Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 251 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының
ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
№ р/с |
Үй-жайлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Үй-жайлар дың алаңы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Мемлекеттік кірістер органдары үшін ерекше үй-жайлар |
|||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және облыстық, Астана, Алматы қалалары, «Достық» Кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері |
|||
1. |
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) |
шаршы.м |
0,2 |
2. |
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай |
шаршы.м |
36 |
3. |
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай |
шаршы.м |
18 |
4. |
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі |
шаршы.м |
18 |
5. |
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай |
шаршы.м |
36 |
6. |
Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары: |
||
Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары |
шаршы.м |
900 |
|
Степногор, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары |
шаршы.м |
200 |
|
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары |
шаршы.м |
500 |
|
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары |
шаршы.м |
100 |
|
Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
7. |
Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал: |
шаршы.м |
|
Аудандық қазынашылық басқармалары |
30 |
||
Қалалық қазынашылық басқармалары |
45 |
||
Облыстар бойынша қазынашылық департаменттері |
60 |
||
Астана және Алматы қалалары бойынша қазынашылық департаментері |
90 |
||