Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 сәуірде № 10761 тіркелді

Қолданыстағы

      Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша алдын ала тергеуді мен анықтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 220 бұйрығына    
1-қосымша      

Ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық
құқық бұзушылықтар бойынша алдын ала тергеуді және
анықтауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тергеу аппаратының қызметін және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ішкі істер органдарының анықтау нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі – ҚК), Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және тергеу аппараты мен ішкі істер органдарының анықтау бөліністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.
      2. Ішкі істер органдарының тергеу аппараты тергеу бөліністерінің жүйесі болып табылады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратында Тергеу департаменті және ішкі істер органдарының аумақтық органдары, онда тергеу басқармалары, бөлімдері, бөлімшелері, топтары құрылады.

2. Ішкі істер органдары тергеу аппаратының қызметін ұйымдастыру

      3. Құзырет шегінде тергеу бөліністері қылмыстық қудалау және олардың қызметін үйлестіру функцияларын жүзеге асырады.
      4. Тергеу аппаратының ведомстволық бақылауын:
      Орталық аппаратта және аумақтық ішкі істер органдарында – Ішкі істер министрінің тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, ІІМ Тергеу департаментінің бастығы және оның орынбасарлары, ІІМ Тергеу департаменті басқармаларының бастықтары және олардың орынбасарлары,
      Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінде (бұдан әрі – КІІД), қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер органдарының бөлімдерінде (бұдан әрі – қалалық, аудандық, желілік органдар) – ІІД, КІІД бастығының тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, Тергеу басқармасының бастығы, оның орынбасарлары;
      Қалалық, аудандық, желілік органдарда – қалалық, аудандық, желілік орган бастығының тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, тергеу бөлімдерінің, бөлімшелерінің (топтарының) бастықтары және олардың орынбасарлары жүзеге асырады.
      5. Ұсталғандарды айдауылдау және күзету бойынша ұйымдастырушылық функциялар ішкі істер органдарының басшыларына жүктеледі.
      6. Тергеу бөліністерінің жұмысы мынадай көрсеткіштер:
      1) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау (заң бұзушылықтарды төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      2) есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау (заң бұзушылықтар фактілерін төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      3) біріктірілген қылмыстық істерді есепке ала отырып, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 3, 4, 9-12-тармақтарында және 36-бабында көзделген негіздер бойынша қысқартылған қылмыстық істерді біріктіре отырып, сотқа жолданған істердің саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      4) алдын ала тергеп-тексерудің және адамдарды қамауда ұстаудың процестік мерзімдерін сақтау (мерзімдерді бұза отырып, аяқталған істер санын төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      5) сотқа дейінгі тергеудің мерзімін үзу және қылмыстық істі қысқарту туралы күші жойылған қаулылардың саны (төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      6) прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған қылмыстық істердің саны (қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылған істердің санын төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      7) қылмыс келтірген зиянның орнын толтыру бойынша қабылданған шаралардың уақтылығы мен толықтығы (орын толтырудың үлес салмағының өсуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады):
      8) жеделдетілген сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде сотқа жолданған қылмыстық істердің саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      9) қылмыстық істі тергеу барысында азаматтардың келіп түскен өтініштерінің саны (төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      10) қылмыстық жауапкершілікке тартылған тергеушілердің саны (төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады) бойынша бағаланады.
      ІІМ Тергеу департаменті тергеушінің және тергеу бөлінісінің жұмысын да тергеу жұмысының басқа көрсеткіштері бойынша, республикадағы жедел жағдайдың өзгерістеріне байланысты бағалайды.
      7. Қажет болған жағдайда жедел жағдайды және штаттық мүмкіндіктерді ескере отырып, тергеушілер белгілі бір учаскелерге (аймақтарға) бекітіледі немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеуге маманданады.
      8. Тергеушілерді қылмыстық істерді тергеумен байланысты емес міндеттерді орындауға тартуға тыйым салынады.
      9. ҚПК-нің 60-бабының 7-тармағына сәйкес тергеуші заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізу кезінде барлық шешімдерді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
      Тергеуші қылмыстық іс бойынша өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.
      10. Тергеуші өз қаулысымен кез келген сәтте істі өндірісіне қабылдап, анықтау органдарының кейінге қалдырылмайтын тергеу амалдарын орындауын күтпестен, оны тергеуге кіріседі (ҚПК-нің 60-бабының 6-тармағы).
      11. ҚПК-нің 60-бабының 9-тармағына сәйкес тергеуші тергеп-тексеретін істер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексеріліп жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысады, оларды белгіленген тәртіпте іске қосып тігу үшін талап етіп алдыртады, анықтау органдарына орындау үшін міндетті, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар береді және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етеді.
      12. Тергеушілерге олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде азаматтық киім киюге, табельдік қаруды және арнайы құралдарды алып жүруге рұқсат етіледі.

1-параграф. ІІМ Тергеу департаментінің жұмысын ұйымдастыру

      13. ІІМ Тергеу департаментінің қызметі жедел және стратегиялық жұмыс жоспарларының негізінде аймақтық және мәндік қағидат бойынша ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасаса отырып ұйымдастырылады.
      14. ІІМ Тергеу департаменті алға қойған міндеттерді орындау үшін:
      1) еліміздің ішкі істер органдарының барлық тергеу бөліністерінің қызметін үйлестіреді және оларға ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      2) өз өкілеттіктерінің шегінде тергеу бөліністерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, тергеу аппараты құрылымы, тергеу кадрларын іріктеу, орналастыру және олардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) инспекциялау және мақсатты тексерістерді жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығына анықталған кемшіліктерді жою, тергеу бөліністері жұмысының тиімділігін арттыру және алдын ала тергеуде заңдылықты сақтау бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
      4) тергеу жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар, тергеу әдістемелерін әзірлейді, тергеудің оң тәжірибесін және әдістемесін жинақтайды және таратады, оларды тергеу практикасына енгізуді қамтамасыз етеді;
      5) статистикалық деректерді және өзге де ақпаратты талдауды жүзеге асырады, мынадай:
      егер депутаттық өкілеттіктерді орындауға байланысты болса, барлық деңгейдегі депутаттарға қатысты жасалған;
      дипломатиялық корпус өкілдері және иммунитеті бар өзге де адамдар жасаған немесе оларға қатысты жасалған;
      банда жасаған және ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған;
      кісі өлтіру және жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар;
      адамдардың құрбан болуына және өзге де ауыр салдарға әкеп соғатын дәстүрлі емес діни ұйымдардың жақтаушылары жасаған;
      тапсырыстық сипаттағы кісі өлтіру;
      қоғамдық резонансқа ие болған 2 адамнан көп кісі өлтіру;
      құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін өлтіру;
      адамдардың құрбан болуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соққан экологиялық қылмыстар;
      ауыр салдарға әкеп соққан жаппай тәртіпсіздіктер немесе топтық қақтығыстар;
      адамдардың құрбан болуына немесе елеулі материалдық зиян келтірген көліктегі (әуе, теміржол, өзен, теңіз) қирау, өрттер немесе апаттар;
      қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және алдын ала оқшаулау орындарында 10 және одан көп адамның қатысуымен болған жаппай тәртіпсіздіктер, топтасып бағынбау және бұзақылық;
      трансұлттық қылмыстар;
      этникааралық қатынастар салдарында жасалған қылмыстар;
      аса ірі көлемде қылмыстық топ құрамында ұрлау, қызметкерлердің билігін асыра пайдалануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери басқарма және өңірлік қолбасшылық орталық органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының басшылығы жасаған мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің, Бас прокурордың, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарларының бақылауындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды істерді алдын ала тергеу барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.
      6) едәуір күрделі қылмыстық істерді тергеуді бақылайды, алдын ала тергеу барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
      7) департамент тергеушілері ұйымдасқан қылмыстық топ өніраралық, халықаралық сипатта жасаған, елімізде кең қоғамдық резонанс тудыратын аса маңызды, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 5-тармақшасында көзделген қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастырады;
      8) Қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, оны ҚПК-нің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес Бас прокурормен келіседі;
      9) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық көмек көрсету тәртібінде құзырет шегінде қылмыстық сот өндірі саласында халықаралық ынтымақтастық бөлігінде қылмыстық-процестік заңнама талаптарын сапалы орындауды қамтамасыз етеді, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      10) «Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бюллетені» ведомстволық журналына материалдар әзірлейді, рецензиялайды, редакциялайды және орналастырады.

2-параграф. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және
Көліктегі ІІД Тергеу басқармасының жұмысын ұйымдастыру

      15. Аумақтық ішкі істер органдарында тергеу жұмысын ұйымдастыру ІІД, КІІД Тергеу басқармаларына, ал ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде тікелей өкілдік басшыларына жүктеледі.
      16. ІІД, КІІД Тергеу басқармасының қызметі қылмыстық-процестік заңнамаға, ведомстволық нормативтік актілерге, қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру қағидаттарына негізделген ІІД, КІІД-нің басқа да қызметтерімен және тиісті құқық қорғау, бақылау жасайтын ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасасу үшін мәндік-аймақтық қағидат бойынша ұйымдастырылады.
      17. ІІД, КІІД Тергеу басқармасы басқа бөліністермен және қызметтермен бірлесіп:
      1) қылмыстық құқық бұзушылықты ескерту, ашу және тергеу, заңдылықты нығайту бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған келісілген іс-шаралар әзірлейді; бұйрықтардың, нұсқаулардың жобаларын және әдістемелік құжаттар әзірлейді; тергеу бөліністері жұмысының жай-күйін тексеру және оны ұйымдастыруда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда және тергеуде практикалық көмек көрсету үшін төмен тұрған бөліністерге шығады, бекітілген тәртіпте бірлескен кеңестер, семинарлар және қылмыстық қарсы күресті күшейту, тергеу және жедел-іздестіру қызметтерінің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша басқа да іс-шаралар өткізеді;
      2) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез және толық ашу үшін тергеушілер, анықтаушылар мен анықтау функциялар орындайтын бөліністердің өзара іс-қимыл жасасуын;
      тергеушілердің тиісті жедел, криминалистикалық және басқа қызметтердің жұмыскерлерімен оқиға орындарына уақтылы шығуын;
      қылмыстық істер бойынша тергеу амалдарының және жедел-іздестіру іс-шараларының орындалуын;
      сараптамалар тағайындаудың және жүргізудің уақтылығын, алынған нәтижелерді пайдалану толықтығын, қылмыстық құқық бұзушылықтардың тергелу барысы туралы ақпаратпен алмасуды және іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бірлесіп талқылауды бақылайды;
      3) өткен жылдардағы қылмыстық істер бойынша бағыныстағы аппараттардың жұмысын ұйымдастыруды, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға және іздестіруге шаралар қабылдаудың уақтылығын тексереді, анықталған кемшіліктерді жоюда қажетті көмек көрсетеді;
      4) қылмыстық істерді және жасырынған қылмыскерлер іздестіруге жарияланған істерді тергеуді бақылайды;
      5) тергеу кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды көтермелеу не жазалау, қызмет бойынша ауыстыру туралы ұсыныстарды енгізеді.
      18. ІІД, КІІД Тергеу басқармалары өңірлердегі қылмыстың жай-күйі, оның санаттары мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша оның динамикасы туралы ұдайы негізде ақпарат жинауды және жинақтауды жүзеге асырады, бұл үшін тиісті ақпараттың түрлері бойынша арнайы папкалар басталады. Алынған ақпаратты талдаудың негізінде ай сайын заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, қызметте нақты өзгерістерге қол жеткізу бойынша шараларды әзірлей отырып, анықтамалар жасалады.
      19. ІІД, КІІД Тергеу басқармасы инспекциялауды және мақсатты тексерістерді, тергеу бөліністерінің басшыларын есептерімен бірге шақыруды дербес немесе басқа қызметтермен бірлесіп, ІІД, КІІД-нің жұмыс жоспарларына сәйкес немесе тергеу бөлінісінің жұмысындағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде жүргізеді.
      Тексерістер тергеу бөлінісі қызметінің жай-күйін, өңір ерекшеліктерін, қылмыс деңгейін мұқият талдаудың негізінде жоспарланады және жүргізіледі. Тексерістің тақырыптамасына қарамастан тергеушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауына ерекше назар аударылады. Олардың қызметінің нәтижелерін жақсартуда міндетті түрде әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі.
      20. Қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі туралы деректерді кешенді талдаудың, тергеу жұмысы нәтижелерінің, инспекциялау, тексеріс материалдарының және басқа да ақпараттарының негізінде ІІД, КІІД Тергеу басқармалары тоқсан сайын жоспарлар әзірлейді. Оларға сәйкес тергеудің сапасын және ведомстволық бақылаудың деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, тергеу жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдердің және практикалық шаралардың уақтылы қабылдануы қамтамасыз етіледі.
      21. Тергеу басқармасы қоғамдық резонансқа ие, ауданаралық сипаттағы немесе көлік магистралінің бірнеше учаскелерінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 22-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергейді.
      22. Тергеу басқармасы:
      1) мыналарды:
      ІІМ-нің бақылауындағы қылмыстық істерге;
      ІІД, КІІД бастығы және оның тергеуге жетекшілік ететін орынбасары бақылауына алған қылмыстық істерге;
      ашылмаған қасақана кісі өлтіру туралы қылмыстық істерге;
      кісі өлтіруді және жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға;
      тапсырыстық сипаттағы кісі өлтіруге;
      қоғамдық резонанс тудырған екі және одан да көп адамды өлтіруге;
      жаппай тәртіпсіздіктерді немесе ауыр салдарға әкеп соққан топтық қақтығыстарға;
      үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстарға;
      шетелдіктер жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстарға;
      прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған қылмыстық істерге;
      тергеудің не айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімі ұзартылған істерге;
      Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес келіп түскен халықаралық тергеу тапсырмаларына және қылмыстық істерге;
      Қазақстан Республикасы ІІМ-нен, прокуратура органдарынан келіп түскен, олар бақылауға алған азаматтардың хаттарын, шағымдарын бақылауды жүзеге асырады;
      2) қылмыстық істер ай сайын зерделейді:
      Күдіктінің іздестірілуіне байланысты алдын ала тергеу мерзімі үзілген. Тергеудің толықтығы мен объективтілігіне, іздестіруге жариялаудың, бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігіне және уақтылығына, іздестіру ісінің бар-жоғына, іздестіру аппараттар мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының деректерімен салыстыра тексеру болуына ерекше назар аударылады;
      ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы. Тергеудің толықтығына, тергеу сапасына, қылмыстық құқық бұзушылықты ашу үшін барлық қажетті шаралардың қабылданған, қабылданбағанына, заттай дәлелдемелердің бар-жоғына, олардың зерттелуіне және қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда пайдаланылуына ерекше назар аударылады.
      Осы санаттағы қылмыстық істерді зерделеу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды, жұмыстағы кемшіліктер және олқылықтарды, осыған ықпал еткен себептер мен жағдайларды, зерделеудің нәтижелерін іске асырудың ұсынылатын нұсқаларын, оларды жою жолдары мен тәсілдерін көрсете отырып ай сайын анықтама жасалады;
      3) сотқа жолданатын қылмыстық істер зерделенеді. Тергеушілердің кәсіби деңгейін арттыру және олардың қылмысқа қарсы күресте рөлін арттыру мақсатында қылмыстарды табысты ашудың және тергеудің оң тәжірибесі жинақталады, таратылады;
      4) ІІМ Тергеу департаментіне белгіленген тәртіпте және мерзімде:
      нақты қылмыстық істер және тергеу жұмысының жекелеген бағыттары бойынша, ұстау, қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау және азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат;
      ІІМ-нің бақылауына алынған азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың және лауазымды адамдардың өтініштері мен шағымдары бойынша ақпарат ұсынады.
      5) тергеушілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың, оның ішінде заңсыз ұстаудың, қамауда заңсыз ұстаудың және қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың әрбір фактісі бойынша арнайы ақпараттар ІІМ Тергеу департаментіне тәулік ішінде жолданады.
      Тергеу сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың барлық фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізіледі, нәтижелері 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей кінәлі адамдарға қабылданған шаралар туралы ІІД-КІІД бастығының бұйрығын қоса бере отырып, ІІМ-нің Тергеу департаментіне ұсынады.
      23. ІІД Тергеу басқармасы әдістемелік сипаттағы құжаттарды қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын ескере отырып шығарады және төмен тұрған тергеу бөліністеріне жолдайды. Оларда қылмыстарды жасаудың және жасырудың тәсілдері, оларды ашудың тән әдістері, тергеудің оңтайлы тәсілдері көрсетілуі тиіс. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылуы тиіс. Тергеу бөлінісінің әрбір басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жаңа және белгісіздеу әдіспен жасалған жағдайда бұл туралы Тергеу басқармасы арқылы ІІМ Тергеу департаментіне дереу хабарлауға міндетті.
      24. Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру екі желі: ІІМ ұйымдастыратын тергеу кадрларының біліктілігін орталықтандырылған арттыру және ІІМ-нің тақырыптық жоспары бойынша ІІД-КІІД-дегі қызметтік даярлық жүйесінде оқыту бойынша жүзеге асырылады.

3-параграф. Қалалық, аудандық, желілік органдарда
тергеу бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру

      25. Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарында тергеу жұмысын тергеу бөліністерінің басшылары ұйымдастырады.
      26. Тергеу бөліністерінің қызметі жедел жағдайды және ІІМ-нің талаптарын ескере отырып, жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырылады. Жоспарларды орындау барысында оларды түзету жүзеге асырыла алады. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы шешімді жоспарды бекіткен бөлініс басшысы қабылдайды.
      Жоспарда:
      1) қалалық, аудандық, желілік органда – қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша уақтылы ден қоюға, жедел-тергеу топтарының оқиға орындарына кідіріссіз шығуын қамтамасыз етуге тергеу бөлінісінің басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасасуын нығайтуға, жедел-криминалистикалық, ұйымдық және өзге де техникамен қамтамасыз етуге, жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін еңбектің тиісті жағдайларын жасауға бағытталған кешенді іс-шаралар;
      2) тергеу бөлінісінде – тергеу жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға, ведомстволық бақылау деңгейін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар (қажет болған жағдайда басқа қызметтермен келісілген), қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу әдістемесін және тергеу амалдарын жүргізу тактикасын жетілдіру, тергеушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін, заманауи ғылыми әдістерді тарату және енгізу, тергеушілердің кәсіби даярлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде көзделеді.
      27. Тергеу бөліністерінің басшылары тергеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға және тергеушілердің ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, тергеу бойынша өзара іс-қимыл жасасуына, толық жауапты.
      28. Қалалық, аудандық, желілік орган бастығының тергеу бөліністерінің қызметіне жетекшілік ететін орынбасары:
      1) тергеу бөлінісінің жұмыс жоспарларын және жоғарыда тұрған органдардан келіп түскен бақылау тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
      2) тергеу бөлінісінің қызметін, оның жедел және ішкі істер органдарының және өзге де қызметтерімен, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарымен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіреді;
      3) анықтау органының басшысы ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрады (ҚПК-нің 194-бабы);
      4) қылмыстар туралы ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған (ҚПК-нің 179-180187-баптары) өтініштер мен хабарламаларды шешім қабылдау үшін тергеу бөлінісіне жолдайды;
      5) қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштер мен хабарламаларды СДТБТ-де тіркеуге, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркеуге біруақытта шаралар қабылдай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін анықтау және бекіту бойынша кейінге қалдыруға болмайтын тергеу амалдарын уақтылы және сапалы жүргізуді бақылайды,
      6) тергеушілердің жедел есепке алу істерінің және жасырын тергеу амалдарының материалдарымен танысуға құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тергеушілерге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер мен материалдарды оларды қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдемелер ретінде пайдалану үшін белгіленген тәртіпте берудің уақтылығын бақылайды;
      7) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде тергеу бөліністерінің қызметін, істердің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын және объективтілігін бақылайды;
      8) ауыр және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың сипаты мен мән-жайларына байланысты оқиға орындарына өзі шығады, оқиға орнына қарап тексеруді жүргізуді және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің материалын жинауды бақылайды, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды бөлуді қамтамасыз етеді;
      9) анықтау органдарының тергелетін қылмыстық істер бойынша тергеушілердің тапсырмалары мен нұсқауларын уақтылы және сапалы орындауын қамтамасыз етеді;
      10) қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, қалалық, аудандық, желілік органның бастығына қызметтік жұмыстың өзекті мәселелерін жедел кеңестерде қарау туралы ұсыныс енгізеді, сондай-ақ тергеу бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді жою және жақсарту туралы ұсыныс енгізеді;
      11) тергеушілердің жұмыс уақытының ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді, барлық күштер мен құралдарды қылмыстарды тергеуге шоғырландыра отырып, тән емес функцияларды орындауды болдырмайды;
      12) өз құзыреті шегінде бағынысты тергеушілердің әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарайды және шешеді. Белгіленген тәртіпте тергеушілер мен бөлімнің (бөлімшенің, топтың) басқа да жұмыскерлерін көтермелеу және тәртіптік жазалар салу, ауыстыру туралы ұсыныстар енгізеді;
      13) тергеушілердің қызметтік жұмысына байланысты олардың өміріне, денсаулығына және меншігіне қолсұғушылық қаупі болған кезде оларды қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
      14) әскери-қызметтік тәртіптің сақталуын талап етеді.
      29. Тергеу бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы, топтың аға тергеушісі белгіленген заңнамада айқындалған өкілеттіктерден (Қазақстан Респубикасы ҚПК-нің 59-бабы) басқа, өз құзыреті шегінде:
      1) жедел және криминалистикалық бөліністердің басшыларымен бірлесіп, тергеушілерді, жедел қызметкерлерді, криминалистерді және қажет болған жағдайда басқа да қызметтердің қызметкерлерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу бойынша жұмыстың нәтижелері туралы ай сайын тыңдайды, тергеу амалдарын жүргізуде, жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу амалдарын іске асыруда практикалық көмек көрсетеді;
      2) ауыр немесе өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалу сипаты және мән-жайларына байланысты оқиға орындарына шығады, оқиға орнын қарап-тексерудің сапалы жүргізілуін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жинауды қамтамасыз етеді;
      3) оқиға орнынан алынған іздер мен өзге де заттай дәлелдемелерді зерттеуге уақтылы жолдауды, сондай-ақ оларды сақтауды ұйымдастыруды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуда толық және тиімді пайдалануды бақылайды;
      4) тергеушінің қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу бойынша әрекеттерінің уақтылығына, тергеу амалдарын жүргізу кезінде заңдылықты сақтауға процестік бақылауды жүзеге асырады;
      5) күдіктінің жүрген жерінің анықталмауы немесе оның ауруы салдарынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзудің негізділігін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда қабылданған шаралардың толықтығын ай сайын тексереді;
      6) тергеушілердің жұмыс практикасына еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, криминалистикалық техниканы және қылмыстық құқық бұзушылықтарды заманауи тергеудің озық тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді;
      7) кадр қызметімен бірлесіп, кәсіби және іскерлік қасиеттеріне сүйене отырып, тергеу қызметкерлерінің кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
      8) тергеу практикасын және бөлімнің (бөлімшесінің, топтың) жұмысын сипаттайтын деректерді жүйелі түрде талдайды, алдын ала тергеудің сапасын және тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, қалалық, аудандық, желілік органның және ІІД-КІІД Тергеу басқармасының басшылығына ұсыныстар енгізеді;
      9) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрады (ҚПК-нің 194-бабы).
      30. Қалалық, аудандық, желілік органның бастығы немесе оның тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, тергеу бөлімінің (бөлімшенің) бастығы, топтың аға тергеушісі ауысқан кезде істерді, оның ішінде тергеу мерзімі үзілген істерді қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады. Нәтижелері ауданның (қаланың) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы бөліністерінің деректерімен салыстыра тексеріледі.
      31. ҚПК-де белгіленген құзыретіне сәйкес тергеу бөлінісінің басшысы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды және басқа да себептерді СДТБТ-де тіркеу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанға тергеушіге дереу тапсыруды қамтамасыз етеді.
      32. Тергеушіге СДТБТ-де себепті тіркеу, қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау, оқиға орнын қарап тексеру, кейінге қалдырылмайтын жедел-іздестіру іс-шараларын, тапсырмаларды, нүсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау жүктеледі.
      Келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамтиды және оған:
      тергеу және іздестіру болжамдары;
      тексеру үшін анықтауға жататын деректері;
      тергеу амалдарының тізбесі;
      жедел жолмен анықтауға жататын мән-жайлары;
      мерзімдер мен орындаушылар кіреді.
      Жоспар өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін, оны түзету бастамасы, тергеушіге де, жедел жұмыскерге де тиесілі.
      33. ҚПК-нің 60-бабының 3-тармағына сәйкес тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
      34. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолданады. (ҚПК-нің 60-бабының 4-тармағы).
      Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолданады (ҚПК-нің 60-бабының 5-тармағы).
      35. Тергеуші оқиға орнын қарауды жеке жүргізеді және оның сапасы үшін дербес жауапты.
      36. Тергеушілердің қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуы келісілген жоспарлаудың, өзара ақпаратпен алмасудың, тергеушінің ұйымдастырушы рөлі жағдайында әрбір қызметтің құзыретін нақты шектеу негізінде қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      37. Тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:
      барлық жағдайларда әкімшілік полицияға белгіленген тәртіпте есепке алуға жататын жасөспірімдер туралы ақпарат жолдайды;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында құқықтық насихаттауды жүргізуге қатысады;
      қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларды басқару функцияларын атқаратын адамдарға осындай мән-жайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдарды енгізеді;
      Ұсыным бір айлық мерзімде қабылданған шаралар туралы міндетті түрде хабарлай отырып, қарауға жатады (ҚПК-нің 200-бабы).
      38. Тергеу процесінде ішкі істер органдары жұмыскерлерінің қызметтік жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда тергеуші тиісті бастыққа ұсыным жолдайды.
      39. Тергеушіге ішкі істер органдарының тергеуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам жеткізілген жағдайда ол ҚПК-нің 180-184-баптарында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себептердің және осы адамды ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұстау негіздерінің бар-жоғын тексереді және тиісті шешім қабылдайды.
      40. Қылмыстық істі ақтайтын негіздер (қылмыс оқиғасы, құрамы болмағандықтан) бойынша қысқартудың себебі бойынша тергеу барысында қамаудағыны, айыпталушыны қамаудан босату немесе ақтау үкімін шығарған кезінде қалалық, аудандық, желілік орган бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, тергеу бөлімінің, бөлімшенің, тобының бастығы, топтың аға тергеушісі 24 сағат ішінде ІІД-КІІД-нің Тергеу басқармасы арқылы ІІМ Тергеу департаментіне арнайы ақпарат жолдайды.
      41. Қылмыстық-процестік заңнаманы бұзудың өрескел фактілері қалалық, аудандық, желілік органның жедел кеңесінде міндетті қарауға жатады.

3. Ішкі істер органдарында анықтау нысанында және хаттамалық
нысанда қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі
тергеп-тексеруді ұйымдастыру

      42. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылықтар мән-жайларының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктері шегінде ҚПК-ге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
      43. ҚПК-нің 191-бабында көзделген ішкі істер органдарының (бұдан әpi – ІІО) тергеуіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру штаттық анықтау бөліністерінің (бұдан әpi - анықтау бөліністері) және анықтауды жүргізу функциялары берілген қызметтердің қызметкерлеріне жүктеледі.
      44. Анықтау бөліністеріне жататындар:
      Ішкі істер министрлігінде (бұдан әрі – ІІМ) – ІІМ Тергеу департаментінің Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы;
      ІІД-КІІД-де – Анықтау басқармалары (бөлімдер);
      қалалық, аудандық, желілік органдарда – анықтау бөлімдері (бөлімшелері, топтары).
      45. Ішкі істер органдарында анықтауды жүргізу бойынша функциялар берілген қызметтерге криминалдық полиция, әкімшілік полиция бөліністері, әскери полицияның тиісті қызметтері, қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністері жатады.
      Заңының 7-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
      криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады;
      әкімшілік полиция полицияның учаскелік инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік, көші-қон, табиғатты қорғау полициясынан, арнаулы мекемелерден, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
      46. Қажеттілік жағдайларында (тиісті лауазымдардың болмауы, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау ауданының алыс болуы) анықтау жүргізу бойынша функциялар берілген қызметтердің қызметкерлері хаттамалық нысанда қылмыстық теріс қылықтардың, сондай-ақ анықтау нысанында қылмыстық құқық бұзушылықтардың басқа құрамдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
      47. Анықтау бөліністері құрылымдық бөліністер болып табылады және ІІМ Тергеу департаментінің бастығына, ІІД, қалалық, аудандық, желілік органдарының бастықтарына және олардың тергеу мен анықтауға жетекшілік ететін орынбасарларына бағынады.

1-параграф. Ішкі істер органдарының анықтау бөліністерінің
қылмыстық-процестік қызметін ұйымдастыру

      48. ІІО анықтау бөліністеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасы IIM Тергеу департаментінің Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы жүзеге асырады.
      49. Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы анықтау бөліністерінің және анықтауды жүргізу функциялары берілген қызметтердің қылмыстық-процестік қызметін талдау негізінде:
      анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды әзірлейді;
      ІІО бөліністерінің қылмыстық-процестік жұмысының жай-күйін тексеру жүргізуге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ic-шараларды әзірлеуге катысады, олардың орындалуын бақылайды;
      анықтау бөліністерінің қылмыстық-процестік жұмысының нәтижелері туралы ақпараттық хаттар, шолулар, анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жетілдіру, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жеке құрамын тергеудің тактикасы мен әдістері бойынша ұсынымдар дайындайды, үздік тәжірибе жинақтайды және таратады, оларды практикаға енгізуді қамтамасыз етеді;
      анықтау жүргізу бойынша функциялар берілген штаттық анықтаудың және қызметтердің жұмысына кешенді талдауды пысықтау үшін олар орындайтын міндеттердің жағдайына ықпал ететін және оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдауды талап ететін қызметтік жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша кемшіліктерді және олқылықтарды көрсете отырып, негізгі көрсеткіштердің статистикалық деректерін жинауды, өңдеуді, жалпылауды жүзеге асырады;
      нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
      анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәселелері бойынша республикалық және өңірлік кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізеді;
      анықтау бөліністерінің қызметі мәселелері бойынша азаматтардың арыздарын карайды;
      анықтау бөліністері басшыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады.
      50. ІІМ Тергеу департаменті Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы:
      анықтаушылардың әрекеттері мен шешімдеріне азаматтардың қайта арыздануына, азаматтардың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламентінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан келіп түскен арыздарына байланысты;
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, оның орынбасарлары, Тергеу департаментінің бастығы бақылауға алған;
      қоғамдық резонанс тудырған немесе бұқаралық ақпарат құралдарында сыни жарияланымдар бар қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
      шетелдік азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, IIO қызметкерлерінің қатысуымен, екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы қылмыстық істердің тергелуін бақылауды жүзеге асырады.
      51. Анықтау бөліністерінің және анықтауды жүргізу функциялары берілген қызметтердің процестік жұмысының нәтижелері мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
      есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау (заң бұзушылықтар фактілерін төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімнің үзілуі және қылмыстық істерді қысқарту туралы күші жойылған қаулылардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      біріктірілген істерді ескере отырып, сотқа жолданған қылмыстық істер саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау (бұзушылықтардың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген залалды өтеу (үлес салмағының өсуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      анықтаушылардың процессуалдық әрекеттеріне және шешімдеріне азаматтардан келіп түскен шағымдардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      анықтаушылар жасаған қылмыстардың саны (төмендеу оң көрсеткіш ретінде бағаланады).

2-параграф. ІІД, КІІД Анықтау басқармасының (бөлімінің) жұмысын ұйымдастыру

      52. ІІД (КІІД) Анықтау басқармасына (бөлімше) (бұдан әрі - Анықтау басқармасы) Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қызметті ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету және ұдайы талдау жүргізу жүктеледі.
      53. Анықтау бөлімдері мен анықтауды жүргізу функциялары берілген қызметтердің процестік жұмысының жай-күйі туралы деректерді талдау, инспекциялау, тексеру материалдары, басқа ақпарат негізінде Анықтау басқармасы тоқсандық жоспарлар әзірлейді, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын және процестік бақылау деңгейін арттыруга бағытталган ic-шаралар жүргізеді, жұмыста кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шараларды уақтылы қабылдайды.
      54. Қалалық, аудандық, желілік органдардың кешенді, нысаналы тексерістерін Анықтау басқармасы ІІД-КІІД жұмыс жоспарларына сәйкес дербес немесе басқа да қызметтермен бірлесіп, сондай-ақ жедел жағдайдың шиеленісуіне, процестік қызметтегі кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға ден қою тәртібінде ІІД- КІІД басшылығымен келісім бойынша жүргізеді.
      55. Анықтау басқармасы:
      Қазақстан Республикасы IIM-нің, ІІД басшылығының бақылауындағы;
      сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері және күдіктіні күзетпен ұстау мерзімі ұзартылғандар;
      шетелдіктер жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
      екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан, шетелдік азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, IIO қызметкерлерінің катысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары фактілері туралы;
      адамдардың өліміне және ipi мөлшерде залалға әкеп соққан өрттер туралы;
      қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша бақылауды жүзеге асырады.
      56. Анықтау басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша салалық қызметтермен, басқа мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасасады. Осы мақсатта:
      қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, заңдылықты нығайту жөніндегі бірлескен ic-шараларды әзірлейді және келіседі, бұйрықтардың, нұсқаулардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, әдістемелік ұсынымдар, қылмыстық істердің макеттерін дайындайды, белгіленген тәртіпте қылмыстық процестік жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен кеңестер, семинарлар және басқа ic-шаралар өткізеді;
      анықтау бөліністерінің басқа қызметтермен тиімді өзара ic-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына, қылмыстық істер бойынша жеке тапсырмаларды орындауға қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауды, мүдделі қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды анықтау және іздестіру бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын тексеруді ұйымдастырады, анықталған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетеді.
      57. Заңдылықты және тәртіпті бұзу фактілері бойынша Анықтау басқармасы қызметтік тергеу жүргізеді. Заңдылықты және тәртіпті сақтау мәселелерін Анықтау басқармасы тоқсанына кемінде 1 рет қарайды.
      58. Анықтау басқармасы анықтаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі ic-шараларды ұдайы өткізеді, озық тәжірибені жинақтайды және таратады, кадр аппаратымен бірлесіп, Анықтау бөліністерінде жұмыс icтey үшін қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қалалық, аудандық, желілік органдарға қызметтік іссапарларға шыққан кезде Анықтау басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмысты тексеріп, оны жақсартуға көмек көрсетеді.
      59. Анықтау басқармасы IIM Тергеу департаментінің Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасына ай сайын есеп беру кезеңінен кейін 5-і күнінен кешіктірмей:
      анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша ішкі істер органдары жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық есептілікті және қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтаудың жай-күйінің нашарлау себебін көрсете отырып, жұмыс көрсеткіштері бойынша түсіндірме жазба;
      қылмыстық тepic қылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің практикасы туралы ақпарат;
      анықтау бөліністерінде есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйі туралы ақпаратты және ІІД-КІІД-нің жазалау туралы бұйрығының көшірмесін қоса отырып, қызметтік тергеудің нәтижелерін;
      жол-көлік оқиғаларымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасы туралы ақпарат;
      сот шешімдерін орындамаумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасы туралы ақпарат;
      өрттермен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің практикасы туралы ақпарат;
      ІІМ бақылауға алған қылмыстық істер бойынша ақпарат ұсынады.
      60. Анықтау басқармасы анықтау бөліністерінің қызметкерлеріне катысты қылмыстық істер қозғаудың, адамдардың өліміне және ірі залалға әкеп соққан өрттердің, сондай-ақ шетелдік азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, IIO қызметкерлерінің қатысуымен, екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының әрбір фактісі бойынша Тергеу департаментіне арнайы хабарламаны дереу жолдайды.
      61. Өзге ақпарат қажеттілігіне қарай ІІМ Тергеу департаментінің Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасына белгіленген мерзімде ұсынылады.

3-параграф. Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарында
анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі
тергеп-тексеруді ұйымдастыру

      62. Ішкі істер органдарында анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне Ішкі істер департаментінің, басқармасының, бөлімшенің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.
      63. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (СДТБТ), оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, уақтылы тіркеуді, тергеу реттілігі бойынша жолдауды, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу амалдарын сапалы жүргізуді, ic бойынша түпкілікті шешім қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.
      64. Анықтау органының бастығы анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, заңдылықты сақтау және түпкілікті нәтижелер бойынша жұмыстың жай-күйіне дербес жауапкершілікті болады.
      65. Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында анықтау органының бастығы:
      қызметтік даярлық жүйесінде анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша ІІД-КІІД басқармаларының қызметкерлерін, тергеушілерді, анықтаушыларды, прокуратура және сот қызметкерлерін, мамандар мен ғалымдарды жұмылдыра отырып, сабақтар ұйымдастырады;
      анықтаушыларды қызметтік кабинеттермен, мүкәммалмен, бланкілермен, көлікпен, ұйымдастыру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;
      сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын анықтаушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол бермейді;
      қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрады (ҚПК-нің 194-бабы);
      қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын анықтаушылардың және басқа да лауазымдық адамдардың ІІО-ның салалық қызметтері қызметкерлерімен, мемлекеттік және өзге де органдармен және ұйымдармен өзара ic-қимыл жасасуын ұйымдастырады;
      анықтау бөліністерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады, анықтаушылардың кезекшілік кестесін бекітеді, олардың орындалуын бақылайды;
      анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша аналитикалық жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
      осы жұмысты жақсарту бойынша ұйымдастырушылық шаралар қабылдайды, Анықтау басқармасына және ІІД-КІІД басшылығына ұсыныстар енгізеді;
      анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өзара ic-қимыл жасасу мәселелері бойынша қызметтер басшыларын және анықтаушыларды тыңдайды;
      еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын енгізудің заманауи криминалистикалық техника мен озық тәжірибені пайдалануды қамтамасыз етеді;
      өз құзыреті шегінде анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қызметкерлердің ic-әрекеттеріне және шешімдеріне азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады;
      белгіленген тәртіпте анықтау бөліністерінің қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза салу туралы ұсынымдар енгізеді.

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 220 бұйрығына    
2-қосымша      

Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу бөліністерінің
қызметін ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы кодекстерінің, заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерді іздестіру бойынша әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.
      Қазақстан Республикасы ІІМ-нің әскери-тергеу бөліністері олардың алдында тұрған тапсырмаларды шешу үшін қажетті тергеу, жедел және өзге бөліністерден тұратын: Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің Әскери-тергеу басқармасын (бұдан әрі – ТД ӘТБ), Өңірлік әскери-тергеу басқармаларын (бұдан әрі - ӨӘТБ), олардың бөлімдері мен топтарын (бұдан әрі – бөлімдер) құрайды.
      2. Әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ведомстволық бақылауды Ішкі істер министрінің тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, әскери-тергеу бөліністеріне жетекшілік ететін оның орынбасары, ТД ӘТБ бастығы және бастығының орынбасары, ТД ӘТБ жедел жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, ТД ӘТБ аймақтық тергеушілері мен жедел қызметкерлері, ӨӘТБ бастықтары және олардың орынбасарлары, бөлім бастықтары жүзеге асырады.
      Жедел жағдайды және штаттық мүмкіндіктерді ескере отырып, тергеушілер мен жедел қызметкерлер белгілі бір учаскелерге бекітіледі немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін анықтауға, ескертуге, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге маманданады.
      Ішкі істер органдары басқа қызметтерінің басшылары мен қызметкерлеріне әскери-тергеу бөліністерінің қызметіне араласуға, нұсқаулар және қабылданған шешімдерге баға беруге тыйым салынады.
      3. Әскери-тергеу бөліністері заңдылықты қатаң сақтаудың негізінде қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырады.
      4. Әскери-тергеу бөліністерінің жұмысы:
      тергеу жұмысы бойынша:
      1) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаумен (төмендету оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      2) қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі - СДТБТ) уақтылы тіркеумен, есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаумен (қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы уақтылы тіркелмеген өтініштердің төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      3) біріктірілгендерді ескере отырып, сотқа жолданған қылмыстық істердің санымен (өсуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      4) процестік мерзімдерді сақтаумен (мерзімдері бұзылып аяқталған істер санының төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      5) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін үзу және қылмыстық істі тоқтату туралы күші жойылған қаулылардың санымен (төмендеу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      6) қосымша тергеп-тексеруге қайтарылған қылмыстық істердің санымен (төмендеу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      7) қылмыстық құқық бұзушылық келтірген шығынның орнын толтыру бойынша қабылданған шаралардың уақтылы және толық болуымен (орнын толтырудың үлес салмағының өсуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      8) сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу тәртібінде сотқа жолданған қылмыстық істердің санымен (өсуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      9) қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында азаматтардың келіп түскен шағымдарының санымен (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      жедел жұмыс бойынша:
      1) анықталған, ескертілген, жолы кесілген және ашылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың санымен (азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      2) іздеп табылған және хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің санымен (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
      3) ұрланған мүлікті, құжаттарды табумен (үлес салмағының өсуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады) бағаланады.
      Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тергеушілер мен жедел қызметкерлердің саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады).
      Әскери-тергеу бөліністерінің жұмысы, сондай-ақ жедел жағдайдың өзгеруімен байланысты басқа да көрсеткіштер бойынша бағаланады.
      5. Әскери-тергеу бөліністерінің тергеушілері мен жедел қызметкерлерін олардың лауазымдық міндеттерімен байланысты емес тапсырмаларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.
      6. Тергеушілер мен жедел қызметкерлерге олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық киім киюге, табельдік қару мен арнайы құралдарды алып жүруге рұқсат етіледі.

2. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тергеу департаменті
Әскери-тергеу басқармасының жұмысын ұйымдастыру

      7. ТД ӘТБ-нің қызметі ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасасып, жедел және стратегиялық жұмыс жоспарларының негізінде аймақтық-мәндік қағидат бойынша ұйымдастырылады.
      8. Қойылған тапсырмаларды орындау үшін ТД ӘТБ:
      1) еліміздің ішкі істер органдарының барлық әскери-тергеу бөліністерінің қызметін үйлестіреді және оларға ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады;
      2) өз өкілеттіктері шегінде әскери-тергеу бөліністерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) инспекторлық және мақсатты тексерулерді жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою, әскери-тергеу бөліністері жұмысының тиімділігін арттыру және заңдылықты сақтау бойынша шаралар қабылдау туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің басшылығына ұсыныстар енгізеді;
      4) әскери-тергеу бөліністерінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды іздестіру әдістемелерін әзірлейді, оң тәжірибе мен әдістемені қорытады және таратады, оларды практикаға енгізуді қамтамасыз етеді;
      5) статистикалық деректер мен өзге ақпаратты талдауды жүзеге асырады, мынадай:
      қоғамдық резонансқа ие;
      олар бойынша айыпталушыларды күзет қамауында ұстау мерзімдері ұзартылған;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және оның орынбасарларының бақылауында тұрған әскери қызметшілер жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру жұмысы және алдын ала тергеу барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
      6) анағұрлым күрделі қылмыстық істердің ашылуын және тергеп-тексерілуін бақылайды, жедел-іздестіру жұмысының және алдын ала тергеу барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
      7) өңіраралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмысты және алдын ала тергеуді ұйымдастырады;
      8) әскери-тергеу бөліністерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, кадрларды іріктеу, орналастыру және кәсіби шеберлігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      9) құқықтық көмек көрсету тәртібінде құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық бөлігінде қылмыстық-процестік заңнама талаптарының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасы ІІМ Өңірлік әскери-тергеу
басқармасының жұмысын ұйымдастыру

      9. Өңірлік Әскери-тергеу басқармаларының (бұдан әрі – ӨӘТБ) жұмысын ұйымдастыру тікелей олардың басшылығына жүктеледі.
      10. ӨӘТБ бастықтары және олардың орынбасарлары заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша шаралар әзірлей отырып, ұдайы негізде өңірлердегі қылмыстылықтың жай-күйін, қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаттары мен түрлері бойынша оның динамикасын талдайды.
      11. Қылмыстылықтың жай-күйі туралы деректерді кешенді талдау және әскери-тергеу бөліністер қызметін нәтижелері негізінде тоқсандық жоспарлар әзірленеді. Оларға сәйкес жұмыстың тиімділігін арттыруға және заңдылықты және құқық тәртіпті сақтауды арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, кемшіліктерді жою бойынша қызметті нақты өзгерістерге қол жеткізіледі.
      12. ӨӘТБ бастықтарына және олардың орынбасарларына қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мынадай тапсырмалар жүктеледі:
      1) бағынысты тергеу және жедел бөліністердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, олардың қызметін тексеру, анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
      2) жедел жұмысты ұйымдастыру, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, ескертуді, жолын кесуді және ашуды, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді қамтамасыз ету;
      3) ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен және мүдделі ведомстволарымен бірлесіп, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, ескертуге, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды іздестіруге бағытталған іс-шаралардың жоспарларын әзірлеу;
      4) қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ары мен абыройын және мүлкін қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген құзырет шегінде алдын ала тергеуді жүзеге асыру;
      6) ӨӘТБ тергеушілерінің тікелей қылмыстық істерді тергеуін ұйымдастыру;
      7) тергеушілердің алдын ала тергеуді жүргізуін және заңдылықты сақтауын процестік бақылауды жүзеге асыру, бақылаудағы қылмыстық істерді тергеуде көмек көрсету, осы істер бойынша қадағалау ісін жүргізу;
      8) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, ескертуді, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді үйлестіру, қажет болған жағдайларда жедел-тергеу топтарын құру;
      9) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді, тергеу және жедел іс-шаралардың уақтылы өткізілуін тексеру мақсатында қылмыстық істерді зерделеу;
      10) Қазақстан Республикасының әскери соты қарауға тиісті қылмыстық істерді зерделеу және олар бойынша процестік шешімдердің негізділігі туралы қорытынды жасау;
      11) ТД ӘТБ-ның және ӨӘТБ бастығының бақылауындағы қылмыстық істердің тергелу барысын бақылауды жүзеге асыру, олар бойынша он күн сайын ТД ӘТБ-ға ақпарат ұсыну;
      12) заңсыз ұстау, күзет қамауында ұстау, күзет қамауынан босату, қылмыстық-процестік заңнаманың нормалары мен азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері бойынша ТД ӘТБ-ға уақтылы ақпарат ұсыну, сондай-ақ осы және басқа бұзушылықтар, прокурорлық ден қою актілері, соттардың жеке қаулылары бойынша қызметтік тергеу жүргізу;
      13) статистикалық және өзге ақпаратты талдау, тергеу және жедел жұмыстың сапасын жақсарту және алдын ала тергеу ісін жүргізу мерзімдерін қысқарту бойынша шаралар әзірлеу және іске асыру;
      14) мерзімдерді үзудің және қылмыстық істерді қысқартудың негізділігін зерделеу, талдау, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды және нұсқауларды пысықтау;
      15) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      16) қылмыстық құқық бұзушылықтар келтірген материалдық шығын бойынша ақпаратты талдау және оның орнын толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      17) ТД ӘТБ тапсырмаларының және ӨӘТБ жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету;
      18) бағынысты тергеушілер мен жедел қызметкерлердің әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды құзырет шегінде қарау және шешу;
      19) сондай-ақ нақты жедел жағдайдан және ахуалдан, лауазымдық міндеттерден және ӨӘТБ туралы үлгі ережеден туындайтын басқа да тапсырмалар.

4. ӨӘТБ-нің бөлімдері мен топтарында жұмысты ұйымдастыру

      13. ӨӘТБ-нің бөлімдері мен топтарындағы жұмысты ұйымдастыруды олардың бастықтары жүзеге асырады, оларға мынадай тапсырмалар жүктеледі:
      1) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, ескертуді, жолын кесуді және ашуды, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және бақылау;
      2) алдын ала тергеуді ұйымдастыру және бақылау;
      3) заңда көзделген тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу туралы соттардың ұйғарымдары мен қаулыларын, прокурорлар мен тергеушілердің жазбаша тапсырмаларын орындауды, жұмыстағы кемшіліктерді жоюды ұйымдастыру;
      4) қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ары мен абыройын және мүлкін қорғауды ұйымдастыру;
      5) қызмет көрсететін гарнизондардағы қылмыстылық туралы материалдарды талдау, дайындау, жедел және тергеу жұмысында кемшіліктерге жол бермеу және оларды жою бойынша шаралар дайындау;
      6) тергеу және жедел жұмыстағы өзекті проблемаларды айқындау және жұмыстағы теріс көріністер мен үрдістерге ден қою шаралар туралы ӨӘТБ басшылығына ұсыныстар енгізу;
      7) заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету, осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
      8) ІІО қызметтерімен, прокуратура, әділет органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету;
      9) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды есепке алуды және іздестіруді, оларға уақтылы іздеу жариялауды ұйымдастыру;
      10) қылмыстық істердің мерзімдерін үзудің және тоқтатудың негізділігін зерделеу;
      11) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеу, қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшін ақпараттық-аналитикалық жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру;
      12) құқықтық көмек көрсету тәртібінде халықаралық ынтымақтастық бөлігінде қылмыстық-процестік заңнама талаптарын орындау;
      13) әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы құзыретті мекемелерге ұсынымдарды жолдау;
      14) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және алдын ала тергеуді жүзеге асыру кезінде азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттердін конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету;
      15) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау;
      16) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтаудың, ескертудің, жолын кесудің, ашудың және тергеп-тексерудің оң нысандары мен әдістерін, ғылымның жетістіктерін, техникалық құралдарды, мамандандырылған есептер мен ақпараттық жүйелерді пайдалануды енгізу;
      17) жасалған немесе дайындалып жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы арыздарды немесе хабарламаларды тіркеуді ұйымдастыру, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауіпті зардаптарға жол бермеу бойынша шараларды уақтылы қабылдау;
      18) тергеушілер мен жедел қызметкерлердің оқиға орындарына шығуын ұйымдастыру. Аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар, апаттар, қираулар және басқа да төтенше оқиғалар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар жасаған кісі өлтірулер, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша оқиға орнын қарап-тексеру үшін шыққан кезде бөлім бастығы (топ басшысы) ӨӘТБ-ның басшылығына және қадағалаушы прокурорға жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлайды. Оқиға орнын қарап-тексеру әскери прокурор және ӨӘТБ-ның басшылары қатысқан жағдайда, хаттамада бұл туралы белгі жасалады.