Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11019 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру»;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру»;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан астам болатын табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына келісім беру»;
      5) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Табиғи монополия субъектiсiне өзге де қызметтi жүзеге асыруға келісім беру»;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру»;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына келісім беру»;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _______________ В. Школьник
      2015 жылғы 10 сәуір

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
1-қосымша        

«Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
2-қосымша        

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын
сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      лицензияны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензия, қайта ресімдеу, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне арналған лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық нысандағы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
      1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті;
      2) лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге арналған электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін.
      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9-00–ден 20-00-ге дейін;
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электронды кезекті брондауға болады;
      3) порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      Мемлекеттік корпорацияға:
      1) лицензияны алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысаны;
      кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы банктен анықтама;
      өтініш беруші мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында электр энергиясын, оның iшiнде авариялар болған жағдайларда резервтен орнын толтыру шартымен өңірден тыс жерлерге жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарт немесе ниеттер хаттамасы;
      жалдау, қосымша жалдау шартының негізінде тұтынушылармен жұмыс және абоненттік қызметтерді орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың болуы туралы құқық белгілейтін құжат;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
      қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда;
      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін, егер олар қағаз нысанында берілген болса:
      лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:
      өтініш;
      қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда;
      порталға:
      1) лицензияны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысаны;
      кемiнде 10 000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы банктен анықтаманың электрондық көшірмесі;
      өтініш беруші мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында электр энергиясын, оның iшiнде авариялар болған жағдайларда резервтен орнын толтыру шартымен өңірден тыс жерлерге жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарттың немесе ниеттер хаттамасының электрондық көшірмесі;
      жалдау, қосымша жалдау шартының негізінде тұтынушылармен жұмыс және абоненттік қызметтерді орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың болуы туралы құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;
      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
      3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын егер олар қағаз нысанында берілген болса алу үшін:
      лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар;
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат туралы, көрсетілетін қызмет алушының алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не нотариус растаған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      10. Мыналар:
      1) жеке және заңды тұлғалардың осы санаты үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) лицензиялық алымның енгiзiлмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызмет алушының лицензиялау кезінде койылатын талаптарға сәйкес келмеуі туралы жауапты алуы;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешімінің (үкiмiнің) болуы;
      6) сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледі.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, Мемлекеттік корпорацияларының және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тікелей Мемлекеттік корпорацияның басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша өтініш беру арқылы жіберіледі.
      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жіберген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің және Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және
Мемлекеттік корпорациялары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетінің шектелуіне әкеліп соқтыратын ағза функциясының тұрақты бұзушылығы бар көрсетілетін қызсметті алушыларға, қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.economy.gov.kz;
      2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда ЭЦҚ-ның болуы талап етіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Энергиямен жабдықтау мақсатында  
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
1-қосымша              

Нысан                

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
                     (лицензиардың толық атауы)

  (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
     бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
    тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
   (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лерінің)
                      толық атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
______________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
           (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы,
                қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
                          (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
            (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
            көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақ қоса беріліп отыр.
      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік
корпорацияға жүгінген жағдайда).
Басшы ______________ ________________________________________________
          (қолы)         (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны             Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _______________

«Энергиямен жабдықтау мақсатында  
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша              

Нысан                

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
                     (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
       (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
                     жеке сәйкестендіру нөмірі)

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері)
                       толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасығышта ______
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою
керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
         (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
                       көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
         (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
            көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
      ______ парақта қоса беріліп отыр
      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік
корпорация арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға __________ _______________________________________________
             (қолы)      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны              Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________

«Энергиямен жабдықтау мақсатында  
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
3-қосымша              

Нысан                

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
                     (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
    (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
    атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
    бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
   тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері)
                     толық атауы)
20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті
жолға Х қою қажет):
      1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес
(тиісті жолға Х қою қажет):
      бірігу ____
      қайта құру ____
      қосылу ____
      бөліп шығару ____
      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
      5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген
лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете
отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы
өзгеруі ____
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
талап болған жағдайларда ____
      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ (лицензияны қағаз
тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) қайта
ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
        (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
              атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
       бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
     тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
       (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,
             қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
                       (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік
корпорация арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________ ________________________________________________
          (қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны         Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ________________

«Энергиямен жабдықтау мақсатында  
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
4-қосымша              

Нысан                

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта рәсімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
                      (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
       (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
                       жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
    (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

______________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ___________________________________________________
      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі
_____________________________________________________________________
      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды
мекенжайы өзгеруі ___________________________________________________
      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________________________________
«объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі
_____________________________________________________________________
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
талап болған жағдайларда ____________________________________________
      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _______________________________
      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) қайта
ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
              (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
                           көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
                (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
         (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
              көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
      ______ парақта қоса беріліп отыр.
      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік
корпорация арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________ _____________________________________________
               (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны         Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Энергиямен жабдықтау мақсатында  
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
5-қосымша              

Нысан                

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін
мәліметтер нысаны

      1) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:

      қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;
      бұйрықтың қол қойылған күні __________________________________;
      жауапты адамның Т.А.Ә. _______________________________________.

«Энергиямен жабдықтау мақсатында  
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
6-қосымша              

Нысан                

(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә. немесе ұйымының атауы)
_______________________________
(көрсетілетін қызметті   
алушының мекенжайы)    

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясының № _________ бөлімі (мекенжайды көрсету) мемлекеттік
қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету)
құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ....
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

Орындаушының Т.А.Ә. _________________________________________________
Тел. ________________________________________________________________
Алдым Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» ___________________

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
3-қосымша        

«Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы
бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың
басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң
баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия
субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті ұсынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.
      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты:
      осы мәміле туралы шарттың және (немесе) шешімнің (бұйрықтың) жобасын;
      төленбеген шоттардың (дебиторлық берешекпен мәміле жасау кезінде) тізілімін;
      көрсетілетін қызметті алушының басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мөрмен расталған бухгалтерлік теңгерімнен үзінді көшірме-растауды қамтитын құжатты (үзінді көшірме объектілер бойынша бөліністе иеліктен айырылатын мүліктің атауын, үлгісін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы және қалдық құнын қамтуға тиіс);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысанын;
      тендер нысанында өткізілетін сауда-саттықта көрсетілетін қызметті алушының мүлкін иеліктен айыру жағдайларын қоспағанда, мүлікті сатып алушының қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
      жарғы мен құрылтай шартының көшірмелерін;
      мәміле жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) көтеруге алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін растайтын есеп айырысуды ұсынады.
      Өтінішхатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) өтінішхаттың қабылданғанын растау болып табылады.
      порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      осы мәміле туралы шарттың және (немесе) шешімнің (бұйрықтың) жобасының электрондық көшірмесін;
      төленбеген шоттардың (дебиторлық берешекпен мәміле жасау кезінде) тізілімін қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушының басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мөрмен расталған бухгалтерлік теңгерімнен үзінді көшірме-растауды қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін (үзінді көшірме объектілер бойынша бөліністе иеліктен айырылатын мүліктің атауын, үлгісін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы және қалдық құнын қамтуға тиіс);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің нысанын;
      тендер нысанында өткізілетін сауда-саттықта көрсетілетін қызметті алушының мүлкін иеліктен айыру жағдайларын қоспағанда, қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      жарғы мен құрылтай шартының электрондық көшірмесін;
      мәміле жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) көтеруге алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін растайтын есеп айырысудың электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Егер мәміле жасалатын мүліктің  
ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк
баланста ескерілген баланстық құны 
ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк
балансқа сәйкес оның активтерiнiң  
баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын
болса, табиғи монополия субъектiсiнiң
мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына          
1-қосымша               

Нысан                 

_____________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)    

(өтініш берушінің толық атауы)      
мекенжай ____________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,    
көше, үйдің №, телефон)       
Өтініш берушінің деректемелері _________________
(БИН, ЖСН)   

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                             (мәліме нысаны)

-алуға, көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы
өтінішхат

      1. Негіздеме:

Себептер

Мақсаттар

Міндеттер

Экономикалық орындылық есебі

        (экономикалық орындылық есебін көрсете отырып мәміле жасаудың
                 себептері, мақсаттары және міндеттері)

      2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы ақпарат

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж «___»
_____________ (қолы).

«Егер мәміле жасалатын мүліктің   
ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк
баланста ескерілген баланстық құны 
ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк
балансқа сәйкес оның активтерiнiң  
баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын
болса, табиғи монополия субъектiсiнiң
мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша   

Нысан

Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы
бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың
басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң
баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия
субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісімді
алу үшін мәліметтер нысаны

      Меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы
мәліметтер

Кадастрлық нөмірі: __________________________________________________

      Мүлікті сатып алушы туралы ақпарат:

Атауы

Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
4-қосымша        

«Ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген
баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа
сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан астам
болатын табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн
қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын
мүлiктi жалға алуына келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан астам болатын табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан астам болатын табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына келісім беру туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті ұсынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;
      осы мәміле туралы шарттың және (немесе) шешімнің (бұйрықтың) жобасын;
      тиісті таратып жазумен жалдау ақысын есептеу негіздемесін қамтитын құжатты;
      көрсетілетін қызметті алушы жалдайтын мүліктің тізбесін;
      көрсетілетін қызметті алушының қызметтеріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейіне әсер ету туралы және осы мәміле оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін растайтын есеп айырысуды ұсынады.
      Өтінішхатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      осы мәміле туралы шарт және (немесе) шешім (бұйрық) жобасының электрондық көшірмесін;
      тиісті таратып жазумен жалдау ақысын есептеу негіздемесін қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушы жалдайтын мүліктің тізбесін қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушының қызметтеріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейіне әсер ету туралы және осы мәміле оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтіндігін растайтын есеп айырысудың электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк
баланста ескерiлген баланстық құны 
ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк
балансқа сәйкес оның активтерiнiң 
баланстық құнының 0,05 пайызынан астам
болатын табиғи монополия субъектiсiнiң
реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi 
(тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн
пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына         
қосымша                

Нысан                 

_____________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)    
_____________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)      
мекенжай ____________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,     
көше, үйдің №, телефон)       
Өтініш берушінің деректемелері ______________
(БИН, ЖСН)  

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                            (мәліме нысаны)

-алуға, көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы
өтінішхат

      1. Негіздеме:

Себептер

Мақсаттар

Міндеттер

Экономикалық орындылық есебі

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жалға алу қажеттілігінің негіздемесі

        (экономикалық орындылық есебін көрсете отырып мәміле жасаудың
                  себептері, мақсаттары және міндеттері)

      2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж
«___»_____________ (қолы).

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
5-қосымша        

«Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарына
қайта бағалау жүргізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
6-қосымша        

«Табиғи монополия субъектiсiне өзге де қызметтi жүзеге асыруға
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғи монополия субъектiсiне өзге де қызметтi жүзеге асыруға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополия субъектiсiне өзге де қызметтi жүзеге асыруына:
      - реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты;
      - табиғи монополия саласына жатқызылған, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде нарық субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістердің бір пайызынан аспаған жағдайда;
      - өзге қызметтен алынған кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда;
      - табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, келісім беру туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті ұсынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.
      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру үшін реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты; өзге қызметтен алынған табыстар күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушының барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда; табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар мен ақпарат (мәліметтер) ұсынады:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;
      қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішхатқа берілген анықтама – негіздемені;
      бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептілік, ағымдағы жыл ішіндегі көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы туралы мәліметтер, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет түрлері бөлінісіндегі кірістер мен шығыстары туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтерді;
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін тауарлардан, жұмыстардан), оның ішінде өзге қызметтен алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебін;
      өтінішхатта көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы ақпаратты;
      өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 3-тармағында көрсетілген қызметтерді алушыларды қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесін;
      2) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;
      қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиіс өтінішхатқа берілген анықтама-негіздемені;
      жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
      табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспайтынын растайтын бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептілікті;
      өзінің қызметін кемінде бір жылда жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесін ұсынады.
      Өтінішхатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) өтінішхаттың қабылданғанын растау болып табылады.
      порталда:
      1) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру үшін реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты; өзге қызметтен алынған табыстар күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушының барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда; табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиіс өтінішхатқа анықтама - негіздеменің электрондық көшірмесін;
      бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептіліктің, ағымдағы жыл ішіндегі көрсетілетін қызметті алушының қаржылық ахуалы туралы мәліметтерді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет түрлері бөлінісіндегі кірістер мен шығыстары туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің электрондық көшірмесін (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтерді;
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін тауарлардан, жұмыстардан), оның ішінде өзге қызметтен алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебінің электрондық көшірмесін;
      өтінішхатта көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметтерді алушыларды қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның электрондық көшірмесін;
      2) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиіс өтінішхатқа берілген анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесін;
      жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспайтынын растайтын бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесін;
      өзінің қызметін кемінде бір жылда жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оларды
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында «Комитеттер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Табиғи монополия субъектiсiне
өзге де қызметтi жүзеге асыруға
келісім беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша           

Нысан

___________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)   
___________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)    
мекенжай __________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, 
көше, үйдің №, телефон)   
Өтініш берушінің деректемелері ____________
(БИН, ЖСН)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                            (мәліме нысаны)

-алуға, көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы
өтінішхат

      1. Негіздеме:

Қызметтің сипаты және негізгі сипаттамалары

Экономикалық орындылықтың есебі

      (көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асыруға өтінішхат беретін
    қызметтің экономикалық тиімділігінің есебі көрсетілген сипаты
                       және негізгі сипаттамалары)

Негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі

Негізгі құралдарының құрамы

Ннегізгі құралдарының мақсаты

        (өзге қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің болуын растайтын
     негізгі құралдардың, жабдықтың тізбесі, көрсетілетін қызметті
           алушының негізгі құралдарының құрамы және мақсаты)

      Өзге қызметті жүзеге асыру көрсетілетін қызметті алушының
қызметтері үшін тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтерілуіне
әкелмейтіндігін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына
әкелмейтіндігін растайтын есеп ______________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін
қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін жалпы кіріс _________

      Өзге қызметтен түсетін жалпы кіріс ____________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының өзге қызметті жүзеге асыру
кезіндегі болжанып отырған географиялық шекараларының өзгеруі туралы
ақпарат ____________________________________________________________.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж «___»_____________ (қолы).

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
7-қосымша        

«Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және
таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті ұсынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек қаңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;
      анықтама-негіздеме, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыны қайта құру қажеттілігінің экономикалық негіздемесін (қайта құрылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) болжанып отырған жобасымен);
      көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауы, оның iшiнде өткен жылғы және ағымдағы жылдың тиiстi кезеңi үшін бухгалтерлiк баланстар (қосымшаларымен) және қосылу мен бiрiктiруге қатысатын басқа да тұлғаларға қатысты түсiндiрме жазбаларын;
      қосылған, біріккен, өзгерген жағдайларда өткізу актісінің көшірмесі, сондай-ақ бірігуге, қосылуға, өзгеруге қатысатын басқа да тұлғалар туралы мәлiметтерін. Бұл мәлiметтерде құрылтайшы құжаттардың атауы, көшiрмесi, мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк болуы тиiстi;
      бөлу немесе бөліп беру кезінде – бөлу балансының көшiрмесi, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыны бөлуге, бөліп беруге байланысты құрылатын тұлғалардың құрылтайшы құжаттарының жобаларын;
      көрсетілетін қызметті алушының мүлкi меншік иесiнің қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiмiн;
      жаңадан пайда болатын заңды тұлғалардың әрбіреуінің орналасқан жерi туралы мәлiметтерді қамтитын құжатты;
      көрсетілетін қызметті алушының басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтаманы ұсынады.
      Өтінішхатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) өтінішхаттың қабылданғанын растау болып табылады.
      порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      анықтама-негіздеменің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыны қайта құру қажеттілігінің экономикалық негіздемесі (қайта құрылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) болжанып отырған жобасымен) қайта ұйымдастыру қажеттілігінің экономикалық негіздемесінің электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауының, оның iшiнде өткен жылғы және ағымдағы жылдың тиiстi кезеңi үшін бухгалтерлiк баланстар (қосымшаларымен) және қосылу мен бiрiктiруге қатысатын басқа да тұлғаларға қатысты оларға түсiндiрме жазбаның электрондық көшірмесін;
      қосылған, біріккен, өзгерген жағдайларда өткізу актісінің, сондай-ақ бірігуге, қосылуға, өзгеруге қатысатын басқа да тұлғалар туралы мәлiметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      бөлу немесе бөліп беру кезінде – бөлу балансының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыны бөлуге, бөліп беруге байланысты құрылатын тұлғалардың құрылтайшы құжаттары жобаларының электрондық көшiрмесiн;
      көрсетілетін қызметті алушы мүлкiнің меншік иесiнің қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiмiнің электрондық көшірмесін;
      жаңадан пайда болатын заңды тұлғалардың әрбіреуінің орналасқан жерi туралы мәлiметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушының басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Табиғи монополиялар субъектiлерiн 
қайта ұйымдастыруға және таратуға 
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына         
қосымша                

Нысан                 

__________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)   
__________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)     
мекенжай _________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,  
көше, үйдің №, телефон)    
Өтініш берушінің деректемелері ___________
(БИН, ЖСН)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                            (мәліме нысаны)

-алуға, көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы
өтінішхат

      Көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру (тарату)
қажеттігінің негіздемесі ____________________________________________
_____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж
«___»_____________ (қолы).

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
8-қосымша        

«Табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін)
сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге
асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына келісім беру туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті ұсынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.
      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) дауыс беру құқығы бар сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;
      мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерін) арттыруға әкеп соқпайтынын растайтын есепті;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысанын ұсынады;
      көрсетілетін қызметті сатып алушы қайта шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы жоғарыда аталған бағалы қағаздарды шығаруды растайтын құжатты ұсынуы тиіс;
      2) дауыс құқығы жоқ сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысанын;

      дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердің) дауыс беретін акцияларға (қатысу үлестерін) айырбастау мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтитын құжатты ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын, коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары бойынша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;
      мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерін) арттыруға әкеп соқпайтынын растайтын есепті;
      көрсетілетін қызметті сатып алушы қайта шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы жоғарыда аталған бағалы қағаздарды шығаруды растайтын құжатты ұсынуы тиіс;
      көрсетілетін қызметті алушыға Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (көрсетілетін қызметті алушы қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органының атауын қамтитын құжатты;
      көрсетілетін қызметті алушыға Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (көрсетілетін қызметті алушы қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органында көрсетілетін қызметті алушы орындайтын функциялардың тізбесін қамтитын құжатты;
      көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (көрсетілетін қызметті алушы қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органы қабылдаған шешімді айқындауға мүмкіндік беретін мәселелер жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының өкілеттігінің (құзыретінің) тізбесін қамтитын құжатты ұсынады.
      Өтінішхатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) өтінішхаттың қабылданғанын растау болып табылады.
      порталда:
      1) дауыс беру құқығы бар сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерін) арттыруға әкеп соқпайтынын растайтын есептің электрондық көшірмесін;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысанын ұсынады;
      көрсетілетін қызметті сатып алушы қайта шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы жоғарыда аталған бағалы қағаздарды шығаруды растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынуы тиіс;
      2) дауыс құқығы жоқ сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерін) арттыруға әкеп соқпайтынын растайтын есептің электрондық көшірмесін;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысанын;
      көрсетілетін қызметті сатып алушы қайта шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы жоғарыда аталған бағалы қағаздарды шығаруды растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынуы тиіс;
      дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердің) дауыс беретін акцияларға (қатысу үлестерін) айырбастау мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын, коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары бойынша:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;
      мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерін) арттыруға әкеп соқпайтынын растайтын есептің электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті сатып алушы қайта шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы жоғарыда аталған бағалы қағаздарды шығаруды растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынуы тиіс;
      көрсетілетін қызметті алушыға Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (көрсетілетін қызметті алушы қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органының атауын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушыға Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (көрсетілетін қызметті алушы қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органында көрсетілетін қызметті алушы орындайтын функциялардың тізбесін қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушыға Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (көрсетілетін қызметті алушы қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органы қабылдаған шешімді айқындауға мүмкіндік беретін мәселелер жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының өкілеттігінің (құзыретінің) тізбесін қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Табиғи монополия субъектiсiнiң    
акциялар (қатысу үлестерін) сатып  
алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген
қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық
ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына
келісім беру» мемлекеттік      
көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша               

Нысан                 

________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)  
________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)   
мекенжай _______________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, 
көше, үйдің №, телефон)   
Өтініш берушінің деректемелері _________
(БИН, ЖСН)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                            (мәліме нысаны)

-алуға, көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы
өтінішхат

      1. Негіздеме:

Себептер

Мақсаттар

Міндеттер

Экономикалық орындылықтың есебі

          (экономикалық орындылық есебін көрсете отырып, мәміле
              жасаудың себептері, мақсаты және міндеттері)

      1. Акциялар (қатысу үлестері) туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж «___»_____________ (қолы).

«Табиғи монополия субъектiсiнiң  
акциялар (қатысу үлестерін) сатып 
алуына, сондай-ақ оған рұқсат   
етiлген қызметтi жүзеге асыратын  
коммерциялық ұйымдарға өзге де   
нысандармен қатысуына келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 2-қосымша       

Нысан

Табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін)
сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге
асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына
келісімді алу үшін мәліметтер нысаны

      Дауыс беру құқығы бар сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері)
бойынша
      - заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар
акциялардың (қатысу үлестерінің) жалпы санының пайыздық үлесі (тиісті
бекіту туралы мәліметті көрсете отырып, электрондық құжат түрінде) __
____________________________________________________________________;
      - акциялары (қатысу үлестері) сатып алынатын заңды тұлғаның
жарғылық капиталының пайыздық үлесі (тиісті бекіту туралы мәліметті
көрсете отырып, электрондық құжат түрінде) __________________________
____________________________________________________________________;
      - сатып алынатын акциялардың (қатысу үлестерінің) дауыс беру
құқығы бар, дауысқа қойылатын мәселелердің тізбесін (ақпарат сатып
алынатын акциялардың әрбір түрі бойынша жеке беріледі) (тиісті бекіту
туралы мәліметті көрсете отырып, электрондық құжат түрінде) _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      - көрсетілетін қызметті алушы дауыс беретін акцияларды (қатысу
үлестерін, пайларды) сатып алғаннан кейін оларға иелік етіп сайлай
алатын, директорлар кеңесі (бақылаушы кеңес) заңды тұлғаның атқарушы
органы мүшелерінің осы органдардың құрамына пайыздық арақатынастағы
санын көрсету қажет (тиісті бекіту туралы мәліметті көрсете отырып,
электрондық құжат түрінде) __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.

«Табиғи монополия субъектiсiнiң  
акциялар (қатысу үлестерін) сатып 
алуына, сондай-ақ оған рұқсат   
етiлген қызметтi жүзеге асыратын  
коммерциялық ұйымдарға өзге де   
нысандармен қатысуына келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 3-қосымша       

Нысан

Дауыс құқығы жоқ сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша

      - заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ
акциялардың (қатысу үлестерінің) жалпы санының пайыздық үлесін және
акциялары (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық
капиталының пайыздық үлесін (тиісті бекіту туралы мәліметті көрсете
отырып, электрондық құжат түрінде) __________________________________
____________________________________________________________________;
      - акциялар (қатысу үлестері) сатып алынатын заңды тұлғаның
жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ сатып алынатын барлық
акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын (тиісті бекіту туралы
мәліметті көрсете отырып, электрондық құжат түрінде) ________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 245 бұйрығына     
9-қосымша        

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін
қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен
тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн
келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу туралы хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті ұсынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді және басып шығарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әдістемені ұсынады.
      Әдістемені қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) Әдістеменің қабылданғанын растау болып табылады.
      порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген әдістеменің электрондық көшірмесін ұсынады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-94-52, 74-96-38, факсі: 8 (7172) 74-94-60 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң
түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар
мен тартылған активтердi бөлек есепке
алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу» 
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет стандартына          
1-қосымша               

Нысан                 

________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)  
________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)    
мекенжай _______________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, 
көше, үйдің №, телефон)   
Өтініш берушінің деректемелері _________
(БИН, ЖСН)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 38 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

____________________________________________________________________.
      (Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін
    қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған
    активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу үшін)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж
«___»_____________ (қолы).

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң 
реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң 
түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар 
мен тартылған активтердi бөлек есепке
алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
стандартына 2-қосымша        

Нысан

Бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесінің үлгі құрылымы
мынадай бөлімдерден тұрады

1. Жалпы ережелер

      Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Әдістеме әзірленген негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі. Негізгі пайдаланылған терминдер мен ұғымдар, бөлек есепке алу бойынша глоссарий келтіріледі. Көрсетілетін қызметті алушының (филиалдар, бірлестіктер, дирекция, орталықтар) ұйымдастырушылық және иерархиялық құрылымы сипатталады.

2. Көрсетілетін қызметтердің жіктегішіне сәйкес көрсетілетін
қызметті алушының қызметін бөлек есепке алу жүргізілетін
көрсетілетін қызметтердің түрлері (қызмет бағыттары)

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсететін қызметтердің (реттеліп көрсетілетін және өзге) толық тізбесі келтіріледі. Бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында көрсетілетін қызметтер қызметтің түрлері бойынша топтастырылған жағдайда, осы бөлімде жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі. Егер бөлек есепке алуды жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының кірістері, шығындары, тартылған активтері бизнес-процестерге бөлінсе, бизнес-процестердің тізбесін келтіру қажет.

3. Кірістер, шығындар мен тартылған активтер

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерін айқындау тәртібі көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметтермен шығындардың мен себеп-салдарлық байланысы (қажет болған жағдайда қызметтің бағыттары бөлінісінде) көрсетіледі. Графикалық схемаларды пайдалануға жол беріледі.
      Көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу қағидаттары келтіріледі.

4. Шығындар мен тартылған активтерді бөлу

      Барлық кезеңдердің сипаттарын келтіре отырып, шығындарды бөлу кезеңдері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шығындарын бөлу тәртібі көрсетіледі. Графикалық схемаларды пайдалануға жол беріледі.

5. Қорытынды ережелер

      Әдістемені Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге ережелермен толықтыруға жол беріледі.