Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10821 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе қеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 93-бабының 3-тармақшасына сәйкес және авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссияның өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиға мен инцидентке тексеру жүргізу тәртібін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      Н. Әбіқаев

      2015 жылғы 27 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-лейтенанты

      Қ. Қасымов

      2015 жылғы 30 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық
оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру тәртібін, авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді тексеру жөніндегі комиссияның өкілеттілігін, шетел мемлекетінің аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы өкілдерінің қатысу шарттары мен тәртібін, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді жіктеуді және есепке алуды, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну жүйесін құру тәртібін айқындайды.

      3. Авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді тексеру үдерісі қауіпті факторларды анықтауды, ақпарат жинау мен талдауды, қажетті зерттеулер жүргізуді, авиациялық оқиғалар мен инциденттердің себептерін анықтауды, есеп беру материалдарын және қорытындыларды дайындауды, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болдырмау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді және/немесе белгілі себептер бойынша авиациялық инциденттердің қайталануын болдырмауды қамтиды.

      4. Авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді тексеру мақсаты оқиғалардың және (немесе) қосалқы факторлардың себептерін анықтау, авиациялық оқиғаларды болдырмау және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      Біреудің кінәлілігін және жауапкершілігін белгілеу авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру мақсаты болып табылмайды.

      5. Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) авариялық жағдай – ол болған кезде анағұрлым ықтимал болып табылатын авиациялық оқиғаны және әуе кемесінің жойылуын немесе зақымдануы болдырмау үшін экипаждың және ұшуларға басшылық жасайтын (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) топ персоналының біліктілігі мен мүмкіндігі, сондай-ақ авиациялық техниканың жұмыс істеу қабілетінің резерві жеткіліксіз болуы мүмкін ерекше жағдай;

      2) авиациялық жағдай – оның барысында ұшуға қауіп төнген, әуе кемесі зақымданған немесе істен шыққан және/немесе осы әуе кемесінде болған адамдар қаза тапқан әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты жағдай;

      3) авиациялық инцидент – әуе кемесінің тұтастығына және/немесе оның бортындағы адамдардың өміріне қатер тудыруы мүмкін немесе қатер тудырған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған авиациялық әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты жағдай;

      4) авиациялық персонал – арнайы және/немесе кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуларын, әуе тасымалдауларын және авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      5) авиациялық оқиға – әуе кемесінің бортындағы адамдардың қаза табуына (өлімге әкеп соқтырған дене жарақатына) және/немесе осы әуе кемесінің жойылып кетуіне әкеп соқтырған әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты авиациялық жағдай. Әуе кемесі:

      әуе кемесі толық бүлінгенде;

      әуе кемесінің тұрған орны (оның сынықтары) анықталмағанда және оны ресми түрде іздестіру тоқтатылғанда;

      әуе кемесін алған зақымдарына қарамастан, оны мәжбүрлі қону орнынан эвакуациялау мүмкін болмағанда немесе орынсыз болғанда;

      әуе кемесін қалпына келтіру мүмкін болмағанда немесе экономика тұрғысынан орынсыз болғанда істен шықты кетті деп саналады;

      6) авария – адам шығындары болмаған авиациялық оқиға;

      7) авиациялық бөлім – мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме;

      8) апат – адам шығындары болған авиациялық оқиға;

      9) апатты жағдай – ол кезінде экипаждың (борттағы адамдардың) қаза табуын болдырмау мүмкін емес және/немесе әуе кемесінің істен шығуы шарасыздығына әкеп соқтыратын ерекше жағдай;

      10) авиациялық оқиғаның немесе авиациялық инциденттің себептері (факторлары) – авиациялық оқиғаға немесе авиациялық инцидентке әкеп соқтырған іс-қимылдар, әрекетсіздік, мән-жайлар, жағдайлар немесе олардың жиынтығы;

      11) тексеру – ақпаратты жинауды және талдауды, оның себептерін және (немесе) қосалқы факторларын анықтауды және оның алдын алу мақсатында жүргізілетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды дайындауды қоса алғанда, авиациялық оқиға немесе инцидент бойынша қорытындылар дайындауды қамтитын үдеріс;

      12) авиациялық оқиғаны тексеру – қаралатын оқиғаға қатысты фактілер, жағдайлар мен мән-жайлар туралы ақпаратты анықтауды, жинауды және зерделеуді, зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді, алынған деректерді қорытындылауды және талдауды, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыны дайындауды және келешекте олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуді қамтитын үдеріс;

      13) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты;

      14) әзірлеуші мемлекет – әуе кемесі үлгісінің конструкциясы үшін жауапты ұйымға қатысты заңды құзыреті бар мемлекет;

      15) әуе кемесін тіркеу мемлекеті – тізілімдеріне әуе кемесі тіркелген мемлекет;

      16) әуе кемесін ұшуда пайдалану – ұшу құрамының әуе кемесін

      ұшуалды қарап-тексеруін жүргізуді бастағаннан бастап және ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдардың әуе кемесінен кеткен сәтке дейінгі кезеңді қамтитын әуе кемесін пайдалану үдерісі;

      17) әуе кемесін зақымдаумен болған елеулі авиациялық инцидент – ол болған кезде зақымданған әуе кемесін қалпына келтіру мүмкін және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес авиациялық инцидент;

      18) ерекше оқиға – қауіпті фактордың ықпал етуінен туындаған және ұшулар қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеп соқтыратын ұшудағы кез келген штаттан тыс оқиға. Қауіптілік дәрежесіне байланысты мынадай ерекше жағдайлар қаралады: күрделі, қиын, авариялық, апаттық;

      19) елеулі авиациялық инцидент – күрделі немесе авариялық ұшу жағдайының туындауымен негізделген немесе ол болған кезде әуе кемесінің бортында болған адамдардың ең болмаса біреуінің денсаулығына зиян келтірілген авиациялық инцидент;

      20) жасаушы мемлекет – әуе кемесін түпкілікті жинау үшін жауапты ұйымға қатысты заңды құзыреті бар мемлекет;

      21) жағдай болған мемлекет – аумағында авиациялық оқиға немесе инцидент болған мемлекет;

      22) жерүсті оқиға – ол кезінде оны зақымдау немесе істен шығу болған әуе кемесіне қызмет көрсетумен, сақтаумен немесе тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиғаға жатпайтын жағдай;

      23) Комиссия құрамының кезекші тобы – Комиссия құрылғанға дейін оның тексеру және жүзеге асыру өкілеттіктері жөніндегі іс-шараларын жүргізу үшін арналған мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органының кезекші тобы. Комиссияны құру кезінде кезекші топтың мамандары Комиссия құрамына енгізіледі;

      24) қауіпті фактор – авиациялық жағдайдың туындауына әкеп соқтыруға қабілетті авиациялық жүйенің қандай да бір элементіне кез келген (нақты немесе әлеуетті) ықпал ету;

      25) қауіпті жақындасу – нәтижесінде олардың қақтығысуы қаупі туындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен (бұдан әрі – № 103 қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес жартысынан аз аралыққа әуе кемелерінің өз арасында немесе басқа да материалдық объектілермен абайсызда және ұшу тапсырмасымен көзделмеген жақындасу;

      26) қиын жағдай – ол болған кезде анағұрлым ықтимал болып табылатын авиациялық оқиғаны және әуе кемесінің жойылуын немесе зақымдануы болдырмау үшін экипаждың және ұшуларға басшылық жасайтын (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) топ персоналының біліктілігі мен мүмкіндігі, сондай-ақ авиациялық техниканың жұмыс істеу қабілетінің резерві жеткілікті болуы мүмкін ерекше жағдай;

      27) күрделенген жағдай – ол болған кезде ұшу экипаждың ерекше және шұғыл іс-қимылдарынсыз аяқталуы ықтимал ерекше жағдай;

      28) қамтамасыз ету бөлімдері – авиациялық-техникалық базалар, авиациялық комендатуралар, әуе қозғалысын басқару орталықтары.

      29) мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі;

      30) мемлекеттік авиацияны басқару органдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

      31) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      32) өлімге әкеп соқтырған дене зақымы – оның нәтижесінде авиациялық оқиға болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өлімге әкеп соқтырған дене зақымы;

      33) уәкілетті өкіл кеңесшісі – тиісті біліктілігі бар және авиациялық оқиғаға тексеру жүргізуде уәкілетті өкілге көмек көрсететін адам;

      34) уәкілетті өкіл – басқа мемлекет жүргізетін тексеруге қатысу үшін тиісті біліктілігі бар болуына байланысты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам;

      35) ұшулар қауіпсіздігі – олар кезінде адамдардың өміріне немесе денсаулығына залал келтіру немесе мүлікке зиян келтіру қатері қалыпты деңгейге дейін төмендетілген және қауіп көздерін анықтаудың және қатер факторларын бақылаудың үздіксіз үдерісі жолымен сол деңгейде не анағұрлым төмен деңгейде ұсталған ұшуларды қауіпсіз жасауды қамтамасыз ететін шаралар кешені;

      36) ұшулар қауіпсіздігінің органы – мемлекеттік авиацияны басқару органының, авиациялық бөлімнің құрамындағы құрылымдық бөлімше;

2-бөлім. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру тәртібі
1-тарау. Авиациялық оқиғалар
1-параграф. Авиациялық оқиға туралы хабардар ету

      6. Авиациялық оқиға туралы басшы лауазымды адамдарды жедел хабардар ету үшін әрбір мемлекеттік авиация басқару органында және авиациялық бөлімде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) осы Қағидаларды ескере отырып, мемлекеттік авиация басқару органының басшысы (авиациялық бөлімнің командирі (қамтамасыз ету бөлімдері) бекітетін Авиациялық оқиға немесе инцидент кезінде лауазымды адамдар іс-қимылдарының тәртібі жөніндегі жаднама әзірленеді.

      7. Авиациялық оқиға болған жағдайда, сондай-ақ экипаж бен радиобайланыс жоғалған және радиолокациялық станциялар индикаторларының экрандарында әуе кемесінен белгілер жоғалған кезде әуе кемесінің ұшуларына басшылық жасады (әуе қозғалысын басқаруды) жүзеге асыратын ұшулар жетекшісі (әуе қозғалысын басқару органы кезекші ауысымның аға кезекшісі) ол туралы авиация бөлімінің командиріне (әуе қозғалысына қызмет көрсету аймағындағы аға авиациялық бастыққа) және жоғары тұрған басқару органының жедел кезекшісіне дереу баяндайды.

      Басқару органының жедел кезекшісі авиациялық оқиға туралы мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысын (әуе кемесінің тиесілігі бойынша), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пунктінің жедел кезекшісін және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органын хабардар етеді.

      Ұшып өтуді орындайтын әуе кемесімен болған авиациялық оқиға туралы ақпарат авиациялық бөлімнің командиріне (осы әуе кемесінің тиесілігі бойынша) жеткізіледі.

      Болған авиациялық оқиға туралы алғашқы ақпарат

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық оқиғалар туралы жедел ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі.

      8. Авиациялық бөлім командирі (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиға туралы мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысына (әскери-әуе күштерінің қолбасшысына) және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органының басшысына дереу ауызша баяндайды.

      9. Ауызша баяндауда:

      1) авиациялық оқиғаның (апаттың немесе аварияның) болған күні, уақыты (Астана), авиациялық оқиға ауданы;

      2) әуе кемесінің экипажы, бортында жолаушылардың болуы, салдары (зиян шекпеген, жараланған, қаза тапқан) туралы ақпарат;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – № 1296 қаулы) Қазақстан Республикасының аумағында ұшуларды іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру туралы ақпарат;

      4) белгілі мән-жайлар (ұшу тапсырмасы, метеожағдайлар, ұшып шығу әуеайлағы, әуе кемесінің түрі және тиесілігі);

      5) әуе кемесінің бортында қауіпті жүктердің немесе оқ-дәрілердің болуы;

      6) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша көмек көрсету жөнінде ұсыныстар көрсетіледі.

      Көрсетілген қандай да бір мәліметтің болмауы баяндауды кешіктіруге негіздеме болып табылмайды.

      10. Мемлекеттік авиация басқару органының басшысы авиациялық оқиға туралы ақпаратты нақтылағаннан кейін мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысына қысқаша мән-жайлар, салдары мен қабылданатын шаралар көрсетілген ауызша баяндайды.

      11. Авиация бөлімінің командирі (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиға туралы жедел ақпаратты жазбаша баяндау түрінде авиациялық оқиға болған сәттен бастап екі сағат ішінде мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысына (әскери-әуе күштерінің қолбасшысына) және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органының басшысына ұсынады.

      12. Жедел ақпаратта:

      1) авиациялық оқиғаның болған күні, уақыты (Астана), жіктемесі;

      2) авиациялық оқиға болған аудан (радиобайланыс жоғалған және радиолокациялық станция индекаторының экранында әуе кемесінен белгінің жоғалған нүкте координаталары, әуе кемесі құлаған орынның координаталары);

      3) әуе кемесінің экипажы, ұшу тапсырмасы, метеожағдайлар, ұшып шығу әуеайлағы, түрі және тиесілігі туралы деректер;

      4) әуе кемесінің бортында болған жолаушылар туралы деректер;

      5) әуе кемесінің бортында қауіпті жүктің немесе оқ-дәрілердің болуы және олардың сипаттамалары туралы деректер;

      6) экипаж мүшелері, әуе кемесінің жолаушылары және қоршаған орта үшін авиациялық оқиғаның салдары туралы ақпарат;

      7) № 1296 қаулыға сәйкес жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы деректер;

      8) авиациялық оқиға фактісі бойынша алғашқы іс-шараларды ұйымдастыру туралы деректер;

      9) баяндаманы беру сәтінде белгілі болған авиациялық оқиға жөніндегі басқа да нақты мәліметтер көрсетіледі.

      13. Әуе кеңістігін пайдаланатын мемлекеттік органдарды авиациялық оқиға туралы хабардар етуді мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органы жүзеге асырады.

      14. Бағынысты авиациялық бөлімдерді, қамтамасыз ету бөлімдерін (авиациялық комендатураларды, әуе қозғалысын басқару орталықтарын, авиациялық-техникалық бөлімдерді) авиациялық оқиға туралы хабардар ету тиісті мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысына жүктеледі.

2-параграф. Авиациялық оқиғаларды тексеруді ұйымдастыру

      15. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларға тексерулер жүргізуді және авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрамы кезекші тобының іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру мемлекеттік авиация ұшулары қауіпсіздігі органының басшысына жүктеледі.

      16. Авиациялық оқиғаны тексеру үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық оқиғаны тексеру жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тағайындайды. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі Комиссияны құру туралы бұйрықтың жобасын жедел келісуді қамтамасыз етеді.

      Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып ұшқыш мамандығы, тиісті даярлығы авиациялық оқиғаларды тексеруге қатысқан тәжрибесі бар лауазымды адам тағайындалады.

      17. Комиссия мүшелері болып авиациялық персонал қатарынан тағайындалады. Комиссия құрамын мемлекеттік авиация ұшулары қауіпсіздігі органының басшысы құрады.

      18. Комиссияның жұмыс органдары:

      Комиссия құрамына кіретін және Комиссия мүшелері басшылық ететін ұшқыштар, инженерлік-техникалық және әкімшілік-штабтық кіші комиссиялар;

      кіші комиссиялар құрамына кірмеуі мүмкін есептік-талдау, жұмыс, зерттеу, сараптама және басқа да топтар болып табылады. Топтардың жұмысын Комиссия мүшелері болып табылмайтын мамандар басқаруы мүмкін.

      Жұмыс органдарын құру және оның құрамы туралы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды.

      Кіші комиссияның негізгі міндеттері осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.

      19. Комиссия авиациялық оқиғаларға тексеруді құқық қорғау органдарынан тәуелсіз жүргізеді.

      20. Комиссия мынадай негізгі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) авиациялық жағдай орнын, авиациялық оқиғаға немесе инцидентке қатысты объектілерді және сынықтарды қарап-тексеруді жүргізеді;

      2) олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына және меншік нысанына қарамастан, ғылымның және техниканың тиісті салаларындағы білімді талап ететін міндеттерді шешу үшін ұйымдардың сарапшыларын, қызметкерлерін тартады;

      3) авиациялық жағдайға қатысы бар немесе қатысы болуы мүмкін авиациялық оқиғаны көрген куәгерлерден және адамдардан сұрайды, құқық қорғау органдарынан қажетті ақпаратты алады;

      4) авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және/немесе жанама факторларының себептерін анықтау үшін қажетті эксперименттік, сараптама, талдау, зертханалық және басқа да зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      5) ғылыми-зерттеу ұйымдарына жіберуге жататын объектілерді айқындайды;

      6) авиациялық оқиғаға немесе инцидентке ұшыраған әуе кемесін әзірлеуге, сынақтан өткізуге, жасауға, пайдалануға және жөндеуге, авиациялық персонал қатарынан адамдарды даярлауға, әуе қозғалысын ұйымдастыруға, әуе кемесінің ұшуларын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелерді зерделейді;

      7) авиациялық жағдайға ұшыраған әуе кемесін, оның құрамдас бөлшектерін, осы мүліктің тиесілігіне қарамастан, оның бортындағы мүлікті, сондай-ақ осы әуе кемесінің ұшуын қамтамасыз ететін құралдар мен объектілерді тексереді;

      8) осы авиациялық жағдайға байланысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан мәліметтер мен деректерді сұратады және алады;

      9) авиациялық жағдай болған әуе кемесі экипажы мүшелерінің, сондай-ақ авиациялық персонал қатарынан тиісті адамдардың психикалық-физиологиялық жай-күйіне зерттеу жүргізеді;

      10) авиациялық оқиғаларды және белгілі себептер бойынша авиациялық инциденттердің қайталануын болдырмау мақсатында ұсынымдарды пысықтайды.

      Авиациялық оқиға мен инцидентті тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің өкілеттігі осы Қағидаларға 3-қосымшада мазмұндалған.

      21. Комиссияның құрамында және оның жұмыс органдарында жұмыс істеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекеттік авиация басқару органдарының басшыларымен келісу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналы тартылуы мүмкін. Комиссия құрамында және оның жұмыс органдарында жұмыс істеу үшін кандидаттар туралы ақпарат одан сұрау салу алынғаннан кейін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына беріледі.

      22. Авиациялық оқиғаны тексеруге қатысуға мүдделі мемлекеттердің уәкілетті өкілдері тартылады.

      Мүдделі мемлекеттер:

      1) жағдай болған мемлекет;

      2) әуе кемесі тіркелген мемлекет;

      3) әуе кемесін (қозғалтқышты, жабдықты) әзірлеуші мемлекет;

      4) әуе кемесін (қозғалтқышты, жабдықты) жасаушы мемлекет;

      5) әуе кемесіне (қозғалтқышқа, жабдыққа) жөндеуді жүзеге асырған мемлекет;

      6) авиациялық оқиға кезінде азаматтары қаза тапқан немесе дене зақымдарын алған мемлекет болып табылады.

      23. Мүдделі мемлекеттер авиациялық оқиғаны тексеруге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілін тағайындайды.

      Уәкілетті өкілдер авиациялық оқиғаны тексеруге қатысу үшін мамандарды (кеңесшілерді, сарапшыларды) тартады.

      24. Авиациялық оқиғаны тексеруге тексеру жүргізіліп отырған ұшуды ұйымдастыруға, орындауға, қамтамасыз етуге немесе қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдар қатысады.

      Комиссия мүшелері мен оның жұмыс органдарының мүшелері авиациялық оқиғаға қатысы бар заңды немесе жеке тұлғалар алдында қаржылық міндеттемелері бар сақтандыру компанияларының мүдделерін білдіре алмайды.

      25. Әуе кемесін авиациялық оқиға орнынан эвакуациялаудың мақсаттылығы туралы шешімді Комиссия төрағасымен келісу бойынша мемлекеттік органның (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) басшысы қабылдайды.

      26. Ұшуда пайдалану үдерісінде зақымданған әуе кемесін қалпына келтірудің мақсаттылығы туралы шешімді мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) қабылдайды.

      27. Іздестіруге қабылданған шаралар нәтижесіз болған жағдайларда авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешімді мемлекеттік органның басшысымен (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және іздестіру-құтқару командасының басшысымен келісу бойынша Комиссия төрағасы қабылдайды.

      Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешім одан әрі іздестіру қолда бар іздестіру-құтқару күштерімен және құралдарымен әуе кемесін табуда және тірі қалған адамдарды құтқаруда нәтиже бермейді деп ойлауға жеткілікті негіздемелер болғанда ғана қабылданады.

      Іздестіру ресми түрде тоқтатылған әуе кемесі, егер әуе кемесінің орны немесе оның сынықтары табылмаса хабарсыз жоғалған деп саналады. Оны іздестіру іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған сәттен бастап өткен уақытқа қарамастан, оның болатын орны туралы қандай да болсын жаңа мәліметтер алынған кезде дереу жандандырылады.

      28. Комиссия мүшелері мен тексеруге тартылатын адамдарды авиациялық оқиға болған орынға жеткізуді және орналасқан орынға кері қайтаруды мемлекеттік авиацияны басқару органының (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) басшысы ұйымдастырады.

      29. Комиссия мүшелері мен тексеруге тартылатын адамдар мемлекеттік авиацияның әуе кемесін пайдаланған кезде тексеруді жүргізуге бұйрықтың көшірмесін және іссапар куәліктерін ұсынуы бойынша әуе кемесі жолаушыларының тізіміне енгізіледі.

      30. Авиациялық оқиғаны тексеруге байланысты барлық жұмыстарды авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесі пайдалануында тұрған мемлекеттік авиация органы және авиациялық бөлім қамтамасыз етеді.

      Авиациялық бөлім тексеруге қатысушыларды оқиға орнында жұмыс істеу үшін арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен, қажетті құрал-саймандармен және шығын материалдарымен қамтамасыз етеді, оларға жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасайды, тексеру материалдарын сақтауды, көбейтуді және таратуды ұйымдастырады, демалуға орналасуын және тамақтандыруды қамтамасыз етеді.

      Авиациялық оқиғаны тексеруді жүргізу үшін авиациялық бөлім ұсынатын мүліктің, керек-жарақ пен техникалық құралдардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада айқындалған.

      31. Авиациялық оқиғаны тексеру ұзақтығы, егер қосымша зерттеулер талап етілмесе, Комиссия тағайындалған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тексеру актісін бекіткен күнге дейін алпыс тәуліктен аспайды.

      Егер авиациялық техникаға зерттеулер және сынақтар жүргізу тексеру үшін белгіленген мерзімдерде мүмкін болмаса, Комиссия төрағасының қолдауы бойынша тексеру мерзімдері зерттеулер жүргізу аяқталғанға дейін ұзартылады.

      32. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемесімен авиациялық оқиға басқа мемлекет аумағында болған жағдайда мемлекеттік органның басшысы (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеруге қатысу үшін уәкілетті өкілдерді тағайындайды.

      33. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерімен басқа мемлекет аумағында болған авиациялық оқиғаларды тексеру осы мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып жүргізіледі. Егер осы мемлекеттер арасында авиациялық жағдайларды тексеру тәртібін регламенттейтін қағидалар, тиісті шарттар немесе келісімдер бар болса, онда көрсетілген қағидалар, шарттар немесе келісімдер қолданылады.

      34. Егер аумағында авиациялық оқиға болған мемлекет осы оқиғаны тексеру құқығын Қазақстан Республикасына берсе, онда осындай тексеру қатысушы тиісті мемлекет болып табылатын шарттар мен келісімдерді және жағдай болған мемлекеттің ұлттық заңнамасын ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

      35. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемесімен басқа мемлекет аумағында болған авиациялық оқиғаны тексеру барысында туындайтын мәселелерді Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия төрағасы арқылы уәкілетті өкілдер шешеді.

      Шетел ғылыми-зерттеу ұйымдарында арнайы зерттеулерді жүргізу қажет болған кезде уәкілетті өкілдер мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиістілігі бойынша) баяндайды және ол туралы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      36. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемесімен басқа мемлекет аумағында болған авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті өкіл мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиістілігі бойынша) және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган басшысына жазбаша баяндаманы ұсынады.

      37. Авиациялық оқиғаны тексеру аяқталғаннан кейін оқиға және оның тексеру нәтижелері туралы ресми ақпарат мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиістілігі бойынша) немесе оның тапсырмасы бойынша басқа адам авиациялық оқиға фактісі бойынша тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органымен келісу бойынша жұртшылыққа, заңды тұлғалар мен азаматтарға жеткізеді.

3-параграф. Авиациялық оқиға кезіндегі лауазымды адамдардың іс-қимылы тәртібі

      38. Авиациялық оқиға болған сәттен бастап және Комиссия (Комиссия құрамының кезекші тобы) келгенге дейін жауапкершілік аймағында авиациялық оқиға болған аға авиациялық бастық, ал ол келгенге дейін әуе кемесі экипажының мүшелері алғашқы іс-шараларды жүргізеді.

      39. Апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшелері Комиссия келгенге дейін әуе кемесінің, оның құрамдас бөлшектері мен сынықтарының, объективті бақылау борттық құралдарының, осы әуе кемесінің бортында болған заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі барлық ықтимал шараларды қабылдайды.

      40. Авиациялық оқиға, әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі қонған жағдайда әуе кемесінің экипажы әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі, жолаушыларды эвакуациялау және өрт сөндіру жөніндегі басшылықта көзделген іс-әрекеттерді орындайды. Әуе кемесінде жанудың болмауына көзі жеткеннен кейін жауапкершілік аймағында авиациялық оқиға болған аға авиациялық бастық келгенше әуе кемесінің экипажы:

      1) әуе кемесін жедел толық тоқсыздандырады (егер бұл эвакуация жүргізуге кедергі болмаса) және борттық өздігінен жазатын құралдардың сөндірілгеніне көз жеткізеді;

      2) әуе кемесінің кабинасындағы басқару пульттерінің және борттық өздігінен жазатын құралдарға тиіспеуді қамтамасыз етеді;

      3) әуе кемесінің бортындағы заттарға тиіспеуді қамтамасыз етеді, отынды, майды және басқа да сұйықтарды ағызып тастауға тыйым салады;

      4) есіктерді, люктерді, капоттарды жабады және мүмкіндігінше пломбалайды;

      5) әуе кемесін және оқиға орнын күзетуді ұйымдастырады;

      6) болған жағдай туралы жақын әскери бөлімге немесе жергілікті атқарушы органдарға мүмкіндігінше шұғыл хабарлау үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.

      41. Комиссия төрағасының рұқсатынсыз авиациялық оқиға болған жерде өрт сөндіру, жараланғандар мен қаза тапқандарды эвакуациялау, сондай-ақ жоғалуы мүмкін іздерді (мұз қатуы, күйе қабаттары, әуе кемесі қозғалысының топырақтағы іздері және тағы сол сияқты) тіркеу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

      42. Жауапкершілік аймағында авиациялық оқиға болған аға авиациялық бастық авиациялық оқиға болған жерге келгенде мынадай алғашқы іс-шараларды жүргізеді:

      1) іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      2) әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы мүшелерін құтқару, өрт сөндіру (сақтандыру), заттай айғақтарды сақтау жөніндегі қосымша шараларды қабылдау қажеттілігін айқындайды;

      3) авиациялық оқиға болған орынды күзетуді ұйымдастырады, оған бөгде адамдарды жіберуге тыйым салады, әуе кемесіне, оның ішіндегісіне немесе оның сынықтарына (сынықтар астынан зардап шеккендерді алып шығу қажет болған жағдайларды қоспағанда) тиіспеуді қамтамасыз етеді. Комиссия келгенге дейін әуе кемесінің немесе оның сынықтарының орнын ауыстыруға, егер олар көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысына немесе әуе кемелерінің қонуына кедергі жасаған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Осындай орын ауыстыру қажет болған кезде әуе кемесінің (оның сынықтарының) қалпын және жалпы жай-күйін, әуе кемесінің кабинасындағы құралдардың көрсеткіштерін, ауыстырып-қосқыштар мен басқару тұтқаларының қалпын тіркеу (фотоға түсіру, бейне түсіру, тексеру актісін, сұлбаларды жасау және тағы сол сияқты жолмен) жөнінде шаралар қабылданады;

      4) қажет болған кезде сынықтарды бөлшектеуді және зақымдауды болдырмай, әуе кемесінің негізгі бөліктеріне қатысты олардың орналасуын фотоға алдын ала түсіргеннен кейін және кестесін жасағаннан кейін қаза тапқандардың сүйектерін эвакуациялау туралы нұсқау береді;

      5) объективті бақылаудың борттық құралдарын, авиациялық оқиға орнында болған құжаттарды сақтау жөнінде шаралар қабылдайды, авиациялық оқиға болған орынға жанасатын жергілікті жердегі әуе кемесінің сынықтарын іздестіруді ұйымдастырады және олар табылған орындарда сақталуын қамтамасыз етеді. Егер объективті бақылаудың борттық құралдары агрессивті сұйықтықтарда немесе өрт ошағында болса, оларды дереу алып шығу, ақпаратты сақтауға шаралар қабылдау, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу ақпаратын жинақтағыштарды алу және олардың сыртқы жай-күйі туралы акті жасау қажет. Басқа жағдайларда объективті бақылаудың борттық құралдарын Комиссия келгенге дейін алып қоюға тыйым салынады;

      6) әуе кемесінде радиоактивті элементтердің изотоптары бар агрегаттар мен оқ-дәрілер болған кезде авиациялық оқиға болған жерде радиация деңгейін тексеруді, осы агрегаттарды, сондай-ақ тиісті мамандарды тарта отырып, бар оқ-дәрілерді алуды ұйымдастырады;

      7) жалпы мақсаттағы объективті бақылау материалдарын (ұшуларды басқару пункттеріндегі магнитофондардың дыбыс тасымалдағыш кассеталарын, авиациялық оқиға болған сәтте әуе кемесі солардың іс-қимылы аймағында болған радиолокациялық станциялар индикаторларының экрандарындағы бейне жазбасын тіркейтін фотокассеталарды, бейнекассеталарды) алуды және оларды мөрлеуді ұйымдастырады;

      8) әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде пайдаланылған керек-жарақты, отынның бақылау сынамаларын, ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын мөрлеуді ұйымдастырады, май құюды тоқтату туралы және авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесіне май құю жүзеге асырылған ыдыстарды (отын құйғыштарды) мөрлеу туралы нұсқау береді;

      9) авиациялық оқиғамен аяқталған әуе кемесінің ұшуына қатысы бар ұшу, техникалық және басқа да құжаттаманы (ұшулардың жоспарлы кестелерін, метеорологиялық құжаттаманы, экипаж мүшелерінің ұшу және медициналық кітапшаларын, ұшуға басшылық жасауды (оны басқаруды) жүзеге асыратын әуе қозғалысын басқару органының құжаттамасын, әуе кемесін дайындау формулярлары мен журналын, жанармайға, майға, арнайы сұйықтықтар мен газға арналған құжаттарды, объективті бақылаудың борттық құралдарымен тіркелетін параметрлердің соңғы көрсеткіш материалдарын, аппараттық журналдарды) алуды және сақтауды ұйымдастырады;

      10) әуеайлақтағы, ұшу бағдары бойынша және авиациялық оқиға болған жердегі метеорологиялық жағдайларды тіркеу жөнінде шара қабылдайды;

      11) авиациялық оқиға болған әуе кемесі экипажының мүшелеріне, ұшуға басшылық жасауды және оған әуе кемесін тікелей дайындауды жүзеге асырған адамдарға медициналық тексеру жүргізуді, олардың әрекеттеріне жазбаша түсініктемелер алуды ұйымдастырады;

      12) оқиға сәтіне жақын кезеңде авиациялық оқиға ауданында ұшуларды орындаған әуе кемелерін анықтауды ұйымдастырады және осы әуе кемелерінің объективті бақылау борттық құралдарындағы ақпаратты сақтау жөнінде шара қабылдайды;

      13) авиациялық оқиғаны көрген адамдарды анықтайды және кейін Комиссияға ұсыну үшін олардан түсініктемелер алады;

      14) авиациялық оқиға болар алдында әуе кемесін ұшуға дайындау және оны орындау туралы ақпараттың және тиісті құжаттардың сақталуы мақсатында авиациялық оқиға туралы әуе кемесі ұшып шыққан әуеайлақтың аға авиациялық бастығына хабарлайды;

      15) Комиссия жұмысын қамтамасыз ету тобын құрады.

      Алғашқы іс-шаралар нәтижесінде алынған барлық материалдар Комиссияға олардың келуі бойынша тапсырылады.

      43. Жерүсті және борттық магнитофондарды ашуға және тыңдауға, борттық өздігінен жазу құралдарының кодын және шифрын ашуға, сондай-ақ ұшуға және оны қамтамасыз етуге қатысты құжаттамаға қандай да бір толықтырулар, өзгерістер немесе түзетулер енгізуге тыйым салынады. Жерүсті және объективті бақылаудың борттық құралдарымен жұмыс жасау Комиссия төрағасының нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.

      44. Объективті бақылаудың жерүсті құралдарының материалдары Комиссия келгенге дейін тек iздестiру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Аға авиациялық бастық ақпаратты сақтау жөніндегі барлық шараларды қабылдайды және объективті бақылаудың жерүсті құралдарын алу және олардың сыртқы жай-күйі туралы актіні жасайды.

      45. Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін пайдалануды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді орындаған ұйымдардың басшылары авиациялық оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін тиісінше осы әуе кемесін сынақтан өткізуге, жөндеуге және пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

4-параграф. Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия жұмысының тәртібі

      46. Комиссияның (Комиссия құрамының кезекші тобының) жиналуы және авиациялық оқиға болған жерге кетуі тапсырма алынғаннан кейін төрт сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Авиациялық оқиғаға тексеру жүргізу кезіндегі маман қажетті мүлкінің, керек-жарағы мен техникалық құралдарының тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшада айқындалған.

      47. Комиссия құрамының кезекші тобы авиациялық оқиға болған жерге келгеннен кейін Комиссия төрағасы келгенге дейін Комиссияның іс-шаралары мен өкілеттіктерін жүзеге асырады.

      48. Комиссия төрағасының авиациялық оқиғамен байланысты мәселелер жөніндегі нұсқаулары авиациялық оқиғаны тексерумен және Комиссия жұмысын қамтамасыз етумен байланысты барлық лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

      49. Комиссия төрағасы тексерудің барлық кезеңдерінде Комиссияның жұмысын ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды, барлық тексеруге қатысушылардың іс-қимылын үйлестіреді. Тексерудің негізгі ұйымдық және әдістемелік мәселелері жөніндегі шешімдерді Комиссия қабылдайды, бұл ретте Комиссия төрағасының соңғы шешімді қабылдау құқығы бар.

      50. Комиссия отырыстары талқыланатын мәселелер, қабылданған шешімдер, төрағаның нұсқаулары сипатталатын хаттамалармен ресімделеді. Талқыланатын мәселелер бойынша келіспеушіліктер болған кезде хаттамада міндетті түрде тараптардың ұстанымдары сипатталады. Хаттамаларға кіші комиссиялардың төрағалары қол қояды және оны Комиссия төрағасы бекітеді.

      Қажет болған кезде Комиссия отырысының үнтаспалық ақпаратты құжаттау құралдарына жазу жүргізіледі, ол туралы хаттамаға тиісті жазба жасалады.

      51. Комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, оның жобасы төраға оны бекітілгенге дейін Комиссия отырысында жобасы қаралады және талқыланады. Жоспарда Комиссия қызметінің негізгі бағыттары, жұмысты орындау жүйелілігі, зерттеулер, сондай-ақ олардың аяқталу мерзімдері көрсетілген жұмысты жүргізу үшін жауаптылар көзделеді.

      Комиссия жұмыс жоспарының іс-шаралары кіші комиссиялардың және жұмыс топтарының жоспарларында нақтыланады. Комиссияның және кіші комиссиялардың жұмыс жоспары тексеру барысында алынған нақты деректерге байланысты түзетіледі және толықтырылады.

      52. Кіші комиссиялар жұмысының нәтижелері есеп берулер нысанында ресімделеді, олар Комиссия отырысында қаралғаннан кейін авиациялық оқиғаны тексеру ісіне тіркеледі.

      53. Комиссия эксперименттік, сараптама, талдау, зертханалық және басқа да зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, сараптамалар мен зерттеулер жүргізу үшін объектілерді айқындайды.

      54. Тексеруге тартылатын мамандар олардың мамандығына байланысты жұмыс топтарының құрамына енгізіледі немесе жеке мәселелер бойынша сарапшылар ретінде пайдаланылады.

      55. Сарапшы (маман) Комиссия (кіші комиссия) төрағасынан жауап талап етілетін сұрақтар тізбесі бар жазбаша үлгідегі техникалық тапсырма алады.

      Жұмыс нәтижелері сарапшы (маман) қол қоятын қорытынды түрінде ресімделеді, ол авиациялық оқиғаны тексеру ісіне тіркеледі.

      56. Авиациялық оқиғаны тексеру барысында мемлекеттік орган басшысының (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) рұқсатымен және авиациялық оқиға фактісі бойынша тергеуді жүзеге асыратын органмен келісу бойынша тек осы авиациялық оқиға туралы нақты деректерді жария етілуі мүмкін.

      57. Авиациялық оқиғаның мән-жайы туралы ақпаратты осы оқиғаны тексеруге қатысушылар Комиссия төрағасына береді. Комиссия төрағасының келісімімен олар ақпаратты ұшулар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау үшін қолдануы мүмкін. Тексеру үдерісіне залал келтірмеу үшін көрсетілген ақпарат бөгде адамдарға берілмейді және талқыланбайды.

5-параграф. Авиациялық оқиғаны тексеру кезінде зерттеулер жүргізу

      58. Арнайы зерттеулер жүргізу қажеттілігін Комиссия айқындайды.

      59. Авариялық авиациялық техниканы зерттеулер жұмыс істеу үшін арнайы дайындалған орында, егер ондай мүмкіндік бар болса, ұқсас-әуе кемесі шығарылып жүргізіледі.

      60. Авиациялық оқиға орнында авариялық авиациялық техниканы зерттеулер мүдделі мемлекеттердің өкілдерімен бірге жүргізіледі. Көрсетілген өкілдер авиациялық оқиға болған сәттен бастап бес тәулік ішінде келмеген жағдайда, зерттеулер олардың қатысуынсыз жүргізіледі.

      61. Егер тексеру үшін қызығушылық тудыратын әуе кемелері мен оның агрегаттары басқа мемлекетте жасалған болса және сол мемлекетте зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда осындай зерттеулерді жүргізу туралы шешімді тиісті мемлекеттің тексеру саласындағы уәкілетті органымен келісу бойынша Комиссия қабылдайды.

      62. Авиациялық оқиғаны тексерумен байланысты зерттеулер Комиссия айқындайтын ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.

      63. Басқа мемлекет аумағында орналасқан ғылыми-зерттеу ұйымдарында авиациялық техника объектілерін зерттеу Комиссия өкілетті өкілдерінің міндетті қатысуымен орындалады. Осындай зерттеулерді ұйымдастыру тиісті мемлекеттің тексеру саласындағы уәкілетті өкілдерімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      64. Зерттеулер жүргізу үшін негіздеме Комиссияның техникалық тапсырмасы болып табылады, онда зерттеулер жүргізу мақсаты, авиациялық оқиға мән-жайының қысқаша мазмұны, әуе кемесі және зерттеу объектісі, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы деректер көрсетіледі.

      65. Зерттелуге жататын объектілер зерттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ғылыми-зерттеу ұйымының мекенжайына жіберіледі.

      Зерттеулер жүргізу мерзімдері:

      жеке бөлшектер мен агрегаттар бойынша – қырық бес тәуліктен;

      қозғалтқыштар және кешенді зерттеулер бойынша – алпыс тәуліктен аспайды.

      66. Ғылыми-зерттеу ұйымы қажет болған кезде қажетті материалдарды, құжаттарды немесе консультацияларды алу үшін зерттеуге ғылыми-зерттеу ұйымдарының, өнеркәсіптің, жөндеу және пайдалану ұйымдарының мамандарын тартады.

      67. Егер ғылыми-зерттеу ұйымының зерттеу бағдарламасының жекелеген тармақтары бойынша жұмыстарды орындау үшін техникалық мүмкіндіктері болмаса, осы жұмыстарды оның өтінімі бойынша ғылыми-зерттеу ұйымы өкілдерінің қатысуымен олардың базасында басқа ұйымдар жүргізуі мүмкін. Зерттеу жүргізу ауқымын, орны мен мерзімдерін келісу осы жағдайда ғылыми-зерттеу ұйымына жүктеледі.

      68. Объективті бақылау құралдарының мәнін ашу Комиссияның өкілетті өкілдерінің міндетті қатысуымен әуе кемесін жасаушы мемлекетте немесе әзірлеуші мемлекетте жүргізілуі мүмкін. Мәнін ашу жөніндегі жұмыстар тиісті мемлекеттің авиациялық оқиғаларды тексеру саласындағы уәкілетті органымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      69. Зерттеу нәтижелері бойынша ерікті нысанда есеп беру жасалады, оған зерттеуге қатысушылар қол қояды, оны ғылыми-зерттеу ұйымының басшысы бекітеді және Комиссияға жолданады. Есеп беру тексеру материалдарының ажырамас бөлігі болып табылады.

      70. Комиссияның техникалық тапсырмасын қамтитын барлық зерттеу материалдары, зерттеулер жүргізу бағдарламасы, арнайы әзірленген әдістемелер және барлық жұмыс материалдары (сынаулар, өлшемдер, зертханалық талдаулар хаттамалары және тағы сол сияқты) ғылыми-зерттеу ұйымы есеп беруінің данасына тіркеледі.

      71. Ғылыми-зерттеу ұйымы зерттеуден өткен авиациялық техника объектілерін және борттық өздігінен жазғыш құралдардың ұшу ақпаратын сақтағышын зерттеулер жүргізу аяқталғаннан кейін Комиссияға береді.

6-параграф. Авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері бойынша
құжаттарды ресімдеу тәртібі

      72. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша қорытынды құжат осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша авиациялық оқиғаны тексеру актісі (бұдан әрі – тексеру актісі) болып табылады, ол кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының есеп берулерінде мазмұндалған материалдар мен қорытындылар, зерттеулер мен сараптамалар нәтижелері негізінде, сондай-ақ Комиссияның қарауындағы басқа да материалдарды ескере отырып жасалады. Тексеру актісі төрт данада жасалады және Комиссия мүшелері қол қояды.

      73. Тексеру актісі басқа да тексеру материалдарымен бірге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды тексеру ісіне ресімделеді.

      Авиациялық оқиғаны тексеру актісінің мазмұнымен немесе қорытындыларымен келіспейтін Комиссия мүшесі 24 сағат ішінде негіздемесі және нақты ұсыныстары бар ерекше пікірін жазбаша түрде Комиссия төрағасына ұсынады.

      Комиссия төрағасы ерекше пікірді қарау үшін арнайы топ құрады, ол бойынша дәлелді қорытындыны дайындайды. Егер Комиссия ерекше пікірді ескермесе, оны ұсынған Комиссия мүшесі "ерекше пікірмен" деген белгі қойып, тексеру актісіне қол қояды. Ерекше пікір ол бойынша дәлелді қорытындымен бірге тексеру актісіне тіркеледі.

      Кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының есептерін жасау және оларға қол қою кезінде ұқсас тәртіп сақталады.

      74. Тексеру актісін бекіту алдында авиациялық оқиғаны тексеру ісі мемлекеттік органның басшысына (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) танысу үшін ұсынылады. Авиациялық оқиғаны тексеру материалдарын және себептері туралы Комиссияның қорытындыларын зерделегеннен кейін мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеру материалдарын алғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде авиациялық оқиғаны тексеру ісін Комиссия төрағасына береді.

      75. Авиациялық оқиғаның себептері туралы Комиссияның қорытындыларымен келіспеген жағдайда мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиғаны тексеру ісін алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының мекенжайына тексеру нәтижелерін қайта қарау туралы ұсынысты жолдайды, онда:

      1) Комиссия қарамаған проблемалар;

      2) осы проблемаларды қарау қажеттілігінің негіздемесі;

      3) қосымша зерттеулер мен сараптамалар жүргізу жөніндегі ұсыныстар;

      4) сараптама комиссиясының құрамы туралы көрсетіледі.

      76. Егер тексеру нәтижелеріне ықпал еткен осы Қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда немесе егер Комиссияның тұжырымдары мен қорытындыларын қате деп санауға негіздеме болса, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы тексеру нәтижелерін қарау туралы ұсыныс негізінде Комиссияның авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыларын қайта қарау туралы шешім қабылдайды.

      77. Авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыны қайта қарау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы сараптау тобын тағайындау туралы бұйрық шығарады, ол жаңа мән-жайлар мен фактілерді ескере отырып, қосымша зерттеулер жүргізеді және авиациялық оқиғаны тексеру ісіне тіркелетін сараптама қорытындысын дайындайды.

      78. Мемлекеттік органның басшысы (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеру материалдарымен танысқаннан кейін Комиссия төрағасы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысына авиациялық оқиғаны тексеру актісін қоса бере отырып, оның нәтижелері туралы баяндаманы ұсынады. Баяндамада авиациялық оқиғаның мән-жайлары, оның себептері, тексеру барысында анықталған кемшіліктер, сондай-ақ Комиссияның осындай авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі ұсынымдары көрсетіледі.

      Егер сараптау тобы қосымша зерттеулер жүргізген жағдайда Комиссия төрағасы сараптама қорытындысын ескере отырып, Комиссияның авиациялық оқиғаларының себептері туралы бұрынғы қорытындыларын өзгерту негіздемесімен Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды жасайды.

      79. Авиациялық оқиғаны тексеру ісі төрт данада жасалады және тексеру актісі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде тексеру актісінің:

      бірінші данасы – мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына;

      екінші данасы – мемлекеттік авиацияны басқару органына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша);

      үшінші данасы – авиация бөліміне (әуе кемесінің тиесілігі бойынша);

      төртіншісі – әскери прокуратура органына жолданады.

      80. Авиациялық оқиғаны тексеру ісінің мемлекеттік авиация қауіпсіздігі органындағы данасы ұдайы сақтаудағы құжат болып табылады, қалған даналардың сақталу мерзімі – он жыл.

2-тарау. Авиациялық инциденттер
1-параграф. Авиациялық инциденттер туралы хабар беру

      81. Авиациялық бөлімдерде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) басшы лауазымды адамдарды авиациялық инцидент туралы хабардар ету осы Жаднаманы ескере отырып әзірленетін Авиациялық оқиға немесе инцидент кезінде лауазымды адамдар іс-қимылының тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      82. Хабардар ету жоғары тұрған командалық пунктке (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) жедел кезекшілер желісі бойынша ауызша жүзеге асырылады, онда олар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық инциденттер туралы хабардар етулерді есепке алу журналдарында, сондай-ақ мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органында есепке алынады:

      авиациялық инцидент туралы – ұшулар аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде;

      елеулі авиациялық инциденттер туралы – дереу.

      83. Барлық елеулі авиациялық инциденттер туралы авиациялық бөлім командирі мемлекеттік авиацияны басқару органының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органының басшысына дереу ауызша баяндайды.

      84. Авиациялық бөлім командирі мемлекеттік авиацияны басқару органының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органының басшысына жазбаша баяндама нысанында жедел ақпаратты: ұшулар (ұшып өту) аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде авиациялық инцидент туралы, елеулі авиациялық инцидент болған сәттен бастап екі сағат ішінде елеулі авиациялық инцидент туралы баяндайды.

      85. Жедел ақпаратта:

      1) авиациялық оқиғаның жіктемесі;

      2) күні, тәулік уақыты және метеорологиялық жағдайлар;

      3) авиациялық бөлім, әуеайлақ, әуе кемесінің түрі;

      4) экипаж командирінің (инструктордың) лауазымы, сыныбы, әскери атағы, тегі;

      5) жаттығу нөмірі, ұшу тапсырмасының мазмұны және ұшу кезеңі;

      6) белгілі мән-жайлар, ұшқыштың (экипаждың) және ұшуларды басқару тобының (әуе қозғалысын басқару органының) іс-әрекеттері;

      7) әуе кемесінің зақымдалу сипаты;

      8) авиациялық техника туралы деректер;

      9) әуе кемесінің бортында жолаушылардың, қауіпті жүктің немесе оқ-дәрілердің болуы туралы деректер;

      10) ұшуларды басқару тобының персоналы (әуе қозғалысын басқару органы) туралы деректер, егер инцидент олардың іс-әрекетімен байланысты болса;

      11) қамтамасыз ету құралдары туралы деректер, егер инцидент олардың пайдаланылуымен байланысты болса;

      12) қабылданған іс шаралар көрсетіледі.

2-параграф. Авиациялық инциденттерді анықтау және оларды тексеру тәртібі

      86. Авиациялық инцидентті анықтауды ұшуларды дайындауға, жасауға және қамтамасыз етуге (қызмет көрсетуге) қатысатын барлық адамдар, сондай-ақ бақылайтын лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      87. Авиациялық инциденттерді анықтауды, оларды толық және объективті тексеруді, сондай-ақ оларды есепке алуды жүргізуді бақылауды аға авиациялық бастықтар және ұшулар қауіпсіздігі органының тиісті мамандары жүзеге асырады.

      88. Авиациялық инциденттерді анықтау үшін:

      1) ұшуларды ұйымдастыратын, орындайтын, қамтамасыз ететін және оларға қызмет көрсететін адамдардың жеке бақылаулары мен баяндамалары;

      2) объективті бақылау материалдары;

      3) ұшуларды бақылайтын адамдардың ақпараты мен баяндамалары;

      4) ұшулар жетекшісінің және ұшулар аға инженерінің журналдарындағы жазбалар;

      5) ұшқыш және техникалық құжаттама;

      6) куәгерлердің көрсеткіші;

      7) тексерілуге жататын авиациялық жағдайлар туралы мәліметі бар адамдардың өз еркімен хабарламасы пайдаланылады.

      89. Әрбір авиациялық инцидент авиациялық оқиғаны тексерудің сол қағидаттарына негізделген және сол мақсатта жүргізілетін тексерілуге жатады. Авиациялық инциденттерді тексеру тәртібі авиациялық оқиғаларды тексеру тәртібіне ұқсас.

      Авиациялық инцидентті тексеру кезінде кіші комиссиялар және жұмыс топтарын құру туралы шешімді Авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі Комиссияның төрағасы қабылдайды.

      Мемлекеттік авиацияда тексерілуге жататын авиациялық инциденттердің тізбесі осы Қағидаларға 10-қосымшада келтірілген.

      90. Әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық инциденттерді тексеру кезінде жұмысқа әуе кемесін әзірлеуші ұйымдардың, жасаушы ұйымдардың және жөндеу кәсіпорнының өкілдері тартылуы мүмкін.

      Әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі комиссияны мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы құрады.

      Елеулі авиациялық инцидент кезіндегі әуе кемесінің зақымданғанына агрегаттарды ауыстыру және технологияларды қолдануды талап етпейтін, әуе кемесінің пайдалану-техникалық құжаттамасымен көзделмеген жолмен жойылған зақымдар жатпайды.

      91. Елеулі авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі комиссияны мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) басшысы құрады.

      92. Материалдық залалға немесе адамдар денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған елеулі авиациялық инцидент болған жағдайда мемлекеттік авиация басқару органының басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеру нәтижелері туралы жазбаша баяндаманы, көшірмесін – мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына ұсынады.

      Баяндамада: елеулі авиациялық инциденттің сипаты, ұшқыш (экипаж), авиациялық техника туралы деректер, ұшу тапсырмасы, авиациялық жағдайдың мән-жайлары мен себептері, ұшқыштың (экипаждың) және ұшуларға басшылық жасау тобының (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органының) іс-әрекетін бағалау, материалдық залал сипаты және адамдар денсаулығына зиян келтіру дәрежесі, әуе кемесін қалпына келтіруге қажетті мерзім, қабылданған шаралар, ұқсас жағдайлардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.

      93. Авиациялық инциденттерді тексеру үшін авиациялық бөлімнің командирі (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық инциденттерді тексеру жөніндегі комиссияны құрады.

      94. Әуе кемесі негізгі әуеайлақтан қашықта тұрған кезде авиациялық инциденттерді мемлекеттік авиация басқару органы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) басшысының шешімімен тағайындалған комиссия тексереді.

      95. Мемлекеттік авиация ұшулары қауіпсіздігі органы басшысының шешімі бойынша елеулі авиациялық инцидентті немесе авиациялық инцидентті тексеруді мемлекеттік авиация ұшулары қауіпсіздігі органының комиссиясы жүзеге асырады.

      96. Авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап және тексеру актісі бекітілгенге дейін тексеру мерзімі, егер қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмесе, бес жұмыс күнінен, елеулі авиациялық инцидент – он жұмыс күнінен аспайды.

      Арнайы зерттеулер және қосымша іс-шаралар жүргізуді талап ететін жағдайларда комиссия тағайындаған органның басшысы комиссия төрағасының қолдауы бойынша тексерудің белгіленген мерзімін ұзартады.

      97. Авиациялық жағдайды тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 11-қосымшағы сәйкес үлгі бойынша авиациялық инцидентті (елеулі авиациялық инцидентті, әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық инцидентті) тексеру актісі жасалады, оны комиссияны тағайындаған лауазымды адам бекітеді. Авиациялық жағдайды тексеру материалдары тексеру актісіне тіркеледі.

      Авиациялық жағдайды тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тексеру актісінің бекітілген даналары және оған тіркелген материалдар:

      бірінші данасы – мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына;

      екінші данасы – мемлекеттік авиацияның басқару органына;

      үшінші данасы – авиациялық бөлімге;

      төртінші данасы – тергеуді іске асыратын органға (сұрау бойынша) жолданады.

      98. Авиациялық инцидентті (елеулі авиациялық инцидентті, әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық инцидентті) тексеру ісінің сақталу мерзімі – бес жыл.

3-тарау. Авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар.
Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді жіктеу және есепке алу.
Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну
жүйесін құру тәртібі
1-параграф. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
нәтижелері бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу

      99. Авиациялық жағдайды тексеру барысында алынған ақпаратты талдау негізінде авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия ұшулар қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді. Ұсынымдарды әзірлеу кезінде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін барлық қауіпті, оның ішінде ұшуда ерекше жағдайдың туындауы мен дамуына тікелей ықпал етпеген, бірақ ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлар ескеріледі.

      100. Ұсынымдарда авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және пайдалану жүйесін жетілдіру, ұйымдық-штаттық құрылымдарды жетілдіру, авиациялық персоналды кәсіби даярлау деңгейін арттыру, әуе қозғалысын және ұшуларды жерүсті қамтамасыз етуді басқаруды жетілдіру, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері және авиациялық қызметтің басқа да аспектілері қамтылады.

      101. Тексеру жөніндегі комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдары негізінде алдын алу іс-шаралары әзірленеді, олар алдын алу іс-шараларының жоспары түрінде ресімделеді.

      Авиациялық оқиғаларды немесе әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері жөніндегі алдын алу іс-шаралары жоспарын негізгі әзірлеуші мемлекеттік авиацияны басқару органы (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша), қоса орындаушы – авиациялық бөлім балып табылады. Авиациялық оқиғаларды немесе әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері жөніндегі алдын алу іс-шаралары жоспары жиырма жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      Елеулі авиациялық оқиғаны немесе авиациялық инцидентті тексеру нәтижелері жөніндегі алдын алу іс-шаралары жоспарын негізгі әзірлеуші авиациялық бөлім (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) болып табылады. Елеулі авиациялық оқиғаны немесе авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі алдын алу іс-шаралары жоспары он жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      Алдын алу іс-шаралары жоспарларын әзірлеуді бастау мерзімі тексеру жөніндегі комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдарын алған сәттен бастап саналады.

      102. Комиссия төрағасының шешімімен ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі шұғыл алдын алу іс-шаралары авиациялық жағдайды тексеру аяқталғанға дейін әзірленеді және енгізіледі.

      Авиациялық оқиғаларды немесе әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыруды бақылау мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      Елеулі авиациялық оқиғаны немесе авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыруды бақылау мемлекеттік авиацияны басқару органына жүктеледі.

      103. Алдын алу іс-шаралары жоспарын жасау кезінде авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссиясының барлық ұсынымдары орындалуға қабылдануға тиіс. Іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ тексеру кезінде анықталған және авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия ұсынымдарында көрсетілмеген кемшіліктерді жоюға бағытталған қосымша шаралар енгізіледі.

      104. Өзара байланысты бірнеше авиациялық жағдайларды тексеру нәтижелері бойынша біріктірілген алдын алу іс-шаралары жоспарын әзірлеуге жол беріледі.

      105. Алдын алу іс-шаралары жоспарын авиациялық жағдайды тексеру жөніндегі комиссияны тағайындаған басшы бекітеді. Жоспардың көшірмелері орындаушыларға және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына жолданады.

      106. Орындаушылар белгіленген мерзімдерде алдын алу іс-шараларын іске асыру туралы алдын алу іс-шаралары жоспарын бекіткен басшыға және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына баяндайды. Іс-шаралар орындалмаған жағдайда орындаушылар белгіленген мерзім аяқталғанға дейін бес тәуліктен кешіктірмей іс-шараны орындамау себептері туралы жазбаша баяндаманы ұсынады.

      107. Тексеру аяқталғаннан кейін авиациялық жағдайды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы авиациялық бөлімде тексеру нәтижесінде анықталған авиациялық жағдайдың мән-жайлары мен себептері, қауіпті факторлар мен кемшіліктер туралы ақпаратты, сондай-ақ ұқсас авиациялық жағдайларды болдырмау жөніндегі ұсынымдарды жеткізетін талқылау өткізеді. Талқылауды өткізу уақытын, орны мен тәртібін, сондай-ақ оған тартылатын лауазымды адамдардың тізімін авиациялық жағдайды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы айқындайды.

2-параграф. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді жіктеу және есепке алу

      108. Авиациялық жағдай олардың салдарының ауырлығына қарай авиациялық оқиға және авиациялық инцидент болып бөлінеді.

      109. Авиациялық жағдайды авиациялық оқиғаға немесе инцидентке және оны жіктеу туралы шешімді авиациялық бөлімнің немесе мемлекеттік авиация басқару органының басшысы (әскери-әуе күштерінің қолбасшысы) Мемлекеттік авиацияда тексерілуге жататын авиациялық инциденттер тізбесін ескере отырып қабылдайды.

      Авиациялық жағдай дұрыс жіктелмеген жағдайда оны жіктеу туралы түпкілікті шешімді мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органының басшысы қабылдайды.

      110. Авиациялық оқиға олардың салдарының ауырлығына қарай:

      1) адам шығынымен болған авиациялық оқиға – апаттар;

      2) адам шығынысыз авиациялық оқиға – авариялар болып жіктеледі.

      111. Авиациялық инциденттер олардың қауіптілігі мен салдарына байланысты авиациялық инциденттерге, елеулі авиациялық инциденттерге және әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық инциденттерге жіктеледі.

      112. Екі немесе бірнеше әуе кемелерінің соқтығысуы (қауіпті жақындауы) бір жағдай ретінде тексеріледі және туындаған салдарларға сәйкес әрбір әуе кемесі үшін жіктеледі. Тексеру нәтижелері бойынша бір авиациялық жағдайды тексеру ісі ресімделеді.

      Бірнеше әуе кемелерін авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тарту кезінде олардың әрбірі үшін салдар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген айқындамаларға сәйкес жеке жіктеледі.

      113. Барлық авиациялық жағдай есепке алуға жатады, бұл ретте:

      авиациялық бөлімдерде (бөлімшелерде) авиациялық бөлімдердің (бөлімшелердің) әуе кемелерімен болған авиациялық жағдай есепке алынады;

      мемлекеттік авиацияның басқару органында (әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы) бағынысты бөлімдер мен бөлімшелердің әуе кемелерімен болған авиациялық жағдайларға есеп жүргізіледі;

      мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі органында мемлекеттік авиацияда болған барлық авиациялық жағдайлар есепке алынады.

      114. Әрбір авиациялық оқиға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналында тіркелуге жатады. Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналдары мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі органында, мемлекеттік авиацияның басқару органдарында, авиациялық бөлімдерде жүргізіледі. Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналы тұрақты сақтаудағы құжат болып табылады.

      115. Мемлекеттік авиация басқару органдарының командалық пункттерінде (басқару пункттерінде), авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде (әуе қозғалысын басқару орталықтарында, авиациялық комендатураларда, авиациялық-техникалық базаларда), мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі органында авиациялық оқиғалар туралы жедел ақпаратты есепке алу журналдары (осы Қағидаларға 1-қосымша) және авиациялық инциденттер туралы хабардар етуді есепке алу журналдары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес, үлгі бойынша жүргізіледі.

      116. Авиациялық бөлімдерде авиациялық инциденттер (елеулі авиациялық инциденттер, оның ішінде әуе кемесінің зақымдануымен болған) авиациялық инциденттерді есепке алу журналында осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес, үлгі бойынша есепке алынады.

      117. Мемлекеттік авиацияның басқару органында авиациялық инциденттер (елеулі авиациялық инциденттер, оның ішінде әуе кемесінің зақымдануымен болған) авиациялық инциденттерді есепке алу журналында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес, үлгі бойынша есепке алынады.

      118. Мемлекеттік авиацияның басқару органында барлық авиациялық инциденттер осы органның басшысы белгілеген нысан бойынша есепке алынады.

      119. Авиациялық бөлімдерде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлық авиациялық инциденттерге авиациялық инциденттерді есепке алу карточкасы жасалады. Карточканың бір данасы мемлекеттік авиацияның басқару органына тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолданады.

      120. Авиациялық бөлімшелерде авиациялық инциденттер, ұшқыш құрамының (экипажының) бұзушылықтары мен қате іс-қимылдары авиациялық инциденттерді, ұшқыш құрамының (экипажының) бұзушылықтары мен қате іс-қимылдарын есепке алу журналында осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес, үлгі бойынша есепке алынады.

      121. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді есепке алу мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер факторлар (себептер) топтары бойынша осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      122. Ұшулар қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды толық әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында авиациялық бөлімдер ай сайын онына дейін мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі органына өткен айда анықталған авиациялық техниканың ақаулықтарын есепке алу бланкілерінің көшірмесін ұсынады.

3-тарау. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы
деректерді ұсыну жүйесін құру тәртібі

      123. Авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажетті құрылымдық бөлімшелерді, ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      124. Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық құжаттар құрылымдық тұрғыдан:

      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттер мән-жайының қысқаша мазмұнын;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттер себептерінің сипаттамасын, ұшудағы ерекше жағдайдың даму қарқынын;

      3) істен шығуды анықтау белгісінің сипаттамасын және осы жағдайлардағы авиациялық персоналдың қажетті іс-қимылдарын;

      4) әуе кемесі экипажының, инженерлік-техникалық құрамның дұрыс (дұрыс емес) іс-қимылдарын, қызметтік құжаттардың талаптарын орындау дәрежесін талдау мен талқылауды;

      5) осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін қажетті шаралар туралы ұсынымдарды;

      6) жеке құрамға басшының (командирдің, бастықтың) талаптарын жеткізуді;

      7) оларды орындау жөніндегі нұсқауларды қамтиды.

      125. Мемлекеттік авиацияның басқару органына, авиациялық бөлімге, қамтамасыз ету бөліміне авиациялық оқиға (авиациялық инцидент) туралы ақпарат келіп түскен кезде командир (бастық):

      1) ақпаратты дербес зерделейді;

      2) бағынысты органдағы (бағынысты бөлімдегі) ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйін бағалайды;

      3) көрсетілген ұсынымдардың орындалуы бойынша жұмыстардың орындаушыларын, негізгі бағыттарын, мазмұнын, көлемін және мерзімін айқындайды;

      4) ақпаратты жеке құраммен зерделеу уақыты мен орнын белгілейді.

      Авиациялық оқиға туралы ақпарат жеке құрамға, оған қатысты бөлігінде жеткізіледі.

      126. Мемлекеттік авиацияның басқару органында әзірленген ұшуларды ұйымдастыру, жасау және қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың жобалары мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органымен міндетті келісілуге жатады.

      127. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарында және авиациялық бөлімдерде ақпаратты жинауға жәрдем жасау үшін авиациялық оқиғалар немесе инциденттер туралы деректер ұсыну жүйесі құрылады.

      128. Авиациялық оқиғалар немесе инциденттер туралы деректер ұсыну жүйесі жазалауға бейімделмеген және ақпарат көздерін қорғауды көздейді. Авиациялық оқиғалар немесе инциденттер туралы ақпаратты ұсынған адамдар авиациялық оқиғалар немесе инциденттер туралы кез келген ақпарат оларға қарсы пайдаланылмайтынына сенімді болуға тиіс.

      129. Авиациялық оқиғалар немесе инциденттерді болдырмау жөніндегі өз бағдарламасы шеңберінде авиациялық инциденттер туралы ерікті түрде ұсынылған баяндамаларды пайдаланатын мемлекеттік авиация басқару органдарының басшылары, авиациялық бөлімдердің командирлері алынған ақпаратты белгілі себептер бойынша авиациялық оқиғаларды болдырмау және авиациялық инциденттердің қайталануын болдырмау мақсатында пайдаланады.

      130. Авиациялық инцидент туралы ерікті түрде ұсынған адамдардың әрбір ақпараты жоғары тұрған басқару органдарының, сондай-ақ болжамды авиациялық жағдай орнына барумен тексерілуге жатады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Авиациялық оқиғалар туралы жедел ақпаратты есепке алу журналы

Р/с

Ақпаратты алу күні мен уақыты

А.Ж.Ә. (бар болған жағдайда) кімнен алынды

Ақпараттың мазмұны

Алдын алу іс-шаралары

Кімге жеткізілді

Командирдің қолы және оның нұсқауы бойынша іс-шаралар









      Ескерту:

      1. Журнал мемлекеттік авиацияның басқару органдарының командалық пункттерінде (басқару пункттерінде) және қамтамасыз ету бөлімдерінде (әуе қозғалысын басқару орталықтарында, авиациялық комендатураларда, авиациялық-техникалық бөлімдерде), мемлекеттік авицияның ұшулар қауіпсіздігі органында жүргізіледі.

      2. Журналға мемлекеттік авиациядағы барлық авиациялық оқиғалар туралы, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі органы басшысының нұсқауы бойынша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар туралы ақпарат жазылады.

      3. Авиациялық оқиға туралы ақпаратты командалық пункттің (басқару пунктінің) кезекші ауысымы қабылдайды және оның түсуіне қарай өңдейді.

      4. Алынған ақпарат қысқа мерзімде жоғары тұрған тиісті басшыларға дейін жеткізіледі.

      5. Журналды жүргізуге командалық пунктке (басқару пункті) тікелей бағынатын бастық жауапты болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 2-қосымша

Кіші комиссиялардың негізгі міндеттері

      1. Кіші ұшқыштар комиссиясының негізгі міндеттері:

      1) авиациялық оқиғаның жағдайларын қалпына келтіру;

      2) әуе кемесі қозғалысының, әсіресе ерекше жағдай туындаған кезде немесе дамуы барысында траекториясы мен параметрлерін анықтау;

      3) ерекше жағдайдың туындауы және дамуы туралы нақты мәліметтерді зерттеу;

      4) экипаждың (ұшқыштың) ұшуды орындауға және ұшуларға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының басшылық жасауға (әуе қозғалысын басқаруға (қызмет көрсетуге) нақты дайындығын, сондай-ақ ерекше жағдай туындаған және дамыған кезде экипаждың (ұшқыштың) және ұшуларды басқару тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының іс-қимылдарын бағалау;

      5) ұшуларды ұйымдастыруда, экипаждың (ұшқыштың) және ұшуларға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының дайындығы және іс-қимылдарында кемшіліктер болған кезде олардың авиациялық оқиғаға әсер етуінің және онымен байланысының дәрежесін бағалау;

      6) авиациялық оқиғамен байланысты борттық тіркеу құрылғыларының материалдарын, радиолокациялық мақсаттағы сымның сұлбаларын, жерүсті ұшуларды басқару желілеріндегі магнитофондық радиоалмасу жазбалары мен сөйлесулерді талдау;

      7) экипаждың денсаулық жай-күйін, жұмыс қабілетін және психофизиологиялық қызмет ерекшелігін бағалау, осы факторлардың ерекше жағдайдың туындауына және нәтижесіне әсері;

      8) ұшқыштың (экипаждың мүшелері) моральдық-психологиялық дайындығын бағалау;

      9) ұшуларды басқару және оларға басшылық жасау пункттерінің радиотехникалық бақылау және басқару құралдарымен жабдықталуын зерделеу, ұшуларға басшылық жасау (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) кезінде осы құралдардың жай-күйін және ұшуларды басқару тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының оны пайдалануын бағалау;

      10) жерүсті радиотехникалық құралдарымен ұшуларды қамтамасыз етуді зерделеу және экипаждардың оларды ұшуда пайдалануы;

      11) ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін зерделеу;

      12) авиациялық оқиға ауданындағы нақты метеожағдайларды және орнитологиялық жағдайды айқындау, олардың авариялық жағдайдың туындауына және дамуына әсер етуін бағалау;

      13) ұшуларды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді талдау;

      14) ерекше жағдайдың туындауын және дамуын және ұшқыштың (экипаждың) және ұшуларды басқару тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының іс-қимылдарын талдау;

      15) кіші комиссия жұмысының материалдарын жинақтау, авиациялық жағдайдың себептері туралы қорытындылар, ашылған кемшіліктерді жою және авиациялық оқиғаларды және авиациялық инциденттердің қайталануын болдырмау жөнінде ұсыныстар дайындау.

      2. Инженерлік-техникалық кіші комиссияның негізгі міндеттері:

      1) авиациялық оқиғаның жағдайларын қалпына келтіру (кіші ұшқыштар комиссиясымен бірлесіп);

      2) авиациялық техниканың ұшудағы жұмыс қабілетін бағалау мақсатында жай-күйін зерттеу, ал істен шығу анықталған жағдайда – оның салдарын белгілеу;

      3) әуе кемесін зерделеу және пайдалану шарттары мен сипатын, оған толық және уақтылы техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді бағалау;

      4) инженерлік-техникалық құрамның даярлық деңгейін, олардың осы әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі талаптарды сақтауын айқындау;

      5) авиациялық техниканың құрылымындағы анықталған кемшіліктерді, оны дайындау және жөндеу технологиясын бағалау, авиациялық жағдай салдарларымен олардың байланысын бағалау;

      6) сақтау және май құю құралдарының жай-күйін, жанар майдың, майлардың, майлағыштардың, арнайы сұйықтықтардың және газдардың сапасын және оларды қолдану тәртібін сақтауды бағалау;

      7) қажетті зерттеулер, сынаулар және эксперименттер жүргізу;

      8) авиациялық оқиға себептерін айқындау үшін зерделенген факторлардың ерекше жағдайдың туындауына әсер ету дәрежесін талдау;

      9) ашылған кемшіліктерді (құрылымдық, өндірістік, пайдаланудағы) жою және олардың қайталануын ескерту жөніндегі ұсынымдарды орындау;

      10) материалдарды жинақтау, кіші комиссияның жұмысы туралы есеп беруді және авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыға ұсыныстар әзірлеу.

      3. Әкімшілік-штабтық кіші комиссияның негізгі міндеттері:

      1) әуе кемесінің құлау орнын іздеуді ұйымдастыру, оның сынықтары мен бөлшектерін іздеу, авиациялық оқиға орнын фотоға түсіру;

      2) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу сапасын бағалау;

      3) комиссия мүшелерінің орналасуын ұйымдастыру, оларды тексеру жүргізу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз ету;

      4) авиациялық оқиға куәгерлерінен және көзімен көргендерден, сондай-ақ ұшуларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысқан адамдардан сұрауды ұйымдастыру;

      5) комиссия отырысын дайындау және хаттамаларды жүргізу;

      6) кіші комиссияның тексеру материалдарын уақтылы ұсынуын бақылау;

      7) кіші комиссияның жұмыс материалдарын жинақтау, есеп беруді дайындау;

      8) тексеру актісінің материалдарын дайындау;

      9) талқылау материалдарын ресімдеу.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 3-қосымша

Комиссия мүшелерінің авиациялық оқиға мен инцидентті тексеру
жөніндегі өкілеттіліктері

      1. Комиссия төрағасы авиациялық оқиғаны тексеруді ұйымдастырады және жетекшілік етеді және оның себептерін обективті түрде белгілеуге жауапты болады. Комиссия төрағасының тексеруге қатысты өкімдері мен нұсқауларын авиациялық оқиғаны тексеруге қатысатын барлық адамдар міндетті түрде орындауға тиіс.

      2. Комиссия төрағасы мынадай іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады және ұйымдастырады:

      1) отырыс өткізеді, онда Комиссия құрамын жариялайды, алғашқы іс-шараларды жүзеге асырған лауазымды адамдарды, оқиғаның мән-жайлары мен атқарылған жұмыс туралы мәліметтерді тыңдайды;

      2) Комиссияның жұмыс органдарын құрады, олардың басшыларын тағайындайды, жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайды;

      3) Комиссия мүшелеріне авиациялық оқиға болған орында жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау береді;

      4) авиациялық оқиға орнын қарайды және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі лауазымды адамдардың іс-қимылдарына баға береді;

      5) Комиссия жұмыс органдарының құрамындағы жұмысқа авиациялық оқиға болған авиациялық бөлімнің авиациялық персоналын тартады;

      6) тергеу органдарымен бірлесіп, авиациялық оқиға орнынан қайтыс болған экипаж мүшелері мен жолаушылардың денелерін (мәйіттерін) алу және тасымалдау туралы шешім қабылдайды;

      7) авиациялық оқиға болған орынды қарап тексереді және ұшу параметрлерін тіркеудің борттық құрылғыларын іздестіруді және оларды авиациялық оқиға орнынан алуды ұйымдастырады;

      8) авиациялық оқиғаны тексеру жоспарын және кіші комиссиялардың жұмыс жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      9) осы Қағидалардың талаптарына және тексеру жоспарына сәйкес Комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

      10) Комиссия мүшелерінің жұмысында келісушілікті, тексеру барысында олардың іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      11) объективті бақылау материалдарын өңдеу орны туралы шешім қабылдайды;

      12) мынадай деректерді жинау мен зерделеуді жүзеге асырады:

      ұшуларды ұйымдастыру туралы;

      экипаж, ұшуларға басшылық жасау тобының (әуе қозғалысын басқару органының) персоналы, жолаушылар туралы, сондай-ақ экипаж мүшелері мен жолаушылардың авиациялық оқиғадан кейінгі жай-күйін зерделейді;

      тасымалданған жүктердің сипаты туралы;

      авиациялық техника туралы;

      метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы;

      әуеайлақ, байланыс және ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары туралы;

      13) іздестіру-құтқару қызметінің іс-қимылдарын зерделейді;

      14) зерттеулер және сараптамалар жүргізу туралы шешім қабылдайды, тексеруге немесе кеңестер өткізуге қатысу үшін белгіленген тәртіппен әскери өкілдіктердің, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және мемлекеттік органдар әскери білім беру мекемелерінің сарапшыларын, мамандарын тартады.

      15) ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарға қажетті зерттеулер жүргізу үшін борттық және жерүсті объективті бақылау құралдарының материалдарын, әуе кемесінің және авиациялық оқиғамен байланысты басқа да объектілердің бөлшектері мен агрегаттарын жіберу туралы шешім қабылдайды;

      16) белгіленген тәртіппен лауазымды адамдардан авиациялық оқиғаға қатысты қажетті құжаттаманы сұратады;

      17) авиациялық оқиғаға қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алады;

      18) авиациялық оқиғаға әкеп соқтырған ерекше жағдайдың туындауына және дамуына әсер еткен кемшіліктер мен олқылықтарды зерделейді;

      19) зерделенген материал, оқиғалар хронологиясы негізінде авиациялық оқиға мән-жайларының себеп-салдарлық байланысын әзірлейді;

      20) Комиссия отырысын тұрақты түрде өткізеді, онда Комиссия мүшелері жүргізген жұмыстың нәтижелері туралы баяндамалар тыңдалады және осыған сәйкес тексеру бойынша одан әрі жұмысты үйлестіреді;

      21) тексерудің толықтығына, уақтылығына, жан-жақтылығына және объективтілігіне және құжаттаманың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

      22) тексеру барысында алынған деректерді талдайды және Комиссияның қорытынды отырысында авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындылар жасайды;

      23) белгіленген мерзімде баяндама және авиациялық оқиғаны тексеру актісін дайындайды;

      24) авиациялық оқиғаның себептері (жанама факторлар) мазмұндалған қорытындыны дайындайды;

      25) авиациялық бөлімнің басшылық құрамымен авиациялық оқиғаның мән-жайларын талқылау жүргізеді;

      26) авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері бойынша осындай авиациялық жағдайларды болдырмауға бағытталған ұсынымдарды әзірлейді;

      27) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тексеру нәтижелері туралы баяндайды;

      28) авиациялық оқиғаның себептерін тексеру мақсатында осы Қағидалардың талаптары көлемінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Комиссия төрағасының нұсқауы бойынша Комиссия төрағасының орынбасары тексеру жоспарына сәйкес оның жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады, ал төраға болмағанда оның міндеттерін орындайды.

      4. Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі кіші комиссияның төрағасы (жұмыс тобының жетекшісі):

      1) Комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес кіші комиссияның (жұмыс тобының) жұмысын ұйымдастырады;

      2) тексерудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді;

      3) кіші комиссияның (жұмыс тобының) жұмысында келісілушілікті және басқа да кіші комиссиялармен (жұмыс топтарымен) бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      4) тексеру барысы туралы Комиссия төрағасына баяндайды;

      5) белгіленген мерзімде жүргізілген зерттеулер туралы есеп беруді ұсынады;

      6) кіші комиссияның (жұмыс тобының) құрамына кіретін мамандарға өкімдер және нұқсаулар береді және олардың орындалуын бақылайды;

      7) Комиссия төрағасы арқылы лауазымды адамдардан тексеруге қатысты қажетті материалдарды сұратады;

      8) сараптау тобының құрамына қажетті мамандарды қосады;

      9) басқа да кіші комиссиялардың мамандары мен сарапшыларын олардың өкілдерімен (жұмыс тобының жетекшілерімен) келісім бойынша кіші комиссияның (жұмыс тобының) жұмысына қатысуға тартады.

      5. Комиссия мүшесі:

      1) Комиссия жұмысының жоспарына сәйкес өз мамандығының бейіні бойынша авиациялық оқиғаның жағдайларын және факторларын толық және объективті түрде зерттеуді жүзеге асырады;

      2) Комиссия (кіші комиссия) төрағасына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы баяндайды және тиісті ұсыныстар енгізеді;

      3) тексеру материалдарын қарауда және авиациялық оқиғаны тексеру актісін талқылауда қатысады;

      4) Комиссия жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді;

      5) мамандар мен сарапшыларды шақырту туралы, тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды сұрату туралы, объектілерді және зерттеу мақсаттарын көрсете отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдарында қосымша зерттеу жүргізу туралы ұсыныстар енгізеді;

      6) авиациялық оқиғаның жағдайын анықтау үшін апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортына кедергісіз өтеді;

      7) авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін, оның құрамдас бөліктерін, осы мүліктің тиесілігіне қарамастан, әуе кемесінің бортындағы мүлікті, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету құралдары мен объектілерін тексереді;

      8) авиациялық оқиғаға қатысы бар немесе қатысы болуы мүмкін авиациялық оқиғалардың куәгерлерінен жауап алады, құқық қорғау органдарынан қажетті ақпарат алады;

      9) авиациялық оқиға болған әуе кемесін әзірлеумен, сынаулармен, шығарумен, пайдаланумен және жөндеумен сондай-ақ авиациялық персонал қатарынан адамдарды дайындаумен, әуе қозғалысын ұйымдастырумен, әуе кемелерінің ұшуларды орындауымен және қамтамасыз етуімен байланысты барлық мәселелерді зерделейді;

      10) авиациялық оқиға болған әуе кемесі экипаж мүшелерінің, сондай-ақ авиациялық персоналдар қатарынан тиісті адамдардың психофизиологиялық жай-күйін зерттеу материалдарын зерделейді.

      6. Маман (сарапшы):

      1) Комиссия төрағасының (кіші комиссия, топ жетекшісі) жұмыс жоспарына және тапсырмасына сәйкес барлық материалдарды объективті түрде зерттеуді жүргізеді;

      2) объектілерді және зерттеулер міндеттерін айқындауға, оларды жүргізу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, сараптауға және зерттеуге шығарылатын мәселелер бойынша ұсыныстар ұсынады;

      3) Комиссия төрағасының (кіші комиссия, топ жетекшісі) өкімдері мен нұсқауларын белгіленген мерзімде орындайды, тексеру нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы дайындайды;

      4) Комиссия төрағасына (кіші комиссия, топ жетекшісі) техникалық тапсырмаларын орындалу нәтижелері туралы есеп беруді уақтылы ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 4-қосымша

Авиациялық оқиғаға тексеру жүргізу үшін авиациялық бөлім
ұсынатын мүлік, керек-жарақтар мен техникалық құралдар тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

20 адамға жиынтықтағы шатыр

дана

1

2.

Әуе кемесінің фрагменттерін орналастыру үшін жиынтықтағы шатыр

дана

1

3.

Қонышы ұзын су өтпейтін аяқ киім

жұп

20

4.

Қорғаныш киімі (күрте, шалбар)

жұп

20

5.

Әртүрлі күректер (қалақ, үшкір)

дана

10

6.

Авиациялық оқиға орнын қоршауға арналған тіреулер

дана

50

7.

Авиациялық оқиға орнын қоршауға арналған сигналдық қызыл-ақ түсті лента

метр

2000

8.

Медициналық дәрі қобдишасы

жиынтық

2

9.

Полиэтилен пакеттер (қаптар), әртүрлі

дана

50

10.

Радиация деңгейін айқындау үшін аспап

жиынтық

1

11.

Слесарьлық құрал-саймандар жиынтығы

жиынтық

2

12.

Жанар-жағармай материалдарының сынамаларын жинау үшін өлшеуіш ыдыс

дана

10

13.

Тексерушілерді тасымалдау үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль, (тікұшақ)

бірлік

1

14.

Жердегі жұмыстарды жүргізуге арналған арнайы техника

бірлік

2-3

15.

Автомобиль краны

бірлік

1

16.

Әуе кемелерінің фрагменттерін тасымалдауға арналған жүк автомобилі

бірлік

1

17.

Жиынтықтағы компьютер

жиынтық

3

18.

А4 монохромды принтер

жиынтық

3

19.

А4 түрлі-түсті принтер

жиынтық

1

20.

Бейнепроектор, экран

жиынтық

1

21.

Цифрлы планшетті сканер

жиынтық

1

22.

Тексеру материалдарына арналған папка (200 парақта)

дана

30

23.

А4 жазу қағазы

орам

10

24.

А4 фотоқағаз

парақ

100

25.

Ірі масштабты оқиға ауданының картасы

дана

1

26.

Ұшақ (тікұшақ) үлгісі

дана

1

Биологиялық қатерден жеке қорғану құралдары:

27.

Латекстен жасалған бір реттік қолғаптар

жұп

20

28.

Жұмыс қолғаптары

жұп

20

29.

Қорғаныш бетпердесі

дана

20

30.

Қорғаныш көзілдірігі

дана

20

31.

Бір реттік пайдаланатын қорғаныш костюмі

дана

20

32.

Бір реттік қорғаныш шұлығы мен етігі

жұп

20

33.

Дезинфекциялауға арналған химиялық заттар

литр

2

34.

Биологиялық қауіп төндіретін қалдықтарға арналған пакеттер

дана

20

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 5-қосымша

      Нысан

Ұшу ақпаратын жинақтағыштарды алып қою және олардың сыртқы
жай-күйі туралы акті

      Мынадай құрамда лауазымды адамдар: ____________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      әуе кемесінің авиациялық оқиғасы орнынан өздігінен жазатын

      құралдың (магнитофонның) (өздігінен жазатын құралдың, магнитофонның

      типі) __________________ контейнерін (құрылымдық элементтерін) тапты.

      (типі, нөмері)

      Жай-күйі (егер олар бар болса, зақымдануын, зауыттық нөмірін,

      пломбалар нөмірін көрсету) __________________________________________

      Өздігінен жазатын құралдың (магнитофонның) контейнері (ақпарат

      тасымалдағышы) авиациялық оқиға орнынан алынды, _____________________

      бедері бар мөрмен пломбаланды және _______________________ берілді.

      Өздігінен жазатын құралдың контейнері

      өткізді:_______________________ қабылдады:_____________________

      (қолы, лауазымы, аты-жөнінің бас әріптері, тегі, күні)

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 6-қосымша

Авиациялық оқиғаға тексеру жүргізу кезінде маманға қажетті
мүлік, техникалық құралдар мен керек-жарақтар тізбесі

Р/с

Атауы

Ескертпе

1.

Кодты құлпы бар кейс


2.

Құжаттамалар (авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі нормативтік құжаттар)


3.

Мақта-мата қолғаптар


4.

Су өтпейтін қолғаптар


5.

Қорғаныш құралдары (респиратор, дәке бетперде, көзілдірік)


6.

Плащ-жамылғы


7.

Әртүрлі бекітпелер


8.

Әртүрлі жаққыштар


9.

Әртүрлі қылшақтар


10.

Су өтпейтін электр шам (басқа киетін)


11.

Өлшегіш өлшеуіш (ұзындығы 20 метр)


12.

Өлшегіш сызғыш (ұзындығы 30 сантиметр)


13.

Флаг-маркер (түсі – қызғылт сары)


14.

Сандық фотоаппарат (бейнекамера)


15.

Дербес тасымалданатын компьютер (ноутбук)


16.

Спутниктік навигатор


17.

Сандық диктофон


18.

Лазерлік қашықтық өлшегіш


19.

Дүрбі


20.

Спутниктік байланыс телефоны


21.

Тасымалданатын ультра қысқа толқынды радиостанциясы


22.

Үлкейткіш линзалары мен жарығы бар арнайы көзілдірік


23.

Қысқыштар жиынтығы (2-3 дана)


24.

Магнитті құбылнама


25.

Тұтқасы бар иілгіш магнит


26.

Әмбебап пышақ


27.

Жарығы бар қарайтын иілгіш айна


28.

8 есе үлкейтетін әйнек (лупа)


29.

Жапсырмалар, байланатын биркалар және өздігінен желімденететін биркалар


30.

Блокнот, қыстырғышы бар жұмыс папкасы


31.

Қаламсаптар, қарындаштар, фломастерлер, суға төзімді маркерлер.


  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 7-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      ____________________________________

      (тексеру актісін бекітетін лауазымды

      адамның лауазымы, әскери атағы,

      аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      20___ жылғы "____" _________________

Авиациялық оқиғаны тексеру актісі

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық оқиғаның түрі, әуе кемесінің типі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық бөлімнің,

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік органның атауы

      _____________________________________________________________________

      (оқиға болған күні, апта күні, тәулік уақыты, оқиға уақыты:

      Астана/Гринвич бойынша)

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық оқиғаның орны, оның географиялық координатталары)

      1. Нақты ақпарат

      1) ұшуды ұйымдастыру туралы деректер.

      Ұшуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың толықтығы мен уақтылығы. Ұшуды ұйымдастырудың нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар.

      2) экипаж туралы деректер:

Р/с

Штаттық лауазымы

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

Сыныптық біліктілік және оның берілген жылы

Экипаж үшін салдар (қаза тапты, жарақаттанды, сау, табылған жоқ)

1.







      Экипаждың кәсіби даярлығына баға беріледі және оның дайындық деңгейінің ұшу тапсырмасына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады.

      3) ұшуды басқаратын адамдар (ұшуға басшылық жасау топтары, ҰҚБ органы) туралы деректер.

Р/с

Штаттық лауазымы

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

Сыныптық біліктілік және оның берілген жылы

Басшылық жасау өтілі және соңғы 12 ай үшін ұшуға басшылық жасау саны

1.







      Ұшуды басқаратын адамдардың кәсіби даярлығына және ерекше жағдайдың туындауы және дамуы кезіндегі олардың іс-қимылдарына баға беріледі.

      4) жолаушылар туралы деректер;

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Әскери қызметке қатыстылығы, лауазымы, жұмыс орны

Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме

Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жарақаттанды, сау, табылған жоқ)

1.






      Аталған адамдарды әуе тасымалдауына рұқсатнаманың негізділігіне баға беріледі.

      5) тасымалданатын жүктердің сипаты туралы деректер

Р/с

Тасымалданатын жүктің атауы

Габариті (м)

Салмағы (кг)

Жүктердің әуе тасымалы кімнің мүддесінде орындалды



ұзындығы

ені

биіктігі



1.





2.





Жүктің жалпы салмағы



Ортаға дәлдеу




      Ұшу салмағының және ортаға дәлдеудің әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады және әуе тасымалына рұқсат берілген жүктердің белгіленген талаптарға сәйкестігіне баға беріледі.

      6) авиациялық техника туралы деректер;

      әуе кемесі туралы деректер: типі, зауыттық нөмірі, жасаушы зауыт, шығарылған күні, пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты, қонулар және жөндеулер саны, соңғы жөндеу күні, одан кейінгі ұшу уақыты мен қонулар саны.

      қозғалтқыш (қозғалтқыштар) туралы деректер: типі, зауыттық нөмірі, жасаушы зауыт, шығарылған күні, пайдаланылғаннан бастап жұмыс істеуі, жөндеулер саны және соңғы жөнделген күні, соңғы жөндеуден кейінгі жұмыс көлемі.

      Әуе кемесін техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігіне баға беріледі.

      7) метеорологиялық және орнитологиялық ақпарат;

      Ұшу және қону әуеайлақтарындағы, ұшу бағыты бойынша және авиациялық оқиға орнындағы ауа райы және нақты метеорологиялық және орнитологиялық жағдайлар туралы деректер келтіріледі.

      Ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етуге қысқаша баға беріледі.

      8) әуеайлақ туралы деректер;

      Әуеайлақ сыныбы және ұшу-қону жолағының сипаттамасы туралы деректер келтіріледі.

      Әуеайлақтың техникалық жай-күйіне және оны пайдалануға қысқаша баға беріледі.

      9) ұшулардың байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары туралы деректер;

      Оның барысында авиациялық оқиға болған әуе кемесінің ұшуы үдерісінде пайдаланылған байланыс, навигация, қону және ҰҚБ құралдары туралы деректер келтіріледі.

      Ұшулардың байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қысқаша баға беріледі.

      10) іздестіру-құтқару қызметінің іс-қимылдары;

      Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын күштер мен құралдардың саны, оларды уақтылы әзірлікке келтіру, іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижелері келтіріледі.

      Өткізілген іздестіру-құтқару жұмыстарына және авиациялық оқиғалардың салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға қысқаша баға беріледі.

      11) экипаж мүшелерінің және жолаушылардың авиациялық оқиғадан кейінгі жай-күйі;

      Әуе кемесінің бортында болған адамдардың қаза табуының себептері белгіленеді. Дене жарақатын алған адамдардың саны көрсетіледі.

      12) басқа да ақпарат;

      Авиациялық оқиғаның мән-жайларын анықтау және осы оқиғаның себептері туралы қорытынды жасау үшін басқа көздерден алынған қажетті барлық нақты ақпарат келтіріледі.

      2. Авиациялық оқиғаның мән-жайлары.

      Оқиғалар хронологиясы сақталып (мүмкіндігінше) мыналар көрсетіледі:

      1) ұшу тапсырмасы, авиация тегінің жауынгерлік дайындық курсы жаттығуының нөмірі (ұшу, оқу-жаттығу ұшу және тағы басқа), кезектілігі бойынша нешінші, ұшу ауысымының қай сағатында және ұшу қандай жағдайларда орындалды;

      2) тәулік уақыты, ұшуға көтерілу уақыты (жергілікті/Астана/Гринвич бойынша) және әуеайлағы;

      3) ерекше жағдай ұшуға көтерілгеннен кейін қанша уақыт өткеннен кейін, қай жерде (оқиға болған пункттің атауы, немесе азимут және оған тән бағдардан арақашықтық), ұшудың қай кезеңінде, кімнің жауапкершілік аймағында, қандай биіктікте және ұшу жылдамдығында, қандай жағдайларда туындады және қалай өрбіді;

      4) ерекше жағдайдағы экипаждың іс-қимылдары, осы іс-қимылдардың ұшу нәтижесіне әсер ету дәрежесі;

      5) ұшулар жетекшісінің (топ командирінің және ұшуды басқаратын басқа да адамдардың) ерекше жағдайдағы іс-қимылдары;

      6) әуе кемесінің құлау (қону) сипаты (әуе кемесінің қалпы, құлау бұрышы, жер (су) үсті және басқа соғылғанға (түйіскенге) дейінгі ұшу траекториясы.);

      7) экипаждың құтқару құралдарын қолдану шарттары (жылдамдық, ұшу биіктігі, әуе кемесінің қалпы, құтқару жүйесі автоматикасының іске қосылуы және т.б.), сондай-ақ құтқару құралдарын қолданбау немесе оларды кеш қолдану себептері;

      8) экипаж мүшелері (жолаушылар) үшін салдар;

      9) әуе кемесі үшін салдар;

      10) авиациялық оқиға орнындағы қоршаған орта үшін салдар.

      3. Авиациялық оқиғаны тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер мен қателіктер, олардың ерекше жағдайдың туындауына, дамуына және ұшу нәтижесіне әсері.

      Ненің, қашан және кімнің бұзғаны туралы көрсете отырып, жүргізілген зерттеулер бағыттары бойынша авиациялық жүйенің жұмысындағы барлық ауытқушылықтар келтіріледі:

      1) ұшуларды ұйымдастыруда;

      2) әуе қозғалысын басқаруда (ұшуларға басшылық жасауда);

      3) экипаж іс-қимылдарында;

      4) ұшуларды қамтамасыз етуде;

      5) авиациялық техниканы жобалауда, жасауда және жөндеуде;

      6) авиациялық техниканы сынауларда және ұшу жұмыстарын регламенттеуде;

      7) ұшуларды қамтамасыз ету құралдарын жобалауда, жасауда және жөндеуде;

      8) басқа да кемшіліктер мен қателіктер көрсетіледі.

      Кемшіліктер мен қателіктердің ерекше оқиғаның туындауына және дамуына және ұшу нәтижелеріне ықпалы туралы қорытындылар.

      4. Қорытынды.

      Авиациялық оқиғаның себептері еркін нысанда мазмұндалады. Себептерді тұжырымдауда оларды екі мағынада түсіну болмауға тиіс.

      5. Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары.

      Тексеру кезінде айқындалған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар келтіріледі.

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Комиссия төрағасының орынбасары

      _____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Комиссия мүшелері _____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      6. Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды.

      Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды Комиссияның авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыларының өзгерістерін негіздеумен сараптамалық қорытындыны ескере отырып тұжырымдалады.

      Комиссияның

      20___жылғы "___" ____________

      отырысында қаралған

      № ____ хаттама

Ұшу кіші комиссиясының тексеруге байланысты өткізілген
жұмыстардың нәтижелері жөніндегі есебі

      __________________________________ұшақтың (тікұшақтың) _____________,

      (авиациялық оқиғаның түрі) (типі)

      болған_______________________________________________________________

      (оқиғаның болған күні және орны)

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық бөлімнің,

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік органның атауы)

      20___жылғы ________ _______ дейінгі кезеңдегі авиациялық оқиғаны тексеру барысында кіші комиссия мыналарды белгіледі:

      1. Ұшуды ұйымдастыру туралы деректер:

      1) ұшуды жасау туралы шешім қабылдау үшін негіздеме (шешімді қабылдау күні, кім қабылдады, қандай мәселелерді шешу үшін, ұшуларды қамтамасыз ететін авиациялық бөлімнің басшылық құрамына, авиациялық бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне тапсырма қашан және қандай нысанда қойылды).

      2) ұшуларды жасау туралы қабылданған шешім негізінде авиациялық бөлім штабы өткізген іс-шаралардың толықтығы (ұшуларға өтінімдер беру уақтылығы және олардың қамтамасыз етілуі, әуе кеңістігін, полигондарды пайдалану жөніндегі ұсыныстар даярлау, жоспарлық кестелерді әзірлеу).

      3) ұшуларды жоспарлау (жоспарланған жаттығулардың ұшуларды жасау ниетіне сәйкестігі, жоспарланған жаттығулардың әдістемелік жүйелілігін сақтау, жауынгерлік даярлық курсы белгілеген авиация тегін сақтау (ұшу даярлығы курсы және т.б.), жоспарланған ұшулардың саны бойынша нормалар және ұшу ауысымындағы экипаждардың ұшу сағаты, қайталанатын ұшуға әуе кемесін дайындау үшін қажетті уақытты сақтау, барлаушы экипаждарды және ауа-райын толық барлаушы экипаждарды, іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарын анықтау, резервтегі әуе кемелерінің болуы, жедел объективті бақылауды жоспарлау, ұшулар нұсқалары бойынша әзірленген кестелер саны және басқа да қажетті деректер);

      4) экипажды ұшуларға даярлау:

      жалпы даярлық: өткізу күні, кім ұйымдастырды және кім өткізді, өткізу толықтығы;

      алдын ала даярлау: өткізген күні, ұшуларға тапсырмаларды кім қойды және олардың толықтығы, дербес даярлықты өткізу сапасы, тренажерларда жаттықтырулар (әуе кемелерінің кабиналарында), ұшуларға дайындықты бақылау;

      ұшу алды даярлығы: медициналық бақылаудан өту, ұшу алды нұсқауларының толықтығы, ұшудың нақты шарттары үшін қажетті есептеулерді орындау, авиациялық техниканы қабылдау, қорғану керек-жарақтарын дайындау және тексеру, алдағы ұшу тапсырмаларына әуе кемесі кабиналарының жұмыс орындарын дайындау және тексеру.

      5) ауа-райын барлау:

      ауа-райына радиолокациялық барлау жүргізудің уақтылығы мен толықтығы;

      ауа-райын әуеде барлау деректері, қауіпті ауа-райы құбылыстарының болуы;

      6) ұшуларды ұйымдастырудың толықтығы және нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар.

      2. Ұшуды ұйымдастыруға, орындауға және оған қызмет көрсетуге қатысатын негізгі адамдар туралы деректер:

      1) авиациялық бөлім командирі туралы деректер:

      әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жалпы және әскери білімі (қашан және қандай оқу орындарын бітірді).

      лауазымға тағайындалған күні;

      негізгі лауазымдарда қызмет өткеру мерзімдері;

      осы бөлімге қашан келді;

      оған бағынысты авиациялық бөлімшеде, бөлімде бұрын авиациялық оқиғалар болды ма, олардың себептері;

      осы авиациялық оқиға сәтінде орналасқан жері мен іс-қимылдары.

      2) экипаж командирі (әкету немесе бақылау ұшуларын орындау жағдайында деректер нұсқаушыға немесе ұшқышқа толтырылады, ал топтық ұшуларды орындау кезінде - егер олардың іс-қимылдары ерекше жағдайдың дамуына және оның нәтижесіне ықпал етсе - жетекшіге және жетектегіге,) және іс-қимылдары ерекше жағдайдың туындауына және дамуына ықпал еткен экипаж мүшелері туралы деректер (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы және жылы, жалпы және әскери білімі, берілген сыныптық біліктілігі, (күні, бұйрық нөмірі, әуе кемесінің қандай типінде), ұшу лауазымдарында қызмет өткеру мерзімдері, берілген әуе кемесінің осы типінде қай уақыттан бастап ұшады, әуе кемесінің осы типінде қайта оқытуды қашан және қайдан өтті).

      3) қоса берілген кестеге сәйкес ұшу сағаты туралы деректер (жауынгерлік және оқу-жаттығу жауынгерлік әуе кемелері үшін бөлек):

Әуе кемесінің үлгісі

Ұшу сағаты

Қону жүйесін қолданумен қонулар (қонуға кірулер) саны

Жалпы

Күндіз

Соның ішінде

Түнде

Соның ішінде

күндіз

түнде

Бұлыңғыр күндері

Күрделі метеожағдайларда

Бұлттарда

Теңіз үстінде

Бұлыңғыр күндері

Күрделі метеожағдайларда

Бұлттарда

Теңіз үстінде

Барлығы

Белгіленген ауа-райы минимумы кезінде

Барлығы

Белгіленген ауа-райы минимумы кезінде

1.














































2.















































      Барлығы шабуыл:

      соның ішінде соңғы 12 айда____________;

      соңғы 5 жылда жылдар бойынша жалпы ұшу сағаты_________________;

      4) соңғы 12 айда ұшуларда жаттыққандық туралы деректер (айлар бойыша бөле отырып):

Күні, метеожағдай,

ұшуды шартты белгілеу,

жаттығу нөмірі




Ұшу (сағ. мин.):

күндіз,

түнде,

барлығы,

соның ішінде жаттықтырулық





      5) тренаж өткізу туралы деректер:

Тренажерда

Әуе кемесінің кабинасында

Жалпы ұшу сағаты

(сағат, мин.)

Ұшулар саны

Авиациялық оқиғамен байланысты ерекше жағдай бойынша (саны, соңғы тренаж күні)

Ерекше жағдай бойынша соңғы тренаж

Ұшудағы ерекше жағдай бойынша

(саны)

Авиациялық оқиғамен байланысты ерекше жағдай бойынша (саны, соңғы тренаж күні)

Экипаждың ұшуларға басшылық жасау топтарымен қарым-қатынасын пысықтау бойынша (саны, соңғы тренаж күні)









      6) соңғы 12 айда ұшуларда тексерудің белгіленген барынша аз мерзімдерін сақтау туралы деректер (жауынгерлік курсына (ұшу, оқу-жаттығу ұшу) сәйкес авиация тегін даярлау, күні, тәулік уақыты, метеорологиялық жағдай, тексеруді кім жүзеге асырды, бағасы):

      ұшуды басқару техникасы бойынша;

      жауынгерлік қолдану бойынша;

      әуе навигациясы бойынша;

      нұсқаушы үшін - сынақ-әдістемелік ұшулар;

      жетекші (жетектегі) үшін – саппен ұшуды басқару техникасын тексеру үшін бақылау ұшулары;

      7) парашюттік даярлық туралы деректер:

      парашюттен оқу-жаттығу жаттықтыру секірулері: саны (жалпы/соңғы 12 айда), соңғы секіру күні;

      жердегі катапульттеу: саны, соңғы жаттықтыру күні;

      арнайы тренажерлардағы тренаж: тренажер түрі, жаттықтырулар саны, соңғы тренаж күні;

      құтқару құралдарын пайдалану бойынша кешенді тренаж: тренаж түрі, саны, соңғы тренаж күні.

      8) оның кезінде авиациялық оқиға болған ұшу даярлығы түрі бойынша ұшулардағы үзілістерден кейін қатарға қосу әдістемесін сақтау туралы деректер (соңғы 12 ай үшін);

      9) нормативтік құқықтық актілердің, құжаттардың және әдістемелік құралдардың талаптарына сәйкес ұшуларға даярлық жөніндегі деректер. Экипаждың ұшуға дайындығын қашан және кім бақылады;

      10) ұшуға тапсырмаларды орындау толықтығы, ұшуды басқару техникасының және авиациялық техниканы пайдаланудың ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық (экипажға нұсқаулық) және алдыңғы 10 ұшуда объективті бақылаудың борттық және жерүсті құралдарының деректері бойынша авиация тегін жауынгерлік даярлау курсы нормативтері талаптарынан ауытқушылықтар туралы деректер;

      11) соңғы 12 айда мыналардың болуы:

      авиациялық оқиғалар, олардың себептері;

      авиациялық инциденттер, олардың себептері;

      тәртіптік жазалар, қандай және не үшін.

      Отбасылық жағдайы, балаларының саны, олардың жасы.

      Тұрғын-үй жағдайы.

      Дәрігерлік-ұшу комиссиясы және соңғы кезеңдік тексеру күні және қорытындысы. Комиссия аралық кезеңдегі науқастанулары.

      Ұшу алды медициналық бақылау нәтижелері: өткізу күні, тамыр соғысы, қан қысымы, температурасы, ұшуларға жіберу туралы қорытынды.

      12) кезекті демалыстың және соңғы екі жылдағы профилактикалық демалыстың уақыты мен өткізу орны туралы деректер.

      Денсаулық жағдайының және ұшу қарсаңында және ұшулар күнгі эмоционалдық жай-күйі, еңбек және демалыс режімі, ұшу жүктемесінің денсаулық және жеке төзімділік жай-күйіне сәйкестігі, жеке тұлғаға тән ерекшеліктер.

      Қысқаша ұшу мінездемесі.

      Ұшу даярлығы деңгейі туралы қысқаша қорытындылар және оның ұшу тапсырмаларына сәйкестігі.

      13) ұшуларға басшылық жасау топтарының персоналы туралы деректер (ұшулар жетекшісі туралы – барлық жағдайларда, басқалар туралы – егер олардың іс-қимылдары ерекше жағдайдың туындауына және дамуына ықпал еткен жағдайда):

      лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныптық біліктілігі (оны беру туралы бұйрықтың нөмірі және күні);

      білімі (қашан және не бітірді);

      негізгі лауазымдарда қызмет өткеру мерзімдері;

      ұшу жұмысын қашан аяқтады (жылы және әуе кемесінің қандай типінде);

      ұшуларға басшылық жасауға даярлықты қашан және қайда өтті;

      ұшуларға басшылық жасауға кім, қашан және қандай рұқсатнама берді (қандай құраммен, қандай метеожағдайда, күндіз, түнде);

      соңғы 12 ай үшін ұшуларға басшылық жасау практикасын қашан және кім, қандай жағдайларда тексерді, тексеру толықтығы мен оның сапасы;

      командир (бастық) белгілеген ұшуларға басшылық жасауда рұқсат етілетін үзілістер;

      ұшуларға басшылық жасауда рұқсат етілгеннен асатын үзілістер кезінде қалай қатарға қосылды;

      соңғы 12 айда ұшуларға басшылық жасау жиілігі (айлар бойынша):

Ай

Күні

Күн/түн

Метеожағдай

Әуе кемелерінің саны







      ұшуларға басшылық жасауға даярлық: кім және қашан міндет қойды, даярлықты ұйымдастырды және бақылауды жүзеге асырды;

      ұшулар жетекшісінің тұрған орны және оның ұшуларда ерекше жағдай туындаған сәттегі іс-қимылдары;

      бұдан бұрын ұшуларды басқару кезінде авиациялық инциденттерге жол берді ме, олардың себептері;

      өткен кезеңде ұшуларға басшылық жасау кезінде авиациялық оқиғалар болды ма, олардың себептері;

      ұшуларға басшылық жасау алдында медициналық тексеру деректері (тамыр соғысы, қан қысымы, температурасы, ұшуларға басшылық жасауға жіберу туралы қорытынды);

      ұшу қарсаңында және ұшу күні денсаулық жағдайының және эмоционалдық жай-күйінің қысқаша сипаттамасы, еңбек және демалыс режімі;

      кәсіби даярлық деңгейі туралы қысқаша қорытындылар.

      3. Нақты ақпарат:

      1) ұшу тапсырмасының мазмұны, оның экипажды даярлау деңгейіне және ұшуларды орындау шарттарына сәйкестігі;

      2) ерекше жағдай туындаған кезеңде ұшулар ауданындағы әуе және навигациялық жағдай;

      3) ұшуда ерекше жағдай туындаған кезеңде нақты метеорологиялық, гидрологиялық және орнитологиялық (қажет кезде) жағдай;

      4) қолда бар ұшулардың байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары және оның уақытында авиациялық оқиға болған ұшулар үдерісінде пайдаланылған құралдар туралы деректер;

      5) ерекше жағдайдың туындау және даму сипаты.

      Ұшу жағдайының күрделенуі сипаттамасы. Олардың күрделі жағдайға айналуына қандай факторлар әсер етті (күрделенген жағдай ұшуға көтерілуден кейін қандай уақытта, ұшудың қандай кезеңінде, әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).

      Күрделі жағдай сипаттамасы. Оның авариялық жағдайға айналуына қандай факторлар әсер етті (пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде, әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде, осындай жағдайда экипаждың, ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).

      Авариялық жағдай сипаттамасы. Оның өрбу сипаттамасы (пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде және әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).

      Апатты жағдайдың сипаттамасы. Пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде және әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады.

      6) ұшудың аяқталуы:

      экипаж үшін салдар (кімнің қаза тапқаны, жараланғаны, табылмағаны, сау екені көрсетіледі, немен расталады);

      жолаушылар үшін салдар (қаза тапқандар, жараланғандар, табылмағандар, саулар саны көрсетіледі, немен расталады);

      әуе кемесі үшін салдар (қирау, зақымдану дәрежесі, немен расталады);

      қоршаған орта үшін салдар (авиациялық оқиға орнында қаза тапқандар, жараланғандар саны, құрылысқа, орман алабына, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге, су тоғандарына және басқа да объектілерге келтірілген залал, немен расталады).

      7) объективті бақылау құралдарын талдау:

      кеңістіктегі әуе кемесі қозғалысының траекториясын және экипаждың басқару органдарымен іс-қимылдарын сипаттайтын тіркелетін параметрлердің шифрларын ашу нәтижелері;

      басқару пункттерімен радиоалмасу магнитофондық жазбаларының шифрларын ашу нәтижелері (хронологиялық жүйелікте ұшуда ерекше жағдайдың туындауын және дамуын растайтын сөздер көрсетіледі);

      экипаж мүшелерінің сөйлесулерін магнитофондық жазбасының шифрларын ашу нәтижелері (хронологиялық жүйелікте ұшуда ерекше жағдайдың туындауын және дамуын растайтын сөздер көрсетіледі);

      радиолокациялық құралдар индикаторлары экрандарының фототүсірулерінің шифларын ашу нәтижелері (уақыт, азимуттар, радиолокациялық станциялар экрандарында белгілердің жоғалып кетуіне дейін әуе кемесінің орналасу қашықтығы);

      әуе кемесінің авариялық ұшуларын растайтын басқа да құралдардың шифрларын ашу нәтижелері.

      Объективті бақылау материалдарын талдаудан шығатын қорытындылар.

      4. Авиациялық оқиғаны тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер, және олардың авариялық жағдайдың туындауына, дамуына және ұшудың нәтижесіне әсері.

      Жүргізілген зерттеулер бағыттары бойынша авиациялық персоналдың жұмыс істеуіндегі барлық ауытқулар нені және кімнің бұзуы фактілері тізбесімен бірге көрсетіледі:

      ұшуларды ұйымдастыруда;

      әуе қозғалысына қызмет көрсетуде (ұшуларды басқаруда);

      экипаж іс-қимылдарында;

      ұшуларды қамтамасыз етуде;

      ұшу жұмысын регламенттеуде;

      басқа да ауытқуларда.

      Ерекше жағдайдың туындауына және дамуына әкеп соқтырған кемшіліктер талдауынан шығатын қорытындылар.

      5. Қорытынды.

      Өткізілген зерттеулер негізінде және олардың нәтижелері талдауынан ұшу кіші комиссиясы мүшелерінің пікірі бойынша авиациялық оқиғамен себепті байланыстағы қауіпті факторлар туралы қорытындылар жасалады, немесе авиациялық оқиға себебі ұшу факторларымен байланысты еместігі көрсетіледі.

      6. Тексеру кезінде айқындалған қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсынымдар.

      Тексеру кезінде айқындалған қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсынымдар келтіріледі.

      Кіші комиссия төрағасы ________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Кіші комиссия мүшелері ________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Есепке қосымшалар:

      Ұшулардың жоспарлы кестесінен үзінді-көшірме (көшірме).

      Кіші комиссия жұмыс топтарының материалдары.

      Өзінің растауын таппаған авиациялық оқиға нұсқаларын сипаттау.

      Ұшуларды ұйымдастыруға, оларға қызмет көрсетуге және орындауға қатысқан лауазымды адамдардың баянаттары.

      Комиссияның

      20___жылғы "___" ____________

      отырысында қаралған

      № ____ хаттама

Инженерлік-техникалық кіші комиссияның тексеруге байланысты
өткізілген жұмыстарының нәтижелері туралы есебі

      _________________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _______,

      (авиациялық оқиғаның түрі) (типі)

      болған_________________________________________________________

      (оқиғаның болған күні және орны)

      _______________________________________________________________

      (авиациялық бөлімнің,

      _______________________________________________________________

      мемлекеттік органның атауы)

      20___жылғы _____________-дан _____________ дейін кезеңде авиациялық оқиғаны тексеру барысында кіші комиссия мыналарды анықтады:

      1. Авиациялық техника туралы деректер

      1. _________әуе кемесін ____________________ кәсіпорны 20___ж. "______" ________________________ __________жыл ішінде ресурсын _______________сағ., бірінші жөндеуге дейін ресурсын ____________ сағ, қызмет мерзімін___________жыл деп белгілеп шығарған.

      Кепілдік берілген ресурс ____________жылда _______________сағ.

      Пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты_____ сағ.____ мин., қонулар _____.

      20____жылғы "_____" ___________________ ______________ әскери бөлімінде пайдалану үшін алынды.

      20___ж. "____"___________белгіленген ресурс (қызмет мерзімі) ______сағ.,__________жыл дейін ұзартылды.

      20___жылғы "____"___________ ______________________________ негізінде ресурс бірінші жөндеуге дейін ____cағ. дейін ұзартылды.

      Әуе кемесі мынадай жөндеулерден өтті:

Жөндеудің реттік нөмірі

Жөндеу көлемі

Жөндеу күні

Кім жүргізді және жөндеу жүргізген орын

Пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты

Жөндеуден кейінгі ұшу уақыты

Жөндеуден кейінгі белгіленген ресурс









      Соңғы жөндеуден кейінгі ұшу уақыты _______сағ. қонулар__________.

      Кезекті жөндеуге дейін ресурс (қызмет мерзімі) қалдығы____сағ., ____жыл.

      2) қозғалтқыш бойынша мәліметтер:

Күш қондырғылары бойынша мәлімет

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

Типі





Зауыттық нөмірі





Жасаушы зауыт





Шығарылған күні





Ұшаққа орнатылған күні





Белгіленген ресурс





Жөндеуаралық ресурс





Кепілдік ресурс





Пайдаланылғаннан бастап жұмыс істеуі





Жылукернеулі режімдерде:

ұшуға көтерілу, атаулы





Жөндеулерден өтті:





Реттік нөмірі





Жөндеу себебі және көлемі





Күні





Жөндеу орны





Реттік нөмірі





Жөндеу себебі және көлемі





Күні





Жөндеу орны





Соңғы жөндеуден кейін жөндеуаралық ресурс белгіленді





Соңғы жөндеуден кейін кепілдік ресурс белгіленді





Соңғы жөндеуден кейінгі жұмыс істеуі

әуеде

жерде

барлығы





Жылукернеулі режімдерде:

ұшуға көтерілу, атаулы





Жөндеуаралық ресурс қалдығы











      Ұшуды орындау үшін әуе кемесі ресурсының (қызмет мерзімінің) жеткіліктілігі туралы қорытынды.

      2. Әуе кемесін дайындауға қатысатын инженерлік-техникалық құрам туралы деректер.

      Техникалық есеп құрамы:

Р/с


Штаттық лауазымы

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы

Сыныптылық

Бұйрық нөмірі мен осы типтегі әуе кемесіне қызмет көрсетуге рұқсатнама берілген күні

Атқаратын лауазымдағы жұмыс өтілі

1.








      Әуе кемесін ұшуға дайындау үшін техникалық есептоп күштерінің жеткіліктілігі туралы қорытындылар. Мамандардың жұмыстарды орындауға әзірлігін бағалау. Авиациялық техникада өздігінен жұмысқа авиациялық персоналды жіберу бойынша кемшіліктер, қателіктер.

      3. Әуе кемесінде өткізілетін жұмыстар туралы деректер

      1) ұшуларға дайындық:

Ұшуларға дайындық түрі

Дайындық күні, дайындықтың басталу және аяқталу уақыты

Дайындықты өткізу орны

Әскери атағы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері

Дайындықты орындайтын мамандар

Дайындықты бақылайтын мамандар

Ұшудан кейінгі дайындық





Алдын ала дайындық





Ұшу алды дайындығы





Қайталап ұшуға дайындық






      Әуе кемесін ұшуға дайындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар.

      2) кезеңдік жұмыстар: орындау күні, жұмыс түрлері.

      Кезеңдік жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар.

      3) регламенттік жұмыстар: 20___ж. "____" _____________ пайдаланылғаннан бастап әуе кемесінің ұшу уақыты______сағ. кезінде, соңғы жөндеуден кейін ______сағ, алдыңғы _______ регламенттік жұмыстарды орындаудан кейін (соңғы 24 айлық регламенттік жұмыстардан кейін _____ айдан соң) ______сағ. (ай) соң әуе кемесінде _______регламенттік жұмыстар орындалды.

      Соңғы регламенттік жұмыстар орындалғанан кейін ұшу уақыты ______ сағ., күнтізбелік мерзім ________ай.

      Соңғы регламенттік жұмыстардан кейін қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) жұмыс істеуі _____сағ.

      Регламенттік жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      4) мақсатты қарап тексерулер мен тексерулер: орындалған күні, қарап тексерулер мен тексерулер түрлері.

      Авиациялық техниканы пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулардың, директивалар мен өкімдердің орындалу толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар.

      5) жазғы (қысқы) пайдалануға дайындық: 20____ж. "____"____________ бастап 20____ж. "____"______________ дейінгі кезеңде әуе кемесінде оны жазғы (қысқы) пайдалануға дайындау бойынша жұмыстар тізбесі орындалған болатын.

      Әуе кемесін жазғы (қысқы) пайдалануға дайындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, қателіктер.

      6) сақтау кезіндегі жұмыстар (ұшуларда ұзақ үзілістер кезінде): жұмыстарды орындау түрлері мен мерзімдері.

      Оны сақтау кезіндегі әуе кемесінде жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар.

      7) әскери жөндеу: әскери жөндеу қашан, қайда, қандай көлемде орындалды. Жөндеу себебі, зақымдалу сипаты. Әскери жөндеу орындалғаннан кейінгі ұшу уақыты.

      Жөндеу сапасы және әуе кемесін жөндеуден кейін ұшуда пайдалануға жіберу заңдылығы туралы қорытындылар, кемшіліктер, қателіктер.

      8) бюллетеньдер бойынша жұмыстар: жұмыстардың орындалу тізбесі мен мерзімдері.

      Әуе кемесінде бюллетеньдер бойынша жұмыстардың орындалу уақтылығы, толықтығы және сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар.

      9) әуе кемесінің айналып ұшулары: талап етілетін әуе кемесінің айналып ұшулары қашан, қайда жүргізілді. Айналып ұшу себептері.

      Айналып ұшуларды жүргізу толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар. Әуе кемесін одан әрі пайдалануға жіберу негізділігі, кемшіліктер, бұзушылықтар.

      10) әуе кемесінің және қозғалтқыштардың ресурсын ұзарту бойынша жұмыстар: орындау үшін негіздемелерді, орындалу күнін көрсету.

      Жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар.

      11) парктік күн: соңғы парктік күнді өткізу күні.

      Жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар.

      12) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету толықтығы мен сапасы туралы қорытынды.

      4. Авиациялық оқиға болғанға дейін оны пайдалану кезеңінде авиациялық техниканың жай-күйі:

      1) соңғы 12 айда айлар бойынша әуе кемесінің ұшу уақыты.

      2) соңғы 12 айда әуе кемесінің ақаусыздығын бағалау: авиациялық инциденттер және әуеде істен шығулар, авиациялық инциденттердің және істен шығулардың күні мен жағдайы, істен шығуларды жою күні мен әдістері.

      3) әуе кемесін жерде және әуеде пайдалану, сұрыпталмаған ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын, жанар-жағар май материалдарын, арнайы сұйықтықтарды, газдарды және оқ-дәрілерді қолдану қағидаларын бұзу жағдайлары, агрегаттарды, жабдықтарды белгіленген ресурстар, қызмет мерзімдері шегінен тыс пайдалану (соңғы 12 айға көрсетіледі).

      Әуе кемесі жүйесінің жұмыс қабілеттілігі туралы қорытындылар және соңғы 12 айда оны пайдалану.

      4) авиациялық оқиғаның алдындағы 10 ұшуда ұшу параметрлерін тіркеудің борттық құрылғылары материалдары бойынша әуе кемесі жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін бағалау.

      5) осы ұшу күні әуе кемесі ұшуларының саны мен ұзақтығы. Ұшу ауысымының алдыңғы ұшуларындағы әуе кемесі жүйелерінің жұмысы бойынша ескертулер.

      6) әуе кемесінің жүйесіне жанар-жағармай материалдарын, газдарды, арнайы сұйықтықтарды құю (толтырып құю), атауы мен санын көрсете отырып, ұшу алдында оқ-дәрілерді зарядтау (аспа) туралы деректер. Ұшаққа құйылған жанар-жағар май материалдарының, газдардың, арнайы сұйықтықтардың бақылау сынамасының зертханалық талдаулары нәтижелері, зарядталған (ілінген) оқ-дәрілердің паспорттық деректері;

      7) ұшулық деректерді тіркеудің борттық құралдары материалдары бойынша соңғы ұшуда әуе кемесі жүйесінің жұмыс қабілеттілігін бағалау. Авиациялық техниканың істен шығу белгілерінің болуы, экипаждың белгіленген тәртіпті және авиациялық техниканы пайдалану қағидаларын бұзуы кезінде әуе кемесі жүйесінің жұмысын және экипаж іс-қимылын нақты талдау;

      8) әуе кемесі жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі және оны соңғы ұшуда пайдалану туралы қорытынды.

      5. Әуе кемесінің авиациялық оқиғадан кейінгі жай-күйі.

      Планердің және оның жүйелерінің, қозғалтқыштардың, агрегаттар мен авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтардың коммуникацияларының, авиациялық қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, құтқару құралдарының, оларды бекітудің және біріктірудің жай-күйі, тұтқалардың, крандардың, штурвалдардың, ауыстырып қосқыштардың және әуе кемесін басқарудың басқа да агрегаттарының орналасуы, басқару бетінің орналасуы және аспаптар көрсеткіштері сипатталады.

      Әуе кемесінің конфигурациясы, оның қирауы сәтінде сыртқы аспалардың болуы анықталады. Авиациялық техниканың ұшудағы жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын белгілер көрсетіледі. Әсіресе авиациялық оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін авиациялық техника ақаулары (зақымдалулар) егжей-тегжейлі сипатталады.

      Авиациялық оқиғадан кейін жанар-жағар май материалдарының, газдардың, арнайы сұйықтықтардың және оқ-дәрілердің болуы, олардың сәйкестігі (сынамалар санын және олардың мөлшерін, қандай жүйелерден алынғанын көрсету) анықталады. Олардың болмауы жағдайында әуе кемесі жүйесіне май құю жүргізілген май құю құралдарынан іріктелген сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері жанар-жағар май материалдарының, газдардың және арнаулы сұйықтықтардың техникалық шарттарға сәйкестігі бағаланады. Авиациялық зақымдау құралдарының сәйкестігі паспорттық деректер және оларды сақтау және пайдалануға дайындау шарттарын тексеру нәтижелері бойынша бағаланады.

      6. Соңғы ұшуда әуе кемесі жүйесінің жұмыс қабілеттілігін бағалау бойынша зерттеу.

      Авариялық әуе кемесінде кіші комиссия жүргізген зерттеулер сипатталады. Зерттеулер нәтижелері, пысықтауға қабылданған авиациялық оқиға нұсқаларын және әрбір нұсқа бойынша кіші комиссияның жұмыс нәтижелері, авиациялық техниканың істен шығуларының сесбеп-салдарлық байланыстары схемасы, істен шыққан жүйенің құрылымдық-фунционалдық схемасы (егер әуе кемесінің соңғы ұшуында оның істен шығуы болса).

      Ұшатын ғылыми-зерттеу зертханасы қандай зерттеулер жүргізді. Зерттеулер қорытындылары.

      Ғылыми-зерттеу ұйымдарына не және қашан зерттеуге жіберілді. Зерттеу нәтижелері.

      Әуе кемесі жүйелерінің істен шығуының немесе ақауының себебі, ол неге әкеп соқтырды (әкеп соқтыруы мүмкін) және бұл немен расталады.

      Ұшуда істен шыққан агрегаттар бойынша деректер (осы есептің 1-бөлімінің талаптарына сәйкес көрсету).

      Авиациялық оқиғаны тексеру барысында белгіленген әуе кемесінің құрылымындағы, оны жасаудағы, пайдаланудағы және жөндеудегі барлық кемшіліктерді, сондай-ақ ұшуларды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді талдау (кемшіліктерді және олардың істен шығу себебіне ықпал ету дәрежесін көрсету).

      7. Қорытынды.

      Жүргізілген зерттеулердің және олардың нәтижелерінің талдауы негізінде инженерлік-техникалық кіші комиссия мүшелерінің пікірі бойынша авиациялық оқиғамен себепті байланыста болған авиациялық техниканың әуеде істен шығуларымен байланысты қауіпті факторлар туралы қорытынды жасалады, немесе авиациялық оқиғаның себебі авиациялық техниканың істен шығуымен байланысты емес екені көрсетіледі.

      8. Ұсынымдар.

      Белгіленген себептер және тексеру барысында анықталған қауіпті факторлар бойынша авиациялық өнеркәсіп, ғылыми-зерттеу ұйымдары, пайдаланушылар мен жөндеу кәсіпорындары үшін авиациялық оқиғаларды болдырмау жөнінде ұсынымдар мазмұндалады.

      Кіші комиссия төрағасы_________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Кіші комиссия мүшелері_________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      9. Ғылыми-зерттеу ұйымдарында авариялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.

      Авариялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды келтіріледі, оған кім және қашан қол қойды (комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды алған жағдайда толтырылады).

      Есепке қосымша:

      Жұмыс топтарының есептері.

      Әуе кемесін ұшуға дайындауға қатысатын лауазымды адамдардың баянаттары, авиациялық оқиға куәгерлерінің жазбаша көрсетулері.

      Әуе кемесін ұшуға дайындауды жүргізу және пайдалану кезінде пайдаланылған жанар-жағар май материалдары, авиациялық-техникалық мүлік, әскери жарақтандыру қоймаларын, зарядтық-аккумуляторлық станцияны, ұшуларды қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын тексеру актілері.

      Ұшатын ғылыми-зерттеу зертханасында зерттеу жүргізуге тапсырмалар.

      Ғылыми-зерттеу ұйымдарында зерттеу жүргізуге тапсырмалар.

      Комиссияның

      20___жылғы "___" ____________

      отырысында қаралды

      № ____ хаттама

Әкімшілік-штабтық кіші комиссияның тексеруге байланысты
жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша есебі

      ____________________________ұшақтың (тікұшақтың)______________,

      (авиациялық оқиғаның түрі) (типі)

      болған_________________________________________________________

      (оқиғаның болған күні және орны)

      _______________________________________________________________

      (авиациялық бөлімнің,

      _______________________________________________________________

      мемлекеттік органның атауы)

      20___жылғы _________-дан __________ кезеңінде авиациялық оқиғаны тексеру барысында кіші комиссия мыналарды анықтады:

      1. Әуе тасымалдауын ұйымдастыру

      1) жолаушылар туралы деректер:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Әскери қызметке қатысы. Лауазымы, жұмыс орны

Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме

Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жараланды, сау, табылмады)

1.






      тасымалдау құжаттарының болуы, олардың атауы, толтыру күні;

      жолаушылар санының осы әуе кемесінде адамдарды тасымалдауға рұқсат берілген жолаушылар санына сәйкестігі;

      тасымалдауға мәлімделінген жолаушылардың жолжүгінің және қол жүгінің салмағы;

      әуе кемесінің бортына жолаушыларды, жолжүкті және қол жүкті орналастыру.

      2) тасымалданатын жүктердің сипаты туралы деректер.

Р/с


Тасымалданатын жүктің атауы

Габариттері (м)

Салмақ (кг)

Жүктерді әуеде тасымалдау кімнің мүддесінде орындалды

ұзындығы

ені

биіктігі

1.







Жүктің жалпы салмағы



Ортаға дәлдеу




      әуе кемесінің бортына жүктерді орналастыру, оны бекіту әдісі.

      жалпы жүктеме (сондай-ақ шектеулі жол берілетін жүктемені көрсету).

      әуе кемесін ортаға дәлдеу.

      авиациялық оқиға орнында тасымалданатын жүктің жай-күйі (сынды, жанып кетті, жанар-жағар маймен бүлінді, табылмады және т.б.).

      3) әуе тасымалын ұйымдастыру туралы қысқаша қорытынды.

      2. Іздестіру-құтқару жұмыстары

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Әскери қызметке қатысы. Лауазымы, жұмыс орны

Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме

Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жараланды, сау, табылмады)

1.






      1) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кұштер мен құралдардың құрамы;

      2) авиациялық оқиға туралы іздестіру-құтқару күштері кезекшілеріне хабарлау уақыты;

      3) әуе кемесін іздестіруді бастау уақыты және оны табу уақыты;

      4) іздестіруді қысқаша сипаттау: іздестіру ауданының шекаралары, іздестіру уақыты, іздестіру биіктігі, іздестіру нәтижелері;

      5) жерүсті іздестіру-құтқару командаларына хабарлау және олардың жиыны уақыты және авиациялық оқиға орнына келу уақыты;

      6) авиациялық оқиға орнынан әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерін эвакуациялау уақыты мен тәсілдері. Зардап шеккендерді емдеу мекемесіне (қандай көрсетілсін) жеткізу уақыты;

      7) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авиациялық оқиға болған әуе кемесі экипажы мүшелерінің іс-қимылдары;

      8) өрт сөндіру үшін тартылған кұштер мен құралдар, оны жоюға кеткен уақыт;

      9) объективті бақылаудың борттық құралдарын іздеу нәтижелері;

      10) авиациялық оқиға орнын күзету үшін қабылданған шаралар (қандай күштермен, кім, күзетуді бастау және аяқтау уақыты);

      11) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі метеожағдайлар;

      12) жерүсті іздестіру-құтқару командалары келгенге дейін авиациялық оқиға орнынан эвакуацияланған әуе кемесі жолаушыларының және экипажы мүшелерінің қаза тапқандарының және дене жарақатын алғандарының саны;

      13) жерүсті іздестіру-құтқару командаларының авиациялық оқиға орнынан эвакуациялаған әуе кемесі жолаушыларының және экипажы мүшелерінің саны;

      14) қаза тапқандардың жеке басын анықтау;

      15) патологоанатомиялық зерттеу үшін қаза тапқандардың мәйіті жіберілген мекеме;

      16) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қысқаша бағалау.

      3. Авиациялық оқиға куәгерлерінен сұрау деректері.

      Анықталған және сұрау жүргізілген адамдардың тізімі.

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Сұрау жүргізу күні

Авиациялық оқиға сәтінде адамның тұрған орны

Тұрғылықты орны

1.






      Сауал жүргізілген адамдардың жауаптарын жинақтаудан туындайтын деректер.

      4. Әуеайлақ туралы деректер.

      Әуеайлақ сыныбы, ұшу-қону жолағының сипаттамалары, жабын жай-күйі, әуеайлақ ауданында және әуеден қонуға кіру жолағында жасанды және табиғи кедергілердің болуы.

      Әуеайлақты техникалық пайдалануға қысқаша баға беріледі.

      5. Авиациялық оқиға орнынан авариялық әуе кемесін эвакуациялау туралы деректер.

      Авиациялық оқиға орнынан радиоактивтік элементтерді алу және оқ-дәрілерді залалсыздандыру бойынша жүргізілген жұмыстар: күні, тартылған күштер мен құралдар.

      Әуе кемесін авиациялық оқиға орнынан эвакуациялау бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні, бұл жұмыстарды жүргізу үшін тартылған күштер мен құралдар.

      Авариялық әуе кемесін жеткізу орны.

      6. Авиациялық оқиғаға қатысты құжаттарды, материалдарды алу туралы деректер.

      Алынған және комиссияға берілген құжаттар тізбесі.

      Комиссияның қосымша сұрау салған құжаттарының атаулары.

      Комиссия үшін қажетті авиациялық оқиғаға қатысты материалдардың сақталуы.

      7. Авиациялық оқиғадан келген экономикалық шығынды бағалау.

      Жоғалған авиациялық техника құны ___________(мың теңге).

      Жоғалған жүктердің құны___________(мың теңге).

      Авиациялық оқиғаға тексеру жүргізуге шығындар________ (мың теңге).

      Тексеруге ұшатын зертхана мамандарын тартуға шығындар____ (мың теңге).

      8. Авиациялық оқиғаларды тексеру кезінде анықталған кемшіліктер.

      Жолаушыларды және жүктерді әуеде тасымалдауды ұйымдастырудағы кемшіліктер.

      Іздестіру-құтқару және эвакуациялық жұмыстарды жүргізудегі кемшіліктер.

      9. Қорытынды.

      Әуе тасымалын ұйымдастыруда лауазымды адамдардың іс-қимылдарына, жүктеме нормаларын және ортаға дәлдеуді сақтауға, жолаушылар мен жүктерге тасымалдау құжаттарын ресімдеуге, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігіне баға беріледі. Егер олар әуе тасымалын ұйымдастырудағы және орындаудағы кемшіліктермен байланысты болса, авиациялық оқиға себептері көрсетіледі.

      10. Ұсынымдар.

      Анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар келтіріледі.

      Кіші комиссия төрағасы_________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Кіші комиссия мүшелері_________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Есепке қосымшалар:

      Әуе тасымалымен байланысты тасымалдау құжаттарының, шарттардың және басқа да материалдардың көшірмелері.

      Кіші комиссия жұмыс топтарының материалдары.

      Жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша есеп.

      Өзінің растауын таппаған әуе тасымалымен байланысты авиациялық оқиға нұсқаларының сипаттамасы.

      Экономикалық залал бағасын есептеу материалдары.

      Әуе тасымалын ұйымдастыруға, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға және орындауға қатысқан лауазымды адамдардың баянаттары, аивициялық оқиға куәгерлерінің куәлік етуі.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 8-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған
авиациялық оқиғаны тексеру ісі

      ________________________________________________________ болған

      (оқиғаның болған күні және орны)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (экипаж командирінің лауазымы, сыныбы, әскери атағы, Т.А.Ә.)

      басқарған ___________________________ ұшағының (тікұшағының) _______.

      (авиациялық оқиға түрі) (типі)

      Тексеру _________ № ___ _____________________________________________

      (күні) (комиссия тағайындаған лауазымды адам)

      құрамында:

      төраға ________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)

      төраға

      орынбасары ____________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)

      комиссия мүшелері _____________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)

      Комиссия жұмысының мерзімдері:

      басталуы ______________________________________________________

      (авиациялық оқиға болған күні)

      аяқталуы ______________________________________________________

      (тексеру актісіне қол қойылған күні)

      Тексеруге мынадай өкілдер қатысты:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (лауазымын, әскери атағын, тегі мен аты-жөнінің бас әріптерін

      _______________________________________________________________

      көрсете отырып, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу

      _______________________________________________________________

      ұйымдарының және кәсіпорындардың мамандары көрсетіледі)

      Авиациялық оқиғаны тексеру ісіне кіретін құжаттар мен материалдар тізілімі:

      1) авиациялық оқиғаны тексеру актісі;

      2) тексеру актісіне қосымша;

      3) оларды пысықтау нәтижелері бойынша қорытындыларды сипаттаумен авиациялық оқиға нұсқалары;

      4) әуе кемесі құлаған жердегі қалдықтар;

      5) әуе кемесі құлаған орынды және авариялық бөлшектерді қарап-тексеру хаттамасы;

      6) объективті бақылау материалдарын талдау деректері;

      7) әуе кемесі экипажының мүшелері арасындағы радиоалмасу хаттамасы;

      8) ұшуларға басшылық жасау тобы және әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – ҰҚБ) органдары адамдарының әуе кемесінің экипажымен сөйлесулер хатамасы;

      9) авиациялық оқиға болған әуе кемесінің радилокациялық сымдарының фототүсірілімі;

      10) авиациялық оқиға болған әуе кемесі сымдары калькаларының көшірмесі;

      11) ұшу (авариялық ұшу учаскесінің) сұлбасы (траекториясы);

      12) ұшуда ерекше жағдайдың туындау және даму моделі;

      13) себеп-салдарлық байланыстар моделі;

      14) авиациялық оқиғаның өзге де себептері туралы негіздемелері мен ұсыныстары бар авиациялық оқиғаның себептері туралы комиссия мүшелерінің ерекше пікірі;

      15) тексеру мәселелері бойынша дау туындаған комиссия отырыстарының хаттамалары;

      16) қосымшалары бар кіші комиссияның есеп берулері;

      17) арнайы зерттеулер бойынша есеп берулер;

      18) қызметтік ақпарат;

      19) сараптамалық қорытындылар;

      20) авиациялық оқиға және оны тексеру нәтижелері туралы жеткізілімдер;

      21) авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері жөніндегі бұйрықтардың көшірмелері;

      22) авиациялық оқиғаны тексеру нәтижелері жөніндегі алдын алу іс-шаралары;

      23) алдын алу іс-шараларын орындау және анықталған кемшіліктерді жою туралы баяндаулар.

      Тексеру ісінің барлық құжаттары мен материалдары түсу шамасына қарай оған тіркеледі және папкаға тігіледі.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 9-қосымша

      Нысан

Авиациялық инциденттер туралы хабарламаларды есепке алу журналы

Күні

Авиациялық бөлім. Әуеайлақ.

Кім баяндады.

Баяндау уақыты

Әуе кемесінің типі.

Инцидент болған уақыт.

Тәулік уақыты.

Метеожағдай

Ұшу тапсырмасы.

Инцидент жағдайлары және салдары

Экипаж және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналы

(әуе қозғалысын басқару органы), ұшуларға басшылық жасаушылар туралы деректер.

Егер инцидент авиациялық техниканың істен шығуымен байланысты болса, әуе кемесі туралы деректер.

Кімге баяндалды

Үлкен бастықтың нұсқаулары Қабылданған шаралар.

1.








      Ескерту:

      1. Журнал мемлекеттік авиация басқару органдарының командалық пункттерінде (басқару пункттерінде), авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде (әуе қозғалысын басқару орталықтарында, авиациялық комендатураларда, авиациялық-техникалық бөлімдерде), мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі органында жүргізіледі.

      2. Авиациялық инциденттер туралы баяндамалар қабылданады және кезекші ауысымының командалық пунктінде хронологиялық жүйелілікпен өңделеді.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 10-қосымша

Тексеруге жататын мемлекеттік авиациядағы
авиациялық инциденттер тізбесі

      1. Елеулі авиациялық инциденттер:

      1) әуе кемесінің қақтығысуы, ұшуда әуе кемелерінің қауіпті жақындауы, тану жүйесінің және қауіпті жақындау дабылдамасының іске қосылмауы;

      2) әуе кемесінің жерүсті (суүсті) кедергілермен қақтығысуы, жерге қауіпті жақындау жүйесінің іске қосылмауы;

      3) әуе кемесі құрылымының кез-келген элементінің жерүсті кедергілерімен жанасуы (діңгектер, құбырлар, антенналар, электр тарату желілері, жергілікті жердің биік бедері және тағы сол сияқтылар).

      4) ұшу немесе қону кезінде қанатымен, винт қалағымен, артқы аяғымен және тағы басқалар жер бетіне жанасуы;

      5) әуе кемесінің зақымдау (жарықшақтармен) құралдарымен зақымдануы;

      6) әуе кемесінің атмосфералық электр разрядымен немесе/және бұршақпен зақымдануы (талқандалуы);

      7) авиациялық зақымдау құралдарын рұқсат етілмеген және полигоннан тыс қолдану;

      8) әуе кемесінің қауіпті ауа райы құбылыстарына тап болуы. Ұшып шығуда, қонуда немесе ұшуда ауа райының белгіленген минимумын бұзу.

      9) әуе кемесінің ұшқыш (экипаж) ұшуларға дайындалмаған метеорологиялық жағдайларға тап болуы;

      10) әуе кемесінің Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықтың немесе Экипажға нұсқаулықтың (бұдан әрі – ҰПБ) талаптарына сәйкес келмейтін конфигурациямен ұшып шығуы, ұшуы немесе қонуы;

      11) ұшу тапсырмасына сәйкес келмейтін конфигурациямен әуе кемесінің ұшуы;

      12) әуе кемесін құлдырау режіміне шығару, әуе кемесін басқаруды жоғалту;

      13) жауынгерлік ұшуды немесе арнайы тапсырманы орындау жағдайларын қоспағанда, ҰПБ-мен белгіленген пайдаланылатын шектеулер шегінен (жылдамдық, артық жүктеме, шабуылдау және крен бұрыштары, құуат қондырғыларының жұмыс режимдері, негізгі винттардың айналуы бойынша) шығу;

      14) құрылымында қалдық майысулардың пайда болуымен әуе кемесін пайдалану шектеулерін асыра пайдалану;

      15) ұшқыштың (экипаждың) кеңістік және көзбен шолу бағдарын жоғалтуы;

      16) әуе кемесінің ауа райының қауіпті құбылыстарымен кездескен кезде белгіленген әуеайлақтан тыс қону жағдайларын қоспағанда, әуеайлақтан тыс (мақсатты түрде белгіленген алаңдар) мәжбүрлі қонуы;

      17) ҰПБ-мен белгіленген әуе кемесіне тиеу немесе центрлеу нормаларын бұзу, ұшуда жүктердің орнының ауысуы, тыйым салынған жүктерді тасымалдау;

      18) ұшқыштың (ұшқыштар экипажы мүшесінің) жұмыс қабілеттінің күрт төмендеуі немесе жоғалуы;

      19) әуе кемесінің бортындағы өрт;

      20) өрт туралы өрт сөндіру және дабылдама жүйесінің іске қосылуы (оның ішінде жалған іске қосылуы), түтіннің, күйік иісінің, сұйықтық буларының, кабинада улы заттардың иісінің немесе әуе кемесінің кабинасында ауа температурасының жоғарлауы;

      21) ұшуда қозғалтқышты сөндіру қажеттілігіне әкеп соқтыратын қозғалтқыш жұмысының берілген параметрлерінің өздігінен өзгеруі немесе реттеудің мүмкін еместігі және/немесе ескерту дабылдамасының іске қосылуы;

      22) қозғалтқыштың (құрылым элементтерінің), қосалқы қуат қондырғысының немесе олардың агрегаттарының бір жерінің бұзылуы, ұшуда қозғалтқыштың қосылмауы;

      23) тапсырмамен көзделмеген қозғалтқыштың істен шығуы немесе сөнуі (оның ішінде қозғалтқыштың сөнуі, оның салдарынан оның істен шығуы туралы жалған сигналдың пайда болуы);

      24) ұшуда ҰПБ-мен ерекше жағдайларға жатқызылған әуе кемесін басқару жүйесінің істен шығулары;

      25) ұшып шығуда немесе қону алдында жоспарлауда тежегіш парашюттің өздігінен ашылуы, сондай-ақ оның қонуда ашылмай қалуы немесе жыртылуы;

      26) шамның (жармасының, жылжымалы блистерінің), иллюминаторларының қирауы (ашылуы, істен шығуы), әйнектелген кабиналардың алдыңғы әйнегінде болмауы керек жарықшақтың пайда болуы;

      27) ұшуда есіктердің, люктардың, қақпақтардың немесе сүйір ұшының жұлынып кетуі немесе өздігінен ашылуы;

      28) аэродинамикалық басқару беттерінің аспалары, пилондар, қозғалтқыштар тораптарының қирауы немесе ажырап кетуі;

      29) планердің қуаттық элементтерінде болмауы керек жарықшақтың пайда болуы;

      30) негізгі жүйеден шасси тіреуінің бір немесе одан артық тіреулерінің шықпауы. Шассидің өздігінен немесе қате шығарылуы немесе жиналуы, шассидің тіреулерінің, көлденең тіреуішінің, арбаларының элементтерінің қирауы;

      31) мұз қатқан әуе кемесінде ұшу (үстінде мұз болған кезде, қорғалған мұз қатуға қарсы жүйе). Мұз қатуға қарсы жүйемен жабдықталмаған әуе кемесінде мұз қату жағдайларында ұшу. Істен шыққан немесе сөндірілген мұз қатуға қарсы жүйемен ұшу;

      32) мұз қатқан әуе кемесін ұшуға жіберу;

      33) негізгі несесе басқару винті элементтерінің, негізгі немесе басқару винтінің қирауы, трансмиссияның қирауы немесе ажырауы немесе трансмиссия агрегаттарының (тікұшақтар үшін) қауіпті жұмыс режімдері дабылдамасының іске қосылуы;

      34) № 103 қаулыға сәйкес тік, ұзыннан және бүйірлік эшелондау қағидаларында белгіленген ұшудың қауіпсіз биіктігін бұзу;

      35) алаңда, оның ішінде ҰПБ-да айқындалған оларға қойылатын талаптарға және қауіпсіздік жағдайларына жауап бермейтін әуеден таңдалған қонуларды орындау;

      36) ұшу-қону жолағының (қону алаңының) шегінен тыс қону, ұшып шығу немесе қону кезінде оның шегінен тыс шығу;

      37) планерді немесе қозғалтқыштың құрылымын зақымдауға әкеп соқтырған пневматикалық дөңгелектердің кез келген санының бұзылуы;

      38) гидрожүйелердің герметизациясының бұзылуы, бір немесе одан артық гидрожүйелерде қысымның түсуі;

      39) планер, қозғалтқыш элементтерін зақымдауға немесе оның жұмыс режімін бұзуға әкеп соқтырған ұшуда құстармен немесе басқа да объектілермен қақтығысу;

      40) әуе кемелерін сұрыпталмаған жанар-жағармай материалдарымен, сұйықтықтармен және газдармен толтыру;

      41) әуе кемелерін дайындалмаған ұшу-қону жолақтарымен қабылдау және жіберу;

      42) ұшу тапсырмаларын орындауда туындайтын байланыс және ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің негізгі және қосалқы құралдарының істен шығулары;

      43) жүкті өздігінен тастау, сыртқы аспалардың (тікұшақтың) үзілуі;

      44) әуе кемесінің қалыпты ұшуы жағдайларында қолданылмайтын күрделі және/немесе шұғыл іс-қимылдарда оны болдырмау үшін экипаждың және/немесе ұшуларды басқару тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының орындауын қажет ететін авиациялық оқиғаның ықтималдығын елеулі түрде арттырумен сипатталатын жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған басқа да оқиғалар.

      2. Авиациялық инциденттер:

      1) ұшуды тоқтату;

      2) ҰПБ талаптарына сәйкес келмейтін конфигурациямен ұшуды орындау әрекеті;

      3) ҰПБ-мен көзделген әуе кемесінің осы типі үшін барынша рұқсат етілгеннен асатын артық жүктемемен, әуе кемесі құрылымының элементтерін зақымдамай жерге қону;

      4) ұшуда немесе қонуға төмендеу кезінде шатасқан ізге түсу;

      5) топтасып ұшуларды орындау кезінде шатасқан ізге түсу;

      6) ҰПБ-мен немесе Әуеайлақ ауданында ұшуларды жасау жөніндегі нұсқаулықпен (Әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаты) көзделген екінші айналымға кету нүктесінен рұқсат етілген биіктен төмен екінші айналымға кету (шешім қабылдау биіктігі);

      7) ұшу тапсырмасында көзделгеннен аз отын қалдығымен қону;

      8) әуе кемесі және қуат қондырғылары элементтерінің зақымдануына әкеп соқтырмаған әуе кемесінің құстармен қақтығысуы;

      9) жауынгерлік ұшуды немесе арнайы тапсырманы орындау жағдайларын қоспағанда, ҰПБ-мен белгіленген әуе кемесін пайдалану шектеулерінен асыру;

      10) әуе кемелерінің ұшу тәртібінің белгіленген ең төмен қауіпсіздік параметрлерін бұзу;

      11) топтық ұшуда жетекші әуе кемесін көрінуден жоғалту, жетекшіні жоғалту кезіндегі іс-қимыл тәртібін бұзу;

      12) оларды бар радиолокациялық станциялармен жеке бақылауды болдырмайтын, тапсырмамен көзделмеген әуе кемелерінің жақындауы;

      13) әуе кемелерінің, полигон аумағы объектілерінің, адамдар мен жануарлардың авиациялық зақымдау құралардарымен немесе олардың жарықшақтарымен зақымдауға әкеп соқтырмайтын авиациялық зақымдау құралдарын қолданудың қауіпсіздік шараларын бұзу;

      14) жетек реверсінің іске қосылмауы, сөніп қалуы, өздігінен немесе қате қосылуы немесе сөнуі, тіреуден әуе винттерінің алынбауы;

      15) қанат тетігі элементтерінің шықпай қалуы, жиналмауы, желбағарлау, өздігінен немесе қате шығарылуы немесе жиналуы (қанат алды, қанат арты, көтеру күштерін сөндіргіштер (спойлерлер), интерцепторлар, қалқандар, флаперондар және т.б.);

      16) шассидің алдыңғы тіреуінің дөңгелектерді басқару жүйесінің істен шығуы немесе экипаждың сөндірмеуі;

      17) негізгі тежеу жүйесінің істен шығуы, өздігінен тежелу немесе әуе кемесін басқару, ұшу және қону кезінде дөңгелектердің тежеуден шығарылуы;

      18) жеке бактардан отынның өңделмеуі, ҰПБ-мен көзделген іс-қимылдармен жою мүмкін болмайтын оның біркелкі өңделмеуі немесе оның бактар бойынша бөлінуі. Отын шығынын немесе санын өлшеу жүйесінің істен шығуы;

      19) бір және одан артық аспаптар бойынша биіктік мәнін және ұшу жылдамдығын айқындаудың мүмкін еместігі;

      20) бір немесе бірнеше навигациялық жүйелердің істен шығуы немесе сөнбеуі;

      21) бір немесе екі авиакөкжиегі бар әуе кемесінде бір авиакөкжиектің істен шығуы. Үш немесе одан артық авиакөкжиегі әуе кемесінде екі немесе одан артық авиакөкжиектің істен шығуы. Бақылау жүйесінің істен шығуымен үйлесетін бір авиакөкжиектің істен шығуы. Сигналдың көрінбеуі туралы (немесе егер дабылдама көзделмесе) авиакөкжиектердің кез келген санының істен шығуы. Жалған сигналдар берумен авиакөкжиекті бақылау жүйесінің істен шығуы;

      22) ұшуда радиобайланыстың істен шығуы, жоғалуы немесе әуе кемелері мен әуе қозғалысын басқару органдары арасындағы байланыстың бес минуттан артық болмауы;

      23) бағдар арналарын, крендерді, тангаждарды немесе ұшуларды автоматты басқару жүйелерінің жетегі автоматының өздігінен немесе қате сөніп қалуы, ұшу параметрлерінің берілгеннен бір немесе одан артық (биіктік-жылдамдық параметрлері, артық жүктемелер, крен, тангаж, шабуылдау, жылжу бұрыштары, траекторлық параметрлері) ауытқуына әкеп соқтыратын ұшуларды автоматты басқару жүйесінің істен шығулары;

      24) электрмен жабдықтау жүйесінің бір немесе одан артық тарату құрылғыларынан тұрақты немесе/және ауыспалы токпен электрмен қоректендіру сипаттамаларын жол берілмеген бұзу, тұрақты немесе ауыспалы токпен авариялық қоректендіруге ауысу;

      25) әуе кемесінің осы типінің пайдалану-техникалық құжаттамасымен рұқсат етілген істен шығулар тізбесіне кірмейтін істен шығулар болған кезде әуе кемесінің ұшуы;

      26) әуе кемесін ұшуға аяқталмаған техникалық қызмет көрсетумен жіберу;

      27) экипаждың науқастанған күйінде ұшуды орындауы (ұшу алдындағы медициналық бақылаудан өткеннен кейін);

      28) экипаж мүшелерінің ұшу жағдайларына сәйкес келетін арнайы керек-жарақсыз, климаттық жағдайларға сәйкес келмейтін ұшу-техникалық киім-кешекпен ұшуды орындауы;

      29) экипаж мүшелерінің ұшуды арнайы штурмандық керек-жарақсыз, ұшу карталарынсыз немесе/және толық ресімделмеген ұшу құжаттамасынсыз орындауы;

      30) ұшу ауысымында экипаждың ұшу нормаларын арттыруы, ұшулар алдында еңбек режімі мен демалыс нормасын бұзу, ұшуды ұшу алдындағы медициналық тексерусіз орындау;

      31) ұшу және кеме құжаттамасын ресімдеуге талаптарды бұзумен авиациялық техникада ұшып өтулерді және ұшырып әкелуді орындау;

      32) ұшу тапсырмаларын орындау тәртібін және шарттарын бұзу;

      33) әуе кемесінің өрт қаупі бар аймақтарында ұшуда отынның ағуының басталуы;

      34) әуе нысанасын шабуылдауды рұқсат етілмеген (танусыз) орындау;

      35) ұшуда ерекше жағдайдың тез дамуы жағдайларын қоспағанда, әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органының рұқсатынсыз ұшу шарттарын өзгерту;

      36) әуе кемесінің орнын қате айқындау кезінде ұшқышқа (экипажға) орындау командасын беру;

      37) экипажға әуе кемесінің орны туралы қате деректер беру;

      38) экипажға ұшу, қонуға кіру және қону шарттары туралы қате деректер беру;

      39) экипаждың әуе кемесін басқаруды уақытша жоғалтуы;

      40) экипаждың оның даярлық деңгейіне сәйкес келмейтін тапсырманы орындауы;

      41) ұшу және қону пункттерінде ұшу жоспарын өзгертуді талап ететін әуе кемесінің бортына ұшу бағыттары бойынша дауылды ескерту немесе ауа райының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;

      42) электр энергиясын сөндірген кезде негізгі немесе автономды электрмен қоректендіру көздерінің істен шығуы кезінде байланыс және ұшуларды резервтегі радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына ауысудың нормативтік мерзімдерін асыру;

      43) ұшуларды басқару топтары (әуе қозғалысын басқару органдары) персоналдарының немесе командалық пункттер есептоптарының олардың жауапкершілік аймағындағы әуе жағдайы туралы ақпаратты беруді тоқтатуы;

      44) радиолокациялық станция операторының радиолокациялық станцияның тактикалық-техникалық деректерінен асатын қатемен ұшу биіктігінің мәнін беруі;

      45) ұшуларға дайындалмаған ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын беру;

      46) әуе кемесін түнгі уақытта басқару кезінде басқару жолдарында және ұшу-қону жолақтарына жақын жерде автомобиль немесе арнайы көліктің шам жарығымен әуе кемесі ұшқышының (экипаж мүшесінің) көзінің шағылысуы;

      47) дауылды ескертуді уақтылы әзірлемеу және ұсынбау;

      48) авиациялық техниканың ұшу тапсырмасын орындауды тоқтатуға әкеп соқтыратын істен шығуы;

      49) ұшуларды жасау және оларға дайындық қағидалары жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын бұзуға әкеп соқтырған және әуе кемесінің тұтастығына және оның бортындағы адамдардың өміріне қатер төндіруі мүмкін немесе төндірген ұшуларды ұйымдастыру, жасау, қамтамасыз ету және қызмет көрсету кезіндегі басқа да жағдайлар.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 11-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      _____________________________________

      _____________________________________

      (комиссияны тағайындаған лауазымды

      адамның лауазымы, әскери атағы, қолы,

      аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      20__ жылғы "___" ____________________

Авиациялық инцидентті тексеру актісі
(елеулі авиациялық инцидентті, әуе кемесінің зақымдануымен
елеулі авиациялық инцидентті)

      _________________, болған _____________________________________

      (әуе кемесінің типі) (авиациялық бөлімшенің, бөлімнің, мемлекеттік

      _________________________ 20__ жылғы "__"_____________________

      авиацияның басқару органы) (аптаның күні, жергілікті уақыт)

      1. Жалпы мәліметтер.

      Тексеруді ___________________________ _________ №______________

      (комиссияны тағайындаған адамның лауазымы) (күні)

      бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізді

      Құрамы:

      Төраға ________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Орынбасары ____________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Комиссия мүшелері _____________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      2. Әуе кемесінің экипажы.

      Тегі, аты, әкесінің аты

      Әскери атағы

      Атқаратын лауазымы

      Берілген біліктілік

      3. Экипаж командирі туралы деректер.

      Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, берілген біліктілік.

      Туылған жылы.

      Жалпы және әскери білімі.

      Ұшу жұмысындағы өтілі, жалпы ұшуы, әуе кемесінің осы типінде қай уақыттан бері ұшып жүр және ұшуы. Егер елеулі авиациялық инцидент ұшуларға басшылық жасау тобы (бұдан әрі – ҰБТ) (әуе қозғалысын басқару органы (бұдан әрі – ҰҚБ), инженерлік-техникалық құрам немесе ұшуларды қамтамасыз ету қызметтері персоналының қате іс-қимылдарымен байланысты болса, мыналар қосымша көрсетілді: ҰБТ (ҰҚБ органы) персоналы үшін – ұшуларға басшылық жасаудағы өтілі, инженерлік-техникалық құрам және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерінің мамандары үшін – осы лауазымдағы жұмыс өтілі және осы әуе кемесін немесе ұшуларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалану бойынша жеке жұмыс өтілі.

      Бұрын авиациялық инцидентке жол берген бе?

      4. Әуе кемесі, қозғалтқыштар, агрегат (станциялар) туралы деректер.

      (бөлім авиациялық техника істен шыққан (ақаулы) жағдайда толтырылады).

      Әуе кемесінің типі және зауыттық нөмірі, қандай зауыт және қашан шығарды. Пайдаланудан бастап белгіленген ресурс және ұшу. Жөндеулер саны, соңғы рет қашан, қайда және қандай көлемде жөнделді. Соңғы жөндеуден кейінгі белгіленген ресурс және ұшу.

      Қозғалтқыштың типі және зауыттық нөмірі, қандай зауыт және қашан шығарды. Пайдаланудан бастап белгіленген ресурс және жұмыс істеуі. Жөндеулер саны, соңғы рет қашан, қайда және қандай көлемде жөнделді. Соңғы жөндеуден кейінгі белгіленген ресурс және жұмыс істеуі.

      Агрегаттың (станция) типі және зауыттық нөмірі, қандай кәсіпорын және қашан шығарды, жөндеулер саны, соңғы рет қашан, қайда және қандай көлемде жөндеуден өтті, соңғы жөндеуден кейінгі белгіленген ресурс және жұмыс істеуі.

      5. Авиациялық (елеулі авиациялық) инциденттің жағдайлары.

      Ұшу тапсырмасы, метеорологиялық жағдайлар, ұшу кезеңі және параметрлері, ерекше жағдай туындаған кезде және даму үдерісінде экипаждың және ұшуларды басқару тобының іс-қимылдары. Оны тексеру барысында елеулі авиациялық инциденттің себебіне байланысты қандай жағдайларды анықтау мүмкін болды.

      6. Авиацялық техниканың жай-күйі.

      Авиациялық техниканың сыртқы істен шығуының (ақаулығының) пайда болуының немесе әуе кемесінің зақымдануының сипаттамасы мазмұндалады. Объективті бақылау материалдарына талдау жүргізіледі.

      7. Елеулі авиациялық инциденттің себептері туралы қорытынды.

      8. Тексеру нәтижелері бойынша іс-шаралар, ұсыныстар мен ұсынымдар.

      9. Әуе кемесін қалпына келтіру туралы қорытынды.

      Әуе кемесін қалпына келтіру үшін қажетті қосалқы бөлшектердің, агрегаттардың, бөлшектер мен тораптардың тізбесі, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орны мен тәртібі, болжамды еңбек шығындары, қажетті қаржылық қаражат және әуе кемесін қалпына келтіру мерзімі көрсетіледі. Әуе кемесін қалпына келтіруге жауапты лауазымды адам.

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Әуе кемесін қалпына келтіруге жауапты:_________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы,

      _____________________________________________________________

      аты-жөнінің бас әріптері және тегі)

      Акті жасалған күн______________

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 12-қосымша

      Нысан

Авиациялық оқиғаларды есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      Басталды:

      Аяқталды:

Р/с

Авиацялық оқиғаның күні, авиация тегі, сипаттамасы, қайтыс болғандар саны

Авиациялық бөлім. Орналасу әуеайлағы Әуе кемесінің типі

Тәулік уақыты, метеожағдай,

жауапкершілік аймағы

Экипаж командирі: лауазымы, әскери атағы, аты-жөнінің бас әріптері, тегі, сыныптық біліктілігі, туылған жылы, қандай училище және қашан бітірді, әуе кемесінің осы типінде жалпы ұшуы

Әуе кемесі туралы негізгі деректер

Ұшу кезеңі, ұшуға тапсырма, авиациялық оқиғаның мән-жайы

Авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытынды

Авиациялық оқиғаны тексеру кезінде ашылған кемшіліктер

Ашылған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шаралар

Тексеру нәтижелері бойынша шығарылған құжат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.











  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 13-қосымша

      Нысан

Авиациялық инциденттерді есепке алу журналы

      __________________________________________

      (авиациялық бөлімнің атауы)

      1. Себеп топтары бойынша авиациялық инциденттерді есепке алу

      Факторлардың (себептердің) бірінші тобы. Жеке құрамның бұзушылықтары (қателіктері).

Р/с

Күні

Авиациялық бөлімше, бөлім.

Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі

Тәулік уақыты. Метео жағдай. Ұшу кезеңі

Ұшқыштың лауазымы, әскери атағы, сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, жаттығу нөмірі және ұшу тапсырмасының қысқаша мазмұны. Есеп бойынша нешінші ұшу және ұшу ауысымының қай уақытында ұшу орындалды

Авиациялық инциденттің жағдайлары. Ұшқыштың (экипаждың) және ұшуларға басшылық жасау тобы (ұшу қозғалысын басқару органы) персоналының іс-қимылдары

Авиациялық инциденттің себептері.

Тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары

Командирдің нұсқаулары. Қабылданған шаралар. Орындалғаны туралы белгі










      Факторлардың (себептердің) екінші тобы. Авиациялық техниканың істен шығулары

Р/с

Күні

Авиациялық бөлімше, бөлім.

Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі

Тәулік уақыты. Метео жағдай. Ұшу кезеңі

Ұшқыштың лауазымы, әскери атағы, сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, жаттығу нөмірі және ұшу тапсырмасының қысқаша мазмұны. Есеп бойынша нешінші ұшу және ұшу ауысымының қай уақытында ұшу орындалды

Авиациялық инциденттің жағдайлары. Ұшқыштың (экипаждың) және ұшуларға басшылық жасау тобы (ұшу қозғалысын басқару органы) персоналының іс-қимылдары

Авиациялық инциденттің себептері. Тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары

Командирдің нұсқаулары. Қабылданған шаралар. Орындалғаны туралы белгі










      Факторлардың (себептердің) үшінші тобы. Басқа да себептер

Р/с

Күні

Авиациялық бөлімше, бөлім. Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі

Тәулік уақыты. Метео жағдай. Ұшу кезеңі

Ұшқыштың лауазымы, әскери атағы, сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, жаттығу нөмірі және ұшу тапсырмасының қысқаша мазмұны. Есеп бойынша нешінші ұшу және ұшу ауысымының қай уақытында ұшу орындалды

Авиациялық инциденттің жағдайлары. Ұшқыштың (экипаждың) және ұшуларға басшылық жасау тобы (ұшу қозғалысын басқару органы) персоналының іс-қимылдары

Авиациялық инциденттің себептері. Тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары

Командирдің нұсқаулары. Қабылданған шаралар. Орындалғаны туралы белгі










      2. Оның себебіне байланысты авиациялық инцидентті есепке алу кестесі.

Р/с

Авиациялық бөлімше, бөлім

Инциденттер себептері

Жеке құрамның бұзушылықтары мен кемшіліктері

Авиациялық техниканың істен шығуы

Басқа да себептер

Ұшуларды ұйымдастырудағы бұзулар (кемшіілктер) (ҰҰБ)

Әуе қозғалысын басқару, ұшуларға басшылық жасау кезіндегі бұзушлықтар (кемшіліктер) (ҰББ)

Әуе кемесі экипажы мүшелерінің бұзушылықтар (кемшіліктер) (ҰЖБ)

Ұшуларды қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (кемшіліктер) (ҰҚЕБ)

Авиатехниканың құрылымдық-өндірістік кемшіліктері (ҚӨБ)

Авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу кемшіліктері (ЖК)

Авиациялық техниканың істен шығуы, анықталмаған, бірақ анағұрлым ықтимал себептер (БІШСБ)

Авиациялық техниканы сынаулардағы кемшіліктер және ұшу жұмыстарын регламенттеу (СҰРК)

Ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының кемшіліктері (ҰҚЕҚК)

Анықталмаған, бірақ анағұрлым ықтимал оқиғалар, себептер (БСБ)

Болжанбаған сыртқы факторлардың әсерлері (СФӘ)















      кестенің жалғасы

Ұшқыштар құрамы жасаған инциденттер

Ұшқыштар құрамының лауазымдар санаттары бойынша

Сыныптылығы бойынша

Ұшқыш, аға ұшқыш

Буын командирі

Авиациялық бөлімшенің командирі (командирдің орынбасары)

Авиациялық бөлім, мемлекеттік авиацияны басқару орган басқармасының

Мерген, 1-ші сынып

2-ші сынып

3-ші сынып

Сыныпсыз










      3. Командирлер мен бастықтардың ескертулері

      Журналды жүргізу бойынша нұсқаулар:

      Авиациялық бөлімдерде журналдағы жазбалар (1-бөлім) барлық бағандар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ерекше жағдай туындаған кезде ұшқыштың (экипаждың) іс-қимылдары егжей-тегжейлі жазылады.

      Авиациялық инцидентті есепке алу кестесі (2-бөлім) авиациялық бөлімшелерде, авиациялық бөлімдерде, мемлекеттік авиацияның басқару органдарында жүргізіледі және өскен қорытындысымен өткен айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша толтырылады.

      "Командирлер мен бастықтар" деген 3-бөлімде авиациялық инциденттердің анықтамалық деректері және себептерін талдау үшін басқа да материалдар, қорытындылар мен авариялықтың алдын алу жөніндегі ұсыныстар жазылады.

      Журналды жүргізуге жауапты болып тиісті басшылар тағайындалады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 14-қосымша

      Нысан

Авиациялық оқиғаларды есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      ________________________________________________________

      (мемлекеттік авиацияның басқару органының атауы)

      1. Авиациялық инциденттер:

Р/с

Авиациялық бөлімше, бөлім

Инциденттер себептері

Жеке құрамның бұзушылықтары мен кемшіліктері

Авиациялық техниканың істен шығуы

Басқа да себептер

Ұшуларды ұйымдастырудағы бұзулар (кемшіілктер) (ҰҰБ)

Әуе қозғалысын басқару, ұшуларға басшылық жасау кезіндегі бұзушлықтар (кемшіліктер) (ҰББ)

Әуе кемесі экипажы мүшелерінің бұзушылықтар (кемшіліктер) (ҰЖБ)

Ұшуларды қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (кемшіліктер) (ҰҚЕБ)

Авиатехниканың құрылымдық-өндірістік кемшіліктері (ҚӨБ)

Авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу кемшіліктері (ЖК)

Авиациялық техниканың істен шығуы, анықталмаған, бірақ анағұрлым ықтимал себептер (БІШСБ)

Авиациялық техниканы сынаулардағы кемшіліктер және ұшу жұмыстарын регламенттеу (СҰРК)

Ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының кемшіліктері (ҰҚЕҚК)

Анықталмаған, бірақ анағұрлым ықтимал оқиғалар, себептер (БСБ)

Болжанбаған сыртқы факторлардың әсерлері (СФӘ)















      кестенің жалғасы

Ұшқыштар құрамы жасаған инциденттер

Ұшқыштар құрамының лауазымдар санаттары бойынша

Сыныптылығы бойынша

Ұшқыш, аға ұшқыш

Буын командирі

Авиациялық бөлімшенің командирі (командирдің орынбасары)

Авиациялық бөлім, мемлекеттік авиацияны басқару орган басқармасының

Мерген, 1-ші сынып

2-ші сынып

3-ші сынып

Сыныпсыз










      2. Елеулі авиациялық инциденттер:

Күні

Авиациялық бөлімше, ведомство. Әуе кемесінің типі

Тәулік уақыты. Метео жағдайлар. Ұшу кезеңі

Ұшқыштың лауазымы, әскери атағы, сыныбы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі, жаттығу нөмірі және ұшу тапсырмасы

Елеулі авиациялық инциденттің жағдайлары, ұшқыштың (экипаждың), ұшуларға басшылық жасау тобы (ұшу қозғалысын басқару органы) персоналының іс-қимылдары

Елеулі авиациялық инциденттің себептері. Қандай құжаттың талаптары және кім бұзды

Командирдің (бастықтың) нұсқаулары. Қабылданған шаралар.









      3. Әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық инциденттер:

Күні

Авиациялық бөлім, ведомство. Әуе кемесінің типі

Тәулік уақыты. Метео

жағдайлар. Ұшу кезеңі

Ұшқыштың лауазымы, әскери атағы, сыныбы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі, жаттығу нөмірі, ұшу тапсырмасы

Әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық инциденттің жағдайлары, ұшқыштың (экипаждың) және ҰБТ персоналының (ҰҚБ органы) іс-қимылдары

Әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық инциденттің себептері. Қандай құжаттардың талаптары және кім бұзды

Командирдің (бастықтың) нұсқаулары. Қабылданған шаралар. Авиациялық техниканы қалпына келтіру мерзімдері









      4. Авиациялық инциденттердің себептерін талдау, авиациялық оқиғаларды ескерту бойынша қорытындылар және ұсыныстар

      Журналды жүргізу бойынша нұсқаулар:

      1-бөлімде барлық авиациялық инциденттер есепке алынады.

      2-бөлімде хронологиялық жүйелілікпен елеулі авиациялық инциденттер есепке алынады.

      3-бөлімде әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық инциденттер есепке алынады.

      4-бөлімде авиациялық инциденттер себептерінің талдауы, авиациялық оқиғаларды ескерту бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.

      Журналды жүргізуге жауапты мемлекеттік авиацияның басқару органының басшысы тағайындайтын лауазымды адам болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 15-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік авиацияның әуе кемесімен болған авиациялық
инцидентті есепке алу карточкасы

1.

Авиациялық инциденттің типі


2.

Факторлар (салдарлар) тобы


3.

ӘК типі


4.

Күні


5.

Уақыты


6.

Ауа райы болжамы


7.

Нақты метеожағдайлар


8.

Бұлттылық, балл



Төменгі бұлттылық шегінің (ТБШ) биіктігі, метр



Жоғарғы бұлттылық шегінің (ЖБШ) биіктігі, метр


9.

Көріну, метр


10.

Жел:



Бағыты, бұршақ



Жылдамдық, метр/секунд


11.

Мемлекеттік орган немесе ұйым


12.

Авиация тегі


13.

Авиациялық бірлестік


14.

Авиациялық бөлім


15.

Ұшулар сағаты


16.

Ұшу ауысымында қандай ұшу


17.

Ұшу кезеңі


18.

Ұшу параметрлері



Биіктігі, м



Аспаптық жылдамдық, шақырым/сағат



Крен, бұршақ



Тік жылдамдық, метров/секунду



Тангаж, бұршақ



Артық жүктеме, дана


19.

Пайдаланылған радиотехникалық құралдар


20.

Экипаж командирі туралы деректер



Лауазымы



Атағы



Т.А.Ә.



Жасы



Білімі:



жалпы



әскери



Ұшу жұмысының өтілі, жыл



Сыныбы



Ұшу, сағат:



жалпы



осы типте



соңғы 12 айда



Ұшулардағы үзіліс, күндер:



жалпы



осы тип бойынша



Метеоминимум:



күндіз



түнде



Диагноз



Бұрын жол берілген инциденттер


21.

Авиациялық техника туралы деректер


1)

Әуе кемесі



Зауыттық №



Жасаушы зауыт



Шығарылған күні



Пайдаланудан бастап жұмыс істеуі, сағат



Жөндеулер саны



Қонулар саны



Соңғы жөндеу:



Авиажқндеу зауытының нөмірі (бұдан әрі – АЖЗ)



күні



Жөндеуден кейін жұмыс істеуі, сағат


2)

Қозғалтқыш



Зауыттық №



Жасаушы зауыт



Шығарылған күні



Пайдаланудан бастап жұмыс істеуі, сағат



Жөндеулер саны



Соңғы жөндеу:



АЖЗ нөмірі



күні



Жөндеуден кейін жұмыс істеуі, сағат


3)

Агрегат (станция)



Зауыттық №



Жасаушы зауыт



Шығарылған күні



Пайдаланудан бастап жұмыс істеуі, сағат



Жөндеулер саны



Соңғы жөндеу:



АЖЗ нөмірі



күні



Жөндеуден кейін жұмыс істеуі, сағат


22.

Не істен шықты



Жүйе



Шағын жүйе


23.

Радиотехникалық қамтамасыз ету жүйелері мен құралдарының істен шығуы


24.

Техника туралы деректер



Лауазымы



Атағы



Т.А.Ә.



Жасы



Білімі:



жалпы



әскери



Сыныбы



Еңбек өтілі:



жалпы



Осы типте



Бұрын жол берілген инциденттер


25.

Ұшуға тапсырма


26.

Инциденттің жағдайлары мен салдары


27.

Инциденттің салдары


28.

Қабылданған шаралар, ұсыныстар мен ұсынымдар


29.

Қосымша ақпарат




Әскери бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

_____________________________________________

(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас

әріптері, тегі)

МО

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 16-қосымша

      Нысан

Авиациялық инцидентерді, ұшқыштар құрамының (экипаждың)
бұзушылықтары мен қате іс-қимылдарын есепке алу журналы

      __________________________________________

      (авиациялық бөлімшенің атауы)

      1. Ұшқыштар құрамының (экипажының) авиациялық инциденттері (бұзушылықтары мен қате іс-қимылдары):

      Лауазымы, әскери атағы, сынып__________________________________

      Ұшқыштың (экипаж мүшесінің) тегі, аты және әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

Күні

Тәулік уақыты. Метеожағдайлар. Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі. Ұшу кезеңі.

Авиация тегі жауынгерлік даярлық курсы жаттығуының нөмірі және ұшу тапсырмасының қысқаша мазмұны. Есеп бойынша нешінші ұшу және ұшу ауысымының қай сағатында ұшу орындалды

Авиациялық инциденттің жағдайлары және сипаттамасы (бұзушылықтар, қате іс-қимылдар)

Авиациялық инциденттің себептері (бұзушылықтар, қате іс-қимылдар)

Командирдің (бастықтың) нұсқаулары. Қабылданған шаралар, орындалғаны туралы белгілер








      1. Авиациялық бөлімше командирі қабылдаған шаралар.

      2. Авиациялық инциденттерді есепке алу толықтығын және жіктеу дұрыстығын тексеру нәтижелері.

      Журналды жүргізу бойынша нұсқаулар:

      Журнал авиациялық бөлімшенің әрбір ұшқышы бойынша бөлек жүргізіледі.

      Басқа экипаж мүшелері жол берген авиациялық инциденттерді, бұзушылықтар мен қателіктерді экипаж командирі есепке алады.

      "Авиациялық бөлімше командирі қабылдаған шаралар" деген бөлімде ай сайын авиациялық инциденттерді, ұшқыштар құрамының бұзушылықтары мен қателіктерін талдау нәтижелерін жазу жүргізіледі, ашылған себептер мен кемшіліктерді жою бойынша талдаулар мен нұсқаулардан қорытындылар жасалады.

      Журналды жүргізуге жауапты авиациялық бөлімше командирінің орынбасары болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясындағы
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді тексеру
қағидаларына 17-қосымша

Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық
оқиғалар мен инциденттердің факторлар (салдар) топтары

      1. Ұшуларды ұйымдастыру, жүргізу, басқару немесе қамтамасыз ету кезіндегі жеке құрамның бұзушылықтары (олқылықтары)

      1) ұшуды ұйымдастырудағы бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҰБ):

      ұшуларды ұйымдастырудағы белгіленген тәртіпті және қағидаларды бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҰБ-а);

      авиациялық бөлім лауазымды адамдарының жеткіліксіз кәсіби даярлығы (ҰҰБ-б);

      авиациялық бөлім (құрама, бірлестік) жеке құрамының ұшуларды жасау жөніндегі құжаттарды әзірлеудегі бұзушылықтары (олқылықтары) (ҰҰБ-в);

      2) әуе қозғалысын басқару, ұшуларға басшылық жасау кезіндегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰББ):

      ұшуларға басшылық жасаудың (әуе қозғалысына қызмет көрсетудің) белгіленген тәртібін және қағидаларын сақтаудағы бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰББ-а);

      ұшуларға басшылық жасауға жеке дайындалу кезінде ҰБТ (ӘҚБ органдары) персоналының жауапсыздығы (ҰББ-б);

      ҰБТ (ӘҚБ органы) персоналының жеткіліксіз кәсіби даярлығы (ҰББ-в);

      ҰБТ (ӘҚБ органы) персоналының өзара іс-қимылды бұзушылықтары (олқылықтары) (ҰББ-г);

      ҰБТ (ӘҚБ органы) персоналының жұмыс қабілетінің төмендеуі салдарынан бұзушылықтар (олқылықтар немесе қателіктері) (ҰББ-д);

      3) әуе кемесі экипаж мүшелерінің бұзушылықтары (олқылықтары) (НҚҚ):

      ұшу тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін және қағидаларын сақтаудағы бұзушылықтар (олқылықтар) (НҚҚ-а);

      экипаж командирінің (ұшқыштың) ұшуды басқарудағы бұзушылықтары (қателіктері) (НҚҚ-б);

      экипаж мүшелерінің авиациялық техниканы пайдаланудағы бұзушылықтары (қателіктері) (НҚҚ-в);

      экипаж мүшесінің ұшуларға жеке дайындық кезіндегі жауапсыздығы (НҚҚ-г);

      экипаж мүшесінің жеткіліксіз кәсіби даярлығы (НҚҚ-д);

      экипаж мүшелерінің өзара іс-қимылындағы бұзушылықтар (олқылықтар) (НҚҚ-е);

      жұмыс қабілетінің төмендеуі салдарынан экипаж мүшелерінің бұзушылықтары (қателіктері) (НҚҚ-ж);

      бұзушылықтар (қателіктер) себебі анықталған жоқ (НҚҚ-з);

      4) ұшуларды қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ):

      аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-а);

      штурмандық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-б);

      инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-в);

      әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-г);

      радиотехникалық (жарық-техникалық) қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-д);

      метеорологиялық (орнитологиялық) қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-е);

      медициналық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚеБ-ж).

      2. Ұшуларды жасауға қатысатын жеке құрамның іс-қимылдарымен байланысты авиациялық техниканың істен шығулары

      1) авиатехниканың құрылымдық-өндірістік кемшіліктер (ҚӨК):

      авиациялық техниканың құрылымдық (соның ішінде эргономикалық) кемшіліктері (ҚӨК-а);

      авиациялық техниканың өндірістік кемшіліктері (ҚӨК-б);

      2) авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу кемшіліктері (ЖК):

      технологиялық жұмыс құжаттамасымен белгіленген жөндеуді ұйымдастыру және оның технологиясы қағидалары мен шарттарын бұзушылықтар (олқылықтар) (ЖК-а);

      орындалатын жұмыстардың орындаушыларының жеткіліксіз кәсіби даярлығы (ЖК-б);

      авиациялық техниканы жөндеу технологиясының нормативтік немесе жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес келмеуі (ЖК-в);

      оны жөндеуді орындағаннан кейін авиациялық техниканы ұшуларға дайындаудың белгіленген тәртібі мен қағидаларын бұзушылықтар (олқылықтар (ЖК-г);

      3) себептері анықталмаған, алайда болуы анағұрлым ықтимал авиациялық техниканың істен шығулары (САІШ):

      авиациялық техниканың құрылымдық-өндірістік кемшіліктері (САІШ-а);

      авиациялық техниканы жөндеудегі кемшіліктер (САІШ-б);

      ұшуларды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудегі кемшіліктер (САІШ-в);

      ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі кемшіліктер (САІШ-г);

      сыртқы факторлардың әсер етуі (САІШ-д).

      3. Басқа да себептер

      1) авиациялық техниканы сынаудағы және ұшу жұмысын регламенттеудегі кемшіліктер (СҚРК):

      сынауларды жүргізу кезінде авиациялық техниканың кемшіліктерін анықтау (СҚРК-а);

      сынауларды толық көлемде өткізбеу, сынау ұшуларын орындау тәртібі мен қағидаларын бұзу (СҚРК-б);

      ұшу жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттардың кемшіліктері (СҚРК-в);

      ұшуларды басқаруды регламенттейтін құжаттардың кемшіліктері

      (СҚРК-г);

      ұшуларды қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардың кемшіліктері (СҚРК-д);

      әуе кемесін ұшуда және техникалық пайдалануды регламенттейтін құжаттардың кемшіілктері (СҚРК-е);

      2) ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының кемшіліктері (ҰҚеҚК):

      ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының құрылымдық және эргономикалық кемшіліктері (ҰҚеҚК-а);

      ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының төмен пайдалану сенімділігі (ҰҚеҚК-б);

      ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын жөндеудің төмен сапасы (ҰҚеҚК-в);

      3) себептері анықталмаған, алайда болуы анағұрлым ықтимал оқиғалар (СА):

      экипаж мүшелерінің қате іс-қимылдары (СА-а);

      авиациялық техниканың істен істен шығуы (СА-б);

      сыртқы факторлардың әсер етуі (СА-в).

      4) сыртқы болжанбаған факторлардың әсер етуі (СБФӘ):

      атмосферадағы бөгде заттармен қақтығысу (СБФӘ-а);

      құстармен қақтығысу (СБФӘ-б);

      атмосфералық электрдің әсер етуі (СБФӘ-в);

      турбуленттілік (СБФӘ-г);

      желдің ауысуы (СБФӘ-д);

      әртүрлі кедергілер түрлерінің әсер етуі (СБФӘ-е);

      экипаждың жұмыс қабілетін жоғалтуы (СБФӘ-ж).