Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10979 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 29.06.2021 № 434-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына, 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.

      2. "Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 119 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3601 болып тіркелген, 2005 жылғы қыркүйек, № 18, 148-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасыны
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 331 бұйрығына 1-қосымша

Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Сертификатталған өнімге, процеске инспекциялық бақылауды өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау тәсілдерін белгілейтін сәйкестікті растау схемасына сәйкес, сәйкестік сертификаты қолданысының барлық мерзімі аралығында мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жылына кемінде бір рет сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган жүзеге асырады.

      Инспекциялық бақылау өнімнің өмірлік процестерін қоса алғанда, берілген қандай да бір нәтижеге қол жеткізу бойынша өткізілетін өнімнің немесе өзара байланысты және тізбектік іс-әрекеттер (жұмыстар) жиынтығының техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін жалғастыратындығын растауға арналған өнім үлгілерін сынауды және басқа тексерулерді қамтиды.

      3. Инспекциялық бақылау кезеңділігін сәйкестік сертификатын берген аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган айқындайды. Жоспардан тыс тексерулер өнімнің сапасына тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ сәйкестік сертификаты берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан шағымдану туралы ақпарат түскен жағдайда жүргізіледі.

      4. Инспекциялық бақылау кезеңділігі мен көлемін анықтау өлшемдері өнімнің ықтимал қауіптілік деңгейі, өндіріс тұрақтылығы, шығарылу көлемі, менеджмент жүйелерінің болуы, инспекциялық бақылау жүргізу құны болып табылады.

      5. Инспекциялық бақылау бағдарламасын сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы тексеру басталғанға дейін бекітеді.

      6. Инспекциялық бақылау, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) сертификатталған өнім, процесс туралы келіп түсетін ақпаратты талдау;

      2) тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттардың немесе қызмет көрсету процесінің тұрақтылығына қажетті шарттардың сақталуын тексеру;

      3) үлгілерді іріктеу, өнімдерді сынақтан өткізу және оның нәтижелерін талдау;

      4) тексеру нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.

      7. Инспекциялық бақылау нәтижелері үлгілерді сынау және басқа да тексерулер нәтижелерін бағалау, сертификатталған өнім өндірісінің немесе қызмет көрсету процесінің жай-күйі туралы немесе процестің берілген қандай да бір нәтижесіне қол жеткізу бойынша іс-әрекеттер (жұмыстар) және берілген сәйкестік сертификатының қолданысын сақтау мүмкіндіктері туралы қорытынды берілетін еркін нысандағы актімен ресімделеді.

      Акті аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органда кемінде үш жыл сақталады, актілер көшірмелері өтініш берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

      8. Инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган сәйкестік сертификаттарының қолданысын тоқтатады немесе күшін жояды.

      9. Инспекциялық бақылау сәйкестікті растау жөніндегі органмен шарт негізінде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 331 бұйрығына 2-қосымша

Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2020 № 30-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 40-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

      2) сәйкестік туралы декларация ‒ дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      3) сәйкестікті растау ‒ нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

      4) сәйкестікті растау саласындағы құжат ‒ сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;

      5) сәйкестікті растау нысаны ‒ нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

      6) сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

      7) уәкілетті орган ‒ техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың қолданылуын мыналар тоқтады немесе жояды:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі орган;

      2) уәкілетті орган.

      4. Сәйкестікті растау саласында берілген құжаттардың қолданылуын тоқтату бір айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

2-тарау. Сәйкестікті растау саласында берілген құжаттардың қолданысын тоқтату немесе күшін жою тәртібі

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестікті растау саласында берілген құжаттардың қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:

      1) осы өнімді, көрсетілетін қызметті, процесті тоқтатуды қоспағанда сәйкестікті растау жөніндегі орган мен өтініш беруші арасындағы өзара келісім бойынша;

      2) сертификатталған өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша, егер сәйкестікті растау жөніндегі органмен келісілген түзету іс-қимылы арқылы өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойса және қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізбестен өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарты, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары талаптарына сәйкестігін растаса;

      3) өнімнің конструкциясына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына толық немесе ішінара сынақтар жүргізгенге дейін сертификаттау немесе өнімді өндіру, қызметтер көрсету, процесс жай-күйін бағалау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге әсер етпейтін өзгерістер енгізу туралы хабарлама болған жағдайда;

      4) егер көрсетілген өзгерістер қызметтер мен қызмет көрсету шарттарының сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға сәйкес келмеуін тудырмаса, өнімді өндіру технологиясы, қызмет көрсетудің технологиялық процесі талаптарының өзгеруі (орындалмауы);

      5) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар растаған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкессіздігі туралы мәліметтер болған жағдайда, егер сәйкестікті растау жөніндегі органмен келісілген түзету іс-әрекеттері арқылы өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алса және өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізбестен растаса;

      6) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, егер сәйкестікті растау жөніндегі органмен келісілген түзету іс-әрекеттері арқылы өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алса және өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізбестен растаса.

      6. Сәйкестікті растау саласында берілген құжаттардың күшін сәйкестікті растау жөніндегі орган мынадай жағдайларда жояды:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен өтініш беруші арасындағы осы өнімді, көрсетілетін қызметті, процесті өндірудің тоқтатылуына байланысты немесе негізделген өзге де себептер бойынша өзара келісім бойынша;

      2) егер анықталған сәйкессіздік жарамсыз болса немесе өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкестігіне қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізуді қажет етсе, сертификатталған өнімді, көрсетілетін қызметті, процесті инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша;

      3) толық немесе ішінара сынақтар немесе өнім өндірісінің, қызмет көрсетудің, процестің жай-күйін бағалау жүргізгенге дейін сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге әсер ететін өнімнің конструкциясына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына өзгерістер енгізу туралы хабарлама болған жағдайда;

      4) өнім, көрсетілетін қызмет, процесс техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;

      5) егер өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі орган алдында жасалған шартта көзделген сәйкестікті растау схемасында (инспекциялық бақылау) белгіленген өз міндеттемелерін орындамаса;

      6) егер өтініш беруші сәйкестікті растау саласындағы құжаттың қолданылуын тоқтату кезеңінде осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын орындамаса;

      7) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкес еместігі туралы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан расталған мәліметтер болған жағдайда, егер анықталған сәйкессіздік жарамсыз болса немесе өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкестігіне қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізу талап етілсе;

      8) сәйкестікті растау жөніндегі органды тиісінше хабардар етпей немесе келісімінсіз нормативтік техникалық құжат, бақылау және сынау әдісі, менеджмент жүйесі, өнімнің конструкциясы (құрамы), жиынтықтылығы, өнімді, көрсетілетін қызметтерді, процесті ұйымдастыру және (немесе) өндіру технологиясы өзгерген жағдайда;

      9) нормативтік техникалық құжат, бақылау және сынау әдісі, менеджмент жүйесі, өнімнің конструкциясы (құрамы), жиынтықтылығы, ұйымдастыру және (немесе) өндіріс технологиясы өзгерген жағдайда, егер көрсетілген өзгерістер қызметтер мен қызмет көрсету шарттарының сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға сәйкес келмеуін туындатса, өнімді өндіру технологиясының, қызметтер көрсетудің технологиялық процесінің талаптарын өзгерту (орындамау).

      7. Сәйкестікті растау саласындағы құжаттың қолданысын тоқтату немесе жою туралы шешімді сәйкестікті растау жөніндегі орган қабылдайды және сәйкестікті растау саласындағы берілген құжаттарды есепке алу үшін, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне тиісінше жазбаны енгізе отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді және шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге, тұтынушыларға, уәкілетті органға және сертификаттауға мүдделі қатысушыларға жазбаша хабарлайды.

      Сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың күшін жойған жағдайда, сәйкестікті растау жөніндегі орган шешім қабылданған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде күші жойылған құжатты уәкілетті органға жібереді.

      8. Өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың қолданысын уәкілетті органның лауазымды адамдары мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:

      1) мемлекеттік бақылау нәтижелерін алғанға дейін жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарт, мемлекетаралық стандарт, негіз қалаушы ұлттық стандарт, өзара байланысты стандарт, өңірлік стандарт, ұйым стандарты, ұлттық стандарт, халықаралық стандарт, шет мемлекеттің стандарты талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығарған, қызметтерді, процестерді жүзеге асырған;

      2) өнімді, көрсетілетін қызметті, процесті мемлекеттік бақылаудың теріс нәтижелері бойынша, егер сәйкестікті растау жөніндегі органмен келісілген түзету іс-әрекеттері арқылы өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алса және қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізбестен өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкестігін растаса;

      3) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар растаған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкессіздігі туралы мәліметтер болған жағдайда, егер сәйкестікті растау жөніндегі органмен келісілген түзету іс-әрекеттері арқылы өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алса және өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қосымша сынақтар жүргізбестен растаса;

      9. Сәйкестікті растау саласында берілген құжаттардың қолданысын уәкілетті органның лауазымды адамдары мынадай жағдайларда жояды:

      1) өтініш беруші сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың қолданысын тоқтату туралы негізделген шешім қабылдағанда;

      2) өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске мемлекеттік бақылау сынақтарының (тексерулерінің) теріс нәтижелері, егер анықталған сәйкессіздік жарамсыз болса немесе өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкестігіне қосымша сынақтар (тексерулер) жүргізу талап етілсе;

      3) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша өнім, көрсетілетін қызмет, процес техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) егер өтініш беруші сәйкестікті растау саласындағы құжаттың қолданысын тоқтату кезеңінде осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындамаса;

      5) өнім өндіру, қызмет көрсету, процестер жөніндегі кәсіпорын қызметін тоқтатқан, берген немесе таратылған жағдайда;

      6) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар, негіз қалаушы ұлттық стандарттар, өзара байланысты стандарттар, өңірлік стандарттар, ұйым стандарттары, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар, шет мемлекеттің стандарттары белгілеген талаптарға сәйкес еместігі туралы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан расталған мәліметтер болғанда;

      7) сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестікті растау және (немесе) бағалау ресімдерін жүргізу қағидаларын бұзғанда;

      8) сәйкестікті растауды және (немесе) бағалауды жүргізу кезінде сынақтардың (тексерулердің) нәтижелері дұрыс болмағанда;

      9) сәйкестікті растау жөніндегі органды тиісінше хабардар етпей немесе келісуінсіз нормативтік техникалық құжат, бақылау және сынау әдісі, менеджмент жүйесі, өнімнің конструкциясы (құрамы), жиынтықтылығы, өнімді, көрсетілетін қызметтерді, процесті ұйымдастыру және (немесе) өндіру технологиясы өзгерген жағдайда;

      10) нормативтік техникалық құжат, бақылау және сынау әдісі, менеджмент жүйесі, өнімнің конструкциясы (құрамы), жиынтықтылығы, ұйымдастыру және (немесе) өндіріс технологиясы өзгерген жағдайда, егер көрсетілген өзгерістер көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсету шарттарын сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға сәйкессіздікті туындатса, өнімді өндіру технологиясының, қызметтер көрсетудің технологиялық процесінің талаптарын өзгерту (орындамау).

      10. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің Кеден одағының/Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растау саласындағы құжаттарды беру (қабылдау) кезінде сәйкестікті растау қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:

      1) техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар, әскери ұлттық стандарт, мемлекетаралық стандарт, негіз қалаушы ұлттық стандарт, өзара байланысты стандарт, өңірлік стандарт, ұйым стандарты, ұлттық стандарт, халықаралық стандарт, шет мемлекеттің стандарты талаптарына сәйкес келмейтін өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың Қазақстан Республикасы аумағында күшін жою немесе қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      2) өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуын жою немесе тоқтату туралы шешімдердің көшірмелерін техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында осындай өнімнің әкелінуін және (немесе) айналысын болдырмау үшін кеден органдарына жібереді;

      3) басқа мемлекет – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттарға қатысты қабылданған шешім туралы ақпаратты он күндік мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссияға және Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі – аумағында көрсетілген құжаттар берілген мемлекеттің уәкілетті органдарына жібереді.

  Сәйкестікті растау саласында
берілген құжаттардың
қолданысын тоқтату және күшін
жою қағидаларына қосымша
  Нысан
  20__жылғы "___" ____________
__________________басшысына
____________________________
өтініш берушінің толық атауы
____________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
____________________________
Өтініш берушінің мекенжайы

ШЕШІМ

      ________________________________________________________________________________
      тексеру түрі, хабарлама-хаттың №
      _____________________________________________________________________нәтижесінде
      Мына деректер анықталды
      ________________________________________________________________________________
      (себептері мен негіздемесін көрсету)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың әрекеті №______
      сәйкестікті растау жөніндегі органы берген (тіркелген) ___________ дейінгі мерзімге ________________________________________________________________________________
      өнімнің, қызметтің, процестің атауы
      ТОҚТАТЫЛСЫН (КҮШІ ЖОЙЫЛСЫН)
      20 __жылғы "____" ____________
      Сәйкестікті растау жөніңдегі органның басшысы
      _________________________      ___________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                                    Қолы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 331 бұйрығына 3-қосымша

Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2020 № 30-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) импорттаушы – өнімді (тауарды) Қазақстанның ішкі нарығында өткізу үшін шеттен әкелетін жеке немесе заңды тұлға;

      2) тану (сәйкестікті растау саласында) – Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушыда (өтініш берушіде) болатын шетелдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын рәсім.

      3) сәйкестік сертификатын ұстаушы – өндіретін өнімін сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен сәйкес жүргізілген сәйкестік сертификатымен немесе халықаралық шарттарға сәйкес ресімделген оның көшірмелерімен сүйемелдеу құқығымен сертификаттаған жеке немесе заңды тұлға.

      Осы Қағидалардағы өзге анықтамалар "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      3. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану мынадай шарттардың бірін сақтау кезінде жүзеге асырылады:

      1) сәйкестікті растау нәтижелерін тану туралы жасалған халықаралық келісімдердің (шарттардың) болуы;

      2) сәйкестікті бағалау құжаттарында аккредиттеу жөніндегі органның халықаралық немесе аккредиттеу жөніндегі өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасаған шарттарына сәйкес аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың растау белгісінің болуы.

      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге Қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады.

      5. Сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімге берілген шетелдік сәйкестік сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен белгіленген нысандар бойынша сәйкестік сертификаттарына оларды қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Халықаралық шарттар немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттар болмаған кезде, оған белгіленген талаптарға импортталатын өнімнің сәйкестігін растау стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану жұмыстарын жүргізу үшін уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасы сәйкестікті растау нәтижелерін тану туралы шарт жасасқан мемлекеттер;

      2) Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органы өзара тану туралы келісім жасасқан, осы келісімге қатысушы елдерді көрсету арқылы халықаралық немесе аккредиттеу жөніндегі өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдардың тізбесін қалыптастырады, тұрақты түрде жаңартады және барлық мүдделі заңды және жеке тұлғаларға ұсынады.

      8. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану импорттаушының (өтініш берушінің) өтінімі негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – өтінім) шартты негізде өзінің аккредиттеу саласында мәлімделген өнім (тауар) түрі бар аккредиттелген органдар жүзеге асырады.

      9. Импортталатын, міндетті түрде расталуға тиіс және өткізуге арналған өнімге шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану бойынша жұмыстар оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде ілеспе ақпарат берілген жағдайда жүргізіледі.

      10. Ақпарат өнімнің, елдің және дайындаушы-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақтау мерзімін (жарамдылығын, пайдаланылуын), сақтау шарттарын, пайдалану әдісін (егер аталған ақпарат техникалық регламентімен регламенттелген болса) қамтуға тиіс.

      11. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган шетелдік сәйкестік сертификатын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды растау бойынша жұмыстарды жүргізуге берілген өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешімді өтінімді алған және оны тіркеген сәттен бастап жеті жұмыс күннен аспайтын, ал тез бұзылатын өнімдерге екі жұмыс күннен аспайтын мерзімде өтінім берушіге жібереді.

      12. Шешіммен келіспеген жағдайда, импорттаушы (өтініш беруші) сот ретінде шағымдану құқығы бар.

2-тарау. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын тану тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2020 № 30-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Шетелдік сәйкестік сертификатын тану үшін импорттаушы (өтініш беруші) өтінімге:

      1) шетелдік сертификаттың түпнұсқасы не болмаса оның сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның мөрі және қол қойылып расталған көшірмесі немесе сертификат түпнұсқасын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) нотариалды түрде расталған түпнұсқасының көшірмесін;

      2) шетелдік сәйкестік сертификатында көрсетілген нормативтік құжатты, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық құжат болып табылмайтын жағдайда;

      3) өнімнің ілеспе құжаттарын: кедендік декларацияның, өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісімшарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелерін, өнімді сынақтан өткізу хаттамасын, гигиеналық қорытындыны, ветеринариялық құжатты, фитосанитариялық сертификатты, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын қоса береді.

      Тізбеленген құжаттардың қандай да бірінің болмауы импорттаушы (өтініш беруші) ұсынған құжаттардағы расталмаған көрсеткіштер бойынша өнімді қажетті сынақтан (зерттеулерден) өткізу үшін негіз болып табылмайды.

      14. Өтінімге және ұсынылған құжаттарға жасалатын талдау негізінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган шетелдік сәйкестік сертификатын тану жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды, импорттаушымен (өтініш берушімен) бірге жұмыстарды жүргізу шартын ресімдейді.

      15. Шетелдік сертификатты тану туралы шешім қабылдау үшін мынадай рәсімдер жүргізіледі:

      1) өтінімге қоса берілген құжаттарға сараптама;

      2) сәйкестік сертификаты ресімделген өнімді (тауарды) сәйкестендіру;

      3) тұтынушыға арналған ақпараттың болуын тексеру.

      16. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган құжаттарға сараптама жүргізу кезінде олардың түпнұсқалылығын айқындайды және әкелінген өнімге Қазақстан Республикасында қабылданған құжаттар талаптарына сәйкестігіне салыстыру жүргізеді және қажет болған жағдайда сертификат берілгенге дейін толық көлемде немесе Қазақстан Республикасында қабылданған талаптарға өнімнің сәйкестігін растау үшін жекелеген көрсеткіштер бойынша қайта сынақтар жүргізеді.

      17. Шетелдік сәйкестік сертификатын жекелеген көрсеткіштер бойынша сынақ жүргізу арқылы тану жағдайында, сертификат сәйкестігіне қосымша сынақтар жүргізілген нормативтік құжат көрсетіледі.

      18. Өнімді (тауарды) сәйкестендіруді сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның сарапшы-аудиторы өнімнің нормативтік құжаттарға, тауардың ілеспе құжаттарына, жеткізілім шартына (келісімі), өзіндік ерекшеліктеріне, заттаңбасына, затбелгілеріне және өнімді (тауарды) сипаттайтын басқа да құжаттарына сәйкестігін растауға жиынтығында жеткілікті болып табылатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша іске асырады.

      19. Өнімді сәйкестендіру кезінде импорттаушының (өтініш берушінің), өнімнің (тауардың) таңбалауында қажетті ақпараттың болуы бөлігінде, стандарттау саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындауы ескерілуге тиіс. Өнімді сәйкестендіру нәтижелері және сақтау шарттары сәйкестендіру актісінде көрсетіледі.

      20. Шетелдік сәйкестік сертификатын тану бойынша оң шешім болатын кезде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан боынша сәйкестік сертификатын ресімдейді.

      21. Сәйкестік сертификатында өнімге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенті көрсетіледі және "Сертификат.... негізінде берілді" деген бөлімде оны берген елді, органды, сертификат нөмірін және берілген күнін көрсету арқылы танылған шетелдік сертификатқа жасалған сілтемемен жазба жасалады.

      22. Жаңадан берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган өнімнің жарамдылық мерзіміне және қайта ресімделетін шетелдік сертификаттың қолданылу мерзіміне байланысты белгілейді, бірақ бір жылдан аспауға тиіс.

      23. Егер сериямен өндірілетін өнім өндірісіне берілген шетелдік сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталса, ал оның қолданылу мерзімінде өндірілген өнім сатушыда болса, онда сертификаттың қолданылу мерзімі барлық жарамдылық мерзіміне немесе сақталу шарттары сақталған жағдайда оның сақталу мерзіміне ұзартылады.

      24. Тез бұзылатын өнімдердің сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда ғана танылады.

      25. Сертификат берілген елде дайындалған өнімге берілген сәйкестік сертификаты (көшірме) танылмайды, ал өнім барлық міндетті көрсеткіштер бойынша сәйкестігін растаудан өтуге тиіс.

      26. Тану рәсімдерінің нәтижелері теріс нәтижелері кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган егер:

      1) өтінім және оған қоса берілген құжаттар тиісті түрде ресімделмесе;

      2) өтінімге осы Қағиданың 13-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті қоса берілсе;

      3) ұсынылған құжаттарда сенімсіз ақпарат жазылса;

      4) оны сәйкестендіру процесінде ерекше белгілері бойынша белгілі бір өнімді (тауарды) бір мәнді тану мүмкін болмаса, импорттаушыға (өтінім берушіге) екі жұмыс күні ішінде жазбаша уәжделген бас тарту жібереді.

3-тарау. Сынақ хаттамаларын тану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2020 № 30-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Сәйкестікті растау саласындағы сынақ хаттамаларын тану рәсімі импорттаушыда (өтінім берушіде) бұл құжаттардың түпнұсқалары немесе сынақ зертханасының (орталығының) немесе танылатын құжатты ресімдеген ұйымның немесе ұсынылған көшірмелердің түпнұсқасын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) тиісті қол қою және мөр басу арқылы немесе белгіленген тәртіппен нотариалды түрде расталған көшірмелері болғанда ғана жүргізіледі.

      28. Сәйкестікті растау саласындағы сынақ хаттамаларын тану кезінде олардың түпнұсқасы айқындалады.

      29. Тануға ұсынылған құжаттардағы қойылған қол мен мөр анық оқылатын жағдайда, сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган орындаушының қолы қойылып және сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның мөрі басылып расталатын құжаттың бірінші бетіне құжат сәйкестікті растау саласындағы жұмыстар үшін тану рәсімінен өтті деген редакцияда жазба жасайды.

      30. Тану рәсімінен ң өткен, сынақ хаттамасында көрсетілген сынақ нәтижелері сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу үшін пайдаланылады.

4-тарау. Сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2020 № 30-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Импорттаушы (өтініш беруші) сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану үшін жұмыстарды жүргізу өтініміне мыналарды қоса береді:

      1) өнімнің үлгісі (ыдысы, буып-түю), сертификаттау жөнінде деректер берілетін орында сәйкестік белгісімен таңбаланған пайдалану және/немесе техникалық құжаттар (сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, сертификат берген органның атауы);

      2) мәлімделетін өнім сәйкес дайындалатын нормативтік құжат, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық немесе өңірлік құжаттың санатына енбейтін жағдайда;

      3) өнімнің ілеспе құжаттамасы: кедендік декларацияның және өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісімшарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелері, өнімді сынақтан өткізу хаттамасы, гигиеналық қорытынды, ветеринариялық құжат, фитосанитариялық сертификат, менеджмент жүйесінің сертификаты және басқалары.

      32. Сәйкестік белгісін тану туралы шешім қабылдау үшін мынада рәсімдер жүргізіледі:

      1) сәйкестік белгісі басылған өнімді (тауарды) сәйкестендіру және тұтынушыларға арналған ақпараттың жеткілікті болуы;

      2) сәйкестік белгілерін тануға арналған негіздемелерді тексеру (Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттеу немесе сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану туралы тиісті келісімдердің болуы);

      3) қажетті жағдайларда (сәйкестік белгісінің анық еместігі, мәліметтердің толық еместігі және осы тәрізді) сәйкестік сертификатын беру және өндірушіге (сатушыға) өнімді (тауарды) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру фактісін тексеру.

      33. Сәйкестік белгісін тану бойынша оң шешім кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойнша сәйкестік сертификатын ресімдейді.

      Сәйкестік сертификатында "Сертификат.... негізінде берілді" деген тарауда оны берген елді, органды, сертификат нөмірін және берілген күнін көрсете отырып,сәйкестік белгісін тану жүргізілгені туралы сілтемемен жазба жасалады.

  Шетелдік сәйкестік сертификаттарын,
сынақ хаттамаларын, сәйкестік
белгілерін және сәйкестікті растау
саласындағы өзге құжаттарды тану
қағидаларына қосымша

      Нысан

Импорттаушының (өтінім берушінің) өтінімі

      Сәйкестікті растау жөніндегі

      органның басшысына

      ______________________________________

      ______________________________________

      (органның атауы, заңды мекенжайы)

ӨТІНІМ

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде
      _________________________________________________________________________________
      (құжаттың немесе белгінің атауы)
      тануды жүргізуге _________________________________________________________________
      _________________________________________________________________________________
      (өтінім берушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны)
      __________________________________________________________________________ атынан
      (өтінім беруші кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)
      _________________________________________________________________________________
      (құжаттың немесе белгінің атауы, №, берілген күні, құжатты берген органның немесе
      зертхананың атауы)
      тану рәсімін жүргізуді және ________________________________________________________
      (өнімнің атауы, типі, үлгісі, маркасы, саны, елі, дайындаушы-кәсіпорын)
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сәйкестік сертификатын беруді сұрайды.

  Қосымша: *

      Өзім өтінім берген құжатты (белгіні) тану рәсіміне қатысты барлық шығындарды, оның нәтижелеріне қарамастан, төлеуге міндеттенемін.

      Өтінім беруші _______________ ____________________

      (өзінің қолы) (Т.А.Ә.А.)

      МО ** 20__ж. "___"________

      Ескертпе:

      * өтінімге сол бойынша тану жүргізілетін құжат немесе оның белгіленген тәртіппен ресімделген көшірмесі қоса беріледі. Шетелдіксәйкестік белгісін тану үшін өтінімге дайындаушы-кәсіпорынның белгіленген тәртіппен ресімделген сапа паспортының түпнұсқасы, сонымен қатар әзірлеуші-кәсіпорынның және сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізген және импортталатын өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауға рұқсат берген шетелдік органның деректемелері (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электронды поштасы) қоса беріледі.

      ** заңды тұлға үшін.