"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы 41-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 301 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға
жататын авиация персоналының лауазымдары мен
кәсіптерінің тізбесі
1. Ұшу авиация персоналының лауазымдары:
1) коммерциялық авиация пилоты;
2) пилот-нұсқаушы;
3) пилот-емтиханшы;
4) әуесқой пилот;
5) жеңіл ұшақ пилоты;
6) планер пилоты;
7) еркін ұшатын аэростат пилоты;
8) желілік пилот;
9) аса жеңіл авиация пилоты;
10) штурман;
11) штурман-нұсқаушы;
12) бортинженер (бортмеханик);
13) бортрадист
14) бортоператор
15) бортсерік.
2. Жердегі авиация персоналының лауазымдары:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері;
2) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның бастығы;
3) әуеайлақ қызметінің басшысы;
4) ұшу қызметінің басшысы;
5) инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы;
6) электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы;
7) әуе кемелерін пайдалану жөніндегі жетекші инженер;
8) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші инженер;
9) инженерлік-авиациялық қызметтің инженер-механигі;
10) инженерлік-авиациялық қызметтің инженер-механигі;
11) ұшу аппараты мен қозғалтқыштар инженері;
12) авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтар инженері;
13) жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер;
14) жердегі көлік жөніндегі инженер;
15) әуеайлақтарды пайдалану жөніндегі инженер;
16) ұшуды электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі инженер;
17) объективті бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөніндегі авиация технигі (механигі);
18) планер және қозғалтқыштар жөніндегі авиация механигі (технигі);
19) аспаптар және электр жабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі);
20) радиожабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі);
21) жанар-жағармай материалдары жөніндегі авиатехник;
21) аса жеңіл авиация механигі (технигі).
3. Ұшу авиация персоналының кәсіптері:
1) инженер-пилот;
2) пилот;
3) әуесқой пилот;
4) аса жеңіл авиация пилоты;
5) жеңіл ұшақ пилоты;
6) планер пилоты;
7) еркін ұшатын аэростат пилоты;
8) штурман;
9) бортинженер (бортмеханик);
10) бортрадист;
11) бортсерік;
12) бортоператор.
4. Жердегі авиация персоналының кәсіптері:
1) инженер-механик;
2) инженер-авионик;
3) механик,
4) авионик;
5) техник-механик;
6) техник-авионик;
7) аса жеңіл авиация технигі;
8) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері.