Жалпы медициналық жұмыс өтілі
24. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
25. Атқаратын лауазымы
Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі
Қабылданған күні |
Босатылған күні |
Жұмыс орны |
Атқаратын лауазымы |
Бұйрық № |
Бұйрықтың шығарылған күні |
Өтініш берілген мамандық бойынша үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға үміткердің қатысуы туралы ақпарат.
26. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).
27. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:
1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер;
2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі;
3) циклдің атауы;
4) оқытушы ұйымның атауы;
5) оқудың басталуы;
6) оқудың аяқталуы;
7) оқу көлемі сағатпен.
28. Мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:
Уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).
Статистикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, алғашқы есептік құжаттама деректеріне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі (үміткердің қарауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды, көрсеткіштерге қысқаша талдамалық шолуы бар көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан аспайтын мәтіндік есеп)
Статистикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштер (көлем, сапа және тиімділік индикаторлары) |
20__ жыл |
20__ жыл |
Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер туралы мәліметтер (соңғы 5 жыл ішінде)
29. Тәртіптік жазалар:
1) Ескерту;
2) Сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) еңбек шартын бұзу.
30. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жазалар (бапты көрсете отырып).
31. Көтермелеулер.
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы маман
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
нысан
_____________________________
_____________________________
басшысына
_____________________________
(мемлекеттік органның атауы,
басшының Т.А.Ә.
_____________________________
кімнен
_____________________________
(қызметті алушының Т.А.Ә., ЖСН)
тұрғылықты мекенжайы, байланыс
телефоны _____________________
_____________________________
Өтініш
Сізден _____________________________ мамандығы (мамандық атауы)
бойынша ____________________ біліктілік санатын бере отырып мерзімсіз маман сертификатын беруді сұраймын.
1) __________________ мамандығы бойынша ____ жылғы «___» № _____ сертификат.
2) __________________ мамандығы бойынша ____ жылғы «___» № _____ сертификат.
3) ________________ мамандығы бойынша ___ жылғы «___» № _______ сертификат.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 ___ жылғы « » ___ ____________
(толтырылған күні)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы маман
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
нысан
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ
Біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш маман сертификаты туралы мәліметтер:
№ 1 сертификат
1. Берілген күні
2. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
3. Берген орган
4. Сертификаттың қолданылу мерзімі
5. Мамандығы
6. Біліктілік санаты
№ 2 сертификат
7. Берілген күні
8. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
9. Берген орган
10. Сертификаттың қолданылу мерзімі
11. Мамандығы
12. Біліктілік санаты
№ 3 сертификат
13. Берілген күні
14. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
15. Берген орган
16. Сертификаттың қолданылу мерзімі
17. Мамандығы
18. Біліктілік санаты
Үміткердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.
19. Соңғы 5 жылда жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері)
20. Соңғы 5 жылда жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:
1) біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер
2) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі
3) циклдың атауы
4) оқытушы ұйымның атауы
5) оқудың басталуы
6) оқудың аяқталуы
7) оқудың сағат бойынша көлемі
21. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:
уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).