Үлгілік инвестициялық шартты, үлгілік келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10650 тіркелді

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үлгілік инвестициялық шартты бекітілсін;
      2) осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үлгілік келісімді бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                            В. Школьник
      
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 наурыз

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 107 бұйрығына  
1-қосымша     

Үлгілік инвестициялық шарт
      

      ___________________                 20___ жылғы ________ «____»
      (қол қойылған қала)                            (жасалған күні)

Бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын
_______________________________________________________________атынан
                 (мемлекеттік органның атауы
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
          (ереже немесе бұйрық)
_____________________________________________________________________
               (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

бұдан әрі «Мемлекеттік орган» деп аталатын табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын,
______________________________________________________________ атынан
                  (мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
          (ереже немесе бұйрық)
_____________________________________________________________________
           (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

бір тараптан және бұдан әрі «Энергия өндіруші ұйым» деп аталатын
_____________________________________________________________________
(инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия
______________________________________________________________ атынан
             (өндіруші ұйымның атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
           (жарғы немесе сенімхат)
_____________________________________________________________________
              (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» (бұдан әрі – Заң), 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Шарттың мәні Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны:
_____________________________________________________________________
                (инвестициялық бағдарламаның атауы)

(бұдан әрі - инвестициялық бағдарлама) іске асырған (орындаған) кезде Тараптардың қарым-қатынасын реттеу болып табылады.

2. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламада белгіленген мөлшерде, тәртіппен, шартпен және мерзімде
_____________________________________________________________________
(жаңа активтер жасауға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қайта құруға және техникалық жарақтандыруға - нақты көрсетілсін) инвестицияларды қамтамасыз етеді.
      3. Энергия өндіруші ұйым:
      1) электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сатылатын жағдайларды қоспағанда, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша сатуды жүзеге асырады;
      2) инвестициялық бағдарламаның есептік тарифті белгілеу кезінде немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген көлемде және мерзімде объект бойынша орындалуын жүзеге асырады;
      3) инвестициялық бағдарламаны орындайды және жыл сайын ________ дейінгі мерзімде уәкілетті орган мен табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға оның орындалуы туралы есеп береді.
      4) инвестициялық міндеттемелерді орындау мақсатында инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты қолданады.
      5) энергия өндіруші ұйым электр энергиясын тиісінше есептік немесе жеке тарифтен асырып сатқан жағдайда электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығы субъектілеріне артық соманы қайтарады.
      6) энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган енгізген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтарады.
      Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті белгілеу немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі.
      4. Уәкілетті орган:
      1) инвестициялық бағдарламаның құнын өсіруді келіседі;
      2) осы энергия өндіруші ұйымның Шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау мониторингін жүргізеді;
      3) заңнамада және осы Шартта белгіленген өкілеттіктер шегінде Шарттың талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік орган:
      1) жеке тарифті бекітеді;
      2) инвестициялық бағдарламаның құнын өсіруді келіседі;
      3) энергия өндіруші ұйымның Заңның 7-бабының 5) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

3. Дауларды шешу

      6. Шарттың талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Тараптар Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және азаматтық заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      7. Шартпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
      8. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.

4. Құпиялылық туралы ереже

      9. Шарттың ережелері, Шартты орындау барысында қандай да бір тараппен алынған немесе сатып алынған ақпараттар құпия болып табылады. Аталған ақпараттарды қолдану Тараптардың жазбаша келісімі кезінде жүзеге асады.
      10. Тараптар құпия ақпараттарды өзге Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермейді, тек келесі жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;
      2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқықтары жоқ.

5. Қорытынды ережелер

      11. Шартқа қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.
      12. Шарт _____________ (_______) жыл мерзімде жасалды.
      13. Тараптардың екіжақты келісімі бойынша Шартқа жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
      14. Шартқа барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
      Шарт бойынша кез келген хат алмасу мына мекен жайға жіберіледі:
Уәкілетті орган______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік орган____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Энергия өндіруші ұйым________________________________________________
_____________________________________________________________________

      15. Шарт:
      1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
      2) Тараптардың екі жақты келісімі бойынша мерзімінен бұрын
бұзылған;
      3) сот шешкен жағдайда;
      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
      16. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы оқиғалар туындаған күннен бастап 3 жұмыс күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.
      17. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде _______ түпнұсқа данада жасалды.

6. Тараптардың деректемелері

      Уәкілетті орган:                       Энергия өндіруші ұйым:
      ______________________                 ______________________
      мөр орны                               мөр орны

      Мемлекеттік орган
      ______________________
      мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 107 бұйрығына  
2-қосымша   

Үлгілік келісім

      ___________________                   20___жылғы_______«   »
      (қол қойылған қала)                       (жасалған күні)

      Бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
               (мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
          (ереже немесе бұйрық)
_____________________________________________________________________
            (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

бір тараптан және бұдан әрі «Энергия өндіруші ұйым» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
              (энергия өндіруші ұйымның атауы)
______________________________________________негізінде әрекет ететін
         (жарғы немесе сенімхат)
_____________________________________________________________________
              (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Келісімді жасасты.
      1. Келісім Энергия өндіруші ұйымның:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (жаңа активтер жасау, қолданыстағы активерді кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру - нақты көрсетілсін) осы Келісімге қоса берілген Іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес (1-қосымша) инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
      Бұл ретте жаңа активтер жасау, кеңейту, жаңарту, қайта құру іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспардың 1-кестесіне сәйкес қуаттарды ұлғайту үшін жүзеге асырылады.
      Іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспардың 2-кестесіне сәйкес қуаттарды ұлғайтусыз жүзеге асырылатын электр станциясының қолданыстағы активтерін жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру Келісімнің Тараптары айқындаған көрсеткіштерге және осы Келісімге қоса берілген орнатылған қуаттарды тиімді пайдалану көрсеткіштерін өзгерту жоспарына сәйкес электр станциясының орнатылған қуатын пайдаланудың тиімділігін кезең-кезеңмен ұлғайту шарты кезінде жүргізіледі (2-қосымша).

1. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. Энергия өндіруші ұйым:
      1) өзінің инвестициялық міндеттемелерін өз бетінше белгілеуге;
      2) электр энергиясына босату бағасын өз бетінше, бірақ уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобы үшін бекіткен шекті тарифтен асырмай белгілеуге құқылы.
      3. Энергия өндіруші ұйым:
      1) осы Келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындайды және жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті органға растаушы құжаттарды қоса бере отырып, олардың орындалуы туралы (осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес белгіленген көрсеткіштерді орындау жөніндегі ақпаратты қамтитын) есеп беруге;
      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын және осы Келісімнің шарттарын сақтауға;
      3) спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан көп емес), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату жағдайларын қоспағанда, шекті тарифтен аспайтын тариф бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыруға;
      4) электр энергиясын шекті тарифтен асырып сатқан жағдайда электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, артық соманы көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығы субъектілеріне қайтаруға міндетті.
      4. Уәкілетті орган:
      1) Энергия өндіруші ұйымнан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жыл сайынғы есепті алуға;
      2) Энергия өндіруші ұйымнан осы Келісім бойынша Энергия өндіруші ұйым қабылдаған міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды талап етуге және алуға;
      3) Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Келісімді бұзуды, залалдарды өтеуді талап етуге;
      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      5. Уәкілетті орган:
      1) Энергия өндіруші ұйымның осы Келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге;
      2) Энергия өндіруші ұйымның осы Келісімнің шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) Келісімде көзделген шарттарды сақтауға;
      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

2. Дауларды шешу

      6. Тараптардың бірі Келісімнің шарттарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда басқа Тарап кінәлі Тарапты анықталған бұзушылықтарды 15 күнтізбелік мерзім ішінде жою қажеттігі туралы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша ескертеді. Кінәлі Тараптың Келісімнің шарттарын бұзушылықты жою мерзімі Тараптармен келісілген жағдайда жазбаша нысанда ұзартылады.
      7. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы және азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
      8. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.
      9. Тараптар электр энергиясын сату (жеткізу) шарттарын алдын ала өзара келіседі.

3. Құпиялылық туралы ереже

      10. Келісімнің ережелері, қандай да бір Тарап Келісімді орындау үдерісінде алған немесе сатып алған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпия сипатқа ие.
      11. Тараптардың:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;
      2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

4. Қорытынды ережелер

      12. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.
      13. Келісім ____ ( ) жылға жасалды. (Келісім бір жылдан кем емес мерзімге жасалады).
      14. Энергия өндіруші ұйым осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын Келісімнің жаңа жобасын уәкілетті органға келісуге ұсынады.
      15. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      16. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қойылады.
      17. Келісім бойынша кез келген хат алмасу төмендегі мекенжай бойынша жіберіледі:
      
Уәкілетті орган
_____________________________________________________________________

Энергия өндіруші ұйым
_____________________________________________________________________

      18. Келісім:
      1) қолданылу мерзімі аяқталған;
      2) Тараптардың екі жақты келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылған;
      3) сот шешкен жағдайда;
      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
      19. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 жұмыс күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.
      20. Келісім қажет болған жағдайда басқа тілдерге аудармасын қоса бере отырып, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заңды күші бар ____ түпнұсқа данада жасалды.
      21. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі:
      Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндіттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Талаптардың деректемелері

Уәкілетті орган:                              Энергия өндіруші ұйым:
______________________                        ______________________
______________________                        ______________________
мөр орны                                      мөр орны

Келісімге 1-қосымша 
Іс-шараларды іске асыру
жөніндегі жоспары 
      

      1-кесте 

Р/с
N

Жаңа объектілер салу (атауы)*)

Іске қосылатын
объектінің
қуаты (МВт;
тонна/сағ,
Гкал/сағ және
басқалары)

Қаржы
ресурстары
мен
қаржыландыру
көздері
(меншікті
немесе қарыз
қаражаты)
(млн. теңге)

Пайдалануға беру мерзімі (жыл)

      *) - жаңа активтер жасау, қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңарту, қайта құру қуаттарды ұлғайту үшін жүзеге асырылады.

2-кесте

Р/с
N

Қолданыстағы активтерді жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру (атауы)**)

Қаржыландыру көздері (меншікті немесе қарыз қаражаты)

Қажетті қаржы ресурстары (млн. теңге)

Іске асыру мерзімдері (ай, жыл)

      **) - қуаттарды ұлғайтусыз жүзеге асырылатын электр станцияларының қолданыстағы активтерін жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру Келісімнің Тараптары белгілеген көрсеткіштерге (2-қосымша) сәйкес электр станциясының орнатылған қуаттарын пайдаланудың тиімділігін кезең-кезеңмен ұлғайтуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Келісімге 2-қосымша   
Орнатылған қуаттарды тиімді
пайдалану көрсеткіштерін
өзгерту жоспары     

Орнатылған қуаттарды тиімді пайдалану көрсеткіштері

2014
жыл

2015
жыл