"Бәсекелестік туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 мамырдағы № 141-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8537 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 тамыздағы № 189 (28128) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 300 бұйрығымен бекітілген |
Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме
1. Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) "Бәсекелестік туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілейтін монопсониялық төмен бағаны айқындау болып табылады.
2. Осы Әдістеме монополиялық жоғары бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде қолданылады.
3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.
4. Монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы органның ведомствосы мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:
1) тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу фактісін белгілейді;
2) Заңмен бекітілген бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттің айрықша құқығының (мемлекеттік монополия) болу фактісін белгілейді;
3) жағдайы монопсониялық болып танылатын нарық субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім) болмау фактісін белгілейді;
4) Тізілімге енгізілген нарық субъектісінің үстем үлесін белгілейді.
5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленген жағдайда, монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.
6. Монополияға қарсы органның ведомствосы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:
1) Субъектінің тауарды нарық субъектісінде монопсониялық жағдайы жоқ бәсекелес нарықтарда қалыптасқан деңгейден төмен баға бойынша сатып алуға;
2) сатылатын (өндірілетін) тауарға сұраныс болған кезде өндіру көлемін қысқарту және тауарды өткізуші нарық субъектісінің (бұдан әрі - Сатушы) қуаттарын толық пайдаланбауына;
3) Субъектінің арандата отырып олардың қызметіне шығындануы салдарынан екі немесе одан да көп Сатушылардың (өндірушілердің) нарықтан кетуіне талдау жүргізеді.
7. Тергеумен Субъектінің монополиялық төмен бағаны белгілеу фактісінің болуы анықталуы қажет.
8. Монопсониялық төмен бағаны белгілеу фактілерін анықтау мақсатында монополияға қарсы органның ведомствосы Сатушының басқа да бәсекелестерінің шығынды болу фактілерін белгілейді.
9. Егер тауарды сатып алу бағасы бәсекелес нарықта немесе салыстырмалы тауар нарығында қалыптасқан деңгейдегі бағадан төмен болса, монополияға қарсы органның ведомствосы осындай тауарды өндіру және өткізу қажеттілігін бағалау мақсатында Сатушының шығыстары мен пайдасына талдау жүргізеді.
10. Шешім қабылдау үшін монополияға қарсы органның ведомствосы салыстырмалы талдау, оның ішінде:
1) Субъектінің, Сатушының және оның бәсекелесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне;
2) Субъекті, Сатушы және оның бәсекелесі тауарының өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;
3) Сатушының және оның бәсекелесінің тауар бағасының серпініне;
4) Субъектінің, Сатушының және оның бәсекелесінің тауар өндіру (өткізу) көлемінің серпініне;
5) нәтижесінде Сатушының және оның бәсекелесінің тауар бағасы тікелей не жанама қалыптастырылатын шарттарға;
6) Субъект, Сатушы және оның бәсекелесі ұсынған өзге де негіздемелік материалдарға жүргізеді.
11. Негізделген шешім қабылдау үшін тексерілетін өнім серпінінде Сатушының сатылатын (өткізілетін) тауарына баға құрылымын талдау керек.
Сатушының тауардың бір бірлігі үшін қажетті шығындарын бағалау кезінде қажет болған кезде тиісті тауар нарығындағы басқа субъектілердің ұқсас шығындарын салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.
Бұдан басқа, қосымша негіздеме үшін қажет болған кезде Субъекті, Сатушы және тауар нарығындағы басқа да нарық субъектілері бағасының, өзіндік құнының (шығындардың жекелеген баптары) және рентабельділік деңгейінің өсу қарқыны салыстырылады.
Мәселен, өзіндік құны бағасының өсу қарқыны ұқсас нарық субъектілеріне қарағанда, осы көрсеткіштердің өсу қарқынына қарағанда төмен болса, бұл Субъектінің монопсониялық төмен баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану мүмкіндігін қосымша растай алады.
12. Талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) Заңның 67-бабына сәйкес қорытынды дайындайды.
13. Монопсониялық төмен баға белгіленген жағдайда, монополияға қарсы органның ведомствосы Заңның 68-бабына сәйкес монополиялық табыстың есебін жүргізеді.