Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10647 тіркелді.

Жаңартылған

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;

      4) жергілікті атқарушы органдарды (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) назарына осы бұйрық туралы жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен бекітілген

Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

      Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 30.12.2021 № 659-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Өңір

1 мың адамға шаршы метр

1

Ақмола облысы

706

2

Ақтөбе облысы

453

3

Алматы қаласы

545

4

Алматы облысы

403

5

Атырау облысы

745

6

Батыс Қазақстан облысы

705

7

Жамбыл облысы

445

8

Қарағанды облысы

570

9

Қостанай облысы

762

10

Қызылорда облысы

542

11

Маңғыстау облысы

723

12

Нұр-Сұлтан қаласы

722

13

Павлодар облысы

674

14

Солтүстік Қазақстан облысы

770

15

Түркістан облысы

474

16

Шығыс Қазақстан облысы

594

17

Шымкент қаласы

474

18

Қазақстан Республикасы

621