Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10983 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Қ.Қасымов

       «КЕЛІСІЛДІ»                        «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі          Білім және ғылым министрі
      _______________ А.Мамытбеков       _______________ А.Сәрінжіпов
      2015 жылғы «____» ________         2015 жылғы «____» ________

      «КЕЛІСІЛДІ»                        «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік   Инвестициялар және даму
      даму министрі                      министрі
      _______________ Т.Дүйсенова        _______________ Ә.Исекешев
      2015 жылғы «____» ________         2015 жылғы «____» ________

      «КЕЛІСІЛДІ»                        «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                     Қорғаныс министрі
      _______________ Б.Сұлтанов         ____________ И.Тасмағамбетов
      2015 жылғы «____» ________         2015 жылғы «____» ________

      «КЕЛІСІЛДІ»                        «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі              Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е.Ыдырысов         ____________ Е.Досаев
      2015 жылғы «____» ________         2015 жылғы 6 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _______________ В.Школьник
      2015 жылғы «____» ________

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 175 бұйрығымен
бекітілді

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-7 тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ахуалды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруға және қорытындылауға арналған.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) биологиялық қауіпті заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер ететін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
      2) өрт кезiнде жарақат алған – еңбек қабiлетiн жоғалтуды немесе кемiнде бiр тәулiк мерзiмге емханаға жатқызудың қажеттігіне немесе алғашқы медициналық көмек көрсетiлгеннен кейiн амбулаториялық емдеу тағайындауға әкелген өрттiң қауiптi факторларының, сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан дене жарақатын алған адам;
      3) өрт кезiнде қаза тапқан – тiкелей өрт болған жерде немесе уақиға болған күнінен бастап 30 тәулiктiң iшiнде өрттің қауiпті факторларының әсерi салдарынан алынған дене зақымдарынан (жарақаттарынан), сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан қайтыс болған адам;
      4) өрттен болған материалдық зиян – азаматтардың жылжымайтын мүлкiне, өзге де негiзгi қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкiне келтiрiлген залалды қоса алғанда, егер олар өртке тiкелей байланысты туындаған болса, жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың құндық мәні;
      5) өрттiң адамдар үшiн қауiптi факторлары – жалын мен ұшқын, қоршаған орта температурасының көтерiлуi, түтiн, жанудың және термиялық жайылудың улы өнiмдерi, оттек концентрациясының төмендеуi;
      6) өрттiң зардабы – материалдық, моральдық-құқықтық, әлеуметтiк (адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы), басқа да шығындар;
      7) өрттiң қауiптi факторларының екiншi рет қайталануы – сынықтар, бүлiнген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың бөлiктерi, бүлiнген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивтi және улы заттар мен материалдар, кернеудi конструкциялардың, аппараттардың, агрегаттардың тоқ өткізгіш бөлiктерiне шығарудың нәтижесiнде пайда болған электр тогы, өрттің салдарынан болған жарылыстың қауiптi факторлары, от сөндiрушi заттар;
      8) өрттiң себебi – өрттiң пайда болуына тiкелей негiз болған құбылыс немесе мән-жай;
      9) тұтану - азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтірмеген, бақыланбайтын жану;
      10) эксаумақтық мәртебесi бар объектiлер – шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң және консульдық мекемелердің, егер осындай эксаумақтылық Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық және өзге де ұйымдары өкiлдiктерiнiң аумақтары, үй-жайлары және автомобильдері. Эксаумақтық мәртебесi дипломатиялық агенттердің, консулдық лауазымды адамдардың, жоғарыда аталған ұйымдар қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайларына және қызметтік автомобильдеріне қолданылады. Эксаумақтық мәртебесi дипломатиялық өкiлдiктердiң, консульдық мекемелердің, сондай-ақ, егер осындай эксаумақтылық Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың және өзге де ұйымдары өкiлдiктерiнiң әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетушi персоналы мүшелерінің автомобильдеріне, тұрғын үй-жайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылмайды.
      4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары, сондай-ақ өз күшімен ведомстволық бағынысты объектілерде азаматтық қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жүзеге асырады.
      5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму үрдістері туралы сала бойынша шолу-талдамалы ақпаратты қалыптастырады.

2. Мемлекеттік есепті жүргізу үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көрсеткіштері

      6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қалыптастыру және жүйелендіру кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге тигізетін қатерлерді, қоршаған табиғи ортаға келтіретін зияндарды сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы пайдаланылады.
      7. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу кезінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:
      1) көлік авариялары:
      теміржол көлігінде – өрттер, жарылыстар, магистральдық тасымалдардағы жылжымалы құрамның қирауы, жолдан шығып кетуі және пойыз қозғалысының 1 сағаттан аса уақытқа тоқтауына әкеп соққан төсемнің бұзылуы, қаза болған адамдардың, зардап шеккендердің, жарақат алғандардың болуы;
      автожолдарда – автожолдардағы өрттер, жарылыстар, мұнай өнімдерінің, жанар майлар мен улы заттардың, прекурсорлар мен басқа да заттардың төгілуі;
      жердегі және әуедегі әуе кемелерімен болған авиаапаттар мен инциденттер, ұшу алаңдары мен әуежайлардағы өрттер, жарылыстар, ұшу аппараттарының бөліктері мен сынықтарының құлауы, қайтыс болған адамдардың, зардап шеккендердің, жарақат алғандардың болуы;
      су көлігінде – өрттер, жарылыстар, тасқын сулар, қайтыс болған адамдардың, зардап шеккендердің, жарақат алғандардың болуы;
      магистральдық құбыр өткізгіштерде – өрттер, жарылыстар, бұзылулар, бөлінулер, қайтыс болған адамдардың, зардап шеккендердің, жарақат алғандардың болуы
      2) өрттер, жарылыстар, от пен газдың кенеттен шашырауы, технологиялық үдерістердің бұзылуы:
      автомобиль және теміржол көпірлері мен жолдары астындағы жерасты өтпелерінде;
      ашық кеңістіктерде, көшелерде, адамдар жаппай жиналатын орындарда (жерүсті көлігінің аялдамалары, метро станцияларының шығаберістері, базарлар, көтерме базарлар, стадиондар, парктер және тағы сол сияқты);
      тұрғын үй, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы, билік органдарының ғимараттарында;
      ғибадат үйлерінде және мекемелерінде;
      ғимараттарда және жанғыш жылытқыштары бар жеңіл металл конструкцияларды қолдана отырып орындалған құрылыстарда;
      ауыл шаруашылық мақсаттағы объектілерде – 50 бас және одан көп малдың қырылуы; 100 бас және одан көп үй құсының қырылуы; 100 тонна және одан да көп шөптің өртенуі;
      жарғыш құрылғыларды залалсыздандыру кезіндегі жарылыстар – бақыланбайтын жарылыстың кез келген жағдайы;
      жарылғыш заттар немесе жарғыш құрылғыларды табу (жоғалту) – жарылғыш затты немесе жарғыш құрылғыны табудың немесе жоғалтудың кез келген жағдайы;
      мұнай және газконденсатты кен орындарында – мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 тоннадан аса төгілуі, мұнай-газ атқылауы (қалдықтары, 100 метр (бұдан әрі – м) аса мұнай мен газдан тұратын күкірт сутектері), газ-мұнай-су дақтарының белгілері;
      өнеркәсіптік объектілерде, соның ішінде фондық мәнінен немесе шекті рұқсат етілген шоғырланудан, шекті рұқсат етілген деңгейлерден айтарлықтай артатын қоршаған ортаның ластануы;
      шахталарда, жерасты және тау-кен орындарында, соның ішінде шахта жұмысының бүтіндей тоқталуына әкеп соғатын қираулар, тау-кен орындарының үйінділері;
      3) қалдықтарды, күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын авариялар:
      химиялық қауіпті объектілерде – тұрғындарды зақымдау қаупі, күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын аварияны тіркеу жағдайы;
      күшті әсер ететін улы заттардың көздерін табу (жоғалту) – күшті әсер ететін улы заттардың көздерін табу (жоғалту) жағдайы;
      автомобиль, теміржол авариялары, авиаапаттар және жердегі инциденттер, су көлігіндегі авариялар – күшті әсер ететін улы заттардың, биологиялық қауіпті заттарды шығаратын немесе тарататын аварияны тіркеу жағдайы;
      күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын автомобиль авариялары, күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын теміржол авариялары, күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын авиаапаттар және жердегі инциденттер, күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын су көлігіндегі авариялар – күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын аварияны тіркеу жағдайы;
      4) радиоактивті заттарды шығаратын (шығар қаупі бар) авариялар:
      өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы атом энергетикалық қондырғыларында – санитариялық-қорғау аймағынан тыс қоршаған ортаның радиоактивті ластануы шекті рұқсат етілген деңгейлерден 100 есе және одан көп, (осы АЭС (қондырғы) үшін рұқсат етілген тәуліктік шығару 10 есе артық), олардың трансшекаралық таралуына әкеп соғатын радиоактивті заттарды шығаратын авариялар;
      радиоактивті заттарды табу (жоғалту) – радиоактивті заттарды табуды (жоғалтуды) тіркеу жағдайы;
      кәсіпорындарда және ғылыми-зерттеу мекемелерінде (зертханаларда) биологиялық қауіпті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) авариялар – халықты зақымдау қаупі, биологиялық қауіпті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) аварияны тіркеу жағдайы;
      биологиялық қауіпті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) көліктегі авариялар – биологиялық қауіпті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) аварияны тіркеу жағдайы;
      биологиялық қауіпті заттарды табу (жоғалту) – биологиялық қауіпті заттарды табудың немесе жоғалту жағдайы;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 30 шақырым шектегі радиацияның жоғары деңгейін тіркеудің кез келген жағдайлары;
      5) мұнай және газконденсатты кен орындарында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар мен қираулар – шаруашылық объектілері жұмысының бұзылуына әкеп соққан, қайтыс болған адамдардың, зардап шеккендердің болуы;
      6) гидродинамикалық авариялар: бөгеттердің бұзылуы (бөгендер, шлюздер, бөгеулер және тағы сол сияқты);
      7) электр энергетикалық жүйелердегі авариялар – электр энергиясын, жылу мен су беруді ажыратуға әкеп соққан;
      8) тазарту құрылыстарындағы авариялар – халық тіршілігі жағдайларын бұзылуына әкеп соққан;
      9) көлік коммуникациялары (көпірлердің, тоннельдердің және басқа да құрылыстардың), оның ішінде салынып жатқан элементтерінің кенеттен қирауы – халық тіршілігі жағдайларының және шаруашылық объектілері жұмысының бұзылуына әкеп соққан;
      10) ғимараттар мен тұрғын үй, өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстардың қирауы – халық тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соққан, қайтыс болған адамдардың, зардап шеккендердің болуы;
      11) табиғи ортаның айрықша жоғарғы ластануы:
      атмосфералық ауаның ластануы – атмосферадағы зиянды қоспаның 50 есе және одан көп артуы: 8 сағат ішінде 30-49 есе; 2 тәулік ішінде 20-29 есе, қышқыл шөгінділерінің көлемді аймағының пайда болуы;
      теңіз (өзен) су бетінің ластануы – ластаушы заттардың ең жоғарғы бір жолғы рұқсат етілген шоғырлануының 100 есе және одан көп артуы, егер акваториялар үнемі ластану аймағы болып табылмаса, су иісінің 4 балдан аса қарқынмен және суға тән емес ерте пайда болуы, балықтар мен басқа да су жануарлары (гидробионттар) мен организмдердің жойылуына әкеп соғатын улы заттардың пайда болуы, еріген оттек құрамын литріне 2 миллиграмға дейін және одан аз төмендеуі, көлемі 6 шаршы шақырым су айдынының 1/3 және одан көп ауданын төсеммен жабу, ауыр металдар (оның ішінде радиоактивті) мен басқа да зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шоғырланудан немесе шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары болуы;
      топырақтың ластануы – ауыр металдар (оның ішінде радиоактивті) мен басқа да зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шоғырланудан немесе шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары болуы, химиялық қауіпті және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 және одан да көп есе артуы немесе радиоактивті заттар бойынша 100 және одан көп есе, жер және жер қойнауының өнеркәсіптік сипаттағы токсиканттармен ластануы, фондық мәнінің шекті рұқсат етілген шоғырланудан 50-ден көп немесе 100 есе артуы, жер қыртысының санитариялық-токсикологиялық өлшемдері бойынша пестицидтермен шекті рұқсат етілген шоғырланудан 50-ден көп есе немесе 100 гектар (бұдан әрі – га) ауданда фитотоксикологиялық өлшемдері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан 10-нан көп есе ластануы.
      12) астрономиялық қауіпті құбылыстар:
      аспан денелерінің құлауы – аспан денелері құлауы жағдайы;
      ғарыштық ұшу аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы – тіркелу жағдайы;
      жер төңірегінің ғарыш кеңістігіндегі радиациялық ахуалдың нашарлауы – 5х10 сантиметр (бұдан әрі – см) ауданда энергиясы 25 мегаэлектронвольттен көп протон ағымының тығыздығы;
      аномальды атмосфералық құбылыстардың пайда болуы – тіркелудің кез келген жағдайы.
      8. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу кезінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:
      1) жер сілкінісі – тіркеу жағдайы;
      2) геологиялық қауіпті құбылыстар: сырғымалар, опырылулар, қорымтастар, тас құламалары, селдер, орман жыныстарының шөгуі – шаруашылық жүргізу объектілері жұмысының бұзылуы, қаза болған адамдардың, зардап шеккендердің болуы;
      3) метеорологиялық құбылыстар:
      құйындар мен дауылдарды қоса алғанда күшті жел – желдің жылдамдығы қарқынды кезінде секундына 25 метр (бұдан әрі – м/сек) және одан көп, таулы аймақтарда секундына 30-35 метрге дейін;
      iрі бұршақ – бұршақ диаметрі 20 миллиметр (бұдан әрі – мм) және одан көп;
      нөсер жауын (нөсер) – жауын-шашын мөлшері 12 және одан аз сағат ішінде 50 мм және одан көп, ал таулы, сел және нөсер қауіпті аудандарда – 12 және одан аз сағат ішінде 30 мм және одан көп;
      қалың қар – жауын-шашын мөлшері 12 сағат ішінде 20 мм және одан көп;
      қатты борандар (қарлы борасындар) – желдің жылдамдығы секундына 15 метр кезінде ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      қатты көктайғақ – сымдардағы шөгінділердің диаметрі 20 мм және одан көп, жол учаскелеріндегі мұздың болуы 1 шақырым және одан көп;
      қатты аяз, қатты ыстық – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараты бойынша;
      қатқақ – вегетативті мезгілде ауа температурасының төмендеуі    (топырақтың жоғарғы қабатында) 0оС төмен, ауыл шаруашылығы дақылдарының белсенді вегетациясы кезіндегі олардың жойылуына әкеп соғатын мезгілдер (көктем-жаздың басы) мен шұғыл ерте мезгілдер (жаз-күздің басы);
      құрғақшылық – күнтізбелік 20 күн және одан көп уақытқа ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сақталуы күндіз 30% және одан аз, өсімдіктердің зақымдануын туғызатын жер қыртысының метрлік қабатындағы ылғал қоры 35 мм және одан аз;
      қалың тұман – 12 сағат және одан көп уақыттағы көру мүмкіндігі 100 м және одан аз;
      шаңды (құмды) дауылдар – секундына 15 метр және одан көп басым желдің жылдамдығы кезіндегі ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      селдер – зақымдау аймағында елдімекендер, инженерлік инфрақұрылымдар, көлік коммуникациялары, шаруашылық кешенінің объектілері болған қар көшкінінің жүруі;
      аңызақ жел – секундына 5 метр қатты жел және гүлдену, дәннің пісіп жетілу мезгіліндегі ауаның 30% кем салыстырмалы ылғалдылығы кезінде ауаның орташа тәуліктік температурасының күнтізбелік 5 күн ішінде 25о С астам сақталуы;
      4) гидрологиялық қауіпті құбылыстар:
      су толу, жаңбыр тасқыны, кептелістер мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі (су басу) – елдімекендер мен шаруашылық объектілерін су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу;
      судың төменгі деңгейі – ірі қалалардың, өнеркәсіптік аудандардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесінің жобалық белгісінен төмен, бір ай және одан көп уақыт ішінде кеме жүзетін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен;
      5) табиғи өрттер:
      орман өрттері – 25 га және одан көп ауданда;
      дала өрттері (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауданда;
      дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы – 20 га және одан көп ауданда;
      жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері – жерасты қазбаларындағы жанудың кез келген жағдайы;
      6) жұқпалы ауру және улану:
      оба, тырысқақ, сары қызба, ауыр жіті респираторлық синдром, пандемиялық тұмау (A/H1N1 тұмау, құс тұмауы және басқа түрлері), күйдіргі, вирусты геморрагиялық қызбалар – әрбір жағдайын тіркеу кезінде осыларға күдіктену және адам өліміне әкеп соғуы;
      фекальды-оральды жолмен берілетін вирусты гепатиттер, сальмонеллез, дизентерия және басқа да ішек инфекциялары – бір-бірімен байланысты жағдайлардың 10-ы және одан көп тіркелген кезде;
      дифтерия, қызылша, қызамық және жіті бәсең сал ауруы – бір-бірімен байланысты жағдайлардың 10-ы және одан көп тіркелген кезде;
      сүзек-қылау аурулары – бір-бірімен байланысты жағдайлардың 5-еуі және одан көп тіркелген кезде;
      тамақтан улану – тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану салаларындағы кәсіпорындармен, балалар және емдеу-профилактикалық мекемелері тамақ блоктарымен байланысты тамақтан улану кезінде;
      сәулелік зақымдалулар – жіті және созылмалы сәулелік ауру, жергілікті сәулелік зақымдану диагнозын анықтаудың әрбір жағдайы кезінде;
      анықталмаған улы заттармен улану – адамдардың қайтыс болуы, зардап шегуінің кез келген жағдайы;
      суға батқандар;
      7) жануарлардың ауруы және өлімі – жаппай өлуі (ауруы), оның ішінде жабайы аңдар;
      8) өсімдіктердің ауруы мен жойылуы - өсімдіктің жойылуы, оның ішінде ормандар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері, 0,25 га ауданда; зиянды жәндіктердің жаппай жойылуы.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алу құжаттары

      9. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік есептілік құжаттары:
      1) жедел ақпарат – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшылары қол қойып, ал ерекше жағдайларда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің жедел кезекшілері қол қойып, дереу немесе бекітілген уақыт аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына берілетін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат;
      2) жиынтық ақпарат – азаматтық қорғау күштерінің уақтылы жедел ден қоюын қажет ететін адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарларға және өсімдіктерге қатер төндіретін, қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өршуінің анықталған үрдістері туралы салалық бөліктегі ақпарат;
      3) жедел есепке алу – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі ахуалдың туындауы және өршу фактілері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар, халықты және мүдделі ұйымдарды уақтылы құлақтандыру үшін қабылданатын, ахуалды нақтылау және талдау, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшылары қол қойған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына дереу немесе бекітілген уақыт аралығында берілетін басқарушылық шешімдерді қабылдау туралы ақпарат;
      4) арнайы журналдар – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері тіркейтін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге келіп түскен ақпаратты есепке алуға арналған журнал;
      5) өрт туралы актіні азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының қызметкері басшылық жасайтын комиссия әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәулік ішінде жасайды. Комиссия құрамына заңды тұлға әкімшілігінің немесе зардап шеккеннің өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кіреді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртылмаған және хабарлама (ауызша немесе жазбаша) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне зардап шегушіден, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған уақыттан бастап екі тәуліктен кешіктірілмей сол құрамдағы комиссия осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемінде 2 данада жасайды.
      Акті оған комиссия қол қойғаннан кейін өрт фактісі бойынша тексеріс жүргізген органда қалады. Өрт салдарынан келтірілген материалдық залал сомасы және оның туындау себептері жөнінде деректер болмаған кезде бұл мәліметтер 30 тәуліктен кешіктірілмей сараптама қорытындысы, не ұйымның бухгалтерлік есептілік құжаттары, сақтандыру ұйымдары мәліметтері, сот органдары шешімдерінен үзінділер немесе мүлік иелерінің құжаттары көрсетілгеннен кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге өтініш бойынша сот органдарына залалды қайтару мәселелері бойынша өтініш білдіру үшін, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұратулары бойынша беріледі;
      6) комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қол қойған және мөрмен расталған аумақтарды (болған төтенше жағдай, төтенше жағдай аймағының ауданы, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккендер саны, залал мөлшері, төтенше қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккендер саны, залал мөлшері, төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар туралы негізгі мәліметтер көрсетіледі) тексеру актілері;
      7) болған төтенше жағдайдың, келтірілген залалдың және өзге де зардаптардың ауқымын растайтын мүдделі мемлекеттік органдардың басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөр басылған анықтама-қорытынды.

4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
ақпаратты беру және оны жинау

      10. Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар фактілері бойынша құзыреті шегіндегі тоқсан сайынғы нақтыланған ақпаратты:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (жарылыстар туралы, оқ-дәрі және әскери үлгідегі жару қондырғыларын табу);
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (қауіпті мал аурулары және қырылулары, өсімдіктердің жойылулары мен эпифитотиясы, орман өрттері, бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің және т.б.) бұзылулары туралы);
      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесімен болған авариялар, авиа апаттар және көлік коммуникациясы элементтерінің қираулары, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар салдарынан болған жазатайым оқиғалар туралы;
      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (электроэнергетика жүйелеріндегі, кәсіпорындар мен магистралды құбырлардағы, мұнай және газконденсатты кен орындарындағы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріндегі өрттер, жарылыстар, авариялар, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топрақтың, теңіз және өзен суларының ластанулары, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы атом энергетикасы қондырғыларындағы радиоактивті заттарды шығаратын авариялар, радиоактивті заттарды табу (жоғалтулар), қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы);
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері туралы және (немесе) туындауы туралы);
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары мен уланулары туралы);
      7) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы);
      8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» акционерлік қоғамының «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жер сілкіністері туралы);
      9) облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.
      11. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жедел кезекші-диспетчерлік қызметтері өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпаратты сұратады және алады.
      12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төну және/немесе туындау фактісі жағдайында осы Қағидалардың 7 және
8-тармақтарында келтірілген көрсеткіштері тіркелген кезде ақпаратты:
      1) аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына;
      2) орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына береді.
      13. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделмеген, бірақ қоғамдық резонанс тудыруға қабілетті әлеуметтік мәні бар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар жедел ақпарат ретінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына береді.
      14. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына барлық қолданыстағы арналар мен байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері (түрлері) арқылы беріледі.

5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алуды жүргізу

      15. Өрт ретінде есепке алынбайтын мына жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттер олардың пайда болған уақыты мен орнына және зардаптарына қарамастан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есепке алуға жатады:
      1) Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларына материалдық залал келтiрiлген немесе басқа да зардаптар болған жағдайларды қоспағанда, оларға келтiрiлген зардаптарға қарамастан эксаумақтық мәртебесi бар объектiлерде болған өрттер;
      2) өрттiң пайда болуын тудырмайтын статикалық электр көзінің жарылыстары, жарқылдары мен разрядтар;
      3) ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздықтардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй иесі мен шаруашылық етуші объектілердің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, оны жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, оны жинауға арналған контейнерлердегі (урналардағы), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары;
      4) өндiрiстiң технологиялық үдерістің ерекшелiктерiне (техникалық регламентке немесе басқа да техникалық құжаттамаға кiргiзiлген) немесе өнеркәсiптiк қондырғылар мен агрегаттардың жұмыс жағдайына, сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештерге байланысты жану жағдайлары;
      5) заттарды қайта өңдеу, сапалық сипатын өзгерту мақсатында (кептiру, пiсiру, үтiктеу, қақтау, қуыру, балқыту және басқалары) отпен, жылумен немесе өзге де термиялық (жылулық) әсермен өңдеу нәтижесi ретiндегі жану жағдайлары;
      6) электр жабдықтарындағы, тұрмыстық және өнеркәсiптiк электр аспаптарындағы жанудың аппараттан, агрегаттан және механизмнен тыс таралуын тудырмайтын электр желiлерiнiң қысқа тоғысу жағдайлары;
      7) тұрмыстық электр аспаптарының ақауы кезіндегі түтіндеу және тағам дайындау кезінде өрттің пайда болуын тудырмайтын күю жағдайлары;
      8) өзін-өзі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өртеу жолымен өлтіру жағдайлары, егер олар жанудың таралуын тудырмаса;
      9) жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының өртену жағдайлары;
      10) пешпен (каминдермен) жылытудан адам өліміне әкелген адамдардың улы газбен улану жағдайлары;
      11) зардаптар мен залалсыз пирофорлық қосқыштардың өздігінен тұтану жағдайлары;
      12) авиациялық, темір жол авариялары, террористік актілер, ұрыс қимылдары, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен болған өрттер есепке алынбайды.
      16. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында келтірілген көрсеткіштер тіркелген кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендердi есепке алу жүзеге асырылады.
      Өрттер және олардың салдары бойынша алғашқы деректерді қалыптастыру кезінде адамдардың барлық қайтыс болу және жарақаттану фактілері:
      1) медициналық ұйымдар ұсынатын Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес берілетін қайтыс болу себептері туралы қорытындылар немесе жарақат алғанның ауру тарихынан үзінді көшірмелер негізінде есепке алынады;
      2) өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты пешпен (каминдермен) жылытудан адамдардың улы газбен улану фактілерін қоспағанда, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайларда есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана кісі өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау болып саналады.
      17. Сот медициналық сараптама мекемелері бұдан бұрын өрт кезінде қайтыс болғандар ретінде есепке алынған адамдардың өрт туындаған сәтке дейін қайтыс болу фактісін анықтаған кезде көрсетілген адамдар өрттерді есепке алудың деректер базасынан шығарылады.
      18. Медициналық ұйымдар:
      1) өрт, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсетуге өтініш жасағандар мен жеткізілгендер туралы, сондай-ақ алған жарақатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне дереу ұсынады;
      2) өрт, төтенше жағдайлар бойынша тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың сұрау салуы бойынша 3 тәулiктен кешiктiрмей Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес берілетін қайтыс болу себептері туралы қорытындыларды немесе жарақат алғанның ауру тарихынан үзінділерді ұсынады.
      19. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жергiлiктi жерде тоқсан сайын мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерімен жергілікті жерлерді (объектілерді) жарылу қаупі бар заттардан тазалау бойынша тиісті жауапкершілік аймағында жарылыстар, оқ-дәрі және әскери үлгідегі жару қондырғыларын табу;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдарымен қауіпті мал аурулары және қырылулары, өсімдіктердің жойылулары мен эпифитотиясы, бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің және тағы сол сияқты) бұзылулары, орман өрттері туралы;
      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аумақтық органдарымен темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесімен болған авариялар, авиа апаттар және көлік коммуникациясы элементтерінің қираулары, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар салдарынан болған жазатайым оқиғалар;
      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аумақтық органдарымен электроэнергетика жүйелеріндегі өрт, жарылыстар, кәсіпорындар мен магистралды құбырлардағы, мұнай және газконденсатты кен орындарындағы авариялар, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар, атом электрстанцияларында, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы атом энергетикалық қондырғыларында радиоактивті заттарды шығаратын авариялар, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топрақтың, теңіз және өзен суларының ластанулары, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары мен уланулары туралы;
      6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы;
      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» акционерлік қоғамының «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер сілкіністері;
      8) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің денсаулық сақтау басқармаларымен төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатерлері және (немесе) туындауы туралы;
      9) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің денсаулық сақтау басқармаларымен өрт, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды есепке алу;
      10) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің еңбек инспекциясы жөніндегі органдарымен өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер;
      11) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен дала өрттері, дәнді және басқа дақылдар егілген алқаптың жанулары бойынша мәліметтерге салыстырып тексеру жүргізеді.
      20. Жолдағы немесе уақытша тұрақтардағы көлiк құралдарында өрт кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған адамдар өрт туындаған орында есепке алынады.
      21. Өрттен болған материалдық залалды есепке алу өрт болған ұйымдардың бухгалтерлiк есеп құжаттарының; сақтандыру ұйымдары мәлiметтерiнiң; сот органдарының шешiмдерiнен үзінділердің; мүлiктiң меншік иелерi құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      22. Өрттiң салдарынан эксаумақтық дәрежесi бар объектiлерге келтiрілген материалдық зиян, оны Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өтейтiн жағдайларды қоспағанда, есепке алынбайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке
алуды жүзеге асыру қағидаларына қосымша

Нысан

Өрт туралы акт

________________________________       20___жылғы «____» ____________
қала, ауыл, аудан – город,
село, район год

Комиссия құрамында: өртке қарсы қызметтен____________________________
Комиссия в составе: от противопожарной службы
_____________________________________________________________________
өрт сөндіру басшысы, мемлекеттік өрт бақылау қызметкері –
руководитель тушения пожара, сотрудник государственного пожарного
контроля
_____________________________________________________________________
______________________объект әкімшілігінен – от администрации объекта
_____________________________________________________________________
______________________мемлекеттік сақтандыру өкілдері – представители
государственного страхования_________________________________________
_____________________________________қоғамдық ұйымдардан және басқа
да тұлғалар – от общественных организаций и другие лица

осы актіні 20___ жылғы «____»_____________ болған өрт туралы жасады.
составила настоящий акт о происшедшем пожаре «__» _________ 20__года.

Объектінің атауы (толық)_____________________________________________
Наименование объекта (полное)

Объектінің тиесілілігі, меншіктің нысаны_____________________________
Принадлежность объекта, форма собственности

Үйдің, ғимараттың қабаттылығы________________________________________
Этажность здания, сооружения

Объектінің мекенжайы_________________________________________________
Адрес объекта

Өрт орнынан бастап жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне, мамандырылған
өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық_____________________________
Расстояние от места пожара до ближайшей пожарной части,
специализированной пожарной части

Күні_________және өртті байқаған уақыты __________ сағат _______минут
Дата и время обнаружения пожара час минут

Өрт туындаған орын (болжамды)________________________________________
Место возникновения пожара (предполагаемая)

Өртті кім анықтаған және ол туралы өртке қарсы қызметке қалай
хабарлаған, телефон № ___
Кто обнаружил пожар и каким образом сообщил о нем в противопожарную
службу, телефон №
_____________________________________________________________________

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік
мекемесінің, «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының филиалы
бөлімшелерінің байланыс пункттеріне, Күштер мен құралдарды жедел
басқару орталығына өрт туралы хабардың келіп түскен күні
__________және уақыты_______сағат_______________минут
Дата      и время      час      минут поступления сообщения о пожаре
на Центр оперативного управления силами и средствами, пункта связи
части подразделений Государственного учреждения «Служба пожаротушения
и аварийно-спасательных работ», Филиала акционерного общества «Өрт
сөндіруші»

1-ші бөлімшенің келген уақыты _________ сағат _____ минут
Время прибытия 1-го подразделения       час         минут

Күні_______________және өртті оқшаулау уақыты____ сағат _____ минут
Дата               и время локализации пожара в   час         минут

Күні_______________және өртті жою уақыты ______ сағат _______ минут
Дата               и время ликвидации пожара в   час          минут

Өртке қарсы қызмет бөлімшесі келіп жеткен сәттегі жағдай:
Обстановка к моменту прибытия подразделений противопожарной службы:
_____________________________________________________________________
(өрттің ауданы, таралу жолдары мен жылдамдығы, жану материалы,
адамға, жануарларға қауіптілігі, құлау
_____________________________________________________________________
және жарылу қауіптілігі, тұрғындардың ерікті өртке қарсы
құралымдардың қимылдары көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
(указывается площадь пожара, пути и скорость его распространения,
горючая загрузка, угроза людям,,
_____________________________________________________________________
животным, опасность обрушений и взрывов действия населения,
добровольных противопожарных
_____________________________________________________________________
формирований)

Өртті сөндіру кезінде пайдаланылған күштер мен құралдар:
Силы и средства, применявшиеся при тушении пожара:
_____________________________________________________________________

Өрт сөндіруге қатысқандар және олардың саны (қажеттісінің астын
сызып, санын қою керек – участники тушения пожара и их количество
(нужное подчеркнуть и поставить количество):

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік
мекемесінің, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері –
Сотрудники Государственного учреждения «Служба пожаротушения и
аварийно-спасательных работ», Департамента по чрезвычайным ситуациям
____________,
мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметкерлері – работники
негосударственной противопожарной службы
_______________________________________________________,
өртке қарсы ерікті ұйымдардың мүшелері – члены добровольных
противопожарных формирований
__________________________________________________________________,

ішкі істер органдарының қызметкерлері – сотрудники органов внутренних
дел____________,

тұрғындар, кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қызметкерлері – население,
работники предприятий, организаций, учреждений
_____________________________________________,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері – военнослужащие
воинских подразделений Министерства обороны Республики Казахстан,
Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Комитета
национальной безопасности Республики Казахстан,_____________________.

Өрт сөндіру бөлімінің №, газ-түтіннен қорғау қызметі бөлімшелерінің,
буындарының саны ________________________
№ пожарной части, количество отделений, звеньев газодымозащитной
службы_______________________________________________________________
газ-түтіннен қорғау қызметі бөлімшелері, буындары жұмысының жиынтық
уақыты ___________________
Суммарное время работы отделений, звеньев газодымозащитной службы

Өрт сөндірген кезде пайдаланылған өрт техникасының түрі, саны
(қажеттісінің астын сызып, санын қою керек) – тип, количество
пожарной техники, использованной при тушении пожара (нужное
подчеркнуть и поставить количество): автоцистерна – автоцистерна
_______________, автосорғыш – автонасос______________, сорғыш станция
– насосная станция__________________, сорғыш-жеңдік автомобиль –
автомобиль насосно-рукавный___________, ұнтақты сөндіруші автомобиль
– автомобиль порошкового тушения____________, аралас сөндіруші –
комбинированного тушения__________________, көбікті сөндіруші –
пенного тушения______________, аэродромдық өрт сөндіру автомобилі –
пожарный автомобиль аэродромный_____________, газ-сумен сөндіретін
автомобиль – автомобиль газо-водяного тушения____________, өрт
сөндіру пойызы – пожарный поезд___________, өрт сөндіру кемесі –
пожарное судно_________, өрт сөндіру тікұшағы – пожарный
вертолет_____________, өрт сөндіру автобаспалдағы – пожарная
автолестница____________, өрт сөндіру иінді көтергіші – пожарный
коленчатый подъемный_________________, техникалық қызмет автомобилі –
автомобиль технической службы________, түтін жою автомобилі –
автомобиль дымоудаления______________, штабтық автомобиль – штабной
автомобиль____________, мотопомпа – мотопомпа______________,
сөндіруге бейімделген және қайта жабдықталған техника – техника,
приспособленная и переоборудованная для тушения_____________, тағы
басқа да өрт сөндіруге бейімделмеген машиналар мен жабдықтар – другие
не приспособленные для тушения машины и оборудование_________________

Өрт сөндіргенде берілген ұңғылардың түрі және саны –
Вид и количество стволов, поданных при тушении пожара

А________Б_______лафеттік_________көбіктік________ұнтақтық__________
А        Б       лафетных         пенных          порошковых

Өрт сөндіру кезінде қолданылған өрт сөндіргіш құралдардың түрі және
саны (қажеттісінің астын сызып, санын қою керек) – виды и количество
огнетушащих средств, применявшихся при тушении пожара (нужное
подчеркнуть и поставить количество):

Ықшам және шашыратқыш су – вода компактная и распыленная_________
(текше метр (бұдан әрі – текше м.)/кубический метр (далее куб.м.)) (
дымқылдағышы бар су – вода со смачивателями________________(текше
м/куб.м.) ауа-механикалық орта қарқынды көбік (20-200) –
воздушно-механическая пена средней кратности (20-200)____________
(текше м/куб.м.), ауа-механикалық төмен қарқынды көбік (20-ға дейін)
- воздушно-механическая пена низкой кратности (до 20)____________
(текше м/ куб.м.), газдық –
газовые______________(тонна/тонн)____________ұнтақтық –
порошковые______________(тонна/тонн).

Өрт сөндіру кезінде қолданылған су көздерінің түрі (қажеттісінің
астын сызу керек)
Виды водоисточников, использованных при тушении пожара (нужное
заполнить):

Су көздері
водоисточники

Атауы, гидрант, су қоймасының №
Название, № гидранта, водоема

Су көзінің мекенжайы
Адрес водоисточника

Өрт орнынан қашықтығы
Расстояние от места пожара

Өртке қарсы ішкі су құбыры
Внутренний противопожарный водопровод




Өртке қарсы сыртқы су құбыры
Наружный противопожарный водопровод




Жасанды су қоймасы
Водоем искусственный




Табиғи су қоймасы
Водоем естественный




Өрт сөндіру басшысы (қажеттісінің астын сызу керек) –
Руководитель тушения (нужное подчеркнуть):

      1) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімінің командирі – командир отделения пожарной части Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»;
      2) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы (бастықтың орынбасары) – начальник (заместитель начальника) караула пожарной части Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»;
      3) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімінің бастығы (бастықтың орынбасары) – начальник (заместитель начальника) пожарной части Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»;
      4) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жасақ бастығы (бастықтың орынбасары) – начальник (заместитель начальника) отряда Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»;
      5) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру қызметінің кезекшісі (шұғыл кезекшісі) – Дежурный службы пожаротушения (оперативный дежурный Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»);
      6) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі аппаратының қызметкері – сотрудник аппарата Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»;
      7) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (бастықтың орынбасары) – начальник (заместитель начальника) Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ»;
      8) Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері – сотрудник Департамента по чрезвычайным ситуациям;
      9) өртке қарсы ерікті құрылымның бастығы – начальник добровольного противопожарного формирования;
      10) басқалар – прочие.

Өрттің зардаптары – последствия пожара:

Қайтыс болған адамдар: барлығы _______, оның ішінде балалар_______, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының қызметкерлері_________
Погибло людей всего ______, в том числе детей______, работников Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ», Департамента по чрезвычайным ситуациям, филлиала акционерного общества «Өрт сөндіруші»_________

Жарақат алғандар барлығы ______, оның ішінде балалар ______, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының қызметкерлері ______
Получили травмы всего ______, в том числе детей_______, работников Государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ», Департамента по чрезвычайным ситуациям, филлиала акционерного общества «Өрт сөндіруші»_______

Жарақаттанғандар туралы мәліметтер___________________________________
Сведения о травмированных

Өрттен жойылған (зақымдалған) құрылыс _______ тұрғын үй пәтерлерінің
бірлігі______
Уничтожено (повреждено) пожаром: строений единиц жилых квартир

бөлмелер _____/_____ қабат аралық ауданның бірлігі_______шаршы метр
комнат единица поэтажной площади квадратных метров
ауыл шаруашылық дақылдары______________
сельскохозяйственных культур

_____________________________________________________________________
                     (түрі және саны –вид и количество)
өлген жануарлар______________________________________________________
погибло животных (түрі және саны –вид и количество)

Өрттің залалы___________________________________________________теңге
Ущерб от пожара (белгіленген немесе бағдарланған – установленный или
ориентировачный)
Өрттің себебі________________________________________________________
Причина пожара (белгіленген немесе болжанған – установленная или
предполагаемая)

Өрттің пайда болуына кінәлі  адамдар_________________________________
Лица, виновные в возникновении пожара________________________________

Өрт кезінде құтқарылғаны:
Спасено при пожаре:

Адамдар ________ адам.
Людей человек.

Техника _______ бірлігі.
Техники единиц.

Мал басының бірлігі _______
единиц голов скота

Материалдық құндылықтар_______________________________________ теңге
Материальных ценностей тенге

Өрт туралы акт қарауға жіберілді_____________________________________
Акт о пожаре направлен для рассмотрения в

Комиссияның айрықша ескертпелері_____________________________________
Особые замечания комиссии

Комиссия мүшелерінің қолы:___________________________________________
Подписи членов комиссии: (тегі, аты, әкесінің аты) (фамилия, имя,
отчество)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Актінің данасын алды:___________________________________________
Экземпляры акта получили
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________