Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 267 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-6/285 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10991 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 65-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы  
№ 4-6/285 және       
Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 27 наурыздағы   
№ 267 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген         

Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер
учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің (бұдан әрі – Жер кодексі) 65-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) агрохимиялық зерттеп қарау – топырақтағы өсімдіктерді минералдық қоректендіру элементтері, қарашірік, рН және тұз режимі, микроэлементтер құрамын айқындау;
      3) зерттеп қарауды жүргізу жоспары – әкімшілік аудандар, округтер бойынша жұмыстар жүргізудің кезектілігі;
      4) мемлекеттік мекеме – ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеме.
      3. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарау егістік топырағының құнарлылығы көрсеткіштерін айқындау үшін жүргізіледі.

2. Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін
жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібі

      4. Мемлекеттік мекеме жыл сайынғы зерттеп қарауды жүргізу жоспарларын жасайды және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келіседі.
      Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды бюджет қаражаты есебінен жүргізер алдында мемлекеттік мекеме жер учаскелерінің меншік иелеріне және (немесе) жер пайдаланушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.
      Жер кодексінің 65-бабына сәйкес жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Топырақты зерттеп қарауды жүргізуді бастар алдында мемлекеттік мекеменің қызметкері жер учаскесінің меншік иесімен және (немесе) жер пайдаланушымен бірге жер алқаптарын байқап қарайды, топырақтың типі мен түрін айқындайды, көзбен қарап нақтылайды және жер пайдалану жоспарына жағдайдағы (жаңа жолдар, танаптар шекаралары, отырғызылған ағаштар) өзгерістерді енгізеді, жұмыс учаскелерінің схемасы мен оларды нөмірлеуді келіседі, жол бойындағы және фермалар маңындағы ерекше зерттеп қарау аймақтарын, су қорғау аймақтарын бөледі, соңғы үш жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің орналасуын, олардың жай-күйін, ластану, фитоулылық біліну деңгейін нақтылайды, тыңайтқыштардың жоғары мөлшерімен жүйелі түрде тыңайтылатын танаптар мен өндірістік учаскелерді бөледі, танаптардың эрозияланғанын, бұталанғанын және қойтасталғанын белгілейді, суармалы учаскелер бетіндегі тұздың шөгіндісін белгілейді.

Топыраққа агрохимиялық 
зерттеп-қарауды жүргізу 
үшін жер учаскелеріне қол
жеткізуді қамтамасыз ету
қағидаларына 1-қосымша 

Хабарлама

      Мемлекеттік мекеменің мынадай өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________ 20__ жылғы _____________ 20 жылғы дейінгі мерзімде
_____________________________________________________________________
   (жер учаскесінің меншік иесі және (немесе) жер пайдаланушы)
топырағын жоспарлы агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізетінін
хабарлаймыз.
      Зерттеп қарауға жататын танаптарға мемлекеттік мекеме
өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуді сұраймын.
      Зерттеп қарауды жүргізу кезінде жер учаскесінің меншік иесі
және (немесе) жер пайдаланушы тарапынан қатысуға және бақылау
жүргізуге жол беріледі.
Басшы: _________________________________________________ ____________
            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын            (қолы)
                 растайтын құжатта бар болса)

Мөр орны