Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10806 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 23.10.2017 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В.Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 233 бұйрығымен бекітілді

Электрмен жабдықтау үлгі шарты

      ___________________________ 20 __ ж. "__" _____ (шарт жасасу орны) (шарт жасасу күні)

      ____________________________________________________________________,

      (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) лицензияға сәйкес

      тұтынушыларды электрмен

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның нөмірі, берілген күні)

      жабдықтауды жүзеге асырушы, бұдан әрі жабдықтаушы деп

      аталатын, _________________________________________ атынан

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________ негізінде әрекет етуші, бір жағынан және бұдан әрі тұтынушы

      ____________________________________________________________________

      негізінде әрекет етуші,

      ____________________________________________________________ атынан,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      әрі қарай Тараптар келесі мазмұндағы электр энергиясымен жабдықтау Шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынып, тұтынушыға төлем жасауға ұсынылатын, Электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;

      2) тұтынушы - электр энергиясын Шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) коммерциялық есепке алу құралы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;

      4) электр энергиясын есепке алу схемасы – берілетін және тұтынылатын электр энергиясының көлемін есептеу үшін оны есепке алуды қамтамасыз ететін электр энергиясын есепке алу құралдарының белгілі бір электрлік жалғануы.

2. Шарттың мәні

      2. Жабдықтаушы энергия таратушы ұйымның қосылған желісі арқылы тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал тұтынушы осы Шарттың талаптарына сәйкес қабылдаған электр энергиясын төлеуге міндеттенеді.

      3. Шарт тұтынушымен оның қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен энергия таратушы ұйымның желісіне қосылған жабдығы болған жағдайда, сондай-ақ коммерциялық есепке алу құралы болған жағдайда жасалады.

      4. Шарт бойынша абонент энергияны тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын жеке тұлға болған жағдайда, абоненттің белгіленген тәртіппен жалғанған желіге нақты қосылу күнінен бастап Шарт жасасқан болып саналады.

      5. Шарт жасасу үшін тұтынушыда мына:

      1) тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

      2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері;

      4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы анықтама немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар көшірмесі;

      5) жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынып, Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға берілетін бұйрық (сенімхат);

      6) техникалық шарттар (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

      7) дербес деректерін жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (жеке тұлғалар үшін);

      8) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат (жеке тұлғалар үшін) болуы қажет.

      Объектінің иесі ауысқан жағдайда, техникалық талаптарды ұсыну талап етілмейді.

3. Тұтынатын электр энергиясын есепке алу

      6. Жабдықтаушының жіберген және тұтынушының қабылдаған энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу құралының көрсеткішімен анықталады, ал тұтынушының кінәсінсіз (пломбаның бүтіндігі және есептеу құралының алдыңғы актіде көрсетілген орнатуы және аспаптық тексерісіне сәйкес келген жағдайда) коммерциялық есепке алудың бұзылуы анықталған жағдайда, тұтынудың есебін энергия беруші ұйым алдыңғы немесе электр энергиясының қаржысы мен есепке алу схемасы түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды, алайда ол мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы қажет.

      Тұтынушы коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күндік мерзім ішінде қалпына келтіреді.

      Бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда, есеп айырысу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағат пайдалануды ескеріп, қосу коммутациялық аппаратының номиналды тогы бойынша жүргізіледі.

      7. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу кезінде коммерциялық есепке алу құралы тараптардың теңгерімдік жауапкершілігі шекарасында орнатылады.

      8. Коммерциялық есепке алу құралының саны осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммерциялық есепке алу құралдарының тізбесінде көрсетіледі.

      9. Коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу жабдықтаушының немесе энергия таратушы ұйымның өкілдерімен тұтынушы немесе оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      Тараптардың келісімі бойынша тұтынушы өздігінен электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алып, оларды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға тапсыруына болады. Тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу кезінде жіберген қателіктерін энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым олардың анықталуы бойынша түзетеді.

      10. Тұтынушы (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыны қоспағанда) кезекті жылға электр энергиясын тұтыну көлемін анықтау үшін жабдықтау жылының алдыңғы жылы басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын жеткізу туралы алдын ала өтінім береді.

      11. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткішін алу мүмкін болмаған жағдайда және егер тұтынушы бұл ретте пайдаланған электр энергиясы туралы өз бетімен мәлімет ұсынбаса, тұтынуды есептеу электр энергиясының алдыңғы кезеңдегі орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша есептеу кезеңі үш есептік кезеңнен аспауы тиіс, кезең аяқталғаннан кейін электр энергиясын беру тоқтатылады.

4. Электр энергиясына төлем жүргізу шарттары мен тәртіптері

      12. Тұтынушыларға ұсынылған электр энергиясын есептеу табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала мәлімдегеннен кейін жүзеге асырылады және бұл әрекет осы Шарттың қайта жасалуына негіз болмайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен

      13. Энергияны есептеу тәртібі заңнамалармен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.

      Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланбайтын тұтынушылар төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде немесе тұтынушы мен өнім беруші арасындағы келісім бойынша Шартта келісілген мерзімде төлемді өтейді.

      Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушылар төлемді есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 19.11.2015 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Электр энергиясына төлем Шартта көзделген мерзімде өтелмеген жағдайда, тұтынушы жабдықтаушыға негізгі қарыз сомасынан аспайтын әрбір мерзімі өткен күн үшін төлем өтелетін күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселіктен аспайтын көлемде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      15. Егер тұтынушы Электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғандығы үшін ажыратылған болса, онда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым оны бұзушылық жойылғаннан кейін және қосылу қызметінің төлемі өтелгеннен кейін қосады.

      16. Өнім беруші электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе Шарт талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есебінің негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тұтынушыға төлем құжатын жазып береді.

      Тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыны қоспағанда) төлем құжатын өнім берушіден өздері алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 19.11.2015 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімінде желінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады.

      18. Смарт-картасы бар есепке алу құралдарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.

5. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

      19. Тұтынушы:

      1) Шарттың талаптарына сәйкес электр энергиясын алуға;

      2) жабдықтаушыдан келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуін талап етуге;

      3) электр энергиясын өзіне қажетті көлемде қолдануға;

      4) жабдықтаушыны ескертіп, тұтынған электр энергиясы үшін толық төлем өтеген жағдайда, Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға;

      5) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;

      6) көп мөлшерлемелі есепке алу құралы болған жағдайда, жабдықтаушыға тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтерді белгілеуге өтініш білдіруге;

      7) есеп беру айының 26-шы жұлдызына дейін келесі күнтізбелік айда тұтынылатын электр энергиясының Шарттық көлеміне түзетулер енгізуге (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыларды қоспағанда);

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарға құқылы.

      20. Тұтынушы:

      1) электр энергиясын тұтыну режимін сақтауға;

      2) электр және энергия қондырғыларының, коммерциялық есепке алу құралдарының тиісті техникалық жағдайда ұстауға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес олардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды орындауға;

      3) осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұтынушыны электрлік желіге қосу схемасын сақтауға;

      4) авариялар, өрттер, электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары жұмысындағы ақаулар және электр энергиясын пайдалану кезінде пайда болатын өзге де бұзылушылықтар туралы жабдықтаушыға дереу хабарлауға;

      5) қарап байқау, Шарттың талаптарын орындауын тексеру мақсатында энергия беруші ()энергия өндіруші) ұйымдардың және (немесе) жабдықтаушының өкілдеріне коммерциялық есепке алу құралдарына кіруге рұқсат етуге;

      6) жасасқан Шартқа сәйкес тұтынылған электр энергиясының төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

6. Жабдықтаушының құқықтары мен міндеттері

      21. Жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым:

      1) төмендегі жағдайларда тұтынушыны электрмен жабдықтау тоқтатылғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыны кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын) ескертіп, электр энергиясын беруді жартылай немесе мүлде тоқтатуға:

      Электрмен жабдықтау шартымен белгіленген мерзімде электр энергиясының төлемақысын толық немесе мүлде төлемегенде;

      Электрмен жабдықтау шартымен белгіленген электрді тұтыну режимі бұзылғанда;

      белгіленген мерзімде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның Қағидаларға сәйкес бұзушылықтарды жою туралы талаптары орындалмаған жағдайда.

      2) Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым төмендегі жағдайларда тұтынушыны алдын ала ескертусіз электр энергиясын беруді толық тоқтатады:

      электр энергия қабылдағыштарын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өз бетімен қосса;

      электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарынан басқа (есепке алмай) электр энергиясының қабылдағыштарын қосса;

      энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым және өзге тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмысын бұзатын деңгейге дейін тұтынушының кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіші төмендесе;

      жұмыс уақытында (іссапарға жіберу құқығында) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның және энергетикалық қадағалау және бақылау органының өкілдерін тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарын және электр қондырғыларын қарауға жібермесе;

      апатты жағдайда.

      Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым резервтік қуаттандыру болмаған жағдайда, жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтауды тоқтату туралы ажыратудан күнтізбелік үш күн бұрын ескертеді.

      Энергия беруші ұйым адам өміріне қауіпті, айтарлықтай экономикалық зиянға, коммуналдық шаруашылықтың және электрмен жабдықтау жүйесінің айрықша маңызды элементтерінің істен шығуына әкелуі мүмкін апаттардың алдын алу немесе жою бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін тұтынушыны дереу хабарлап, сұраныс бойынша электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатады.

      3) Шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;

      4) тұтынушыдан келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуін талап етуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарға құқылы.

      22. Жабдықтаушы:

      1) Шарттың талаптарына сәйкес электр энергиясын беруге;

      2) төлемақы өтемеуіне байланысты тұтынушыны ажыратудан бұрын жазбаша түрде ескертуге;

      3) электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, оның өзгертулері туралы ақпаратты тұтынушыға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауға;

      4) тұрмыстық тұтынушыдан оған ұсынылатын электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банк операцияларының жеке түрлерін көрсететін банктер мен ұйымдар арқылы төлем қабылдауды қамтамасыз етуге;

      5) тұтынған электр энергиясының төлемін өтеу үшін тұтынушыға ай сайын төлем құжатын ұсынуға;

      6) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын ұсынуға міндетті (қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектілері үшін).

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      23. Жабдықтаушы тұтынушыға тәулік аймақтары және (немесе) оны тұтыну көлеміне байланысты (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      24. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған немесе мүлдем орындамаған жағдайда, Тараптар нақты келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      25. Жабдықтаушы форс-мажор жағдайларында (сұрапыл оқиғалар, әскери іс-қимылдар және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушының еркінен тыс болған түрлі жағдайларда (электр тарату желілерінің және басқа құрал-жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы т.т.) тұтынушының алдында материалдық жауапкершілікке тартылмайды.

      26. Тараптар өздерінің атауларының, заңды мекенжайларының, нақты тұрғылықты жерінің өзгергендігі және осы Шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелері туралы бір-біріне жедел түрде хабарлауға міндеттенеді.

8. Қорытынды ереже

      27. Шарт тараптардың қолы қойылған күнінен бастап бір жыл мерзімге жасасқан болып есептеледі.

      Шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың бірі Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтінім білдірмеген жағдайда, Шарт жасасқан кездегі талаптарымен сол мерзімге ұзартылған болып есептеледі.

      Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

      28. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіпте шешіледі.

      29. Шартқа тараптардың келісушілігімен енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

      30. Осы Шарт әр тарап үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі ұқсас данада жасалған. Тұтынушының қалауы бойынша белгіленген тілдердің біреуінде Шарт жасауға рұқсат етіледі.

      31. Қайта есеп айырысуға әкелетін барлық өзгерістер тұтынушының барлық қажетті құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, жабдықтаушының мекенжайына жазған өтінішін берген күнінен бастап жүргізіледі. Қайта есеп айырысу кемінде 3 (үш) ай кезеңіне жүргізіледі.

      32. Осымен Тұтынушы Жабдықтаушыға Жабдықтаушыдағы ол туралы немесе Шарттың талаптарын орындау мақсатында болашақта көрсетілген көзге түсетін жеке деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға, сондай-ақ тұтынушы туралы барлық мемлекетік/мемлекеттік емес органдарда, ұйымдарда, оның ішінде сот органдарын қоспағанда, жеке деректерді таратуға келісім береді,

      Осымен тұтынушы оның жеке деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға қандай да бір қосымша келісім талап етілмейтінін және олардың осы Шартты орындау үшін тұтынушының жеке деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға қатысты келешекте Жабдықтауға қандай да бір талаптар болмайтынын растайды.

9. Тараптардың деректемелері

      Жабдықтаушы Тұтынушы

      _____________________ ____________________

      _____________________ ____________________

      _____________________ ____________________

      М.о. М.о. (заңды тұлға үшін)

  Электрмен жабдықтау үлгі шартына
1-қосымша

      нысан

Коммерциялық есепке алу құралдарының тізбесі

р/с

Атауы

Санауыш типі

Зауыт нөмірі

Ток трансформаторлары

Есептеу коэф.

1

2

3

4

5

6








      Жабдықтаушы: Тұтынушы:

      _________________________ ______________________

  Электрмен жабдықтау үлгі шартына
2-қосымша

      нысан

      Кімге _____________________________

      (энергиямен жабдықтаушы ұйым)

      кімнен ____________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Электр энергиясын жеткізу туралы алдын ала өтінім

      Мен,_______________________________, Сізден электр энергиясын____________ көлемде___________ аралығында алдын ала жеткізуіңізді сұраймын.

р/с

Айлар

кВт.сағ.

Санмен

Сөзбен

1

Қаңтар



2

Ақпан



3

Наурыз



4

Сәуір



5

Мамыр



6

Маусым



7

Шілде



8

Тамыз



9

Қыркүйек



10

Қазан



11

Қараша



12

Желтоқсан




Қорытынды




      Жабдықтаушы: Тұтынушы:

      _________________________ ______________________

  Электрмен жабдықтау үлгі шартына
3-қосымша

      нысан

Тұтынушының электрлік желілерге қосылу схемасы

      Жабдықтаушы: Тұтынушы:

      _________________________ ____________________