Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | С. Омаров |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-41) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абрис – кеспеағашты бөлу және таксациялау (бағалау) барысында жасалатын кеспеағаштың далалық сызбасы;
2) ағаш материалдары – көлденең және бойлай бөлу жолымен құлаған ағаштардан, өрім талдардан және олардың бөліктерінен алынатын сүректің табиғи физикалық құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған одан жасалған материалдар;
3) ағаш ұшы – құлаған ағаштың немесе өрім талдың кесіп тасталатын бөлігі;
4) белдеу (технологиялық дәліз) – орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесу кезінде техникалық құралдарды орналастыруға және жылжытуға арналған соқпақ;
5) биіктіктер разряды – ағаштар диаметрлері биіктіктерінің арақатынасын сипаттайтын біліктілік көрсеткіші;
6) кәделік сүрек – қабықсыз дөңгелек ағаш материалдары. Кәделік сүрекке "Қылқан жапырақты тұқымдас дөңгелек ағаш материалдары" және "Жапырақты тұқымдылардың дөңгелек ағаш материалдары" мемлекеттік стандарттарына сай келетін ағаш діңінің қиындылары жатады;
7) кәделік сүрек ірілігінің санаты (ірі, орташа, ұсақ) – қабықсыз жоғарғы кесігіндегі ірі ағаш материалдарының диаметрі бойынша айқындалады;
8) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
9) кеспеағаштарды таксациялау кезінде ескерілетін қалдықтар – кәделік бөліктің қабығы;
10) кеспеағаштарды бөлу – шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөніндегі iс-шаралар;
11) кеспеағаш аймағының пайдалану алаңы – кесуге жататын орман көмкерген алаң;
12) кесілмеген ағаш – кесуге белгіленген, бірақ ағаш кесу билетінде көзделген мерзімде кесілмеген ағаштар немесе орман учаскелері;
13) мөлдек – бағалық белгілермен және мөлдек бағаналармен табиғи күйінде шектелген ағаш кесуді ұтымды пайдалануға арналған кеспеағаштың бір бөлігі;
14) орманды (кеспеағашты) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі iс-шаралар;
15) отындық ағаш – үй жылытуға арналған қабығы алынбаған сүрек қиындылары;
16) сүректің жалпы қоры – сүрек діңдері мен бөрікбасынан дайындалатын сүрек көлемі;
17) таксациялық телім – көршілес орман қоры учаскелерінен таксациялық сипаттамасы бойынша ерекшеленетін орман қорының бастапқы есеп бірлігі. Кеспеағаш (мөлдек) бір немесе бірнеше таксациялық телімнен тұрады;
18) технологиялық ағаштар – негізінен сүрек жаңқасын алуға арналған қабығы алынбаған дің қиындылары.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін басты мақсатта пайдалану, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да ағаш кесулер, шайыр, ағаш сөлдерін, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1) кеспеағаштарды бөліп беру, ол шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаштарды заттай және ақшалай бағалау жөніндегі iс-шараларды қамтиды;
2) кеспеағаштарды таксациялау, ол дайындауға арналған орман ресурстарының сапасын, мөлшерін айқындауды қамтиды.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеуді (таксациялауды) мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік орман қорының аумағында кеспеағаштарды бөліп беру және мөлшерлеу материалдарының дұрыстығы мен сапасы үшін мемлекеттік орман иеленушілер жауап береді.
6. Кеспеағаштарды бөлу және таксациялау қарсыз кезеңде жүргізіледі:
1) орман орналастыру материалдарына сәйкес іріктеп санитариялық кесуді қоспағанда, басты мақсатында пайдалану және аралық мақсатында пайдалану кесулері бойынша;
2) өзге кесулер және іріктеп санитариялық кесу бойынша – нақты қажеттілігіне қарай.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Шайыр және ағаш сөлдерін, екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын дайындау, сондай-ақ сүрекдіңдерден ықтимал сөл ағызу аймағы үшін кеспеағаш бөлу жүргізілмейді.
8. Жалғыз-жарым ағаштарды кесу, құрылыстар мен ғимараттарға бөлінген учаскелерде жекелеген ағаштарды кесу кезінде, сондай-ақ шекарасы осы учаскелерді бөлу кезінде айқындалған құндылығы шамалы орман екпелерін қайта жаңартуға арналған учаскелерді тазарту кезінде кеспеағаштар бөлу жүргізілмейді.
9. Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеудің (таксациялаудың) барлық әдістерінде 1 гектарға шаққанда құрамы, орташа биіктігі, жасы және мөлшері көрсетіліп, шаруашылық тұрғыдан бағалы тұқымдылардың өміршеңдік өсімі есепке алынады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар бөлу тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар бөлу жөніндегі дайындық іс-шаралары
10. Кеспеағаштар бөліп беру жөніндегі жұмыстар басталмас бұрын мемлекеттік орман иеленушілер мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді:
1) мынадай орман орналастыру материалдарына талдау жасалады және нақтылынады:
басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тағайындалған учаскелер ведомосы;
аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және өзге де ағаш кесу ведомосы;
қайта жаңартуға тағайындалған учаскелер;
шырын ағызуда тұрған және шырын ағызуға жобаланатын екпелер мен мемлекеттік орман қорын есепке алу және оның сипаттамасы жөніндегі материалдар;
2) жұмыс көлемі белгіленеді және кеспеағаш қорына бірінші кезекте енгізілуге тиіс алаңдар анықталады;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сүрек дайындау үшін әрбір мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық немесе ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелері үшін тұқымдылардың топтары бойынша (қылқан жапырақты ағаштар, жұмсақ жапырақты ағаштар, қатты жапырақты ағаштар, сексеуілдер, бұталар), ағаш кесу түрлері: басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу (түрлері бойынша), басқа да кесулер бойынша (мақсаты бойынша) кеспеағаштар бөліп беру жоспары жасалады.
Кеспеағаштар бөліп беру жоспарын орман күтуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Ағаш кесу қағидалары) сәйкес орман орналастыру материалдарының негізінде жасайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Орман учаскелерін тұрған күйінде ағаш кесуге алдын ала іріктеуді орман күтуші жүргізеді. Бөлуге белгіленіп отырған орман учаскелерінің таксациялық сипаттама мен планшеттер деректеріне сәйкес келмеуі байқалған жағдайда олар кесуге бөлінбейді.
2-параграф. Кеспеағаштар шекарасын нақты анықтау жөніндегі іс-шаралар
12. Кеспеағаштар алаңдардың шектеу жөніндегі жұмыстар:
1) анық орамдық соқпақтармен, шекаралық сызықтармен, бағалау (таксациялау) нысаналарымен және орман өспеген жерлермен шектелген жақтарын қоспағанда, нысаналар кесуді;
2) кеспеағаштар бұрыштарына орман шаруашылығы белгілерін (бағаналарын) қоюды;
3) сызықтарды өлшеп алуды, олардың арасындағы бұрыштарды және еңіс бұрыштарын өлшеуді, сондай-ақ орамдық соқпақтармен, бағалау (таксациялау) нысаналарымен немесе басқа да тұрақты бағдарлармен геодезиялық байламды қамтиды.
13. Жазық жерлердегі ормандарда кеспеағаштар тік бұрышты пішінде бөлінеді, ал таулы ормандарда олардың шекарасы рельефтің сипатына байланысты белгіленеді. Теріс пішінді таксациялық телімдері, егер олардың көлемі Ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаштардың шекті мөлшерінен асып кетпесе, кесуге толықтай бөлінеді. Егер жиынтық көлемі осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1 және 2-сұлбаларында көрсетілген кеспеағаштың белгіленген мөлшерінен асып кетпесе, орамда кесуге бір мезгілде бірнеше бөлек телім бөлінеді.
14. Жаппай кеспеағаштық кесулерге бөлінетін кеспеағаштар нысаналарында барлық кіші өлшемді ағаштар (диаметрі 16 сантиметрден аз) оларды кеспеағаш жағына қарай құлатып шабады. Нысанаға іргелес ағаштарда белгі қойылады.
Біртіндеп және іріктеп кесуге, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуге бөлінетін кеспеағаштардың нысаналарында ағаштар негізінен кесілмейді, ал нысаналар бұтақтар мен шыбықтарды кесу және бұтаны жинау есебінен тазартылады.
15. Кеспеағаштардың шекарасын суретке түсіру және белгілеу буссольдің, гониметрдің немесе басқа да геодезиялық аспаптардың көмегімен, ал сызықтардың өлшемі – өлшеу жолағымен немесе ұзындығы 20 метр және одан да ұзын болат рулеткамен жүргізіледі.
Кеспеағаштар бөлу кезіндегі қателіктер:
1) сызықтарды өлшеу кезінде – 200 метрге 1 метрден;
2) бұрыштарды өлшеу кезінде – 1 градустан аспауға тиіс.
16. Мынадай жағдайларда кеспеағаштар мөлдектерге бөлінеді, бұл үшін:
1) бір кеспеағаштан сүрек босатуды әртүрлі ағаш дайындаушы жүргізуі;
2) кеспеағаштың жекелеген бөліктері еңістердің тіктігі бойынша 10 градус артық болатын таулы жағдайларда бөлінетін ең аз мөлшерлі алқап 1 гектардан кем болмауға тиіс.
Әрбір кеспеағашта телімдердің нөмірленуі бөлек жүргізіледі.
17. Мөлшерлеу (таксациялау) дәлдігін арттыру мақсатында кеспеағаштар (телімдер) бітік өскен ағаштардың біртектілігі бойынша мөлшерлеу (таксациялау) телімдеріне бөлінеді. Кеспеағаштарды (телімдерді) мөлшерлеу (таксациялау) телімдеріне бөлу:
1) егер кеспеағаштың (телімнің) әртүрлі бөліктерінде құрамның кемінде екі өлшемі бар бір немесе бірнеше тұқым биіктіктерінің разрядтары бір немесе одан да көп разрядқа ерекшеленген;
2) кеспеағаштың (телімнің) жекелеген бөліктерінің мөлшерлеу (таксациялау) сипаттамасында: қор бойынша 15% астам, құрамы бойынша – 2 өлшемнен астам айырмашылық болған кезде жүргізіледі.
Мөлшерлеу (таксациялау) телімінің ең аз алабы кеспеағаш (телім) алабы 10 гектарға дейін болған жағдайда 0,5 гектар және кеспеағаш (телім) алабы 10 гектар және одан да көп болған жағдайда – 2,0 гектар болып белгіленеді.
Кеспеағаш (телім) шегіндегі мөлшерлеу (таксациялау) телімдері абристе нөмірленеді, олардың қаз-қалпындағы шекарасы нысаналармен шектелмейді, олар тек ағаш шабумен ғана белгіленеді.
18. Кеспеағаштардың (телімдердің) бұрыштарында диаметрі 12-16 сантиметр бағаналар қойылады. Бағаналар 0,7 метр тереңдікте жерге көміледі. Бағананың жер бетіндегі биіктігі 1,3 метр болуға тиіс. Жол бойына жақын маңда бағаналар айқыш-ұйқыш табан ағашпен бекітіледі.
Кеспеағаш (телім) жоғарғы жақтары екі орам етіп таралады. Таралымның астынан тиісті жазуы бар "терезе" - жұмсақ ойық салынады. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, кесілген жылына қарамастан екі немесе бірнеше аралас кеспеағаш (телім) бұрыштардың бір нүктесінде үйлескен кезде жазбалар үшін тиісті мөлшердегі "терезелері" бар бір телімдік бағана қойылады.
19. Бағаналарда кеспеағаштың (мөлдектің) пайдалану алаңы ғана көрсетіледі. Жаппай кеспеағаштардың пайдалану алаңына:
1) көлеміне қарамастан орман өспеген учаскелер (батпақты жерлер, ағаш кесілген жерлер, алаңқайлар, шабындықтар және тағы басқалар);
2) Ағаш кесу қағидаларына сәйкес бөлінетін тұқымдық алаңдар;
3) пісіп-жетілген бітік ағаштар арасында орналасқан қылқан және қатты жапырақты ағаш тұқымдыларының орта жастағы және пісіп-жетіліп қалған орманының жас талдар учаскелері енгізілмейді. Пайдаланылмайтын учаскелер шекаралық ағаштардың сыртқы жағынан жеңіл белгі қойылып нысаналармен қал-қалпында шектеледі.
Пайдаланылмайтын учаскенің алаңы учаскенің шекаралық сызықтарының өлшемдері негізінде айқындалады. Қажет болған жағдайда геодезиялық түсірілім жүргізіледі.
20. Кеспеағаштарды біртіндеп және іріктеп кесуге, сондай-ақ күтіп-баптау мақсатында кесуге іріктеу кезінде орман өспеген учаскелер кеспеағаш алаңына енгізілмейді.
21. Жаппай кеспеағаш кесу үшін кеспеағаштар іріктеумен бір мезгілде Ағаш кесу қағидаларына сәйкес тұқымдықтарды іріктеу және қайта есептеу, тұқымдық топтар мен алаңқайларды қоршау жүргізіледі.
Топтық және жеке дара тұқымдықтар түріндегі тұқым шашқыштар діңіндегі қабыққа ептеп қана қызыл бояу жағылып, бояумен нөмірленеді. Тұқымдық алаңқайларды шектеу шекаралық ағаштардың сыртқы жағынан қабығына жеңіл белгі қою арқылы жүргізіледі.
22. Кеспеағаштар іріктеу кезінде далалық абрис (кескін) жасалып, онда:
1) ішкі нысаналардың орналасуы және олардың арасындағы қашықтық;
2) кеспеағаштың ораммен және нысана желісімен байланымы, шекаралық және ішкі нысаналардың өлшемдері;
3) сызықтар румбалары;
4) сызықтардың өлшемдері, сондай-ақ геодезиялық түсірім кезінде сызықтардың румбалары көрсетіліп, кеспеағаш ішінде бөлінген пайдаланылмайтын алаңдар;
5) таксациялық телімдерінің шекарасы;
6) мөлдектердің, таксациялық телімдерінің нөмірлері;
7) қайта есептеу жолақтарының орналасуы;
8) әрбір мөлдек шегінде әрбір таксациялық телімнің алаңы;
9) тұқымдық топтардың, алаңқайлардың, шыбығы, жас талы бар учаскелердің орналасуы және олардың алаңы көрсетіледі.
Далалық абристің (кескіннің) негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшадағы 1 және 2-сұлбалар бойынша кеспеағаштың сызбасы жасалады. Кеспеағаштар (мөлдектер) алаңдарын есептеу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кеспеағаштар (мөлдектер) алаңдарын есептеу техникасы, ал таулы жағдайлар үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сызықтар көлбеулігіне жасалатын түзетулер кестесі басшылыққа алынады.
23. Кесуге тағайындалған учаскелерді оқшаулап алғаннан кейін кесуге жататын ағаштарға белгі қойылады.
3-параграф. Кесуге жататын ағаштарға белгі қою жөніндегі іс-шаралар
24. Ағаштарды кесуге алдын ала іріктеу барлық біртіндеп және іріктеп кесулер үшін, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатында кесу үшін (сүрекдіңдердің орташа диаметрі 8 сантиметрден аз болған жағдайда жарықтандыруды, сирету мен өтпелі кесуді және іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу қоспағанда (кеуіп қалған жас ағаштарды кесуден, желопырықты, жел сұлатпасын жоюдан, құлаған ағаштарды жинаудан, аумағы 100 гектардан асатын ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінен басқа) жүргізіледі. Кесуге іріктеп алынған ағаштарға 1,3 метр биіктікте терең белгі салынады, ал диаметрі 8 сантиметр және одан да жуан ағаштарда сонымен бірге тамыр мойны таңбаланады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Ағаштарды қайта есептеу тұқымдылары, техникалық жарамдылық санаттары (сапасы) және табанының қалыңдағы: ағаштың орташа диаметрі сантиметрден жуан болғанда – 4 сантиметр және бітік өскен ағаштың орташа диаметрі 16 сантиметрге дейін болғанда – 2 сантиметр болатын жағдайларда жүргізіледі.
Диаметр 1,3 метр биіктікте өлшенеді. Тау жағдайында (еңістерде) 1,3 метр биіктік ағашқа бүйір жағынан (еңістің көлбеуі бойынша) келген кезде жер бетінен белгіленеді. Диаметрлерді өлшеу бағыты күн көзіне және еңістің бағытына қатысты кездейсоқ болуға тиіс.
Қайта есептеуге табанының қалыңдығы 8 сантиметр ағаштар жатады.
26. Сапалық бағалануы бойынша ағаштар үш санатқа бөлінеді:
1) кәделік ағаштар – діңнің тамырға тақау бөлігінен алғанда кәделік сортименттердің жалпы ұзындығы 6,5 метр және одан да ұзын ағаштар, ал биіктігі 20 метрден асатын ағаштарда – олардың биіктігінің кемінде үштен бірін құрайтын ағаштар;
2) жартылай кәделік ағаштар – діңнің тамырға тақау бөлігінен алғанда кәделік сортименттердің ұзындығы 2 метрден 6,5 метрге дейінгі және ағаштар, ал биіктігі 20 метрден асатын ағаштарда - 2 метрден олардың биіктігінің үштен біріне дейінгі ағаштар. Тамырын ашу қажет болған жағдайда кәделік сортименттердің ең қысқа ұзындығы кемінде 3 метр болуға тиіс;
3) отындық ағаштар – діңнің тамырға тақау бөлігінен алғанда кәделік сортименттердің ұзындығы кемінде 2 метр немесе діңнің төменгі жартысында кемінде 3 метр (тамырын ашу қажеттігін ескергенде) болатын ағаштар.
4-параграф. Кеспеағаштарды материалдық және ақшалай бағалау
27. Кеспеағаштарды (мөлдектерді) бағалау бойынша жалпы нұсқаулар:
1) кеспеағаштарды (мөлдектерді) материалдық бағалау кезінде сүректің жалпы қоры анықталып, ол кәделік және отындық бөліктерге, ал қажет болған жағдайларда ұшарбасының жарамды бөлігіне бөлінеді. Кәделік сүрек ірілік (ірі, орташа, ұсақ) санаттары бойынша бөлінеді. Өрімталдардың орташа көлемі есептеп шығарылады;
2) түбірімен босатылатын сүректі, сондай-ақ екінші дәрежелі сүрек ресурстарын ақшалай бағалау түбірімен босатылатын сүрек үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 587-бабының 2-тармағында белгіленген төлемақы ставкалары негізінде әрбір кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргізіледі;
3) материалдық және ақшалай бағалау ведомосында қалыңдық сатылары бойынша көлемдер 0,01 текше метрге дейін дөңгелектеп есептеледі, ал мөлдек бойына жалпы қорытындылар 1 текше метрге дейін дөңгелектенеді, сүректі ақшалай бағалау 1теңгеге дейін дәлдікпен жүргізіледі;
4) кеспеағаштарды материалдық бағалау кезінде "Қазақстан ормандарын мөлшерлеуге (таксациялауға) арналған нормативтер", 2-бөлім: "Қазақстан ормандарына арналған сортименттік және тауарлық кестелер" анықтамалығында (Қайнар, 1987) жарияланған сортименттік және тауарлық кестелер пайдаланылады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Жаппай және суыртпақтап қайта есептеу материалдарын өңдеудің ерекшеліктері:
1) кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосынан тұқымдылары, қалыңдық сатылары және техникалық жарамдылық санаттары бойынша кеспеағаштағы (мөлдектегі) ағаштар саны осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаппай, суыртпақтап қайта есептеу кезінде материалдық-ақшалай бағалау ведомосына көшіріп жазылады. Бұл ретте жартылай кәделік ағаштар саны кәделік және отындық болып тепе-тең бөлінеді;
2) қайта есептеу ведомосында келтірілген ағаштар биіктігін өлшеу негізінде басым тұқымды үшін өлшем жасалған қалыңдықтың әрбір сатысы бойынша, ал қалған құраушы тұқымдар үшін – қалыңдықтың орташа сатысы бойынша орташа арифметикалық биіктіктер есептеп шығарылады.
Биіктіктер мен диаметрлердің ара-қатынасы бойынша биіктіктер разрядтары кестелерінің көмегімен өлшенген қалыңдық сатыларының әрқайсысының биіктік разряды айқындалады. Тұқымды бойынша орташа разряд қалыңдық сатылары бойынша разрядтардың орташа арифметикалық разряды ретінде белгіленеді.
Ағаштарды қайта есептеу қабаттар бойынша жүргізілетін күрделі ағаш шоғырларында биіктік разрядтары да қабаттар бойынша, ал қажет болған жағдайларда – жасаралық буындары бойынша айқындалады;
3) сорттар мен сортименттер бойынша ірілік санаты шегінде кәделік сүректің, технологиялық отындық ағаштың, отындық ағаштардың, ағаштың ұшарбасы қалдықтарының, өтімді бөліктерінің жалпы қоры, шығымы биіктіктердің тиісті разрядының сортименттік кестелерінің деректерін ағаштар санына көбейту арқылы әрбір мөлдек пен тұқымды бойынша айқындалады;
4) жалдарды қайта есептеу материалдарын өңдеу кезінде сүректі материалдық мөлшерлеу (таксациялау) жаппай қайта есептеу кезіндегі сияқты жүргізіледі. Қайта есептеу алаңынан кеспеағаш (мөлдек) алаңына көшу үшін ауыстыру коэффициенті (0,01-ге дейін дөңгелектеп) есептеледі, ол кеспеағаштың (мөлдектің) пайдалану алаңын (тұқымдық шоқ ағаштар мен белдеулер алаңынсыз) қайта есептеу алаңына бөлу жолымен айқындалады. Әрбір тұқым бойынша қорытындылар аудару коэффициентіне көбейтіледі және осылайша тұтастай алғанда кеспеағаш (мөлдек) үшін барлық көрсеткіштер бойынша көлемдер есептеп шығарылады. Ақшалай бағалау жүргізілгенге дейін мөлдек бойынша көлемдерден қалдырылатын тұқымдықтар және тұқымдық топтардағы ағаштар қоры алып тасталады;
5) мөлдектегі өрімталдың орташа мөлшері дің сүрегінің өнімді қорын қайта есептеу діңдерінің санына бөлуден жеке қаралатын мөлшер ретінде есептеледі;
6) жаппай емес басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, орманды күтіп-баптау мақсатында кесуге және іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесуге бөлінген кеспеағаштарда (мөлдектерде) мөлдектегі (телімдегі) іріктеп алынатын сүректің қоры осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу деректері бойынша айқындалады. Материалдарды одан әрі өңдеу жаппай және суыртпақтап қайта есептеу сияқты тәртіппен жүргізіледі;
7) біртіндеп ұзақ мерзімді кесу кеспеағаштарында алдымен жаппай кесу үшін жалдарды қайта есептеу кезіндегі сияқты қалыңдық сатылары бойынша жалпы қоры мен оның сортименттік құрылымы айқындалады. Жалпы қоры мен қабылданған кесу жиілігі бойынша кесуге жататын сүрек көлемі есептеп шығарылады, оған қалыңдығы жоғары сатылардағы ағаштар енгізіледі. Сүрекдіңнің қалған бөлігі (неғұрлым төмен сатылары) кесуге жатпайды.
3. Кеспеағаштарды таксациялау тәртібі
1-параграф. Сүректі есепке алу жөніндегі іс-шаралар
29. Таксациялау әдісі кеспеағашты есепке алу түріне және алаңына байланысты.
30. Түбірімен босатылатын сүректі есепке алу кесу тәсілдеріне байланысты:
1) алаңы бойынша (аумағы 100 гектардан асатын ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінен басқа жаппай ағаш кесудің барлық түрлері кезінде қолданылады);
2) кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша жүргізіледі.
Кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша есепке алу:
іріктеп ерікті (бұдан әрі – іріктеп кесу), біртіндеп және ұзақ-біртіндеп (бұдан әрі – біртіндеп кесу) ағаш кесу;
сүректің орташа диаметрі 8 сантиметр және одан да жуан болған кезде сирету, жол
аршу үшін ағаш кесу;
іріктетіп санитариялық мақсатта ағаш кесу (жас талдардың кеуіп қалғандарын кесуден басқа);
жалғыз-жарым ағаштарды кесу кезінде қолданылады.
Ағаштар саны бойынша босатылатын сүректі есепке алу кезінде кесуге тағайындалатын ағаштар алдын-ала:
3) дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша таңбаланады.
Дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша есепке алу, егер кесілуге тиіс сүрек қорын алдын-ала айқындау мүмкін болмаса:
жарықтандыру мен тазарту кезінде;
егер кесуге тағайындалатын сүректің орташа диаметрі 8 сантиметрден төмен болса, сирету және жол аршу үшін кесу кезінде;
жас талдарда, жел опырған, құйын соққан жерлерде, құлап қалған ағаштарды жинағанда кеуіп қалғандарын кесу кезінде;
аумағы 100 гектардан асатын ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінде жүргізіледі.
Жергілікті халықты сүрек отынымен тегін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орман иеленуші айқындайтын орындарда кеспеағаштардан тыс жерлердегі қоқысты (кеспеағаштардан тыс жерде табиғи жолмен құлап жатқан және өнеркәсіптік мақсатта дайындалмайтын сүректің қалдығы (діңдері мен бұталары) тазалау кезінде, оны босату ағаш кесу билеттерінде дайындауға жататын сүрек мөлшері көрсетіліп жүргізіледі. Бұл жағдайда орман иеленуші ағаш кесу билетінде көрсетілген сүрек мөлшерін дайындайды.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Сүрек босату үшін кеспеағашты алаңын есепке ала отырып мөлшерлеу (таксациялау) жөніндегі іс-шаралар
31. Кесудің жаппай кеспеағаштық тәсілі үшін кеспеағашты мөлшерлеу (таксациялау) тәсілін таңдау кеспеағаштың (мөлдектің) алаңына, рельефке байланысты және осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген кеспеағашты мөлшерлеу (таксациялау) тәсілін таңдау шарттарымен жүргізіледі.
Сексеуіл кеспеағаштарын мөлшерлеу (таксациялау) осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес жүргізіледі.
32. Жаппай қайта есептеу кеспеағашта жүргізіледі, ал онда екі және одан да көп мөлдек болған жағдайда – осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес (осы Қағидаларға 2-қосымшадағы 1-сұлба) әрбір мөлшерлеу (таксациялау) телімі бойынша әрбір мөлдекте жеке жүргізіледі.
Жаппай қайта есептеуді жүргізудің ерекшеліктері мынадай:
1) жаппай қайта есептеу 1,3 метр биіктікте ағаштарға тиісті белгі салып, өлшегіш айырмен диаметрлерін өлшеу арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда ағаштарға таңба соғылмайды;
2) телім, мөлдек немесе тұтастай алғанда кеспеағаш шегінде әрбір құраушы тұқым үшін өсіп тұрған ағаштардың – табанының қалыңдығы орташа үш мөлшерде болатын үш ағаштың биіктігі өлшенеді. Егер тұқымдының қатысуы құрамда үш өлшемнен аспаса, табанының қалыңдығы орташа бір мөлшерде болатын осы тұқымдының бес ағашы өлшенеді;
3) биіктікті өлшеу үшін ағаштар телім (кеспеағаш) алаңы бойынша біркелкі іріктеп алынады. Әрбір іріктеп алынған ағаштың диаметрі 1 сантиметрге және биіктігі 0,5 метрге дейін дөңгелектеніп, 1,3 метр биіктікте өлшенеді. Егер нысаналарда кесіп алынған ағаштар диаметрі мен биіктігі бойынша орта есеппен алғанда жақын болса, өлшеу үшін осы ағаштар пайдаланылуы мүмкін;
4) қайта есептеудің, ағаштардың, іріктеп алынған тұқымдықтардың биіктігін өлшеудің, өскін мен жас талдарды есепке алудың нәтижелері кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылады.
33. Суыртпақтап қайта есептеу шекаралық сызықтарды және кеспеағаштың ұзын жағына қатар тартылған, ал онда екі және одан да көп мөлдек болған жағдайда - әрбір мөлдектің ұзын жағына қатар тартылған ішкі нысаналар бойымен осы Қағидаларға 2-қосымшадағы 2-сұлбаның мысалында отырғызылған ағаш жалдарында жүргізіледі. Кеспеағаштың пішініне, жергілікті жердің рельефіне және өсіп тұрған ағаштардың ерекшеліктеріне байланысты жолақтар бүкіл кеспеағашты (мөлдекті) қамтитын және сипаттайтын жағдайда оларды басқаша орналастыруға да жол беріледі.
Суыртпақтап қайта есептеу ерекшеліктері мынадай:
1) қайта есептелетін жалдардың саны және жалдардың ені тұтастай алғанда кеспеағаш (мөлдек) үшін оның еніне байланысты осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген шарттарға сәйкес белгіленеді;
2) суыртпақтап қайта есептеудің жиынтық алаңы кеспеағаштың (мөлдектің) жалпы алаңының кемінде 10 % құрауға тиіс;
3) егер шекаралық сызықтар орман пұшпағының, ағаш кесілген ескі жерлердің, кең соқпақтардың бойымен өтсе немесе бағалау (таксациялау) сипаттамасы мөлдектегі (телімдегі) осындай сипаттамадан өзгеше болатын бүлінген ағаштарға жанасса, онда олар қайта есептеу жалдарын салу үшін пайдаланылмайды және бұл ретте тиісінше ішкі нысаналарда жалдардың саны немесе ені көбейеді;
4) ішкі нысаналар шекаралық сызықтардан тең қашықтықта орналасуға тиіс. Нысаналар арасындағы қашықтықтарда олардың арасындағы орташа қашықтықтың 20 % аспайтын мөлшерде айырмаға жол берілмейді. Ішкі нысаналар ілу, ағаштарға белгі салу арқылы және өлшегішпен нақты тартылады;
5) суыртпақтап қайта есептеу алаңдарын дұрыс белгілеу кеспеағашты осы әдіспен бағалаудың (таксациялау) дәлме-дәлдігін арттырудың негізгі шарттарының бірі. Жалдардың енін қайта есептеуді көзбен мөлшерлеп анықтауға жол берілмейді;
6) қайта есептелетін жалдың енін бақылап өлшеу өсіп тұрған ағаштардың көрінуіне қарай әрбір 20-40 метр сайын жүргізіледі. Жалдардың шекарасы ағаштарға салынатын таңбалармен немесе жалдың бүкіл ұзындығы бойына белгілермен белгіленеді. Жалдың ені ұзындығы 2,5 метр сырықпен өлшенеді;
7) қайта есептеу жалының бұрыштарына таксациялық телімнің нөмірі және қайта есептеу жалының ұзындығы көрсетілген қазықтар қағылады;
8) жалдардағы ағаштардың диаметрлері мен биіктіктерін өлшеу және өсу сипаттамасын анықтау жаппай қайта есептеудегі сияқты жүргізіледі. Қайта есептеу ведомосы әрбір мөлдекке жасалады, ал егер ол таксациялық телімдерге бөлінген болса, онда осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір таксациялық телімге жасалады.
3-параграф. Ағаштар саны мен дайындалған ағаш материалдарының мөлшерін ескере отырып сүрек босату үшін кеспеағаштарды мөлшерлеу (таксациялау)
34. Басты мақсатта пайдалану үшін біртіндеп және іріктеп кесуге бөлінген кеспеағаштарда кесуге тағайындалған ағаштар санын ескере отырып сүрек босату үшін, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуді және іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізу үшін шекаралары кесілуге жататын ағаштардағы таңбалармен белгіленетін жолдарға (технологиялық дәліздерге) алдын ала өлшем жасалады.
35. Ені белгіленген жолдарда (технологиялық дәліздерде) ағаштарды тұқымдылары және техникалық жарамдылық санаттары бойынша бөліп, оларға жаппай қайта есептеу жүргізіледі. Содан соң соқпақтарда кесуге ағаштар бөліп алынып, олар тамыр мойнында таңбаланады және 1,3 метр биіктікте терең белгі салынып, қайта есептеу дәл осындай тәртіппен жүргізіледі. Кесуге белгіленген барлық ағаштарды қайта есептеудің және модельді ағаштардың биіктігін өлшеудің деректері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосына енгізіледі.
36. Кесудің жиілігі Ағаш кесу қағидаларына сәйкес белгіленеді және осы орман орналастыру бойынша ағаш кесуге дейінгі екпелердің жалпы қорына кесуге тағайындалған ағаштардың (жолдарда (технологиялық дәліздерде) және омарталарда) санына ара-қатынасымен айқындалады.
37. Жарықтандыруды, тазалауды, сиретуді және өтпелі кесуді жүргізу кезінде, сондай-ақ сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде кесілуге тиіс ағаштар мөлшерін алдын ала анықтап алу үшін көлемі екпелердің біртектілік дәрежесіне байланысты кеспеағаш алаңының 1%-нан 3 %-на дейін болуы мүмкін (екпелер неғұрылым біртекті болса, іріктеу пайызы солғұрлым аз болады) сынақ алаңдары алынады. Екпеағаш (мөлдек) көлемі 5 гектарға дейін болған жағдайда кемінде екі сынақ алаңы, кеспеағаш (мөлдек) көлемі 6-10 гектар болғанда - кемінде үш сынақ алаңы және 10 гектардан астам болған жағдайда - оларды кеспеағаш (мөлдек) бойынша біркелкі орналастырып әрбір 10 гектарға бір сынақ алаңы алынады. Қаз-қалпындағы сынақ алаңдары сынақ алаңының бұрыштарына орнатылатын биіктігі 0,5 метр қазықтармен белгіленеді. Қазықтарға "СА" (сынақ алаңы) деген жазба жасалады.
Сынақ алаңында ағаштарды іріктеу, кесу және дайындалған сүректі сортименттерге бөлу жүргізіледі. Сынақ алаңын пысықтау деректері кеспеағаштың (мөлдектің) бүкіл алаңына көшіріледі.
38. Кесудің басқа тәсілдерінде де, сондай-ақ кесуге диаметрі 8 сантиметрден кем ағаштар тағайындалатын кеспеағаштарды біртіндеп, іріктеп ағаш кесуге және орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуге іріктеу кезінде кесілуге тиіс жіңішке ағаштар қоры дәл осылай айқындалады.
39. Босатылатын сүректі дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бойынша есепке алу кезінде дайындалуға тиіс сүректің қоры алдын ала көз мөлшерімен айқындалады. Дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бойынша босатылатын сүректі анықтау мүмкін болмаған кезде кеспеағаш (мөлдек) алаңының 3-5 % қамтитын сынақ алаңдары алынады. Сынақ алаңдарының деректері кейіннен кеспеағаштың (мөлдектің) бүкіл алаңына көшіріледі.
Дайындалған ағаш материалдарының түпкілікті есебі нақты дайындау деректері бойынша (кеспеағаштарда немесе төменгі қоймаларда) жүргізіледі.
4. Қорытынды ережелер
40. Кеспеағаштарды бөліп беру және мөлшерлеу (таксациялау) жөніндегі жұмыстардың сапасын тексеру оларды орындау барысында да, олар аяқталғаннан кейін де жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде:
1) іріктелген кеспеағаш қорының есепті кеспеағашқа және тұқымдылар топтары, пайдалану түрлері және мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша сүрек босатудың белгіленген көлемдеріне сәйкестігі;
2) Ағаш кесу қағидалары талаптарының сақталуы;
3) кеспеағашты (мөлдекті) мөлшерлеу (таксациялау) әдісін таңдаудың дұрыстығы;
4) кеспеағаштарды тұрған күйінде іріктеу мен мөлшерлеуді (таксациялауды) жүргізу және іріктеу материалдарын техникалық ресімдеу сапасы;
5) анықтамалық-нормативтік материалдарды (биіктік разрядтарының көмекші кестелерін, сортименттік және тауарлық кестелерді) таңдау мен қолданудың дұрыстығы анықталады.
41. Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу (таксациялау) жөніндегі жұмыстарды тексеруді орманшылық өкілінің қатысуымен мемлекеттік орман иеленуші саны бойынша кеспеағаштардың кемінде 5 % және әрбір орманшылық бойынша алқаптың 3 %, бірақ кемінде екі кеспеағашта жүргізеді.
25 мамырдан 25 қазанға дейінгі кезенде тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеуді (таксациялауды) тексеру актісі жасалады.
Жұмыс мынадай жағдайларда:
1) кеспеағашты бөліп беру Ағаш кесу қағидаларын бұза отырып жүргізілген;
2) жаппай немесе жалдарды қайта есептеу деректері кеспеағаштағы кәделік сүректің жалпы қоры және қоры бойынша тексеру деректерімен алшақтығы 10 % асып кеткен;
3) нысана саны осы Қағидаларда көзделген мөлшерден аз болған;
4) орташа биіктіктер мен диаметрлердің дұрыс айқындалмауына (7 % және одан көп қателікпен), ағаштардың техникалық жарамдылық санатына қате бөлінуіне (олардың санында 12 % және одан да көп қателікпен) жол берілген;
5) іріктелген кеспеағаштарды тұрған күйінде ресімдеу қанағаттанарлықсыз болған (шекаралары түсініксіз, бағандардың немесе оларда жазулардың болмауы);
6) кеспеағаштарды жаппай кеспеуге және орманды күтіп-баптау мақсатында кесуге іріктеу кезінде:
іріктелетін сүректің қоры 10 %-дан астам алшақтықта болған;
ағаштарды кесуге (қате тағайындалған және қате қалдырылған) кесуге жататын ағаштардың жалпы санына 10 % астам жағдайда дұрыс іріктеп алынбаған кезде қанағаттанарлықсыз деп танылады.
42. Тексеру нәтижелеріне байланысты мемлекеттік орман иеленуші кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу (таксациялау) бойынша материалдарға түзетулер енгізеді немесе жұмыс жаңадан орындалады.
43. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған кеспеағаштардың далалық абристері, ағаштарды қайта есептеу, биіктіктерді өлшеу, өскіндерді есепке алу және басқа да ведомостар, материалдық-техникалық мөлшерлеу (таксациялау) ведомостары мемлекеттік орман иеленушіде сақталады.
Көрсетілген құжаттардан басқа мыналар екі данада жасалады:
1) пайдалану түрлері бойынша жылдық бөліп беру альбомдарына кітапша етіп тігілетін кеспеағаштар сызбалары, олардың бір данасы орманшылықта, екіншісі - мемлекеттік орман иеленушіде сақталады;
2) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кезекті жылдық кеспеағаштың ведомосы, оның бір данасы орманшылықта, екіншісі - мемлекеттік орман иеленушіде сақталады.
44. Мемлекеттік орман иеленуші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген кеспеағаштардың жиынтық ведомосын жасайды.
45. Планшеттер мен мөлшерлеу (таксациялау) сипаттамаларына қажетті өзгерістер мен жазбалар енгізіледі.
46. Осы Қағидаларға 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орман шығысының кітабын мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді, сондай-ақ ол орманшылықтарда жүргізіледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
________________ орманшылығы бойынша 20___жылға арналған
тұқымдарының топтары бойынша кеспеағаштарды бөліп беру жоспары
Орам нөмірі | Таксациялық телім нөмірі | Тұқым топтары бойынша | Кесу тәсілі | Бөлінуге жатады | Кеспеағаш бөлініп отырған ағаш дайындаушының атауы | ||
алаңы, гектар | қор | ||||||
жалпы | соның ішінде өтімді | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Мемлекеттік орман қорының санаты ___________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік орман қорында мөлдек
бағандарына жазба салу бойынша талаптары
Жазба үлгілері:
кеспеағаштар үшін мөлдектер үшін
25-3 25-8
ЖК-2004 ЖК-2004
2-6,3 1(3)-1,7
1-ші жол - айналым мен таксациялық телім нөмірі;
2-ші жол - шара түрі (жаппай кесу) және кесу жылы;
3-ші жол - кеспеағаш нөмірі және алаңы, гектар (жақшада - мөлдек нөмірі).
Шаралар атауларында мынадай негізгі қысқартулар қабылданды:
Жаппай кесулер - ЖК
Біртіндеп кесу - БК
Біртіндеп екі мәрте кесу - БЕК
Іріктеп ерікті кесу - ІЕК
Жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу - ЖСК
Іріктеп санитарлық мақсатта кесу - ІСК
Қайта жаңартып кесу - ҚЖК
Жарықтандыру - Жт
Тазарту - Тз
Сирету - Ср
Өтпелі кесу - Өтк
Басқа мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу - БмК
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 4-қосымша |
Телімдер мен мөлдектер алқаптарын есептеу техникасы
Дұрыс пішінді (тік үшбұрыш, трапеция және басқалар түрінде) кеспеағаштар (мөлдектер) алқаптарын есептеу жалпы қабылданған тәсілмен жүзеге асырылады (1-сурет).
Дұрыс емес пішінді кеспеағаштар (мөлдектер) мен таксациялық телімдердің алқабы екі түрлі тәсілмен: шаршы торлар түріндегі палеткамен немесе параллель сызықтары бар палеткамен есептеледі.
Шаршы торлар түріндегі палетканы пайдаланғанда өлшеніп отырған учаскенің шекарасына енетін мөлшері 1 шаршы сантиметр және 1 шаршы милиметр квадраттар саны есептеледі. Бұл сан 1 шаршы сантиметр және 1 шаршы милиметр гектарлар санына көбейтіледі. Алқап гектармен осылай анықталады.
Параллель сызықтар түріндегі палетканы пайдалану неғұрлым тиімді. Ол калькада немесе айтарлықтай тұнық қағазда сызылады. Палетка сызықтары арасындағы қашықтық 8 милиметр (2-сурет).
Палетка таксациялық телім сызбасына сызықтар учаскенің ұзын білігіне шамамен қатар өтетіндей етіп қойылады. Өлшеуін-циркульдің немесе сызғыштың көмегімен палетканың учаске шегіндегі әрбір сызығы қиындысының ұзындығы анықталады (учаске шегіндегі сызықтардың саны 5-тен кем болмауға тиіс. Қиындылардың осы ұзындықтарының сомасы 0,1-ге дейін дөңгелектеніп, 0,8 ге және гектарлар 1 шаршы сантиметр санына көбейтіледі. Сөйтіп, алқаптың гектары алынады.
Гектар 1 шаршы сантиметр саны абрис масштабына байланысты:
1) масштаб 1:10 000 - 1 шаршы сантиметр - 1гектар,
2) масштаб 1:20 000 - 1 шаршы сантиметр - 4 гектар,
3) масштаб 1:25 000 - 1 шаршы сантиметр - 6,25 гектар.
Содан соң кеспеағаштағы (мөлдектегі) барлық учаскелер бойынша есептелген алқаптардың сомасы анықталады. Ол кеспеағаштың (мөлдектің) алқабымен салыстырылады. Жол беруге болмайтын 2%-дан астам қиғаштық орын алса, қателік іздестіріледі. Жол берілетін 2%-ға дейін мөлшердегі қиғаштық кеспеағаштың (мөлдектің, телімнің) әрбір жеке учаскесінің алқабына теп-тең қосылады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 5-қосымша |
Таблица поправок на наклон линии, метров
Углы наклона, градусы | Расстояние | |||||||||
10 | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | 70 | 80 | 90 | 100 | |
4 | 0,0 | 0,0 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,2 | 0,2 | 0,2 | 0,2 |
5 | 0,0 | 0,0 | 0,1 | 0,2 | 0,2 | 0,2 | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,4 |
6 | 0,1 | 0,1 | 0,2 | 0,2 | 0,3 | 0,3 | 0,4 | 0,4 | 0,5 | 0,5 |
7 | 0,1 | 0,1 | 0,2 | 0,3 | 0,4 | 0,4 | 0,5 | 0,6 | 0,7 | 0,7 |
8 | 0,1 | 0,2 | 0,3 | 0,4 | 0,5 | 0,6 | 0,7 | 0,8 | 0,9 | 1,0 |
9 | 0,1 | 0,2 | 0,4 | 0,5 | 0,6 | 0,7 | 0,9 | 1,0 | 1,1 | 1,2 |
10 | 0,2 | 0,3 | 0,5 | 0,6 | 0,8 | 0,9 | 1,1 | 1,2 | 1,4 | 1,5 |
11 | 0,2 | 0,4 | 0,6 | 0,7 | 0,9 | 1,1 | 1,3 | 1,5 | 1,7 | 1,8 |
12 | 0,2 | 0,4 | 0,7 | 0,9 | 1,1 | 1,3 | 1,5 | 1,7 | 2,0 | 2,2 |
13 | 0,3 | 0,5 | 0,8 | 1,0 | 1,2 | 1,5 | 1,8 | 2,1 | 2,3 | 2,6 |
14 | 0,3 | 0,6 | 0,9 | 1,2 | 1,5 | 1,8 | 2,1 | 2,4 | 2,7 | 3,0 |
15 | 0,3 | 0,7 | 1,0 | 1,4 | 1,7 | 2,0 | 2,4 | 2,7 | 3,1 | 3,4 |
16 | 0,4 | 0,8 | 1,2 | 1,5 | 1,9 | 2,3 | 2,7 | 3,1 | 3,5 | 3,9 |
17 | 0,4 | 0,9 | 1,3 | 1,7 | 2,2 | 2,6 | 3,1 | 3,5 | 3,9 | 4,4 |
18 | 0,5 | 1,0 | 1,5 | 2,0 | 2,4 | 2,9 | 3,4 | 3,9 | 4,4 | 4,9 |
19 | 0,5 | 1,1 | 1,6 | 2,2 | 2,7 | 3,3 | 3,8 | 4,4 | 4,9 | 5,4 |
20 | 0,6 | 1,2 | 1,8 | 2,4 | 3,0 | 3,6 | 4,2 | 4,8 | 5,4 | 6,0 |
21 | 0,7 | 1,3 | 2,0 | 2,7 | 3,3 | 4,0 | 4,6 | 5,3 | 6,0 | 6,6 |
22 | 0,7 | 1,5 | 2,2 | 2,9 | 3,6 | 4,4 | 5,1 | 5,8 | 6,6 | 7,3 |
23 | 0,8 | 1,6 | 2,4 | 3,2 | 4,0 | 4,8 | 5,6 | 6,4 | 7,2 | 7,9 |
24 | 0,9 | 1,7 | 2,6 | 3,5 | 4,3 | 5,2 | 6,1 | 6,9 | 7,8 | 8,8 |
25 | 0,9 | 1,9 | 2,8 | 3,7 | 4,7 | 5,6 | 6,6 | 7,5 | 8,4 | 9,4 |
26 | 1,0 | 2,0 | 3,0 | 4,0 | 5,1 | 6,1 | 7,1 | 8,1 | 9,1 | 10,1 |
27 | 1,1 | 2,2 | 3,3 | 4,4 | 5,4 | 6,5 | 7,6 | 8,7 | 9,8 | 10,9 |
28 | 1,2 | 2,3 | 3,5 | 4,7 | 5,9 | 7,0 | 8,2 | 9,4 | 10,5 | 11,7 |
29 | 1,2 | 2,5 | 3,8 | 5,0 | 6,3 | 7,5 | 8,8 | 10,0 | 11,3 | 12,5 |
30 | 1,3 | 2,7 | 4,0 | 5,4 | 6,7 | 8,0 | 9,4 | 10,7 | 12,1 | 13,4 |
31 | 1,4 | 2,9 | 4,3 | 5,7 | 7,1 | 8,6 | 10,0 | 11,4 | 12,9 | 14,3 |
32 | 1,5 | 3,0 | 4,6 | 6,1 | 7,6 | 9,1 | 10,6 | 12,2 | 13,7 | 15,2 |
33 | 1,6 | 3,2 | 4,8 | 6,5 | 8,1 | 9,7 | 11,3 | 12,9 | 14,5 | 16,1 |
34 | 1,7 | 3,4 | 5,1 | 6,8 | 8,5 | 10,3 | 12,0 | 13,7 | 15,4 | 17,1 |
35 | 1,8 | 3,6 | 5,4 | 7,2 | 9,0 | 10,8 | 12,7 | 14,5 | 16,3 | 18,1 |
36 | 1,9 | 3,8 | 5,7 | 7,6 | 9,5 | 11,5 | 13,4 | 15,3 | 17,2 | 19,1 |
37 | 2,0 | 4,0 | 6,0 | 8,1 | 10,1 | 12,1 | 14,1 | 16,1 | 18,1 | 20,1 |
38 | 2,1 | 4,2 | 6,4 | 8,5 | 10,6 | 12,7 | 14,8 | 17,0 | 19,1 | 21,2 |
39 | 2,2 | 4,5 | 6,7 | 9,9 | 11,1 | 13,4 | 15,6 | 17,8 | 20,1 | 22,3 |
40 | 2,3 | 4,7 | 7,0 | 8,4 | 11,7 | 14,0 | 16,4 | 18,7 | 21,1 | 23,4 |
Мысал. Өлшенген сызықтың ұзындығы 146 м, көлбеу бұрышы 20 градус 100 м сызыққа түзету 6,0 м құрайды.
40 м 2,4 м
6 м 0,36 м
146,0 м 8,76 м
Осыдан келіп сызықтың жазықтық жалғасы 146,0 м - 8,8 м = 137,2 м теңеледі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 6-қосымша |
Кеспеағашты мөлшерлеу (таксациялау)
әдісін таңдауға арналған шарттар
Кеспеағаштарды мөлшерлеу (таксациялау) әдісі | Кеспеағаш (мөлдек) алаңы, гектар | Қолдану шарттары |
1 | 2 | 3 |
Жаппай қайта есептеу Суыртпақтап есептеу Жаппай қайта есептеу Суыртпақтап есептеу | 10 гектарға дейін 10 гектардан астам 5 гектарға дейін 5 гектардан астам | Жазықтағы ормандар Жазықтағы ормандар Таулы ормандар Таулы ормандар |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосы
Мемлекеттік орман иеленуші ___________________________________, _____________________________________ орманшылығы, мемлекеттік орман қорының санаты ________________________________________, басым тұқым ___________________________________, орам № _____, кеспеағаш № _____, мөлдек № __________, таксациялық телімі №______, кеспеағаштың (мөлдектің) пайдалану алаңы _______гектар. Кесу түрі _______________, кесу тәсілі _________________. Қайта есептеу: жаппай, суыртпақтап (керегі сызылсын). Жалдар № ______, жалдар ұзындығы _______ метр, жалдар ені _______. Өскін: құрамы _____________________, 1 гектарға саны _______ мың дана., өскіннің орташа биіктігі_______________ метр. Тұқымдық алаңдар саны ______ дана., олардың алаңы _______ гектар. Орманды қалпына келтіру тәсілі ______________________________.Тазалау тәсілі __________________________________________
Қалыңдық табаны сантиметр | Тұқымдар бойынша, ағаштар саны, дана | Тұқымдары бойынша жекелеген және топтық тұқымдық ағаштар (тұқымдықтар) саны | Биіктік разрядтарын анықтауға арналған модельдік ағаштар | |||||||||
шырша | қайың | тұқым | 1 сантиметрге дейін дөңгелектенген диаметр | 0,5 метрге дейін дөңгелектенген биіктік | Биіктік разряды | |||||||
кәделік | жартылай кәделік | отындық | кәделік | жартылай кәделік | отындық | шырша | қайың | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
8 | ||||||||||||
12 | ||||||||||||
16 | ||||||||||||
20 | ||||||||||||
т.б. жиыны |
Күні _________________ Қайта есептегендер ________________
Бағандар бітік өскен ағаштардың қанша тұқымы болса, сонша рет қайталанады
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 8-қосымша |
Қайта есептелетін жалдардың саны және олардың ені
Кеспеағаштың (мөлдектің) ені, метр | Қайта есептелетін жалдар саны | Жалдың ені, метр | ||
1 | 2 | 3 | ||
шекаралық сызықтарда | ішкі нысаналарда | шекаралық сызықтарда | ішкі нысаналарда | |
100 метрге дейін | 4 | - | 10 | - |
101-200 | 4 | 1 | 10 | 10 |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Жаппай, суыртпақтап қайта есептеу кезінде кеспеағашты материалдық-ақшалай бағалау ведомосы
Мемлекеттік орман иеленуші ___________________________________, __________________________ орманшылығы, мемлекеттік орман қорының санаты ______________, басым тұқым ________________,орам № _________, кеспеағаш № _______, мөлдек № ________, таксациялық телімі №________, пайдалану алаңы ________ гектар. Пайдалану түрі__________, кесу түрі _____________. Қайта есептеу: жаппай, суыртпақтап (керегі сызылсын), аударым коэффициенті ____. Өскін: құрамы __________, 1 гектарға жалпы саны _____ мың дана., өскіннің орта биіктігі ___ метр. Тазалау тәсілі _____________. Орманды қалпына келтіру тәсілі ___________________. Тұқымдық ағаштар: тұқымдықтар саны _______дана., тұқымдық алаңдар _____дана., олардың алаңы_____ гектар. Сүрек жөнелту (тұтыну) бекетінен қашықтығы ____ километр.
Қалыңдық табаны сантиметр | Ағаштар саны | Кәделік діңдер көлемі, текше метр | Ағаш діңдерінің көлемі, текше метр | Сондай-ақ ұшарбастың өтімді өнімді бөлігі, текше метр | |||||||||||||
қәделік | отындық | жиыны | Кәделік сүрек | Технологиялық ағаш | Отындық ағаш | өнімді сүрек, жиыны | қалдықтар | барлығы | Технологиялық ағаш | Отындық ағаш | қалдықтар | барлығы | |||||
ірі | орта | ұсақ | жиыны | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Тұқым ______ | Биіктік разряды______ | ||||||||||||||||
8 | |||||||||||||||||
12 | |||||||||||||||||
16 | |||||||||||||||||
Тағы басқалар | |||||||||||||||||
Қайта есептеу алаңында жиыны, текше метр | |||||||||||||||||
Кеспеағашта (мөлдекте) жиыны | |||||||||||||||||
1 текше метр үшін төлем,теңге | |||||||||||||||||
Мөлдектегі сүректің жалпы құны, теңге |
Күні_______________ Мөлшерлеуді жүргізген ________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеуді (таксациялауды) тексеру актісі
Мемлекеттік орман иеленуші ____________________________________ орманшылығы. ________________________________________________________
Тексеруді_________________________________________________ қатысуымен жүргізген ___________________________________________
Орам № _________, кеспеағаш № _______, мөлдек № _____, пайдалану түрі __________________, кесу тәсілі_____________________________________.
Заттай ресімдеу сапасы ______________________________________________
Бөліп берудің қолданыстағы ережесіне сәйкестігі _____________________
_____________________________________________________________________
Ескертпе: кеспеағашты мөлшерлеу (таксациялау) телімдеріне бөлу туралы _____________________ мөлшерлеу нысаналарының саны туралы суыртпақтап қайта есептеу алаңының пайызы туралы ________________________________
_____________________________________________________________________
Материалдық және ақшалай бағалау туралы _____________________________
_____________________________________________________________________
Көрсеткіштер | Алаңы, гектар | Жаппай немесе суыртпақтап қайта есептеу кезіндегі ағаштардың жалпы саны, дана | Кеспеағаштағы (мөлдектегі) қор, текше метр | Төлемақы өлшемі, теңге | ||||||
барлығы | соның ішінде тұқымдар бойынша | |||||||||
барлығы | соның ішінде | кәделік | технологиялық ағаш | отындық ағаш | Қарағай* | Қайын* | ||||
кәделік | ағаштық | кәделік | технологиялық ағаш | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бөліп беру деректері
Тексеру деректері
Алшақтық, %
Ерекше ескертпелер Қолдар: __________________
Бағандар бітік өскен ағашта қанша тұқым болса, сонша рет қайталанады
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Кезекті жылдық кеспеағаштың 20__ жылға арналған ведомосы
Облысы ________________________________________, мемлекеттік орман иеленуші _________________________, ___________________ орманшылығы.
р/с № | Оррам нөмірі | Кеспеағаш нөмірі | Мөлдек нөмірі | Телім нөмірі | Алаң, гектар | Пайдалану түрі | Басым тұқым | Тұқым | Қор, текше метр | ||||||
Кәделік | Технологиялық ағаш | Отындық ағаш | жиыны | одан басқа, ұшарбасы өнімі | қалдықтар | барлығы |
кестенің жалғасы
кеспеағаштың жалпы пайдаланатын жолдан қашықтығы | Төлемақы мөлшері, теңге | Өскін | Тұқымдық топтардағы немесе алаптардағы тұқымдықтар мен ағаштар саны | Тұқымдық алаптар алаңы | Тазалау тәсілі | Қалпына келтіру тәсілі | |||||
кәделік | технологиалық ағаш | отындық ағаш | ұшарбас өнімі | жиыны | алаңы, гектар | 1 гектарға саны, дана |
Орманшы ______________________________________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 12-қосымша |
Нысан
Бөлінген кеспеағаштардың
20____ жылға арналған жиынтық ведомосы
_________________ облысының
__________________________ мемлекеттік орман иеленушісі бойынша
Орманшылық атауы | Пайдалану түрі | Басым тұқым | Қор, текше метр | Төлемақы мөлшері, теңге | |||
кәделік | технологиялық ағаш | отындық ағаш | жиыны | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Мемлекеттік орман қорының санаты _______________________
Басшы ________________________________
20___жылғы "___"_______________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларына 13-қосымша |
Орман шығысының кітабы
________________________ облысы
Мемлекеттік орман иеленуші ____________________
р/с № | орманшылық | Орам нөмірі | кеспеағаш нөмірі | мөлдек нөмірі | босатуға негіздеме | Ағаш кесу билеті | ағаш дайындаушы | басым тұқым | тұқым | кесу тәсілі | |
уақыты | нөмірі | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Ағаш кесу билеті бойынша босатуға рұқсат етілді (алымы) және нақты дайындалғаны (бөлгіші) | бағалау құны, теңге | куәландыру актісінің уақыты | Мерзімі кейінге қалдырылған кесілмеген ағаш | Тасып әкетілмеген сүректің қалдығы, текше метр | ескертпе | ||||||||||
алаңы, гектар | кәделік | Технологиялық ағаш | отындық ағаш | жиыны | Бұдан басқа ұшарбас пен шөпшек өнімі | қалдықтар | барлығы | гектар | текше метр | кәделік | технологиялық ағаш | отындық ағаш | |||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Мемлекеттік орман қорының санаты ________________________
Пайдалану түрі __________________________________________
Ескертпе: Кітапты мемлекеттік орман иеленуші әрбір жылдың кеспеағаштары бойынша жеке-жеке жүргізеді. Мерзімінен бұрын кесу, сондай-ақ сүректі қосымша босату ол бөлінген жылғы кеспеағаш қоры есебіне ескеріледі. Кітап мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша, ал олардың шегінде - пайдалану түрлері (басты мақсатта пайдалану, аралық мақсатта пайдалану, басқа да кесулер) бойынша толтырылады. Қорытындылары жылдар бойынша шығарылады.
Мерзімі кейінге қалдырылған кесілмеген ағаштарды кесуге беру туралы деректер орман шығысы кітабына енгізіледі, бұл ретте ескертпеде тиісті жазбаға қарсы тұста куәландыру актісінің уақыты, ағашы кем кесілген жыл және кітаптағы жазбаның реттік нөмірі көрсетіледі. Қалған сүректі (25-27-бағандар) тасып әкету кезінде ескертпеде тиісті белгілер қойылады.