Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 сәуірде № 10744 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 339 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8483 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 207-208 (27481-27482) санында жарияланған).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 200 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісін Ұлттық ұланның әскери оқу орындарында немесе шетел әскери оқу орындарында (бұдан әрі – әскери оқу орны) оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару тәртібін айқындайды.
      2. Әскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші, егер оқудан шығарылу сәтінде ол он сегіз жасқа толған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзiмін өткермеген болса, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы (бұдан әрі – Бас қолбасшылық) Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының өкімі бойынша әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызмет өткеру орнына жіберіледі. Бұл ретте үлгермеушілігі, тәртiпсіздігі үшін, Заңның 26-бабында көрсетілген басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметші өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке осы Қағидаларға және Заңға сәйкес өтейді.
      3. Әскери қызметшi әскери оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша келiсiмшартты бұзған жағдайда ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке осы Қағидаларға және Заңға сәйкес өтейді. Ұстауға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.
      4. Ұлттық ұланның әскери оқу орны және әскери бөлімдері, офицер әскери оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса, теріс себептер бойынша келiсiмшартты бұзған және шығарылған жағдайда Бас қолбасшылықтың Кадр және әскери білім басқармасына дереу хабарлайды және аттестаттау материалдарын жібереді.
      5. Ұлттық ұланның әскери қызметшісін Ұлттық ұланның әскери оқу орнында оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын шығыстарды есептеу үшін Ұлттық ұлан әскери оқу орнының бастығы жыл сайын 20 желтоқсанға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісін Ұлттық ұланның әскери оқу орнында оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін Ұлттық ұланның Бас қолбасшысында бекітеді. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
      6. Шетел әскери оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын шығыстарды есептеу үшін Бас қолбасшылықтың Бюджет-қаржы басқармасы Кадр және әскери білім басқармасымен бірлесіп жыл сайын 20 желтоқсанға осы мемлекетпен (тиісті министрлікпен немесе ведомствомен) жасасқан келісім (келісімшарт) бойынша төлем жүргізілген валютада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін Ұлттық ұланның Бас қолбасшысында бекітеді. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы талаптар қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсын қайта қаржыландыру ставкасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
      7. Әрбір әскери қызметшіні оқытуға нақты шығындардың жыл сайын қалыптастырылатын жиынтық есеп білім алушы әскери қызметшілердің жеке (оқу) ісіне қоса тігіледі және оқудан шығарылған немесе әскери қызметші оқу аяқталған соң әскери қызмет өткеруден бас тартқан кезде бір ай мерзімде оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеуді қамтамасыз ету үшін Бас қолбасшылықтың, Ұлттық ұлан әскери оқу орнының және оқу орнынан шығарылған немесе әскери қызметтен босатылған әскери қызметшінің тұрғылықты орны (қызмет орны) бойынша әскери бөлімдердің заң қызметтеріне жолданады.
      8. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілер оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда өтеу бойынша материалдар бір ай мерзімде сотқа беріледі.
      9. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілердің бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруына есеп және мониторинг жүргізуді Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, әскери оқу орны, өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдері жүзеге асырады.
      10. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланының әскери қызметшілерін
оқытуға жұмсалған бюджет
қаражатын мемлекетке өтеу 
қағидаларына 1-қосымша 

Үлгі

БЕКІТЕМІН        
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланының Бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)    
«____»____________________
(күні)           

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бір әскери қызметшісін
____________________________мамандығы бойынша ____/____ оқу жылына
оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебі
__________________________________________________________________
әскери оқу орнының атауы

№ р/с

Шығыстар атауы

1
курс

2
курс

3
курс

4
курс

Барлығы

1

Оқитын әскери қызметшінің стипендиясы






2

Оқу үдерісін қамтамасыз ететін адамдардың еңбек ақысын төлеумен байланысты шығыстар






3

Салықтар, жиындар, бюджетке міндетті төлемдер, зейнетақы төлемдері, эмиссия, ақшалай өтемақылар






4

Нақты шығындар бойынша медициналық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар






5

Нақты шығындар бойынша кеңсе және шаруашылық шығыстары






6

Жанар-жағар май материалдарына арналған шығыстар






7

Киім-кешекпен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар






8

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар






9

Коммуналдық шығыстар






10

Байланыс және интернет қызметі






11

Оқ-дәрілермен қамтамасыз ету






12

Жалға алу бойынша шығыстар






13

Ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын ұстау, қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, банктік және басқа да қызмет көрсетулер






14

Монша-кір жуу қызметі






15

Іссапар және қызметтік жол жүруге арналған шығындар






16

Азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығыстар және басқа да трансферттер






17

Оқу үдерісін қамтамасыз ететін жабдықтар мен техниканың амортизациялануы






18

Басқа да шығыстар






Жиыны






Ескертпе: Барлық шығыстар қызмет бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

______________________________________ бастығы
        әскери оқу орнының атауы
______________________________________
        (әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
           (күні)
_______________________________ қаржы бөлімінің (қызмет) бастығы
      әскери оқу орнының атауы
М.О. ____________________________________
           (әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
            (күні)

Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланының әскери қызметшілерін
оқытуға жұмсалған бюджет
қаражатын мемлекетке өтеу 
қағидаларына 2-қосымша  

Үлгі

БЕКІТЕМІН     
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының  
Бас қолбасшысы   
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.) 
«____»____________________
(күні)        

Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісін шетел әскери оқу орындарында ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

№ р/с

Шығыстар атауы

1
курс

2
курс

3
курс

4
курс

5
курс

6
курс

Барлығы

Әскери оқу орнының тыңдаушысы


1

Оқыту








2

Келісімшарт (шарт) бойынша төленетін ақы








3

Ақшалай үлес және басқа да төлемдер








4

Киім-кешек үлесі








5

Тыңдаушының және оның отбасы мүшелерінің қызмет атқаратын (тұратын) орнынан оқитын орынға дейін жол жүруі және Қазақстан Республикасына қайтуы








6

Үй мүлкін тасымалдау








7

Тыңдаушының отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру








8

Әскери оқу орны ұсынған пәтерлерде тұру








9

Пәтер төлемдері, жиһаздарды, электр тұрмыстық техниканы және басқа да мүліктерді қолданғаны үшін төлемдер








10

Жол жүру құжаттарын ресімдеу








11

Басқа да шығыстар








Жиыны








Әскери оқу орнының курсанты

1

Оқыту








2

Келісімшарт (шарт) бойынша төленетін ақы








3

Стипендия








4

Ұшу практикасы








5

Оқуға түскеннен кейін курсанттың оқитын әскери оқу орнына жол жүруі және Қазақстан Республикасына қайтуы








6

Курсанттың оқитын пунктінен оқу-жауынгерлік атыс өткізу үшін полигонға жол жүруі және кері қайтуы








7

Полигондарда оқу-жауынгерлік атыстарды қамтамасыз ету үшін зымырандар, оқ-дәрілер және басқа да мүлік бөлу








8

Жол жүру құжаттарын ресімдеу








9

Бастапқы оқуды қамтамасыз ету








10

Басқа да шығыстар








Жиыны








      Ескертпе: барлық шығыстар келісімшарттардың (шарттардың) және оларға қосымша келісімдердің көшірмелерімен, сондай-ақ шетелде кадрларды даярлауға жауап беретін лауазымды адамдардың есептері-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

      Бас қолбасшылықтың
      Бюджет-қаржы басқармасының бастығы
      М.О. ______________________________________
                  (әскери атағы, қолы)
      «_____»_____________________
                  (күні)
      Бас қолбасшылықтың
      Кадр және әскери білім басқармасының бастығы
      ____________________________________
             (әскери атағы, қолы)
      «_____»_____________________
                  (күні)