РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері (бұдан әрі - Параметрлер) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Параметрлердің 20-бабының 4) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі м.а.
_________________Р.Б.Бекетаев
_________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 17 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________Қ. Қасымов
2015 жылғы 27 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Е.Досаев
2015 жылғы 29 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________В.Школьник
2015 жылғы 16 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 наурыздағы № 342
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері
1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттері
1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері ме басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1) жол берілетін ұзындығы:
жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобилінің, өзі аударғыш 12;
тіркеме 12;
екі білікті автобустар 13,5;
екі біліктен артық біліктері бар автобустар 15;
буындастырылған автобус 18,75;
буындастырылған автокөлік құралы 20;
автопоездар 20;
2) жол берілетін ені:
барлық автокөлік құралдары 2,55;
автокөлік құралдарының изотермиялық шанақтары 2,6;
3) жол берілетін биіктігі:
барлық автокөлік құралдары 4,0;
2. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдері өзіне контейнерлерді қоса алғанда, алынбалы шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерін қамтиды.
3. Қозғалыс кезінде автокөлік құралы сыртқы радиусы 12,5 метрмен және ішкі радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңістік шегінде бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
4. Тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен құрамдастырылған автокөлік құралының артқы жағы арасындағы жол берілетін арақашықтық 15,5 метрден аспауы тиіс.
5. Тартқыштың артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы арақашықтықты шегергенде, шанақтың немесе кабинаның сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің артқы сыртқы нүктесіне дейін, автопоездың бойлық білігіне қатар өлшенген, жол берілетін арақашықтық 17 метрден аспауы тиіс.
6. Шанақтың немесе кабинаның сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тіркеменің артқы сыртқы нүктесіне дейін автопоездың бойлық білігіне қатар өлшенген, жол берілетін арақашықтық 17,5 метрден аспауы тиіс.
7. Автокөлік құралының шанағында орнатылған жүк автомобильді немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесінен тысқары 1 метрден артық шықпауы тиіс.
8. Жүк автомобилінің артқы білігі мен тіркеменің алдыңғы білігі арасындағы арақашықтық кемінде 3 метр болуы тиіс.
9. Жартылай тіркеменің топсалы бекітпесінің білігі мен жартылай тіркеменің алдыңғы жағының кез келген нүктесі арасындағы көлденең өлшенген арақашықтық 2,04 метрден аспауы тиіс.
10. Автокөлік құралының ұзындығын өлшеген кезде автокөлік құралында құрастырылған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:
әйнектерді тазартуға арналған құрылғылар мен су бүріккіштер;
қарсы алдыңғы бетіндегі және бүйірлік таңбалаушы пластиналар;
пломба салуға арналған құрылғылар және олардың қорғағыш бұйымдары;
брезент бекітуге арналған құрылғылар және олардың қорғағыш бұйымдары;
электр жарығына арналған жабдық;
артқы шолу айналары мен автомобильдің артындағы кеңістікті шолу үшін құралдар;
ауаарна түтікшелері;
тіркемелермен және алмалы-салмалы шанақтармен біріктіру үшін клапандар мен айырғыштардың ұзындықтары;
шанаққа шығуға арналған басқыштар, қосалқы автопокрышкаға арналған көтергіш;
жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспауы тиіс және дайындаушы белгілеген автомобильге жүк тиеудің шекті салмағын ұлғайтпайтындай етіп орындалған көтергіш платформалар, шығуға арналған басқыштар және өзге де ұқсас жабдықтар.
11. Автокөлік құралының биіктігін өлшеген кезде автокөлік құралында кұрастырылған:
антенналар;
көтерілген қалыптағы пантограф есепке алынбайды.
Білікті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлік құралдары үшін осы құрылғы ықпал етуінің әсері ескерілуі тиіс.
12. Автокөлік құралының енін өлшеген кезде автокөлік құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерілмейді:
пломбалар, мөрлер үшін құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
брезент бекітуге арналған құрылғылар мен олардың қорғағыш бұйымдары
автопокрышканың зақымдалуын анықтауға арналған құрылғылар;
су бүріккіштердің шығыңқы бөліктері;
жарықтандыратын жабдық;
жұмыс жағдайында көлік құралының әрбір жағынан 10 миллиметрдегі артық шықпайтын, басқыштардың ілгері немесе кейін қараған басқыш бұрыштарының кемінде 5 миллиметр, ал олардың жиектерінің иілу радиусы - 2,5 миллиметр басқыштар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар;
артқы жақты шолу айналары;
шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары;
көліктік қалыпта ішке тартылатын немесе жиналмалы басқыштар немесе сатылар;
жолдың үстіңгі қабатымен жанасу нүктесінен шығып тұратын автопокрышка сыртының майысқан бөлігі.
2. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары
13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәннен (тоннамен) аспауы тиіс:
жеке автокөлік құралдары:
қос білікті 18;
үш білікті 25;
төрт білікті 32;
бес білікті 38;
алты және одан да көп білікті 44;
әуе немесе оған балама аспасы бар автокөлік құралдарының жол берілетін салмағы және біліктік жүктемелері бір тоннаға ұлғаяды;
2) құрамдастырылған автокөлік құралының бір бөлігін құрайтын автокөлік құралдары:
қос білікті тіркеме 18;
үш білікті тіркеме 24;
төрт білікті тіркеме 32;
3) кұрамдастырылған автокөлік кұралдары:
ершікті автопоездар:
қос білікті жартылай тіркемесі бар қос білікті тартқыш 36;
үш білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш 40;
төрт білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш 40;
бес білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш 44;
екі білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш 40;
үш білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш 40;
төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш 44;
үш білікті жартылай тіркемесі бар төрт білікті тартқыш 44;
төрт білікті жартылай тіркемесі бар төрт білікті тартқыш 48;
4) автобустар:
қос білікті 18;
үш білікті 25;
топсамен буындастырылған үш білікті 28;
топсамен буындастырылған төрт білікті 32.
3. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелері
14. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелері төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
1) дара білік үшін (жақын орналасқан біліктердің арасындағы арақашықтық 2,0 метрден асқан кезде) 10;
2) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 12,0;
1 метрден 1,3 метрге дейін 14,0;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 16,0;
1,8 метрден 2 метрге дейін 17,5-ден аспауы тиіс;
3) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 14,0;
1 метрден 1,3 метрге дейін 16,0;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 16,5;
1,8 метрден 2 метрге дейін 18,0-ден аспауы тиіс;
4) бір қатарлы немесе қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған бір көтеру (ленивтік) білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 11,5;
1 метрден 1,3 метрге дейін 13,5;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 15,5;
1,8 метрден 2 метрге дейін 17,5-ден аспауы тиіс;
5) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 16,5;
1 метрден 1,3 метрге дейін 19,5;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 22,5;
1,8 метрден 2 метрге дейін 24,5-ден аспауы тиіс;
6) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 17 5;
1 метрден 1,3 метрге дейін 21,0;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 24,0;
1,8 метрден 2 метрге дейін 26,5-ден аспауы тиіс;
7) бір қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5;
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,10;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7;
1,8 метрден 2 метрге дейін 7,5 болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
8) қос қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5,5;
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,5;
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7,5;
1,8 метрден 2 метрге дейін 8 болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс.
15. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.
16. Автомобильдің немесе құрамдастырылған көлік құралдарының жетекші білігіне немесе жетекші біліктеріне берілетін салмақ автомобильдің немесе құрамдастырылған көлік құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиіс.
17. Салмақтық жүктемелер уәкілетті мемлекеттік органның шешім бойынша жол төсемінің көтергіш қабілеті төмен учаскелерінде ауа-райы климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкін.
18. Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін анықтаған кезде өлшегіш жабдықтардың белгіленген ауытқуларын ескереді.
Бұл ретте ауытқу тасымалдаушының пайдасына шешіледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері
19. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері төменде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс:
Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел |
Экологиялық класстар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары |
|
4-класс |
5-класс |
|
Еуропалық Одаққа* кіретін, бензин қозғалтқыштар |
2007-тамыз 2009 |
М1-3 санаты, N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек |
N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек |
||
N3 санаты - 2008 қазаны және кейінірек |
||
Еуропалық Одаққа* кіретін, дизельдер |
2007-тамыз 2009 |
М1-3 санаты, N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек |
N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек |
||
N3 санаты - 2008 қазан және кейінірек |
||
АҚШ |
2007 және кейінірек |
- ** |
Жапон |
2010 және кейінірек |
- |
Индия |
- |
- |
Малайзия |
- |
- |
Қытай |
- |
- |
М3 санаты 2012 қаңтар және кейінірек |
||
Корея |
2007 және кейінірек |
- |
Ресей |
2010 және кейінірек |
- |
Өзбекстан |
- |
- |
Беларусь |
- |
- |
Украина |
- |
- |
Ескертпе:
* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді;
**
1) «4-класс» және «5-класс» кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік кұралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біріңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел «Қытай» бойынша 4-экологиялық класс М3 санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.
Қазақстан Республикасындағы бастапқы тіркелуге арналған М1 санатты автокөлік құралдарының шекті конструктивтік параметрлері
20. Кеден одағының «Дөңгелектік көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/011 техникалық регламентімен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау (дәлелдеу) туралы құжаты (Кеден одағының көлік құралының типін мақұлдау, Кеден одағының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі) немесе ұлттық заңнама шеңберінде берілген қолданыстағы Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты жоқ М1 санатты автокөлік құралдары:
1) бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі;
2) қарсы қауіпсіздік жастығы;
3) ІSОҒІХ бекіту жүйесі;
4) күндізгі жүру оттары болған кезде ғана Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы тіркеуге жіберіледі.