«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Султанов
2015 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Е. Досаев
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 17-1/207 бұйрығымен
бекітілген
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің)
интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жегілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) агроөнеркәсіптік кешен саласындығы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) (бұдан әрі – ЖАО) интернет–ресурсына орналастыру тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің)
интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдар тізбесі орналастыру тәртібі мен мерзімдері
2. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес аккредиттелген дайындаушы ұйымдар агроөнеркәсіптік кешен саласындығы дайындаушы ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) қосылуы тиіс.
Аккредиттелген дайындаушы ұйым аккредителген сәтінен бастап тізбеге үш жұмыс күні ішінде Тізбеге қосылуы тіиісті.
3. Тізбе ЖАО-ның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
4. ЖАО интернет-ресурсында жаңартылған Тізбені ораналастыру күні және уақыты туралы мәліметтер қамтылады. Бұл ретте, бұрын орналастырылған Тізбе сақталады және бес жыл бойы алып тасталмауы тиіс.
5. ЖАО «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабына сәйкес интернет-ресурста орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық, ұйымдастыру және техникалық (техникалық–бағдарламалық) шараларын қабылдайды.
6. Тізбені ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастыру Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қантардағы № 89 Бұйрығымен «Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10395 тіркелген) талаптарына сәйкес жургізіледі.
7. ЖАО-ның интернет-ресурсын техникалық сүйемелдеуге ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі жауапты, өз басшысының атынан, интернет-ресурстың үздіксіз жұмыс істеуін және пайдаланушының ЖАО-ның интернет-ресурсында, интернет желісіде орналасқан ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді, ресми интернет-ресурстың жұмысында ақаулықтар және істеп шығу оны туындаған жағдайда жою шараларын қамтамасыз етеді.