"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11018 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 16 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      порталға:

      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;

      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама беру немесе жылжымайтын мүлік объектілерінің жою туралы анықтама беру – 6 (алты) жұмыс күні, немесе дәлелді бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің жою туралы анықтама беру болып табылады.

      осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде мәлеметтер болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі, ал жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) порталға:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен) үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен), мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Портал арқылы өтініш жасалған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен мерзімі (егер қағаз түрінде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетілген хабарландыру жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін кызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) бірлескен бұйрығы бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларының 10-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетілерін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде халыққа Мемлекеттік корпорация
арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

      Министрліктің: www.mid.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      (тарихсыз)

      _______________________________________________________________

      (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

      Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайдың тiркеу коды: Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:
Кадастровый номер:

Тiркеу күнi:
Дата регистрации:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

      Нысан

      (тарихпен)

      _______________________________________________________________

      (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

      Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы
анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Өзгертілді:
Изменен на:

Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр: Кадастровый номер:

Өзгерістерді тiркеу күнi:
Дата регистрации изменения:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

      _______________________________________________________________

      (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

      Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы
анықтама
Справка о присвоении адреса объекту недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу жекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр: Кадастровый номер:

Тiркеу күнi:
Дата регистрации:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

      _______________________________________________________________

      (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

      Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы
анықтама
Справка об упразднеии адреса объекту недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:

Жойылу күні:
Дата упразднения:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

      облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың бас

      сәулетшісі ___________________________________

      _______________________________________________

      (Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)

      ________________________________________________

      (Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес

      сәйкестендіру нөмірі (БСН) мекенжайы

      ________________________________________________

      (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)

      байланыстары____________________________________

      (электрондық мекенжайы, тел.)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      _____________________________________________________________________

      (облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)

      _____________________________________________________________________

      мекенжай(ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді, (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" ____________

      _____________________

      (Қолы)

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      ______________________________________________

      (Тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті

      алушы ұйымының атауы)

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы

      15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) ....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (қолы)

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________

      Телефоны:___________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беруге – 6 (алты) жұмыс күні;

      бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (бұдан әрі – ЕТЖЖ) көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;

      бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 17 (он жеті) жұмыс күні.

      Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыға қызмет рұқсат ететін көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

      техникалық шарттар;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;

      тік жоспарлау белгілері;

      жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

      реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі;

      осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Көрсетілетін қызметтті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттiк қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі:

      өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

      нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

      жер учаскесіне құқығын беретін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда);

      қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтініш;

      тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;

      өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспорт (болған жағдайда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      техникалық жоба;

      егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі;

      2) порталға:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;

      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда);

      қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтініш;

      тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;

      өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

      техникалық жобаның электрондық көшірмесі;

      егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімның электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі.

      Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбесіне сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру Мемлекеттік корпорация арқылы өтініштің қабылдануын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 33, 34, 34-1, 34-2, 34-3, 52, 53, 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажеттілерін Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

      Министрліктің: www.mid.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www. mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Құрылыс және реконструкция
(қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау) жобаларын әзірлеу
кезінде бастапқы материалдарды
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан

      Қазақстан Республикасы

      _____________________________________________________________________

      (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың,

      аудандардың сәулет және қала құрылысы органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан жері, электрондық мекенжайы, тел.)

      Бекітемін:
(қаланың, ауданның) бас сәулетшісі
______________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (оның болған
жағдайында) (бұдан әрі – Т.А.Ә. )

Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)

      №_______ 20____ жылғы "____"_____________

      Объектінің атауы:_________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):_______________________________

      Қала (елді мекен), жыл

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме

Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы)

1. Учаскенің сипаттамасы

1. Учаскенің орналасқан жері

Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам

2. Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен үй салу, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары)

Қысқаша сипаттамасы

3. Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары)

Қысқаша сипаттамасы

4. Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары)

Қысқаша сипаттамасы

2. Жобаланатын объектінің сипаттамасы

1. Объектінің функционалдық мәні

Қысқаша сипаттамасы

2. Қабаттылығы

Қысқаша сипаттамасы

3. Жоспарлау жүйесі

Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша

4. Конструктивті схема

Жоба бойынша

5. Инженерлік қамтамасыз ету

Қысқаша сипаттамасы

6. Энергия тиімділік сыныбы

Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік

3. Қала құрылысы талаптары

1. Көлемдік-кеңістіктік шешім

Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру

2. Бас жоспар жобасы

Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

2-1 тік жоспарлау

Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру

2-2 абаттандыру және көгалдандыру

Қысқаша сипаттамасы бар нормативтік

2-3 автомобильдер тұрағы

Қысқаша сипаттамасы бар нормативтік

2-4 топырақтың құнарлы қабатын пайдалану

Қысқаша сипаттамасы

2-5 шағын сәулет нысандары

Қысқаша сипаттамасы

2-6 жарықтандыру

Қысқаша сипаттамасы

4. Сәулет талаптары

1. Сәулеттік келбетінің стилистикасы

Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру

2. Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты

Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес

3. Түсіне қатысты шешім

Келісілген эскиздік жобаға сәйкес

4. Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде:

"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

4-1 түнгі жарықпен безендіру

Қысқаша сипаттамасы

5. Кіреберіс тораптар

Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

6. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау

Іс-шараларды ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердің ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу

7. Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

5. Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

1. Цоколь

Қысқаша сипаттамасы

2. ҚасбетҚоршау конструкциялары

Қысқаша сипаттамасы

6. Инженерлік желілерге қойылатын талаптар

1. Жылумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

2. Сумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

3. Кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

4. Электрмен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

5. Газбен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

6. Телекоммуникациялар және телерадиохабар

Техникалық шарттарға (ТШ №__  және берілген күні) және нормативтік құжаттарға сәйкес

7. Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

8. Стационарлы суғару жүйелері

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

7. Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер

1. Инженерлік іздестірулер бойынша

Жер учаскесін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен кейін кірісу

2. Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша

Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

3. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу

4. Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша

Қысқаша сипаттамасы

5. Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша

Қысқаша сипаттамасы

8. Қосымша талаптар

1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау көзделмеген жағдайда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет.
2. Ресурс үнемдеу және қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану.  

9. Жалпы талаптар

1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет.2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу:- эскиздік жоба.

      Ескертпелер:

      1. СЖТ және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.

      2. СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететін мән-жайлар туындаған кезде, оған өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.

      3. СЖТ-да көрсетілген талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті. СЖТ тапсырыс берушінің немесе сәулет және қала құрылысы жергілікті атқарушы органының өтініші бойынша қала құрылыстық кеңестің, сәулеттік жұртшылықтың талқылау нысанасы болуы, тәуелсіз сараптамада қарауы мүмкін.

      4. Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

СЖТ жасады ___________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. ) _________________________________ (қолы)

СЖТ алдым ______________________________ (күні, айы, жылы) ______________________________ (қолы)

  "Құрылыс және реконструкция
(қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау) жобаларын әзірлеу
кезінде бастапқы материалдарды
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
____________________________
____________________________
____________________________

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш

      Өтініш берушінің аты: _________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы: ____________________________________________________________________

      Телефоны:______________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші: ______________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:___________________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:______________________________________________

      Сізден

1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)

2- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау

      жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық

      шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын) беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      күні:

      20__ жылғы "__" ______________

      Тапсырды: ____________________

      қолы

  "Құрылыс және реконструкция
(қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау) жобаларын әзірлеу
кезінде бастапқы материалдарды
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
нысан
____________________________
____________________________
____________________________

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуүшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы

Тапсырыс беруші

-

Объектінің атауы

-

Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі

-

Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар

-

Қабаттылығы

-

Ғимараттың алаңы

-

Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны

-

Электрмен жабдықтау
Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша
Реконструкциялау барысында

Талап етілетін қуаты, кВт

-

Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенімділігі бойынша санаты

I санат___кВт (кВА),
II санат ___кВт (кВА),
III санат___кВт (кВА)

Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен)

20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт

көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады:

I санат___кВт (кВА),
II санат ___кВт (кВА),
III санат___кВт (кВА)

Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз)

саны ___ дана, бірліктік қуаты
_____ кВт (кВА)

Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме

-

Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА
№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

Сумен жабдықтау

Судың жалпы қажеттілігі

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.
ауыз суы

____

л/сек. ең жоғарғы

оның ішінде

Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өндірістік қажеттіліктерге

м3/тәулік

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өрт сөндіруге қажетті шығыстар

____

л/сек.

Кәріз

Сарқынды сулардың жалпы мөлшері

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

оның ішінде

Нәжіспен ластанған

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өндірістік ластанған

м3/тәулік

м3/сағ. ең жоғарғы

Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ)

Жылумен жабықтау

Жалпы жылу жүктемесі

____Гкал/сағ.

оның ішінде:

Жылыту

____ Гкал/сағ.

Желдету

____ Гкал/сағ.

Ыстық сумен жабдықтау

____ Гкал/сағ.

Технологиялық қажеттіліктер (бу)

____ т/сағ.

Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу

-

Энергия үнемдеу іс-шарасы

-

Нөсерлік кәріз

Тапсырыс берушінің қалауы

-

Телефон орнату

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны

-

Телефон сыйымдылығы

-

Жоспарланатын телефон арнасы

-

Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.)

-

Газбен жабдықтау

Жалпы қажеттілік

____м3/сағ.

оның ішінде:

Тамақ әзірлеуге

____м3/сағ.

Жылытуға

____м3/сағ.

Желдетуге

____м3/сағ.

Ауа баптауға

____м3/сағ.

Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау

____м3/сағ.

      Ескертпе * *______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды).

      Тапсырыс беруші: ______________________

      20___ жылғы "___" _____________________

  "Құрылыс және реконструкция
(қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау) жобаларын әзірлеу
кезінде бастапқы материалдарды
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
нысан
____________________________
____________________________
____________________________

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш

      Өтініш берушінің аты: __________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы: ____________________________________________________________________

      Телефоны:______________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші: _______________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:____________________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:_______________________________________________

      Сізден тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды

      өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

      реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімді, сәулет-жоспарлау

      тапсырмасын, техникалық шарттарды және сыртқы инженерлік желілер трассасының

      схемаларын (өтініш берушімен сауалнама парағы ұсынылған кезде) беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      күні: 20__ жылғы "__"_______________

      Тапсырды: __________________________

      қолы

  "Құрылыс және реконструкция
(қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау) жобаларын әзірлеу
кезінде бастапқы материалдарды
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
нысан
____________________________
(Т.А.Ә. не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға

      байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

      сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас

      тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) ....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (қолы)(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________

      Телефоны: _____________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
3-қосымша

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға)шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күн.

      Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 ( жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетіден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбініқоса алғанда түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі:

      құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

      нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

      объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

      егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

      егер өзгерістер кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін қозғайтын болса, тұрғын үй-жайларының (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы санының үштен екі бөлігінен астамының жазбаша келісімі немесе тұрғын тұрғын үй-жайлары (пәтердің) меншік иелерінің хаттамасы;

      өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

      сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкіндігі туралы техникалық зерттеу қорытындысының көшірмесі;

      болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

      Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияда өтініштің қабылдануын растау көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақпен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиесті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі: өкіліті растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже адан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 53-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3-тарау.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш беруге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтімемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

      Министрліктің: www.mid.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz жарияланған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Тіреу және қоршау
конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
нысан
Республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, облыстық
маңызы бар қалалардың,
аудандардың
Бас сәулетшісі______________
____________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды атауы
және (немесе) сенімхат)
____________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН) немесе бизнес
сәйкестендіру нөмірі (БСН)
мекенжайы__________________
  (заңды мекенжайы немесе
  тұрғылықты жері)
байланыстар_________________
(электрондықмекенжайы, телефон)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (объектінің толық атауы)

      _________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

      (үй-жайлары (жекелеген бөліктері) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта

      жабдықтауға) жататын объектінің орналасқан жері)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  20__ жылғы "___" _________
_____________________
(қолы)
  "Тіреу және қоршау
конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
нысан
___________________________________
(Тегі, аты, бар болған жағдайда
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға

      байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

      сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас

      тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)_______________________________;

      2)_______________________________;

      3)....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (қолы)

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      Орындаушы: Т.А.Ә.____________

      Телефоны:_______

      Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________