«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 109) тармақшасына, 19-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_______________________
2015 ж. 12 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
_______________________
2015 ж. 2 наурыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 87 бұйрығымен
бекітілген
Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай
әдістемесі
1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Бірыңғай әдістеме:
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жаргылық капиталга қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
4) «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;
5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуіне арналған.
3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) жергілікті қамту бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және оны бақылау;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;
3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңғейін бағалау.
4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ЖҚТ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
,
мұндағы:
n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
і - тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - і-тауардың құны;
Жі - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілғен «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілғен тауардағы жергілікті қамтудың үлесі (бұдан әрі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты);
Егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Жi = 0;
S - шарттың жалпы құны.
5. Жұмыстарды (қызметтерді көрсетуге) орындауға арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ЖҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
,
мұндағы:
m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
j - жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj - j-шартының құны;
ТҚj - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердіғерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
і - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - i-тауардың құны;
Жі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілғен тауардағы жерғілікті қамтудың үлесі;
Егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда Қi = 0;
S - шарттың жалпы құны;
5-1. Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ,
мұндағы:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
6. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтуды (ЖҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
,
мұндағы:
n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;
і – сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;
ЖҚі – сатып алу туралы і-шарты бойынша жергілікті қамту;
ШҚі – сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;
S – шарттың жалпы құны.
7. Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерімен шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Kі және Rj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.