«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 258 бұйрығымен бекітілген
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мен оның облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Қағаз тасығышта не электрондық форматта (сканерленген өтінім) жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін рұқсат етілетін күту уақыты өтінішті ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
Шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін барынша рұқсат етілетін күту уақыты шартта баяндалады.
2) Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін барынша ұзақ күту уақыты - 15 минут.
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген қағаз тасығыштағы статистикалық ақпарат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің электрондық нұсқасын (дисктік тасығышта немесе электрондық пошта арқылы) алу мүмкіндігі ұсынылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен бекітілген бағалар бойынша ақылы көрсетіледі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10161 тіркелген. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz, Комитеттің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Төлем тәсілі - қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем төлеуге ұсынылған шотқа сәйкес немесе кіріс-кассалық ордер бойынша (филиалда қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде) жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем тапсырмасында төлем шоты үзінді көшірмесінің нөмірі мен күнін көрсетуі талап етіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке тұлғалар үшін:
деректемелерді міндетті түрде көрсетумен, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; бақылау чегі не төлем туралы түбіртек.
2) заңды тұлғалар үшін:
деректемелерді міндетті түрде көрсетумен, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бақылау чегі не төлемнің жүргізілгені туралы банктің белгісі бар төлем тапсырмасы.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажет құжаттарды ұсынғанын растайтын құжаттар:
1) құжаттардың толық топтамасымен біржолғы өтініш жіберілген жағдайда құжаттардың толық топтамасы қабылданғаны туралы белгі қойылады;
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға шарт жасасқан жағдайда - шарттың екінші данасы болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы сұратып отырған статистикалық ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оның жоқ екені туралы хат жолдайды. Хатты ұсыну мерзімі - бір жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе осы стандартпен қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды тиісті түрде толтырмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты ұсынады.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсеге жауапты тұлғаларға Министрліктің www.economy.gov.kz, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша не Комитет басшысының атына 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 4 кіреберіс мекенжайы бойынша кеңсеге жазбаша нысанда беріледі, телефоны 8 (7172) 74 97 79, 8 (7172) 74 97 89.
Шағым еркін нысанда ресімделеді. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы; заңды тұлғаның - толық атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында немесе Комитетте кеңсеге жауапты тұлғалардың шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына және Комитеттің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына шағым жіберуге құқығы бар.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке
алумен өзгеде талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz, Комитеттің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының телефондары арқылы не шартта көрсетілген телефон арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, көрсетілген қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының телефондары Министрліктің www.economy.gov.kz, Комитеттің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.
«Ресми статистикалық ақпаратты
тарату кестесінде көзделмеген
статистикалық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің стандартына
1 қосымша
жеке тұлғалар үшін
___________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің
___________________________________
немесе көрсетілетін қызметті беруші
___________________________________
филиалының толық атауы)
кімнен ____________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
__________________________ әкесінің
аты, толық)
Нысан
Өтініш
Осы өтініштің қосымшасына сәйкес
_____________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты көрсетілсін)
үшін статистикалық ақпаратты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызметті көрсетудің қажет етілетін нәтижесі көрсетілсін:
қағаз немесе электрондық)
ұсынуыңызды сұраймын.
Қосымша ______ п.
Жеке тұлғаның деректемелері:
Жеке куәліктің нөмірі __________________________
ЖСН ____________________________________________
Нақты мекенжайы ________________________________
Телефоны мен факсы _____________________________
Электрондық мекенжайы __________________________
__________________________ __________________________________________
(қолы, күні) (тегі, аты, әкесінің аты)
Өтінішке қосымша
Р/с |
Статистикалық ақпараттың атауы |
Аумақтық бөлініс |
Кезең |
«Ресми статистикалық ақпаратты
тарату кестесінде көзделмеген
статистикалық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің стандартына
2 қосымша
заңды тұлғалар үшін
___________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің
___________________________________
немесе көрсетілетін қызметті беруші
___________________________________
филиалының толық атауы)
кімнен ____________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
__________________________ әкесінің
аты, толық)
Нысан
Өтініш
Осы өтініштің қосымшасына сәйкес статистикалық ақпаратты
_____________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты көрсетілсін)
________________________________________________________________ үшін
үшін статистикалық ақпаратты
_______________________________________________ ұсынуыңызды сұраймыз.
(мемлекеттік қызметті көрсетудің қажет етілетін
нәтижесі көрсетілсін: қағаз немесе электрондық)
Қосымша ______ п.
Заңды тұлғаның деректемелері:
БСН ____________________________________________
ЖСК ____________________________________________
БСК ____________________________________________
Нақты мекенжайы ________________________________
Телефоны мен факсы _____________________________
Электрондық мекенжайы __________________________
Басшы ___________________ __________________________________________
(қолы, күні) (тегі, аты, әкесінің аты)
Орынд.: __________
Тел.: ____________
Өтінішке қосымша
Р/с |
Статистикалық ақпараттың атауы |
Аумақтық бөлініс |
Кезең |
«Ресми статистикалық ақпаратты
тарату кестесінде көзделмеген
статистикалық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің стандартына
3 қосымша
(Тегі, аты, бар болса әкесінің аты
(Бұдан әрі - Т.А.Ә.),
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (немесе оның филиалы) «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі Сіз ұсынған құжаттар топтамасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес (немесе қажетті құжаттар қате толтырылған), атап айтқанда:
Жоқ немесе дұрыс емес құжаттар атауы:
1) ________________________________;
2) ________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір - бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _________
Телефон ___________________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
«__»____________ 20__ жыл