Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10962 тіркелді

Қолданыстағы

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                    Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы    
№ 389 бұйрығымен бекітілген  

Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар

      1. Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленіп, көліктің энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды.
      2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
      2) көлік энергия тиімділігінің көрсеткіші – қозғалтқыш тұтынған энергиясының жиынтық көлеміне пайдалы қолданылған энергия қатынасымен айқындалған энергияны түрлендіруге қатысты тиімділік сипаттамасы;
      3) отынның үлестік шығысы – көліктің бір сағаттағы қуат бірлігіне отын бірлігінің шығысы;
      4) отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы) – салмағы 1 кг отын толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін шама.
      3. Осы талаптар, осы талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін әкелінген (импортталған) және шығарылған темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе және қалалық электр көліктеріне, оның ішінде метрополитенге таралады.
      4. Көлікке осы талаптарға қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша талаптар қойылады.
      5. Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіші былайша айқындалады: ЭТ %-бен = 100 / (кг/кВт*сағ-тағы отынның үлестік шығысы * кВт*сағ/кг-дағы отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы).

Көліктің энергия тиімділігі
бойынша талаптарға қосымша

Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіштері

Р/с

Көлік түрінің атауы

ЭТ, %-бен

1

2

3

1

Автомобиль:
табиғи газдағы қозғалтқыш
дизельдік қозғалтқыш
бензиндік қозғалтқыш
гибридтік автомобиль (бензин/электр)
электр қозғалтқыш

66
60
60
75,7
52,5

2

Авиациялық қозғалтқыштар

40

3

Теміржол: тепловоз
электровоз

41
82

4

Теңіз көлігі

60

5

Ішкі су

60

6

Қалалық электр көлігі, оның ішінде
метрополитен

75