«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидалары және олардың орындалуы жөніндегі есептер бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде мерзімдік ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 149 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп - ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың одан әрі жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат.;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым - нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми, ғылыми- техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және (немесе) бағдарлама бойынша орындаушы ұйым (орындаушы) (бұдан әрі - орындаушы ұйым (орындаушы) - ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың және (немесе) бағдарламалардың бір бөлігін немесе барлығын іске асыруды жүзеге асыратын заңды (жеке) тұлға;
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама - болжанған ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми- техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі (бұдан әрі - ҒТҚН) - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
7) ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - ҒТБ МТ) - Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын ғылыми және ғылыми- техникалық бағдарламалар мен жобалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің тізбесі;
8) ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімі - мемлекеттік бюджет есебінен алынған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тізбесі;
9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
10) салалық уәкілетті орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми- техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептердің мемлекеттік есепке алуға берілуін бақылауды уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс, Қазақстан Республикасында жүргізілетін мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар есептерді қоспағанда.
6. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің қарқынын мониторингтеу (бұдан әрі – ақпараттық материал) мақсатында жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу тәртібі
7. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мемлекеттік есепке алу үшін уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді береді.
8. Мемлекеттік есепке алу үшін түпнұсқада қағаз және электронды тасымалдағыштарда:
1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (бұдан әрі – бағдарлама);
2) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар (бұдан әрі - жоба);
3) бағдарламаларды ақпараттық картасы бар жобалардың орындалуы бойынша есептер (бұдан әрі – есеп), оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтер ұсынылады.
4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары, жобалары;
5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары, жобалары бойынша есептер.
Құжаттар пакеті толық болмаған және олар тиісінше ресімделмеген жағдайда құжаттар анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін тіркелмейді.
Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алуға байланысты шығындарды бас ұйым немесе орындаушы ұйым (орындаушы) өзі көтереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 31.12.2015 № 722 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Салалық уәкілетті органдар Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, сондай-ақ жыл сайын келесі жылдың бірінші наурызына дейінгі мерзімде уәкілетті органға ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар тізімін мәлімет үшін ұсынады.
10. Бағдарламаны мемлекеттік есепке алу үшін бас ұйым Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бағдарламаны және парағын рәсімдеп, бағдарламаға түсіндірме жазба мен ағымдағы жылы бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын бас ұйымның басшысы қол қойып, мөрімен бекітілген құжатты тапсырады.
11. Уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тиісті шифр беру арқылы бағдарламаны тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бас ұйымға бағдарламаның ҒТБ МТ-ға енгізілгені туралы куәлік береді.
12. Тіркелген бағдарламаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда кезекті жылға жоспарлы көрсеткіштерімен қатар бас ұйым уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бағдарламаның тапсырмалары (кезеңдері) бойынша мәлімет береді.
13. Бас ұйым есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес жылдық есеп пен оған түсіндірме жазбаны жібереді.
14. Бас ұйым есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей тоқсан сайын уәкілетті органға осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес бағдарлама тапсырмаларының (кезеңдерінің) орындалу барысы туралы есепті береді.
15. Жобаны мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) уәкілетті органға жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мемлекеттік ұйымдар үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде, мемлекеттік емес ұйымдар мемелекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде екі данада осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес тіркеу карталарын жібереді.
16. Жобаны бірнеше орындаушы ұйымдар (орындаушылар) орындаған жағдайда әрбір орындаушы ұйым (орындаушы) уәкілетті орган өзі дербес орындайтын жұмыстың бөлігіне тіркеу картасын жібереді.
17. Уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жобаны оған тіркеу нөмірін беру арқылы тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) тіркеу картасының бір данасын жібереді.
18. Тіркелген жобаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда орындаушы-ұйым (орындаушы) күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға жазбаша хабарлама мен осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес тіркеу картасын ұсынады.
19. Егер тіркелген жобаны орындау процесінде оны құпияландыру қажеттілігі туындаса, орындаушы ұйым (орындаушы) он күн мерзімде бұл туралы уәкілетті органға ҒТБ МТ-ға тиісті белгі енгізу үшін жазбаша түрде хабарлайды.
20. Есепті мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) жобаның жұмыстары (кезеңдері) аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес ақпараттық карта, қағаз және электрондық тасымалдағышта есепті жібереді.
Есеп МЕМСТ 7.32-2001 (06.2006 ж. өзгертілген) «Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп» мемлекетаралық стандартына сәйкес ресімделеді.
21. Уәкілетті орган есепті белгіленген тәртіппен оған инвентарлық нөмір беру арқылы тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) ақпараттық картаның бір данасын жібереді.
22. ҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) уәкілетті органға құжаттарды осы Қағидаға 8, 9-қосымшаларға сәйкес жібереді.
23. ҒТҚН уәкілетті органға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
24. ҒТҚН-ның құқық иеленушілері өзгерген, ҒТҚН-ны орындаушы ұйым қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік есепке алу объектісін пайдалануға байланысты емес басқа да негіздер бойынша орындаушы ұйым (орындаушы) уәкілетті органға осы өзгерістер туралы осы Қағидаға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес хабарлама жібереді.
25. ҒТҚН-ға құқық тоқтатылған жағдайда орындаушы ұйымның (орындаушының) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес хабарламаның негізінде уәкілетті орган ҒТҚН туралы деректерді ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастайды.
Уәкілетті орган бір ай мерзімде орындаушы ұйымды (орындаушыны) ҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алудың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді
мемлекеттік есепке алу қағидасына
1-қосымша
Нысан
________________ жылға (жылдарға) арналған
КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Бағдарламаның шифры _______ Бағдарламаның атауы _____________________
Бағдарламаны орындау негізі болған себептер _________________________
Бағдарламаны орындау мерзімі ____________________ Қаржыландырудыңкөлемі _________ жылға _____________ млн. теңге
Бас ұйымның атауы (толық және аббревиатурасы) |
Мекенжай |
Телефоны |
Факсы, электрондық мекенжайы |
Бірінші басшының Т.А.Ә. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Тапсырманың, кезеңнің шифры |
Тапсырманың, кезеңнің атауы |
ҒТАХТ Коды Түйінді сөздер |
Тапсырманы, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы |
Тапсырманың, жұмыс кезеңі басшысының Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, қызметі |
Жұмыс орындалуының жоспарланған мерзімі (тоқсан, жыл) |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
______________________ Бағдарламаның жетекшісі ___________ __________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ____________________ 20__ж.
кестенің жалғасы
Жоспарланған мерзімге қаржыландыруға қажеттілік, мың теңге
Ұйымның атауы |
БИН/ ЖИН |
Ұйымдардың аккредитциялық белгілері «1» -иә, «2»-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда «1» қойылады, егер жоқ болса «2») |
Барлығы |
оның ішінде: |
Күтілетін нәтижелер |
||||
ғылыми зерттеулер |
тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер |
||||||||
іргелі |
қолданбалы |
тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар |
Бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелік үлгілерін, партияларын дайындау |
Құрылыс үшін жобалау жұмыстары |
|||||
______________________ Бағдарламаның жетекшісі ___________ __________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ____________________ 20__ж.
Бағдарламаны орындау үшін қажетті мамандар саны
Бағдарламаның шифры _______ Бағдарламаның атауы ___________ _________
Ұйымның атауы |
БИН/ ЖИН |
Ұйымдардың аккредитациялық белгілері «1» -иә, «2»-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда «1» қойылады, егер жоқ болса «2») |
Барлығы |
Оның ішінде |
||||
жоғары білімді |
оның ішінде ғылыми дәрежелері бар |
|||||||
ғылым докторы |
ғылым кандидаты |
PhD |
бейін бойынша доктор |
|||||
_______________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ __________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ____________________ 20__ж.
Бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың реквизиттері
Бағдарламаның шифры ________ Бағдарламаның атауы ____________________
Ұйымның аббревиатурасы |
Ұйымның толық атауы |
Ұйымның орналасқан жері |
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметі, телефоны, факсы |
1 |
2 |
3 |
4 |
_____________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ ____________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ________________20__ж.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
2-қосымша
Нысаны
Ф1 – біріздендірілген нысанға (Кеңейтілген бағдарламаның көрсеткіштері)
Титул парағы
_________________________________________________________
(бас ұйымның ведомстволық қарастылығы)
«Бекітілді»
____________________________
20____ ж. «__» _______ № ___
Бағдарламаның шифры:
ҒТАХТ коды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағдарламаның атауы)
Орындалу мерзімдері:
Бас ұйымның атауы
және орналасқан жері _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құжаттың дайындалған қаласы, жылы ___________________________________
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
3-қосымша
Ф1-түзету нысаны
_________________жылға (жылдарға) арналған
КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Бағдарламаның шифры __________ Бағдарламаның атауы __________________
_____________________________________________________________________
Тапсырманың, кезеңнің шифры |
Тапсырманың, кезеңнің атауы |
ҒТАХТ коды |
Тапсырманы, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы |
Тапсырма, кезең басшысының Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, қызметі |
Жұмыс орындалуының жоспарланған мерзімі (тоқсан, жыл) |
Күтілетіннәтижелер |
Түзетуге |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
________________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ _________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ___________________ 20__ж.
кестенің жалғасы
Жұмыстың орындалуына нақты шығындар, мың теңге
Ұйымның атауы |
БИН/ ЖИН |
Ұйымдардың аккредитациялық белгілері «1» -иә, «2»-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда «1» қойылады, егер жоқ болса «2») |
Барлығы |
Оның ішінде: |
||||
ғылыми зерттеулер |
тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер |
|||||||
іргелі |
қолданбалы |
тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар |
бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелік үлгілерін, партияларын дайындау |
құрылыс үшін жобалау жұмыстары |
||||
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
4-қосымша
Нысаны
ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады
№3-ғт (бағдарлама) нысаны - жылдық.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 7 қаулысымен бекітілген.
Бас ұйым жылдық есеп бергеннен кейін 30 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті тапсырады
____________ жылғы бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс
кезеңдерінің орындалуы туралы
ЕСЕП
Бағдарламаның шифры __________ Бағдарламаның атауы __________________
Бас ұйым ____________________________________________________________
Мекенжай ____________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә., телефоны, телефаксы, электрондық мекен жайы
_____________________________________________________________________
Бағдарламалар бойынша жұмыстарды қаржыландыру (млн.теңге)
Барлығы |
Оның ішінде, төмендегілер есебінен |
||||
Республикалық бюджет |
мақсатты қорлар |
басқа салымдар |
|||
бағдарламалық-мақсатты қорлар |
|||||
1 |
2 |
2 |
3 |
4 |
|
Бөлінген қаражат (жоспар) |
|||||
Нақты түскен қаражат |
|||||
Пайдаланылған қаражат |
3-ғт (бағдарлама) нысанның жалғасы
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры |
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің атауы |
Жұмыстардың орындалу мерзімі (тоқсан, жыл) |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Жұмысқа арналған нақты шығындар (мың теңге) |
Жұмыстардың орындалуының нақты нәтижелері |
Жұмыстарды орындаудағы ауытқулар, олардың себептері |
||||
Барлығы |
оның ішінде |
|||||
ғылыми-зерттеу жұмыстары |
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар |
енгізу |
жабдықтар, технологиялар, есептеу техникасы құралдарын салып алу |
|||
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
______________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ ___________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ___________________20__ж.
Бағдарламалар бойынша ақпарат берген субъектілер туралы мәліметтер,бірл.
Ұйымның атауы |
БИН/ ЖИН |
Ұйымдардың аккредитациялық белгілері «1» -иә, «2»-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда «1» қойылады, егер жоқ болса «2») |
Мемлекеттік сектор* |
Жоғары білім беру секторы |
Коммерциялық сектор |
Коммерциялық емес сектор |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
* 18 ақпан 2011 ж. «Ғылым туралы» Заңның 8- бабына сәйкес жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ,ЖШС қосқанда
1-бөлім. Бағдарлама бойынша құқықтық қорғау және жұмыс нәтижелерінің енгізілуі туралы мәліметтер
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры |
Жұмыс нәтижелерін құқықтық қорғау |
Жұмыс нәтижелерін енгізу |
|||
Өндірістік меншікті объектінің атауы (өнертабыс, пайдалы үлгі, өндірістік үлгі) |
Патенттелген объектінің атауы және оның жаңалығының қысқаша мәні |
Қорғау құжаттары (атауы, елі, нөмірі, берілу күні) |
Ел, ұйым, кәсіпорын |
Енгізілгенін растайтын құжаттың атауы, № және күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
_______________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ __________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» _______________20__ж.
2-бөлім. Бағдарламаға бөлінген бюджет қаражаты есебінен технологиялар сатып алу
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры |
Тапсырманың, кезеңнің атауы |
Технологиялар, жабдықтар мен есептеу техникасының құралдарын сатып алу |
|
Атауы |
Құны (мың теңге) |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
_______________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ __________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» _______________20__ж.
3-бөлім. Бағдарламалар бойынша тапсырмаларды, жұмыс кезеңдерін орындаушы ұйымдардың мамандармен қамтамасыз етілуі туралы анықтама
Ұйымның аббревиатурасы |
Барлығы |
Оның ішінде |
||||
жоғары білімді |
оның ішінде дәрежелері бар |
|||||
ғылым докторы |
ғылым кандидаты |
PhD |
бейін бойынша доктор |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
________________________ Бағдарламаның жетекшісі __________ _________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ______________20___ж.
4-бөлім. Бағдарлама бойынша дайындалған құжаттар мен жарияланымдардың саны туралы мәліметтер
Ұйымның аббревиатурасы |
Дайындалған құжаттардың саны, оның ішінде: |
||||||||||||
монографиялар |
әдістемелер, құралдар, ұсыныстар |
нормативтер |
жіктеуіштер, каталогтар |
оқу құралдары, бағдарламалар |
заң жобалары |
ғылыми-көпшілік басылымдар (жинақтар, кітаптар, брошюралар т.т.) |
сөздіктер, анықтамалықтар |
директивалық құжаттар |
электрондық оқу құралдары |
тұжырымдамалар |
Жарияланымдар (мақалалар) саны |
||
мемлек. басыл. |
халықаралық басыл. |
||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
____________________________ Бағдарлама басшысы __________ __________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы
Т.А.Ә.
«__» ______________20___ж.
1 Монографиялардың, оқу құралдары мен мақалалардың тізімін көрсету
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
5-қосымша
Нысаны
__________ жылғы _________ тоқсандағы
бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы
ЕСЕП
Бағдарлама шифры _______ Бағдарлама атауы ___________________________
Бас ұйым ____________________________________________________________
Есептік кезеңде бағдарламаны қаржыландыратын министрліктен,
агенттіктен орындаушы ұйымға нақты _____________ млн. теңге қаражат
аударылды
Ұйымның аббревиатурасы |
Есептік кезеңде берілетін мәліметтер |
||||
Нақты аударылған қаражат (мың теңге) |
Орындауда ауытқулары бар тапсырмалар, кезеңдер |
||||
Сомасы |
Шифры |
Атауы |
Жұмыстардың орындалу жағдайы |
Ауытқу себептері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жиыны ________________ (есепті кезеңде), оның ішінде:
Бағдарлама жетекшісі _________________ Т.А.Ә.
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі ____________ М.О. қолы
«__» _______________ 20___ж. Бас есепші ___________ Т.А.Ә.
қол
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
6-қосымша
5013 ТІРКЕУ КАРТАСЫ
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
7-қосымша
Тегі, аты-жөні |
Ғылыми дәрежесі, атағы |
Қолы |
Мөр орны |
|
Ұйым жетекшісі |
6111 |
6210 |
||
Жұмыс жетекшісі |
6120 |
6228 |
||
Жұмыстың жауапты орындаушысы |
6174 |
6273 |
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
8-қосымша
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУГЕ ӨТІНІМ
Ғылыми –техникалық қызмет нәтижесін тіркеуіңізді сұраймы_____________
_____________________________________________________________________
(ҒТҚН атауы көрсетіледі)
орындалу кезінде жасалған ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық
жұмыстарды орындауға қаржат бөлінген немесе мемлекеттік
келісімшарттың тіркелу нөмірі немесе құжаттарының деректемелері
көрсетіледі)
Қазақстан Республикасында негізде
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы құқығының пайда болу негізі көрсетіледі)
жатады_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы құқығының көлемі көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы атынан _____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі)
Орындаушы ұйымдарға _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(орындаушы ұйымның толық атауы көрсетіледі)
жатады____________________________________________________________________________________________________________________________________
(орындаушы ұйымның құқықтық көлемі көрсетіледі)
Орындаушы ұйымның басшысы _______________
Т.А.Ә. (қолы)
Күні М.О.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
9-қосымша
Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алу бойынша нысаны
Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық
жұмыстарды (бұдан әрі – ғылыми-техникалық қызмет) орындауға қаражат
бөлінген мемлекеттік келісімшарттың немесе құжаттардың тіркеу нөмірі
_____________________________________________________________________
ҒТҚН тіркеу нөмірі __________________________________________________
1. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жеке ерешеліктері туралы
мәліметтер
1.1. Нәтиженің атауы ________________________________________________
1.2. Нәтиженің қысқаша сипаттамасы __________________________________
1.3. Нәтиженің қолданылу саласы _____________________________________
1.4. Нәтиженің түрі
Технология
Әдіс, тәсіл
Пайдалы модель
Материалдар
Қосылыстар
Препараттар
А.-ш. дақылдарының сорттары
А.-ш. жануарларының тұқымдары
Коллекциялар
Деректер базалары, банктері
Карталар
Техника үлгісі
Нәтижені қолдану техникасының объектісі
Автоматтандырылған жүйе
Басқа (көрсетіңіз)
1.5. Нәтиженің тіршілік цикл кезеңі (тәжірибелік үлгі, өнеркәсіптік
үлгі, сериялық өнім, қорғау құжаты, енгізу, жаңа тұқым шығару
әдістемесі, жоғары өнімді табын, аудандастыру және т.б.) ____________
_____________________________________________________________________
1.6. Нәтижені жетілдіру бағыты ______________________________________
1.7. Әрі қарай зерттеу үшін нәтижелерді қолданудың перспективалық
бағыттары ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
1.8. Енгізілудің болуы (хаттама, актілер, шарттар) __________________
1.9. ҒТҚН енгізудің әлеуметтік тиімділігі ___________________________
1.10. ҒТҚН енгізудің экономикалық тиімділігі ________________________
1.11. ҒТҚН енгізудің экологиялық тиімділігі _________________________
1.12. ҒТҚН енгізуден импорталмастыру тиімділігінің болуы ____________
_____________________________________________________________________
1.13. ҒТҚН қолдану артықшылығы ______________________________________
1.14. Патенттік зерттеулер туралы есеп (ҚР СТ МЕМСТ Р
15.011-2005__________________________________________________________
1.15. Нәтижелер туралы мәліметтер бар құжаттамалар тізімі ___________
_____________________________________________________________________
1.6. Түйінді сөздер _________________________________________________
1.17 ҒТАХТ айдарлары ________________________________________________
2. Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын орындаушы ұйымдар
және олармен бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтер Бас ұйым
туралы мәліметтер
2.1. Ұйымның атауы __________________________________________________
2.2. Ұйымның қысқартылған атауы _____________________________________
2.3. Мекенжайы (тұрған жері)_________________________________________
2.4. Мемлекеттік мәртебесі бар атқарушы билік органының, қарамағына
ұйым қарайтын басқа да ұйымның атауы ________________________________
_____________________________________________________________________
3. Есепке алу объектісіне және оның құрамдас бөлігіне Қазақстан
Республикасы құқығының пайда болуының негізі мен көлемі туралы
мәліметтер
3.1. Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде
мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген құжаттар
_____________________________________________________________________
3.2. ҒТҚН-ға Қазақстан Республикасының құқығы туралы мәліметтер _____________________________________________________________________
4. Өндіріс құпиясына (ноу-хау) Қазақстан Республикасының құқығы
туралы мәліметтер
4.1. Нәтиженің атауы ________________________________________________
4.2. Өндіріс құпиясына (ноу-хау) қатысты коммерциялық құпия режимін
белгілейтін құжаттар деректемесі
_____________________________________________________________________
4.3. Өндіріс құпиясына (ноу-хау) Қазақстан Республикасы құқығының
көлемі ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Зияткерлік меншік объектілеріне Қазақстан Республикасының құқығы туралы мәліметтер
4.4. Объектінің түрі ________________________________________________
4.5. Объектінің атауы _______________________________________________
4.6. Қорғау құжатының нөмірі (зияткерлік меншік объектісін тіркеу
туралы куәлік)_______________________________________________________
4.7. Басымдылық күні ________________________________________________
4.8. Қолданылу аумағы және мерзімі __________________________________
4.9. Зияткерлік меншік объектісіне Қазақстан Республикасы құқығының
көлемі ______________________________________________________________
4.10. ХПК индексі ___________________________________________________
4.11. Патент иесі ___________________________________________________
5. ҒТҚН авторлары туралы мәліметтер
5.1. Тегі, Аты, Әкесінің аты ________________________________________
5.2. Туған күні _____________________________________________________
5.3. ҒТҚН түрі және оны құқықтық қорғаудың қабылданған режимі (ҒТҚН
мемлекетінің, орындаушы ұйымның және автор(лар) дың үлестік қатысуы)
_____________________________________________________________________
5.4. Жұмыс беруші ұйымның атауы ____________________________________
_____________________________________________________________________
Орындаушы ұйымның басшысы ___________________________________________
Қолы ____________________
Күні ____________________
М.О.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
10-қосымша
ҒТҚН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ӨЗГЕРГЕНІ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ байланысты
(ҒТҚН туралы мәліметтердің өзгеру мен толықтыру негізі көрсетіледі)
ҒТҚН туралы мәліметтерді нақтылауыңызды сұраймын ____________________
_____________________________________________________________________
(ҒТҚН аталуы мен тіркелу нөмірі көрсетіледі)
Қосымша: ҒТҚН туралы мәліметтердің өзгеруіне негіз болатын
құжаттардың көшірмесі, _____б.
Орындаушы ұйымның басшысы ____________ __________________
(қолы) А.Ә.Тегі
Күні
М.О.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
11-қосымша
ҒТҚН пайдалану туралы мәлімет
_______________________ ғылыми-техникалық қызметін жүзеге асыруға
қаржы қаражаты бөлінген құжаттардың немесе мемлекеттік шарттың тіркеу
нөмірі ______________________________________________________________
ҒТҚН тіркеу нөмірі __________________________________________________
Азаматтық құқықтық шарт туралы мәліметтер
Шарттың түрі, күні __________________________________________________
Нәтиженің атауы _____________________________________________________
Берілетін құқықтардың көлемі ________________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Шарттың қолданылу аумағы ____________________________________________
Шартты төлеу талаптары ______________________________________________
Шарттың тіркеу нөмірі _______________________________________________
Нәтижені пайдалану мақсаты __________________________________________
Нәтижені пайдалану саласы ___________________________________________
Нәтиженің түрі
Технология
Әдіс, тәсіл
Пайдалы модель
Материалдар
Қосылыстар
Препараттар
А.-ш. дақылдарының сорттары
А.-ш. жануарларының тұқымдары
Коллекциялар
Деректер базалары, банктері
Карталар
Техника үлгісі
Нәтижелерді қолдану техникасының объектісі
Автоматтандырылған жүйе
Басқа (көрсетіңіз)
Нәтиженің тіршілік цикл кезеңі (тәжірибелік үлгі, өнеркәсіптік
үлгісі, сериялық өнім, қорғау құжаты, енгізу, жаңа тұқым шығару
әдістемесі, жоғары өнімді табын, аудандастыру және т.б.)
_____________________________________________________________________
Нәтиже туралы мәлімет бар берілетін құжаттамалардың тізімі _____________________________________________________________________
Лицензиар туралы мәлімет
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы __________________________________________
Мекенжайы (орналасқан жері) _________________________________________
КҰЖЖ коды ___________________________________________________________
ЖСН/СҚК _____________________________________________________________
Лицензиат туралы мәлімет
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________
КҰЖЖ коды ___________________________________________________________
ЖСН/СҚК _____________________________________________________________
Лицензиар ________________
Қолы _____________________
Күні _____________________
М.О.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және
бағдарламаларды және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидасына
12-қосымша
ҒТҚН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҒТҚН-ны АЛЫП ТАСТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
__________________________________________________________ байланысты
(тапсырыс берушінің деректер базасынан есепке объектісін алып тастау
негізін тұжырымдау)
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізіліміне есепке
алу объектісін алып тастау туралы мәліметтер енгізуді сұраймын
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(есепке алу нысанының атауы және оның тіркеу нөмірі)
Қосымша: Есепке алу объектісін ҒЗҚТ МТ-ден алып тастауды негіздейтін
құжаттардың көшірмесі, ____б.
Орындаушы ұйымның басшысы ____________ _______________
(қолы) А.Ә. Тегі
Күні М.О.