"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 сәуірде № 10765 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi және оған ведомстволық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бірмезгілде бекiтiлген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын:
      республикалық бюджет бойынша – «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге осы Ережеге 2, 5-қосымшаларға сәйкес қағаз және магнит тасығыштарында – осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Ережеге 3,6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін;
      жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда бередi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасын бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит (электронды) тасығыштарда бередi. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде – осы Ережеге 151719-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен осы Ережеге 23-қосымшаға сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ережеге 36-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары беріледі.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, ҚР ББС әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi - ҚБАЖ) енгiзедi (жүктейді).
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, ҚР ББС әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейдi).
      Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері белгіленген талаптарды орындамаған кезде жеке қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып қайтарылады), түзету үшін республикалық бюджет бойынша - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, жергілікті бюджет бойынша — жергілікті уәкілетті органға қайтарылады.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу, қаржыландырудың жиынтық жоспарына, берілетін нысаналы трансферттер және кредиттер бойынша жоғары бюджеттің қаржыландыру жоспарларына, атқарушы құжаттарды орындау, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, айына бір реттен артыққа жол берілмейді.»;
      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi - қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша аумақтық қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру және осы Ережеге 41-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанын беру қажеттiлiгi туралы хатпен өтiнiш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.»;
      35-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережеге 3436-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық үлгілерін осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді.»;
      36-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге берілген анықтамаларды кері қайтарған (қабылдамаған) кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып, түзетілген анықтамаларды кері қайтарған (қабылдамаған) сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және жоспарлау сатыларынан өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған кредиттер (бұдан әрі – кейінге қалдыру шарты бар жобалар) бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттама ұсынады:
      1) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша:
      техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
      бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асыру орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды;
      жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
      2) мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды;
      ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, экономиканың түрлі салаларында жобаларды іске асыруды көздейтін, олар бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құзыретіне жатқызылмайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бекіткен қаржы-экономикалық негіздемесі;
      3) бюджеттік кредиттер бойынша:
      қаржы агенттері бюджеттік кредиттерді бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жіберген жағдайда оң экономикалық қорытындымен қоса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме.
      Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының бюджетін нақтылаудан немесе түзетуден кешіктірмей нысаналы даму трансферттерінің қаражаты және кредиттердің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда санамаланған құжаттарды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған құжаттаманы бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
      Барлық құжаттама болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу рұқсат етілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі туралы хабарлама-хаттың көшірмесін жібереді.
      Егер кейінге қалдыру шарты бар жекелеген жобалар бойынша құжаттама берілмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджетті нақтылау немесе оны түзету жүргізілгенге дейін шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге жол берілмейтін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен бірге хабарлама-хат жібереді.
      Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, бюджеттік инвестициялар нақтылау немесе түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.»;
      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «81. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсаттар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде беріледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны:
      ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
      ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;
      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
      мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекенжайы;
      баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты үшін - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ шығыстарды бағыттау мақсаттары) қамтуы тиіс.»;
      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін оған осы параграфта айқындалған тәртіппен жаңа жазбаша рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот өзгеріссіз қалдырылады.»;
      113-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.»;
      123-тармақ мынадай редакциядағы 9) тармақшасымен толықтырылсын:
      «9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:
      сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы ақша қалдығын валютаға қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот («Қазынашылық-клиент» АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), шетел валютасын қайта айырбастауға төлем тапсырмасын немесе өтінімді ұсынады.»;
      139-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» деген ашық жолағындағы деректемелер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес толтырылады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚР ҰБ) назарына жеткізеді.
      Түсімдердің жинақ төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін мемлекеттік кірістер органдармен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.»;
      143-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «143. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 26 қыркүйекте № 9760 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесінің және Бюджет кодексінің 3-бабының 2-тармағының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I сатысы).»;
      148-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бюджетке төленетiн төлем туралы төлем құжаттарының деректемелері – төлем құжатының нөмiрi және күнi;»;
      149-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін қолын қойдырып, қолма-қол мынадай мерзімдерде:
      төлеушiден есептеуге өтiнiм түскен күннен бастап төрт жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      төлеушiден қайтаруға өтiнiм түскен күннен бастап сегiз жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік кірістер органына ұсынады.»;
      162-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
      1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, электрондық шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың;
      2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
      3) төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер аударған кезде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлеуге берілетін шотының;
      4) инкассолық өкімнің;
      5) осы тізбеге енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.»;
      168-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «168. Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:
      141 «Тамақ өнiмдерiн сатып алу»;
      142 «Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу».»;
      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «173. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару шартқа сәйкес астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.»;
      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «183. Мемлекетік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісінің табиғи монополия субъектісіне және сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың тиісті нарығында үстемді (монополиялық) жағдайға ие, осы нарықта олардың үлесі өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының қаңтарында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері) жүз пайызға тең субъектіге ақы төлеуіне жол беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 187-1-тармақпен толықтырылсын:
      «187-1. Кредиторлық берешек, оның ішінде секвестр салдарынан және/немесе тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде пайда болғанда-жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешек өтелетін айдың 1-і күніне кредиторлық берешек пайда болған шарттың көшірмесін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырмалы акті ұсынады. Салыстырмалы актіге мемлекеттік мекеменің және өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.
      Сондай-ақ өтінімдердің және міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері (шарттың № мен күні және болған кезде қосымша келісім № мен күні) мен берешектің пайда болу себебі көрсетілген түсіндірме жазба ұсынылады.
      Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті түрде тіркеуді талап етпейтін шығыстардың ерекшеліктері мен түрлері бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешекті өтейтін айдың 1-і күнгі жағдай бойынша салыстырмалы актіні қоса беріп (тіркей отырып) төлеуге берілетін шотты ұсынады.
      Төлеуге берілетін шоттың «Төлемнiң мақсаты» деген ашық жолағында қосымша кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетіледі.
      Кредиторлық берешектің өтелуі кредиторлық берешек пайда болған ерекшелік бойынша жүргізіледі.»;
      188-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз жеткізгіште ұсынады.»;
      189-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдендірілген жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде «Қазынашылық-клиент» АЖ-да жоғарыда көрсетілген құжаттар қосымша берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.
      ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ережеге 6575-қосымшаларға сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде береді.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде берілетін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жасау кезінде мемлекеттік мекеменің ақша алушысы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында осы ақша алушының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында қажетті ақша алушы болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 65, 75-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.»;
      202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «202. Өтiнiм оған қоса берiлген құжаттарға не шарт осы Ереженiң 163-186199201-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiм мен оған қоса берiлген құжаттарды мынадай жағдайларда:
      1) қабылдау кезеңiнде сәйкессiздiк байқалса, мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге өтiнiм тiзiлiмiне қайтару туралы соғылған белгiмен хат ресiмдемей;
      2) қабылдағаннан кейiн тексеру барысында сәйкессiздiк байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтiнiмнiң екiншi данасы хаттың екiншi данасымен қалады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 199201-тармақтарында белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.»;
      213-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «213. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердің шетел валютасындағы шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жоспарлы тағайындаулары мен шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде өткiзiледi. Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi мен мемлекеттiк мекемелердiң назарына жеткiзiледi.
      Жеке жоспар шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлеуге берiлетiн шотты орындамай қайтарады.
      Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi (жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақыны, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жәрдемақыларды; стипендияларды төлеу; банктік қызмет ақысын төлеу; ҚР Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер; зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар; бюджет субвенциялары; салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер), қалған төлемдер төлем шоттарының түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Бұл ретте, ақша болмаған жағдайда немесе қағаз тасығышта не «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы электронды түрде түсіп, ҚБАЖ жүйесіне енгізілген төлем шотын орындауға ақша жеткіліксіз болған жағдайда, төлем шоты келесі күні мемлекеттік мекемеге қайтару себебін негіздей отырып, орындаусыз қайтарылады.»;
      215-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы ұсынуды;»;
      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «220. Аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берiлген төлеуге берiлетін шоттар және қағаз жеткізгіштегі құжаттармен бiрге төлеуге берiлетін шоттармен тiзiлiмiнiң екi данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берiлетін шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санына және осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң 2 данасына және тiзiлiмге қоса берiлген төлеуге берілетін шоттар тізіліміне қолын, күнiн және мөртабан бедерiн қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады, төлеуге берiлген шоттарға және құжаттарға қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң екiншi данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
      Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
      Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 6473-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген үлгісін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):
      1) заңды тұлға үшін:
      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн/салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;
      оның нөмiрiн (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банк құжатын;
      2) жеке тұлға үшін:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін/ шетелдіктің тұру ықтиярхатын немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікті, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктерін;
      нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банктiң құжатын;
      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде ұлттық валютада төлемдер жүргізу кезінде):
      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжаттар;
      4) шетел валютасында ақша алу үшін:
      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің (ол болған кезде) деректемелерін ресми растайтын құжаттар;
      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ-де тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдікті жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.
      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 6575-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде бередi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 65-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.
      Өтінімді толтырған кезде осы Ережеге 64657375-қосымшаларға сәйкес жеке тұлға үшін «Ақшаны алушының атауы» ашық жолағында жеке тұлғаның (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты және болған жағдайда фирмалық атауы толық көрсетіледі.»;
      222-тармақта:
      20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) осы Ереженің 210-тармағының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша хабарлама бекітілген;
      21) сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік мекемелер ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлемдер жүргізген кезде төлем шоттарымен берілетін сот актілерінің төлем шотының деректеріне сәйкессіздігі;»;
      22) тармақша алып тасталсын;
      224-тармақта:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың атауы, нөмiрi мен күнi (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) және қосымша:
      тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;
      жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерiн төлеу кезiнде – жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнiң мөлшерi;
      сот актілерн орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру – ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімі не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақ, сот бұйрығы;
      төлем жүзеге асырылатын кезең (бiр жолғы сипаттағы және кезеңiнің көрсетiлуiн талап етпейтiн төлемдердi жүргiзу кезiнде көрсетiлмейдi);
      осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i;
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде – ақшаны соңғы алушы – резидент еместің атауы және деректемелері;»;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) «Бас бухгалтердiң тегi, аты-жөнi, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетiледi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қолы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің ЭЦҚ, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.
      Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
      «КОд», «БеК», «ТБК» ашық жолақтарын толтыру Қазақстан Республикасының Банктiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «225. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
      1 - қарапайым төлем;
      2 - қосымшасы бар жиынтық 10% зейнетақы төлемі;
      3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
      4 - қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар.
      Шығыс есептілік нысандарында қамтылған мәліметтерді бұрмалауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеме жасаған, бірақ мемлекеттік мекеменің басшысы қол қоймаған төлеуге берілетін шоттарды айдың соңғы күнінің сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бұл күн ерте болуы мүмкін, мемлекеттік мекеме Жүйеден алып тастайды.»;
      238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «238. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме қағаз жеткізгіште төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, төлеуге берілетін шоттарды және:
      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі – растаушы құжаттар) көшірмесін, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде қосымша құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін;
      шетел валютасында төлемдер жүргiзу кезінде шетел валютасын сатып алу үшiн төлеуге берiлетiн шоттарды ұсыну кезінде шетел валютасын айырбастауға өтiнiмді;
      осы Ереженiң 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді ұсынады.
      Төлем жүргізу кезінде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған, мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің цифрлық қолтаңбасы қойылған сканерленген құжаттарды қамтитын файлдарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін толтырады.
      Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың (бұдан әрі - ЭШФ) нысаны, шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі, ЭШФ куәландыру тәртібі, түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын растау ерекшелігі, ЭШФ сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
      Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесінде жазып берілген электрондық шот-фактураны алған кезде мемлекеттік мекеме оның негізінде «Қазынашылық - клиент» АЖ-де төлеуге шоттың электрондық үлгісін қалыптастырады және осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған, сканерленген құжаттарды қамтитын файлдарды тіркемей, мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен оған қол қояды, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде қосымша құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін тіркейді.
      «Қазынашылық - клиент» АЖ электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесінен импортталған және мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған шот-фактураның электрондық үлгісі растайтын құжат болып табылады.
      Шетел валютасында төлемдер жүргізген кезде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетел валютасына айырбастауға арналған өтініммен төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін қалыптастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 241-1-тармақпен толықтырылсын:
      «241-1. Мемлекеттік мекеме орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша 10 жұмыс күні ішінде мердігерге төлемді қамтамасыз етеді.»;
      242-тармақ алып тасталсын;
      243-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «243. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженің 234-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелуді талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізуі үшін негіздеме:
      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелері, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі – растаушы құжаттар);
      қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінім;
      сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым не қаулы не сот бұйрығы;
      инкассолық өкім;
      құрылыс үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы.»;
      мынадай мазмұндағы 243-1-тармақпен толықтырылсын:
      «243-1. Электрондық шот фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесін пайдаланатын мемлекеттік мекеме үшін тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде, не жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде электрондық шот-фактура «Қазынашылық-клиент» АЖ-де шарт жасамастан шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізу үшін төлем шотын қалыптастыру және беру үшін негіздеме болып табылады.»;
      244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «244. ҚБШ төлем жүргізген кезде ақшаны уақытша орналастыруды уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды қамтамасыз ету саласында қағаз жеткізгіштегі төлем шотына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақты қоса береді.
      Төлем шотын қалыптастыру кезінде «Қазынашылық-клиент» АЖ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот мөрімен куәландырылған сот актісінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжат қоса беріледі.»;
      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «245. Төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге және банк қызметтерін өтеуге төлеуге берілетін шоттармен бірге ұсынылатын қолма-қол ақшаны және чекті алуға өтінімдерді қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім - «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жасалған жағдайда, осы Ереженің 243-тармағында санамаланған құжаттарды растайтын қағаз жеткізгіштегі қосымшасыз төлеуге берілетін шотты ұсынады.»;
      249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «249. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға төлем жүргізген кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) қаржылық-экономикалық негіздемені, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісі ұсынатын басқару органдарының тиісті шешімін ұсынады («Қазынашылық-клиент» АҚ - сканерленген бейнесін тіркейді).
      Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған аванстық төлем сомаларын қоспағанда, төлемді жүргізген кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ-қалыптастырады) және, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысымен бекітілген Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесіне сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектісі бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынған техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттамаға) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырған жағдайда төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде - орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелері) көшірмесін («Қазынашылық - клиент» АҚ - сканерленген бейнесін тіркейді) ұсынады.
      Бұл ретте, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелері бар қаржылық-экономикалық негіздеменің көшірмелері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, кейіннен толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ескеріп, қаржылық-экономикалық негіздемені беру арқылы әрбір инвестициялық жобаға бір рет беріледі.
      Көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің бедерімен расталады және орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары (ол уәкілеттік берген адам) немесе мемлекеттік мекеме басшысы (ол уәкілеттік берген адам) дәйектейді.»;
      284-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «284. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысы инкассолық өкiмді алып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы қалдықтар шегінде инкассолық өкімде көрсетілген алушының пайдасына акцептсіз ақша алуды жүзеге асырады. Келесі жұмыс күні осы Ереженің 107-қосымшасына сәйкес 2-38-нысанды және 91-қосымшасына сәйкес 5-15-нысанды қалыптастырады және басып шығарады. 2-38-нысан мөртабанмен расталады және оған аумақтық қазынашылық бөлiмшенің жауапты орындаушысының қолы қойылады да ақшаның алынғанын растайтын құжат ретінде квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.»;
      288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «288. Инкассолық өкiмдi алған және мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, қабылданбаған мiндеттемелер мен бюджеттiк бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкiмдердi алуға және ағымдағы қаржы жылы бойы сақтауға мiндеттi.
      Егер мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инкассолық өкім мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмауына байланысты орындалмаған болса, онда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны өндіріп алушыларға инкассолық өкімді орындамастан қайтаруға міндетті.
      Бұл норма мемлекеттік кірістер органдарының салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алуға, біріңғай зейнетақы жинақ қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік аударымдарды төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды не өндіріп алу туралы инкассолық өкімдеріне қолданылмайды.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойылған инкассолық өкімді алған кезде және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында қаражат болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi оны қабылдауға квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтауға мiндеттi.»;
      295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «295. Инкассолық өкімді орындаған кезде инкассолық өкімдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
      Инкассолық өкім толық орындалғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі атқарушы құжаттың түпнұсқасын 2 жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.»;
      324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «324. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегі төлем құжаттары мен шетел валютасындағы банк шоттарын бойынша үзінді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы тиісті шоттарына шетел валютасының түрлері бойынша оны есептеу жүргізеді.»;
      329-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «329. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы банк шоттары бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттарын алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнінде операция жүргізеді.»;
      349-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «349. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы банк шоттары бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттары алынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргізеді.»;
      371-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде, ағымдағы қаржы жылының сомасынан 30 пайызға дейінгі мөлшердегі аванстық төлемді қоспағанда – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелері.
      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі.
      Бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен шығыстарды және/немесе тартылған қарыз қаражатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан, өтеген жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының көшірмесін және қарыз қаражатын тарту кезінде қосымша – кредиттік шарттың көшірмесін ұсынады.»;
      376-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «376. Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен жасалған шетел валютасындағы шарттар бойынша төлемдер жүргiзiлген кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеде көзделген тәртiпте аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шетел валютасын сатып алу үшiн екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшiн төлем тапсырмасын қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады. Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында «Төлем тағайындау» ашық жолағында:
      1) сатып алынатын шетел валютасының түрi мен сомасы;
      2) ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;
      3) резидент емеспен жасалған шарттың күнi мен нөмiрi;
      4) шарттың мәнi;
      5) құжаттың (тауарларды жеткізгені туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің), не орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын басқа да құжаттың) атауы, нөмірі мен күні көрсетiледi.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екiншi деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюталардың түрлерi бойынша аударылған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде мақсаты бойынша пайдаланылуы тиiс.
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткеннен кейін шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотында ұлттық валютада кейіннен соманы кқалпына келітре отырып, қайта айырбасталуы тиiс.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасын уақтылы қайта айырбастауды және шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төлемді ұлттық валютада жүргізу үшін квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне оның екінші деңгейдегі банкте ашық шотына квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады. Бұл ретте төлем тапсырмасында «Төлем мақсаты» жолында квазимемлекеттiк сектор субъектiсi түпкі бенефициар-резидент еместің деректемелерін қосымша көрсетеді.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің шотынан оның екінші деңгейдегі банктегі шотына аударылған ақша, ол есепке жатқызылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тағайындалуы бойынша түпкі бенефициар-резидент емеске аударылуы тиіс.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiлері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақшаны олар аударылған квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің шотына көрсетілген мерзім өткенге дейін уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.»;
      458-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «458. Қайтару/аудару осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде уақытша орналастыру шотындағы ақша қалдықтары шеңберінде жүзеге асырылады.
      Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сынан сот актілерін орындау жөніндегі ақшаны қайтаруды/аударуды атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе сот актілерінің негізінде берілген атқарушы парағының көшірмесі қоса қыстырылған қағаз жеткізгіштегі («Қазынашылық-клиент» АЖ-де сот актілерінің немесе сот актілері негізінде берілген атқарушы парақтың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттарды қоса тіркейді) төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
      Бұл ретте, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы сот шешімінің көшірмесін оның бар-жоғына және Қазақстан Республикасының тиісті сотының ресми сайтындағы сот істері жөніндегі анықтамалығына сәйкестігі тұрғысынан салыстыруды жүзеге асырады.
      Тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдендірілген жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде «Қазынашылық-клиент» АЖ-да жоғарыда көрсетілген құжаттар қосымша берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.
      Қазақстан Республикасының тиісті сотының ресми сайтындағы сот істері жөніндегі анықтамалығында сот шешімі болмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің төлем шотын орындамай қайтарады.
      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
      Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшін банктік қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебінен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі, оған:
      тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулі материалдық мүлік шығынын талап ететін заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттік берілген органдардың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебінен жүргізілетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 673-1-тармақпен толықтырылсын:
      «673-1. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде бюджеттік қолдау ретінде тартылатын сыртқы қарыздар бағдарламалық құжатты әзірлеуді және республикалық бюджеттік комиссия шешімінің қабылдануын талап етпейді.»;
      677-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мыналарды:
      1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтілетін қарыз шарттары бойынша кредит берушілермен келіссөздер ұйымдастыруды және өткізуді;
      2) шарттардың қолайлылығын және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне не бағдарламалық құжатқа, сондай-ақ олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
      3) қарыз шарты мен ілеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
      4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның түпкілікті қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша міндеттемелерінің есебін жүргізетін және қызмет көрсететін ұйымдармен қатынастарды реттейтін құжаттарды дайындауды және ресімдеуді қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.»;
      807-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «807. Мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша қарыз алушылар үшін өтеу мен қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз шартында белгіленген мерзім мен көлемде, инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптарымен қарыз берушілердің төлем шоттарының негізінде республикалық бюджеттен кезекті қаржы жылының ішінде жүзеге асырады.»;
      839-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «839. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттарға тек сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан айырбасталған қаражат есепке жазылады.»;
      көрсетілген Ережеге 47-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылды, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;
      көрсетілген Ережеге 3589 және 114-қосымшалар осы бұйрыққа 234-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                           Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 10 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      _____________ Қ. Келімбетов
      2015 жылғы 7 сәуір

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 202 бұйрығына 
1-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне        
47-қосымша      

Нысан

____________________________________________________________________
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

«__» ___________жылғы
қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға
арналған өтінім

Р/с

Мемлекеттiк мекеме

Бюджет түрi

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері

Қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашу үшiн негiздеме (рұқсат етiлген күнi мен нөмiрi, тармақшасының, тармағының, бабының нөмірлері көрсетiлген заңнамалық актiнiң атауы мен күнi)

атауы

коды

1

2

3

4

5

6

I. Ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


II. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


III. Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


IV. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның
(бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның
аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң)/
мемлекеттік мекеменің басшысы ________ _______________________
       М.О.                     (қолы) (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 202 бұйрығына  
2-қосымша      

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне  
35-қосымша      

Нысан

«Бекітемін»      
орталық атқарушы органның   
жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен
орталық атқарушы органның   
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды адам)/бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің
басшысы __________________________
(қолы, Т.А.Ә.)     
«___»________________ж.
М.О.         

_________________бюджеттің төлемдері бойынша
____________________________жеке қаржыландыру жоспарына
(мемлекеттік мекеменің атауы) өзгерістер енгізу туралы
№_______анықтама
_ж. «__»_______негізінде
_________________

Бюджеттік сыныптама кодтарының атауы

Бюджеттік классификацияның кодтары

Өзгеру сомасы
(+, -),
барлығы

ББӘ

ММ коды

бағдарлама

кіші бағдарлама

ерекшелік

Жоспарлы тағайындаулар




БАРЛЫҒЫ




      кестенің жалғасы

оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда - жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда өзгеріс ай сайын)

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жоспарлы тағайындаулар

Қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________
                                (қолы) (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2015 жылғы наурыздағы
№ бұйрығына    
3-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесіне  
89-қосымша     

Нысан

№ төлем шоты
Күнi __ ж. «___» ______________

Мемлекеттiк мекеме

Ақша алушы

ММ коды

КОды


|КБе|

Атауы


Атауы


БИН


ИИН/БИН


АҚБ


Банк


БСК


ЖСК


Қаржыландыру көзі


БСК


Бюджет түрі


ЖСК


Шығыстар БСК


Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды


Алушының БСК

|ТМК|

Төлемнің мәртебесі




Төлемді тағайындау

Сомасы

Сомасын таратып жазу:

Басшының Т.А.Ә. ______________________________
Бас бухгалтердің Т.А.Ә. ______________________
______________________________________________
Үлгi (1-жай, 2-жиынтық зейнетақы, 3-жалақы мен дивидендтердi аудару,
4-әлеум. аударымдар);
№ хабарландырумен (ЖА) келiсу.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2015 жылғы наурыздағы
№ бұйрығына    
4-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесіне  
114-қосымша     

Нысан

___ ж.»____» _____________
шетелдік валютаны қайта айырбастауға
№ өтінім
ММ атауы және коды: _________________________________________________
Тапсырыс бойынша*: __________________________________________________
Почталық мекен-жайы: ________________________________________________
                         (мемлекеттік мекеме)
Мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоты ______________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоты,
БСК _________________________________________________________________
СТК:
Теңгеде алатын алушының шот деректемелері(атауы, БСН,
БСК, ЖСК, БСК) ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетелдік валютада ақшаны қайта айырбастап алуға мәміле жасасуды тапсырамыз:

Валюта түрі

Валютаны қайта айырбастау сомасы

Ұлттық Банк бағамы

Теңгеде қайта айырбастау сомасы





Өтінім іс-әрекетінің мерзімі 20__ж.»___» ______________ дейін
Қаржыландыру көзі: __________________________________________________
Орталық атқарушы органның
жауапты хатшысы (белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай
болмаған жағдайда - басшы (мемлекеттік
мекеменің, немесе аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің) ____________ _______________
              (аты-жөні)       (қолы)
М.O
Бас бухгалтер ____________ _______________
               (аты-жөні)       (қолы)
М.О.
___________________________________
* Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган толтырады