«Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10769 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
      120 «Жұмыс берушiлердiң жарналары» кiшi сыныбында:
      123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбында;
      144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу»:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде ЖЖМ құнын төлеуге, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтік іссапарларын төлеуге байланысты шығыстарды корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне құю үшін ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде, сондай-ақ малдардың аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ЖЖМ сатып алу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      149 «Өзге де қорларды сатып алу»:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік саясатты іске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің оларды іске асыру саласында олардың сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгілерін сатып алумен және сынақтан өткізумен байланысты шығыстарын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.»;
      150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
      151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.»;
      152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.»;
      154 «Үй-жайды жалға алу төлемдері» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер арасында жасалған шарттарға тіркеу жүргізілмейді.»;
      159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарттары бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын «Білім және ғылым саласындағы әдіснамалықты қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу», «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша ақша қаражатын аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын «Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектiлерiн салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдік іссапарлар», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына кейiннен аудару үшiн және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын төлеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде. Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді»;
      2 «Күрделi шығындар» санатында:
      04 «Негiзгi капиталды сатып алу» сыныбында:
      410 «Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу» кiшi сыныбында:
      414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту жөніндегі, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру жөніндегі, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу жөніндегі, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөнінде көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
      Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      416 «Материалдық емес активтерді сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту жөніндегі, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру жөніндегі, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу жөніндегі, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөнінде көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов