"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
4) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е.Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және министрі
_______________ А. Исекешев
2015 жылғы 15 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 1-қосымша |
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.09.2015 № 635 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Порталға өтініш берген кезде мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тіркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәліметтер; мекенжай анықтамасы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынатын табыстар; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түрiндегi табыстар; азаматтың жұмыссыз мәртебесін растайтын құжат қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" арқылы беріледі.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын растайтын құжат ұсынылған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұратудың қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.06.2016 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы пошта бойынша немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органның атына немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік
корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
________ (қаланың, ауданның)
жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлімінің (облыстық маңызы бар
қалалардың және Астана мен
Алматы қалаларының)
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтiк бағдарламалар
басқармасының атауы
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш
Мен____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
_____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмері, туған жылы)
тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы) болып табыламын, жеке куәлік №_________, ____________________________ берген.
Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін ___________________ мекенжайы бойынша тұратын ____ адам менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
№ | Өтініш берушінің отбасы мүшелері Т.А.Ә. | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Әлеуметтік мәртебесі |
Өтінішке саны ____ дана қажетті құжаттарды қоса беремін.
Жеке шотының №____________, банктің атауы ________________________.
Күні: 20 _ жылғы "___" _________ Өтініш берушінің қолы _______
"Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Уәкілетті орган: _________________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
бөлімшесінің атауы: _____________________________
Тізілімді қалыптастыру уақыты:___________________
№ | Сәйкестендіруші | Көрсетілетін қызметті алушының (бұдан әрі) Т.А.Ә. | Көрсетілетін қызметтің атауы | Қабылданған күні | Беру жоспарланған күн | Берілетін құжаттардың тізбесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы: _________
Тапсырған _____________/____________________/
Қабылдады ______________ /__________________/
(жауапты адамның (бұдан әрі) Т.А.Ә.)
(жауапты адамның (бұдан әрі) Т.А.Ә.)
"Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі –
Т.А.Ә.)
____________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.06.2016 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының
№ __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" құжаттарды қабылдаудан Сіздің
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап
айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды:
1) _______________________________________;
2) _______________________________________;
3) _______________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________
Телефоны ______________________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 2-қосымша |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ, порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасығышта мемлекеттік қызметтік көрсету нәтижелерін алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсету нәтижелері электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: мемлекеттік көрсетілетін қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруіне келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі);
республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшін);
некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктерді (2007 жылғы 13 тамызға дейін);
жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса, азаматтар тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасын ұсынады;
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде:
өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтер қосымша ұсынылады;
мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:
жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;
ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:
тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрақты тұру фактісін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшін);
некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктің (2007 жылғы 13 тамызға дейін) электрондық көшірмесі;
жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса, тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасының электрондық көшермесі ұсынылады; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде:
өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы анықтаманың электрондық көшермесі қосымша ұсынылады;
мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:
жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшермесі қосымша ұсынылады;
ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:
тиісті уәкілетті органдар анықтамасының электрондық көшермесін қосымша ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының немесе оның отбасы мүшелерінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы электрондық құжаттар нысанында беріледі.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша келісім береді. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке куәлігі растайтын құжат ұсынылған кезде жеке қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.06.2016 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қоюдан бас тарту үшін негіз:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тұрғын үйі авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдіргенін анықтау;
3) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын фактінің болмауы;
4) егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде:
тұрғын үй-жайын ауыстыру;
оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң – Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған кезде сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығару;
оның кiнәсiнен тұрғын үйдi бұзу немесе бүлдіру;
тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен көшіп кету;
жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу жолымен өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса,
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы пошта бойынша немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап беру) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, тиісті жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік
корпорациялар арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың және
облыстық маңызы бар қалалардың
тұрғын үй қатынастары саласындағы
функцияны жүзеге асыратын
жергілікті атқарушы органдардың
құрылымдық бөлімшелері
жергілікті атқарушы органының
атауы
______________________________
мекенжайы бойынша тұратын азаматтан(ша)
______________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені отбасы құрамына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын
үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының
1-тармағына сәйкес_____ санат бойынша ____ бөлмеге есепке қоюды сұраймын.
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты
пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін
тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес
деректерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша: ________________________
______________________________
(күні, қолы)
Нысан
Талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Уәкілетті орган: __________________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің
атауы:
_____________________________________________________________________
Тізілімді қалыптастыру уақыты:_______________________________________
№ | Сәйкестендіруші | Көрсетілетін қызметті алушының (бұдан әрі) Т.А.Ә. | Көрсетілетін қызметтің атауы | Қабылданған күні | Беру жоспарланған күн | Берілетін құжаттардың тізбесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы: _________
Тапсырған ___________/_________________/ Қабылдады ______________
/___________________/ (жауапты адамның (бұдан әрі) Т.А.Ә.)
(жауапты адамның (бұдан әрі) Т.А.Ә)
Нысан
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі
– Т.А.Ә.)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.06.2016 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының
№ __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті
атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"
құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын
және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынбауыңызға
байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды:
1) _______________________________________;
2) _______________________________________;
3) _______________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (мемлекеттік корпорациясы қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________
Телефоны ____________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "_" ________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 3-қосымша |
"Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті көрсетілетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс орнынан анықтаманы;
Мемлекеттік копорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қызмет алушының және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары, мекен-жай анықтамасы жөнінде мәліметтерді алады және оларды қызмет берушіге жіберу үшін қағаз тасығышта басып шығарады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын растайтын құжат ұсынылған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы пошта бойынша немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz.интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
_________Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың және
облыстық маңызы бар қалалардың
тұрғын үй қатынастары саласындағы
функцияны жүзеге асыратын
жергілікті атқарушы органдардың
құрылымдық бөлімшелері
жергілікті атқарушы органының
атауы
______________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат(ша)____________________
(тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)
Өтініш
Маған, Сізден мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй
қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй
қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан
жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беруді сұраймын.
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты
пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін
тексеруге қарсы емеспін.
Қосымша: ________________________
_____________________________
(күні, қолы)
Талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімі
Уәкілетті орган: _________________________________________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________________________________
Тізілімді қалыптастыру уақыты:____________________________________________________
Сәйкестендіруші | Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда | Көрсе-тілетін қызмет-тің атауы | Қабылданған күні | Беру жоспарланған күн | Берілетін құжаттардың тізбесі | |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
Барлығы: _________
Тапсырған ___________/_________/Қабылдады______________/____________/
(жауапты адамның Т.А.Ә. (болған жағдайда))(жауапты адамның Т.А.Ә (болған жағдайда))
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге
(мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген
тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын
үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы: ____________________________________________________
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (мемлекеттік корпорациясы қызметкері) ________________
(қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________
Телефоны ____________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "_" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 4-қосымша |
"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
1-кезең: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2-кезең: тұрғын үйді мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
3- кезең: тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау – 15 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешімі;
2-кезең: тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі.
3-кезең: жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі.
Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14:30-ге дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00, 18.30-ге дейін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00, 14:30-ге дейін түскі үзіліспен 09.00-дан 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетеді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) 1-кезең: нысан бойынша өздері тұратын үй-жайларын жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері;
некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің көшірмелері;
жалдау (жалға алу) шартын не тұрғын үй ордерінің көшірмелері;
аумақтық әділет органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы);
анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;
өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат;
мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешегі жоқтығын растайтын құжат;
осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жеке меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат.
Қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
2) 2-кезең:
Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй комиссияларының шешімдері болғанда:
мүлікті коммуналдық меншікке беру туралы уәкілетті органның бұйрығының көшірмесі;
мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқасына беру қабылдау-беру актісінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің немесе паспорттарының көшірмелері;
3) 3-кезең:
Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй комиссияларының шешімдері болғанда:
мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқасына беру қабылдау-беру актісіне қол қояр сәтте қалдық құны туралы мәлімет;
мемлекеттік мекемемен немесе кәсіпорынмен жасалған жалға алу (жалға беру) шартын;
жекешендірілетін тұрғын үйдің техникалық паспортының көшірмесін;
жекешелендірген тұрғын үйдің құнын төлегені туралы түбіртекті;
тұрғын үйді жекешелендіруге жеңілдікке құқық беретін құжаттың көшірмесін (қажет болғанда);
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).
Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй комиссиясының шешімдері болған жағдайда:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталының құралдары арқылы пошта бойынша немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы) мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.