Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес және 2014 - 2015 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындары білім алушыларының аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Оқу жылын аяқтау және білім алушыларының аралық және қорытынды аттестаттауын өткізудің мынадай мерзімдері белгіленсін:
1) жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарының барлық түрлеріндегі мектепалды, 1-11 (12)-сыныптарда оқу сабақтары 2015 жылғы 25 мамырда аяқталады;
2) 5-8 (9), 10 (11) - сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау 2015 жылғы 31 мамырға дейін өткізіледі;
3) негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 9 (10)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 10-эксперименттік сыныбының білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2015 жылғы 30 мамыр - 15 маусым күндерінде, жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 11 (12)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 12-эксперименттік сыныбының білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2015 жылғы 1 - 20 маусым күндерінде өткізіледі;
4) негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 9 (10)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 10-эксперименттік сыныбының білім алушылары үш міндетті емтихан және таңдау бойынша 1-2 пәннен ауызша емтихан тапсырады.
Міндетті емтихандардың тізбесі, нысаны және өткізу мерзімдері:
ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 30 мамырда (гуманитарлық пәндерді тереңдете оқытатын мектептердің және гимназиялардың білім алушылары - шығарма, қалғандары - диктант жазады);
алгебрадан жазбаша емтихан - 3 маусымда;
орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан - 8 маусымда;
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 8 маусымда;
5) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 11 (12)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 12-эксперименттік сыныбының білім алушыларын қорытынды аттестаттау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
Ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін білім алушыларды қорытынды аттестаттау ҰБТ нысанында 2015 жылғы 1 - 15 маусым күндерінде өтеді.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 11-сынып оқушылары («Алтын белгі» аттестаты мен үздік аттестат алуға үміткерлерді қоспағанда) өз қалаулары бойынша ҰБТ тапсыруға қазақ немесе орыс тілінде қатыса алады.
Оқу бітірген жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуді және ҰБТ-ге қатысуды қаламайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12)–сыныбының және 12 жылдық білім берудің 12-эксперименттік сыныбының оқушылары төрт міндетті және таңдау бойынша 1-2 пәннен ауызша мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
Міндетті емтихандардың тізбесі, нысаны және өткізу мерзімдері:
орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан - 1 маусымда;
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 1 маусымда;
ана тілі мен әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде жазбаша емтихан (кешкі жалпы білім беретін мектептер үшін - диктант) - 5 маусымда;
алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 8 маусымда;
Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 11 маусымда.
2. Облыстық, Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, республикалық мамандандырылған жалпы білім беру ұйымдары 2014 - 2015 оқу жылын жалпы білім беру ұйымдарында осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін (НҚА мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5191 тіркелген).
3. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының білім басқармалары өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін жазбаша бітіру емтихандарын өткізуге арналған емтихандық материалдарды 2015 жылғы 25 мамырға дейін дайындасын.
4. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) республикалық мамандандырылған жалпы білім беру ұйымдарының 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, алгебрадан, алгебра және анализ бастамаларынан емтихандық тапсырмалар пакеттерін 2015 жылғы 25 мамырға дейін дайындасын;
2) қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын Моңғолияның, Өзбекстан Республикасының және Ресей Федерациясының Білім министрліктеріне 2015 жылғы 30 наурызға дейін жеткізсін;
3) шығарма тақырыптарын жариялау үшін 2015 жылғы 30 наурызға дейін «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттерінің редакцияларына ұсынсын;
4) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов