Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10753 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Қаржы министрінің 09.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д.Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 178 бұйрығымен
бекітілген

Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша
электрондық аукционды өткізу қағидалары

      1. Осы Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) электрондық аукцион нысанында сату тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лоттың бағасы;

      2) бастапқы баға – бағалау құнын айқындау не объектінің теңгерімдік құны бойынша белгіленетін әр объекті бойынша лоттың бағасы;

      3) борышкер – төлем қабiлетсiздiгi оларға осы Заңда көзделген рәсiмдердi қолдануға негiз болып табылатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

      4) ең төмен баға – лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;

      5) жабық электрондық аукцион – айналымы шектелген мүлікті сату бойынша электрондық аукцион;

      6) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және электрондық аукционның қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;

      7) кепілді жарна – электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;

      8) қатысушы – электрондық аукционға немесе жабық электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      9) лот – электрондық аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше зат;

      10) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық деректер қорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – деректер қоры);

      11) сатушы – уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы;

      12) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған электрондық аукционның жеңімпазы;

      13) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;

      14) уәкілетті орган – оңалту және банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік орган;

      15) ұйымдастырушы - уәкілетті органмен айқындалған және сатушымен борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу бойынша электрондық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

      16) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      17) электрондық аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;

      18) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 09.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Электрондық аукционды өткізу тәртібі

      3. Борышкердің (банкроттың) мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату жоспарына (бұдан әрі – Сату жоспары) сәйкес электрондық аукционды өткізу арқылы жүзеге асырады және кредиторлар жиналысымен бекітіледі.

      4. Акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүліктік массасын сату осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық аукцион өткізу жолымен "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 5 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны иеліктен айыруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеген жағдайда, стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүліктік массасын өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.

      5. Банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны айтарлықтай төмендейтін мүлікті (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) сатуды уақытша басқарушы уәкілетті органмен келісілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарларды сату жоспарының негізінде жүзеге асырады және олар электрондық аукционға теңгерімдік құны бойынша шығарылады.

      Уақытша басқарушының Сату жоспарын келісуі Заңның 99-бабының 7 тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Сот шешімімен оңалту рәсімі қолданылған борышкер мүлкін сатуды оңалтуды басқарушы оңалту жоспарының негізінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен электрондық аукцион өткізу арқылы жүзеге асырады.

      7. Банкроттықты басқарушы борышкердің (банкроттың) мүлкін сату жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүліктік массаны түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде жасайды.

      8. Банкроттың (борышкердің) мүлкін Сату жоспарын осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, борышкердің кредиторлар жиналысы бекітеді.

      9. Қарыз адамның (банкроттың) мүліктері қатарында тауарларды өндіру, жұмыстарды іске асыру және (немесе) қызмет көрсету үшін кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын мүліктік кешені болған жағдайда, сату жоспарында мұндай кешенді аукционға бірыңғай лотпен кем дегенде екі рет қою туралы міндетті шарт қойылады.

      Ауылшаруашылық өндірушісі санатындағы қарыз адамның мүліктерін сату жоспарында қарыз адамның (банкроттың) мүліктерін (активтерін) әуелі аукционға бірыңғай лотпен, негізгі қызмет түрін міндетті түрде сақтай отырып қою туралы қосымша шарт қойылады.

      10. Сату жоспарын жасау кезінде сату объектілерінің бастапқы бағаларын сатушы бағалау құны не теңгерімдік құны деңгейінде белгілейді.

      Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәні мөлшерінде бастапқы бағамен шығарылады.

      11. Сату жоспары кредиторлардың жиналысында келісілген лоттың ең төменгі бағасын қайта қарастыра алады, лот осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған жағдайдан басқа жағдайда төмен бағамен сатылмайды.

      Кредиторлар жиналысы лоттың төменгі бағасын белгілеген жағдайда, мұндай баға лоттың әуелгі бағасының елу пайызынан кем болып белгіленбеуге тиіс.

      12. Электронды аукцион өтпей қалған жағдайда несие берушілер мүлікті тікелей сату немесе меншікті заттай өткізу бағытын қарастырмаса, аукционның өтпегендігі туралы акт жасалғанынан он күн өтпей тұрып сатылымға шығарылады.

      13. Егер электронды аукцион бір лотпен екі мәрте өткізілмей қалса, мүлікті (активті) сату бөлек лоттармен несие берушілер мүлікті тікелей сату немесе меншікті заттай өткізу бағытын қарастырмаса, аукционның өтпегендігі туралы акт жасалғанынан он күн өтпей тұрып шығарылады.

      14. Мүліктің (активтің) электронды аукционға екінші мәрте түсуінде сатушы несие берушілірдің келісімімен лоттың бастапқы бағасын алғашқы сатылым бағасынан 15 пайыздан аспайтын мөлерде түсіруге құқы бар. Бастапқы бағаның төмендетілуі тек бір рет мүмкін.

      15. Объектінің бастапқы бағасы бағалау құнының деңгейінде белгіленген жағдайда, бағалаушыны тарту осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялай отырып, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен конкурстық негізде жүргізіледі.

      Уәкілетті орган борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны сатушы ұсынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Баға ұсыныстары бар конверттерді кредиторлар жиналысы немесе комитеті белгілеген мерзімде ашу конкурстық комиссияның отырысында жүзеге асырылады. Ең төмен бағаны ұсынған бағалаушы жеңімпаз болып танылады.

      16. Сату жоспары бекітілгеннен кейін сатушы екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тізілімнің веб-порталындағы деректер қорына әрбір лот бойынша мынадай ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) сатушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) сатушаның жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі - ЖСН);

      3) сатушының телефоны мен мекенжайы;

      4) борышкердің (банкроттың) атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) борышкердің ЖСН немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН);

      6) борышкердің заңды мекенжайы;

      7) сату объектісінің орналасқан жері;

      8) борышкер қызметінің негізгі бейіні;

      9) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа);

      10) борышкердің банктік деректемелері;

      11) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер қорына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) сату объектісін бағалау туралы есеп (ол бар болса) не түгендеу актісін қоса бере отырып, кредиторлар жиналысының мүлікті теңгерімдік құны бойынша шығаруға келіскені туралы хаттамалық шешімі;

      2) Электрондық аукционға қойылған сату объектісінің сыртқы сипаты мен техникалық сипаттамасын жан-жақты бағалау үшін, кем дегенде 10 бейне сурет;

      3) кредиторлар жиналысы бекіткен сату жоспары;

      4) кредиторлар жиналысы бекіткен сату жоспары хаттамасы;

      5) мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген тәртіппен алынған борышкердің (банкроттың) мүлкіне (активтеріне) құқықтарды іске асыруға жазбаша келісімі;

      6) құқық белгілейтін құжаттар - солардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құжаттар.

      17. Сатушы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мәліметтерді деректер қорына енгізген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы қателердің болуын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      18. Ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы консультациялық көмек көрсетеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 09.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы электрондық аукцион өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын әр лот бойынша мынадай ақпаратты деректер қорына қосымша енгізеді:

      1) электрондық аукционның күні мен уақыты;

      2) лоттың атауы;

      3) лоттың бастапқы бағасы;

      4) лоттың ең төмен бағасы (ол Сату жоспарында белгіленсе);

      5) кепілді жарнаның мөлшері;

      6) ұйымдастырушының банктік деректемелері;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оның ішінде айналымы шектелген мүлікті немесе стратегиялық объектіні өткізу кезіндегі ерекше шарттар және сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар;

      8) өтінімдер қабылдау мерзімдері;

      9) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;

      10) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      20. Сатушы осы Қағидалардың 16-тармағында және 19-тармағында белгіленген мәліметтерді енгізгеннен кейін ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталында ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін, мәліметтер енгізілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны қателердің болуына және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      21. Деректер қорына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы сатушыға электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудан бас тартады не оны тізілімнің веб-порталында жариялайды.

      22. Мүлікті сату бойынша электронды аукцион туралы ақпараттық хабарлама төмендегідей мәліметтерді қамтуы керек:

      1) электронды аукционның өту мезгілі мен мекені;

      2) борышкердің (банкроттың) аты, тегі, әкесінің аты (болса)\атауы;

      3) борышкердің (банкроттың) БСН/ЖСН-і;

      4) сатушының аты, тегі, әкесінің аты (болса);

      5) сатушының БСН/ЖСН-і;

      6) борышкердің (қаржылық жағдайсыздың) заңды мекен-жайы;

      7) сату мүлкі туралы мәліметтердің болуы (меншіктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлік нөмірі, қысқаша сипаттамасы, салынған/шығарылған жылы, техникалық жағдайы және т.б.);

      8) сату мүлкінің мекені;

      9) лоттың бастапқы бағамы;

      10) кепіл сомасының мөлшері;

      11) ұйымдастырушының банктік реквизиттері;

      12) сұраныс қабылдау мерзімі;

      13) ұйымдастырушының байланыс нөмірлері мен мекен жайы;

      14) сатып алушыға Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес бекітілген айрықша жағдайлар мен қосымша талаптар, оның ішінде айналымы шектелінген мүлік пен стратегиялық нысанды сату.

      23. Электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған лот бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сатушы барлық ниет білдірушілерге сату объектісіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      24. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

      25. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінімді тіркеу қажет.

      Электрондық өтінім беру үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып тіркелу қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері;

      4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзгертеді.

      Ақпараттық хабарламада мүліктік массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше шарттар мен қосымша талаптар болған жағдайда, электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге өздерінің осы шарттар мен талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.

      Жабық электрондық аукционға осы мүлікті сатып алуға құқығы бар Заңның 99-бап 3 тармағына сәйкес адамдардың қатысуына жол беріледі.

      Жабық электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге жабық электрондық аукционның шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін де қоса тіркейді.

      26. Электрондық өтінім бергенге дейін қатысушы электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының есеп шотына кепілді жарнаны енгізуі қажет.

      27. Әр лот үшін электронды аукционға қатысу үшін төленетін кепілдік сомасы лоттың бастапқы бағасының 15 пайызын құрайды. Бірақ әр айлық есепік көрсеткіштің 30000 есесінен артпауы керек.

      28. Электрондық аукционға қатысушыларға кепiлдi жарналардың кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін аталған кепілді жарнаны енгізген объектіні сатып алуға құқық береді.

      29. Электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы деректер қорына электрондық өтінім берілген лот бойынша кепілді жарнаның түскені туралы автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      30. Деректер қорында ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Деректер қорында ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық өтінімін қабылдамайды.

      31. Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның:

      1) кепілді жарнаны ЭҮТШ арқылы төлеу кезінде – электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын;

      2) кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлеудің басқа әдістерін пайдаланған кезде – электрондық аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады.

      32. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық өтінімнің қабылданғаны туралы не электрондық өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      33. Электрондық аукционға қатысуға тіркеуден өткен барлық қатысуға ниет білдіргендер жіберіледі.

      34. Электрондық аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

      35. Мыналар:

      1) электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген сату объектісін сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) сатушы электрондық аукционға қатыспайды.

      36. Электрондық аукционда жеңген қатысушының кепілді жарнасын ұйымдастырушы электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкердің шотына аударады және ол сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

      Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда, ұйымдастырушы қатысушыларға кепілді жарналарды электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      37. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығындағы кезеңде аукцион залында өткізіледі.

      38. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірмей басталады.

      39. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді және лот үшін өзінің бастапқы бағадан жоғары не төмен, бірақ Сату жоспарында белгіленген кезіндегі ең төмен бағадан төмен болмайтын баға ұсынысын көрсетеді.

      Электрондық аукцион электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында басталады.

      40. Егер электрондық аукцион басталған кезде лот бойынша тіркелген және аукцион залындағы қатысушылар екеуден аз болса, онда электрондық аукцион өтпеген болып танылады.

      41. Электрондық аукцион қатысушылардың баға ұсыныстарын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың біреуінің ең жоғарғы бағасына дейін жүргізіледі. Бұл ретте бағаның өзгеру қадамы былайша белгіленеді:

      1) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еседен 50 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еседен 100 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еседен 250 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 000 еседен 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      6) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 000 еселенген және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      42. Электрондық аукцион былайша өткізіледі:

      1) электрондық аукционның басталу сәтінде аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;

      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап, қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;

      3) егер электрондық аукцион басталғаннан жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      4) егер электрондық аукцион басталғаннан жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамайтын болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаған болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.

      43. Егер электрондық аукцион басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстары лот үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғайтылмаған болса, онда осы қатысушылардың арасынан ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың баға ұсынысы аукцион залында басқа баға ұсыныстарынан ерте тіркелген қатысушы электрондық аукцион жеңімпазы деп танылады.

      44. Электрондық аукцион барысында техникалық ақау туындаған жағдайда, ұйымдастырушы техникалық ақау фактісінің болуын тіркейді және техникалық ақау тізілімнің веб-порталы тарапында болған кезде аукционның барлық қатысушыларын тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру арқылы хабардар етеді.

      Техникалық ақау электрондық аукционға қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.

      45. Тізілімнің веб-порталында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау фактісі орын алған жағдайда, ұйымдастырушы ол туралы сатушыны хабардар етеді және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды осы электрондық аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдынала хабардар ете отырып, электрондық аукционды ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен кейінгі үшінші жұмыс күніне ауыстырады.

      46. Электрондық аукцион нәтижелері әрбір сатылған лот бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған тізілім веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы мен жеңімпаз электрондық аукцион аяқталғаннан кейінгі жиырма төрт сағат ішінде қол қояды.

      47. Осы Қағидалардың 40-тармағында белгіленген мерзімде аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қоймаған кезде, сатушы өтпеген аукцион туралы актіге қол қояды.

      Өтпеген аукцион туралы акті тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.

      48. Аукцион лотына ең жоғарғы баға ұсынған қатысушы электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы кепілді жарнаны қайтармайды.

      49. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лоттың сатып алу-сату шартының тізілімнің веб-порталы генерациялаған үлгілік жобасына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      50. Жеңімпазбен жасасатын сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

      51. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi

      1) Аванстық төлем сатып алу – сату келісімшартына қол қойған күннен соң лоттың сату бағасының 30 пайызынан төмен емес мөлшерде төленеді. Аванстық төлем сатып алушының сатып-алу келісімшартын дұрыс орындауының көрінісі бола алады. Кепілдендірілген төлем қажетті аванстық төлемнің есебіне кіреді;

      2) Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрілмей енгiзiледі.

      Түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы. Түпкiлiктi төлем мерзiмiнің өтуі салдарынан шарт бұзылған кезде кепілдік төлем қайтарылмайды.

      52. Сату-сатып алу келісімшартына қол қойған мезгілде жеңімпаз сатушыға аванстың төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ, электронды аукционның өтетіндігі туралы хабарламада көрсетілген айрықша жағдай және (немесе) қосымша талаптарына сай келетіндіктерін растайтын құжаттардың және электронды сұранысқа бекітілген құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар сатып алу-сату шартында көрініс табады.

      53. Сатып алушы сатып алу-сату шартына осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген мерзімде қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған не осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген құжаттарды сатушыға ұсынбаған жағдайда, сатушы кепілді жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукцион нәтижелерінің күші жойылғаны туралы актіге қол қояды.

  Борышкердің (банкроттың)
мүлкін (активтерін) сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      20 жылғы " "

      уәкілетті органмен келісілді

Жедел өткізуді талап ететін тез бүлінетін тауарларды,
малды және өзге де тауарларды сату жоспары

      _____________________________________________________________________

      (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Осы Сату жоспары "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабына және Борышкердің

      (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды

      өткізу қағидаларына сәйкес әзірленген.

      Борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және

      деректемелері (БСН/ЖСН) _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі _________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық

      сотының 20__ жылғы "___" _________ шешімімен ___________________

      ________________________________________________ банкрот деп танылды.

      (заңды тұлға үшін: атауы/жеке кәсіпкер үшін:

      тегі, әкесінің аты (бар болса)

      Мүлік сатуға ____ лоттармен (саны) қойылады:

Лот №

Лоттың сипаттамасы (сату объектісінің атауы, физикалық жай-күйі, жарамдылық мерзімі және басқа)

Мүліктің теңгерімдік құны (мың теңге)

Бастапқы бағасы (мың теңге)


      Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін

      сату кезінде) _______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сатып алушыға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында

      белгіленген қосымша талаптар ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Уақытша басқарушы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Борышкердің (банкроттың)
мүлкін (активтерін) сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу қағидаларына
2-қосымша53 ысан

  Кредиторлар жиналысы
отырысының
20 жылғы " "
№ хаттамасымен
Бекітілген

Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату жоспары

      _____________________________________________________________________

      (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Осы Сату жоспары "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабына және Борышкердің

      (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды

      өткізу қағидаларына сәйкес әзірленген.

      Борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және

      деректемелері (БСН/ЖСН) _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі__________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық

      сотының 20__ жылғы "___" _________ шешімімен _______________________

      ________________________________________________ банкрот деп танылды.

      (заңды тұлға үшін: атауы/ жеке кәсіпкер үшін:

      тегі, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның 20__ жылғы "___" _______ № _____ бұйрығымен

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________ банкроттықты басқарушы болып тағайындалды.

      Уақытша (банкроттықты) басқарушы борышкердің мүлкін

      (активтерін) түгендеуді 20__ жылғы "___" ____________ 20__ жылғы

      "___" ___________ аралығында жүргізді.

      Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды 20__ жылғы "__" __________

      ___________________________________________________________ берілген,

      (лицензияны берген органның атауы)

      тіркеу нөмірі ________________________________ мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензиясы бар

      ___________________________________________________________ жүргізді.

      (заңды тұлға үшін: атауы/жеке кәсіпкер үшін:

      тегі, әкесінің аты (бар болса) БСН /ЖСН)

      20__ жылғы "___" ________________ шартқа сәйкес 20__ жылғы "___" ______________ – 20__ жылғы "___" ___________ аралығында бағалау жүргізілді.

      Мүлік сатуға ____ лотпен (саны) қойылады:

Лот №

Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

Мүліктің құны (мың теңге)

Бастапқы бағасы (мың теңге)

Ең төмен баға (мың теңге) (Теңгерімдік Бағалау бар болса)


      Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін немесе

      стратегиялық объектіні сату кезінде) ________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сатып алушыға стратегиялық объектілер бойынша (бар болса)

      қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген қосымша талаптар ______

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Банкроттықты басқарушы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Борышкердің (банкроттың)
мүлкін (активтерін) сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін
қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы
ақпараттық хабарлама

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: атауы, БСН/жеке кәсіпкер үшін: тегі,

      әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      Банкроттықты басқарушысы ____________________________________________

      тегі, әкесінің аты (бар болса), ЖСН

      _____________________________________________________________________

      (қаласы, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон) мекенжайы

      бойынша орналасқан борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша

      көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты жариялайды.

      Борышкер мүлкінің (активтерінің) құрамына: __________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________ кіреді.

      (бағалау объектісі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы хабарлама жарияланған

      күннен бастап он жұмыс күні ішінде __________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қаласы, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)

      мекенжайы бойынша ______ бастап _______ дейін қабылданады, түскі

      үзіліс ______ бастап ____ дейін.

      Конкурсты ұйымдастыру бойынша кінәрат-талаптар ______________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мекенжайы:

      қаласы, көшесі, үй, кабинет, телефон нөмірі, электрондық почта)

      мекенжайы бойынша _____ бастап ____ дейін қабылданады, түскі үзіліс

      _____ бастап ____ дейін.
Борышкердің (банкроттың)
мүлкін (активтерін) сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу қағидаларына
4-қосымша53 ысан

Борышкердің (банкроттың) мүлкін сату жөніндегі электрондық
аукционға қатысуға өтінім

      1. __________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: атауы, БСН/жеке кәсіпкер үшін: тегі,

      әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап, Борышкердің (банкроттың)

      мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларымен танысып, тізілімнің веб-порталында 20__ "__" __________ сағат __ өтетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) электрондық аукционға қатысу үшін ұйымдастырушының есеп шотына жалпы сомасы __________ (______________) теңге __________ (цифрлармен) жазбаша) (саны) кепілдік жарна (жарналар) енгіздім (енгіздік)

      _____________________________________________________________________

      (есеп шот деректемелері көрсетіледі)

      Енгізілген кепілді жарналар туралы мәліметтер:

Р/с

Кепілді жарнаның мақсаты және электрондық аукциондарға қатысу үшін кепілді жарна енгізілген сату объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілді жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны





      3. Мен (біз) мыналардың:

      1) сату объектісін сатып алушыларға қойылатын электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) сатушы қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).

      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайда, мен (біз) электрондық аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың және сатып алу-сату шартының жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз).

      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы деп айқындалған жағдайда, өзіме (өзімізге) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға электрондық ауцион аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде қол қою және электрондық ауцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін аламын (аламыз).

      6. Мынадай:

      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;

      3) менің (біздің) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған;

      4) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынымен және сатушыда қалатынымен келісемін (келісеміз).

      7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күші бар.

      8. Өзім (өзіміз) туралы мынадай мәліметтер беремін (береміз):

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________

      _____________________________________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Паспорттық деректері ________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ______________________________________________

      Банктік деректемелері:

      ЖСК _________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      3) __________________________________________________________________

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы _______________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ______________________________________________

      Банктік деректемелері:

      ЖСК _________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      3) __________________________________________________________________

      ________________ ____________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға

      басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін

      өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "___" ____________.

      М.О.

      20__ жылғы "___" _________ _______ сағат "___" минутта қабылданды.

      _________________ ___________________________________________________

      (қолы) (өтінімді қабылдап алған адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)