"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11016 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 19-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9405 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережеде:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.»;
      1213 және 14-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «12. Комитеттің миссиясы бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау болады.
      13. Бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды қамтамасыз ету Комитеттің міндеті болып табылады.
      14. Комитеттің функциялары:
      1) бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырыс беруші ұсынған, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманы қарау;
      3) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде әзірлеу және бекіту;
      4) тапсырыс берушінің өкілдері кіретін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын анықтау және бекіту;
      5) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
      6) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
      7) тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберу;
      8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау;
      9) заңнамаларда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың әлеуетті өнім берушілерін жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа қуыну талаптарын жіберу;
      10) конкурстық құжаттама мен аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру;
      11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау функцияларын жүзеге асырады;
      12) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде әзірлеуге қатысу;
      14) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту.»;
      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «20. Комитет төрағасы:
      1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;
      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      5) Комитеттің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына жетекшілік етеді;
      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің штат санының лимиті шегінде Комитеттің штаттық кестесін бекітеді;
      7) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      8) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
      9) заңнамаға сәйкес Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (К.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Сұлтанов