Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастырын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10848 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 32-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастырын жүргізу қағидалары бекітілсін;
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың  интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      2015 жылғы 16 наурыз

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 246 бұйрығымен   
бекітілген     

Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік
кадастрын жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-4) тармақшасына сәйкес әзірленген Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі - мемлекеттік кадастр) жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік кадастрды жүргізу Жер қойнауының мемлекеттік қорының жағдайын есепке алу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      3. Мемлекеттік кадастрды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.

2. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік
кадастрын жүргізу тәртібі

      4. Мемлекеттік кадастр осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының техногендік минералдық түзілімдерін мемлекеттік кадастрмен есепке алу паспорттары (бұдан әрі - Паспорт) түрінде ресімделетін, жүйеленген, кезеңділігімен толықтырылатын және нақтыланатын біріздендірілген қысқаша мәліметтердің жиынтығын білдіреді.
      Мемлекеттік кадастр сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштері, тау-кен техникалық және экологиялық жағдайлары көрсетіле отырып, техногендік минералдық түзілімдердің типтері мен түрлерін сипаттайтын қоймалау объектісі бойынша мәліметтерді қамтиды.
      5. Техногендік минералдық түзілімдер мемлекеттік кадастрда есепке алуға жатады.
      6. Паспорттарды меншік нысанына және жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, жыл сайын барлық жер қойнауын пайдаланушылар:
      1) кен орындарын игеру кезінде қалдықтар жинақталған, пайдалы қазбалар байытылғанда және минералдық шикізатты металлургиялық тұрғыдан бөлген;
      2) игерудің жаңа технологиялық жобалары бекітілген жағдайда жасайды.
      Жер қойнауын пайдаланушы паспортты төрт данада жасайды және жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептіліктің арнаулы нысандарын уәкілетті органға ұсынумен бір уақытта; екеуін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - ӨД), үшіншісін - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді, төртіншісін жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.
      ӨД паспорттарды тексергеннен кейін бір данасын уәкілетті органға жібереді.
      7. Уәкілетті орган келіп түскен Паспорттарды мемлекеттік кадастрге енгізеді және:
      1) мемлекеттік кадастрдың материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеу мен сақтауды;
      2) мемлекеттік кадастрдың деректерін өңдеудің автоматтандырылған жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Қосымша         
ТМТ мемлекеттік кадастырын
жасау жөніндегі ережеге 

Бекітті _________________
_________________________
Аты-жөні, лауазымы  
__________        _______
қолы             күні

М.О.

Қазақстан Республикасының
техногендік минералдық түзілімдерін
мемлекеттік кадастрмен есепке алу

П А С П О Р ТЫ
№ _____________________

      Есепке алу объектісі___________________________________________

Құрастырды __________________   _________________   _________________
           Аты-жөні, лауазымы          қолы                күні

Тексерді   __________________   _________________   _________________
           Аты-жөні, лауазымы          қолы                күні

Ұйымның атауы (жер қойнауын пайдаланушы)_____________________________

ПАСПОРТТЫ ҚАБЫЛДАУ

Мекеме

Аты-жөні

лауазымы

қолы

күні

Аумақтық орган





РГАО





Есепке алу объектісінің схемалық картасы

Географиялық координаттар:

Масштаб:

001. Сақтаудың тау-кен техникалық талаптары

Негіздің сипаттамасы

Характеристика дамбы

Жыныс түрі

Су өтушілік

Физикалық-механикалық құрам

Жыныс түрі

Параметрлер

Физикалық-механикалық сипат

Негіз ені, км

Тігінен енні, км


01

02

03

04

05

06

07

002. ТМТ жинаған ұйым

Ұйымның атауы

Кеніш, фабрика, зауыт, артель

01

02

003. Жер қойнауын пайдалану ұйым

Ұйымның атауы

Кеніш, фабрика, зауыт, артель

01

02

004. Әкімшілік жағдай

Облыс

Аудан

Қала, кент

01

02

03

005. Жақын магистральға дейінгі қашықтық

Автокөлік жолы, км

Теміржол, км

Кемежай, км

Электрді тарату желісі, км

01

02

03

04

006. Есепке алу объектісі

ТМТ түрі

Объектінің атауы

Бастапқы шикізат

Түзілу талаптары

Қашықтық, км

Түзілу кезеңі, жыл

басы

аяғы

01

02

03

04

05

06

07

007. Объектінің параметрлері

Ұзындығы, км

Ені, км

Биіктігі, км

Алаң, шаршы км

Есепті жылдағы өндіріс қалдықтарының жылдық шығысы, мың т

01

02

03

04

05

Кестенің жалғасы

Паспортты жасаған сәтте

1992 жылға дейін

1992 жылдан кейін

Шығыс, мың т

Көлем, мың текшеметр

Масса, мың т

Көлем, мың текшеметр

Масса, мың т

Көлем, мың текшеметр

Масса, мың т

Алдыңғы жылға

Барлығы

06

07

08

09

10

11

12

13

008. Кен орнының бастапқы шикізатының сиятын және аршу
жыныстарының петрографиялық және литологиялық құрамы

ТМТ көзі болып табылатын кен орнының генетикалық түрі

ТМТ көзінің минералдану сипаты

Сиятын жыныстар

Аршу жыныстары

негізгі

ілеспе

01

02

03

04

05

009. ТМТ гранулометриялық құрамы мен физикалық-механикалық сипаты

Пайдалы қазбалар

Саны, %

Қаттылық,

Ылғалдылық, %

Көлемдік салмағы, г/см3

тығыздық, г/см3

Ірілік кластары, %






01

02

03

04

05

06

07

08

09

10

11

010. Минералдық құрам

Кен минералдары

Кен емес минералдар

01

02

011. Химиялық құрам

Кен компоненттері

Силикаттық бөлік

Атауы, нышан

Құрамы, %

Қорлар, мың т

Атауы, нышан

Құрамы, %

ең төменгі

ең жоғарғы

орташа

ең төменгі

макс.

среднее

01

02

03

04

05

06

07

08

09

012. ТМТ сақтаудың гидрогеологиялық талаптары

Құрғақ

Ішінара құрғатылған

Суланған

Жүзетін аймақтардың барлығы

01

02

03

04

013. ТМТ зерттелу деңгейі

Кім және қашан зерттеді

Есеп материалының атауы

Объектінің зерттелген параметрлері мен олардың сатылары

01

02

03



а) Геологиялық барлау және (немесе) экологиялық химиялық жұмыстар



б) Қайта өңдеу технологиясын әзірлеу



в) Тәжірибелі жұмыстар



г) Жобалау және (немесе) құрылыс жұмыстары

014. Қоршаған ортаның сипаттамасы

ТМТ орналасуының климаттық талаптарының сипаттамасы

Қоршаған ортаның жай-күйінің фондық параметрлері

Желдің шапшаңдығы

Желдің жылдамдығы, м/сек

Жауын-шашын түсудің жиілігі

Радиация деңгейі

Жерүсті және жерасты суларының жай-күйі

Ауаның жай-күйі

Топырақтық жамылғының сипаты

01

02

03

04

05

06

07

015. ТМТ қоршаған ортаға экологиялық әсері

Жерді алу

Қоршаған ортаның ластануын бағалау

Жердің түрі

Саны, шаршы шақырым

жерді

атмосфераларды

Жерүсті суларын

Жерасты суларын

01

02

03

04

05

06

016. Есепке алу объектісін нақты пайдалану

Есепке алу объектісі

Пайдалану

Қалдықтардың атауы

Саны, мың т. және мың текшеметр

Жалпы массасынан %

Пайдаланудың бағыты

Өндіріс технологиясы

Саны, жылына мың т.

Өзіндік құны, теңге /тоннасына

Босатылатын баға, теңге /тоннасына

Тұтыну

01

02

03

04

05

06

07

08

09

017. Кешенді пайдалану перспективалары

ТМТ-дегі пайдалы қазбалар

ТМТ өңдеудің және қайта өңдеудің мүмкін болар тәсілдері

ТМТ иеленген жерлерді қайта қалпына келтіру

өнімнің атауы

өндіріс технологиясы

өнімді әлеуетті тұтынушылар

01

02

03

04

05

018. Объект туралы дереккөздер

Құжаттың атауы

Құжаттың мазмұны

Автор

Хаттамалар №

Бекітілген жыл

Сақтау орны

01

02

03

04

05

06