"Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10637 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2018 № ҚР ДСМ-29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндеттерін атқарушы

М. Құсайынов

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі


___________ Т. Дүйсенова


2015 жыл 2 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндеттерін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 125 бұйрығымен бекітілген

"Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық
ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тұрғын үй ғимараттарына, әкімшілік мақсаттағы ғимараттарға, мәдени-ойын-сауық және спорттық-дене шынықтыру мекемелеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

      1) әкімшілік ғимарат – мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің басқарушы аппаратының жұмысы үшін орта құрудың ортақ сәулеттік міндетімен біріктірілген құрылыстар, оның ішінде кеңселер;

      2) шудың рұқсат етілген деңгейі – адамның айтарлықтай мазасыздануын және шуға сезімтал жүйелер мен анализаторлардың функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің елеулі өзгеруін болдырмайтын фактордың деңгейі;

      3) тұрғын үй-ғимарат – негізінен тұрғын үй-жайлардан (пәтерлерден) және ортақ мүлік болып табылатын бөліктерден, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан, тұратын құрылыс;

      4) мәдени-ойын-сауық мекемелері – өзінің конструкциясымен мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін бейімделген әртүрлі сәулеттік стильдегі құрылыстар;

      5) халықтың жаппай демалыс орындары – қалалар құрылысының бас жоспарларында, аудандық жоспарлау және қала маңындағы аймақты дамыту схемаларында, шипажайларды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды, туризм базаларын, халықтың ұйымдастырылған демалыс орындарын (қалалық жағажайлар, саябақтар, спорттық базалар және олардың ашық ауадағы құрылыстары) орналастыру аймақтарында бөлінген аумақтар;

      6) тұрғын емес үй-жай – тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа, оның ішінде қоғамдық қажеттіліктер және/немесе шағын кәсіпкерлікке арналған және пайдаланылатын тұрғын үйге жеке ішіне салынған (ішіне-жапсарлас салынған) үй-жай;

      7) жерүсті қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде жердің жоспарлы белгісінен төмен емес қабаты;

      8) жертөле қабаты (жертөле) – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде үй-жай биіктігінің жартысынан асатын жердің жоспарлы белгісінен төмен қабат;

      9) цоколь қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде үй-жай биіктігінің жартысынан аспайтын жердің жоспарлы белгісінен төмен қабат.

2. Тұрғын үй ғимараттарын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Тұрғын үй ғимараттарының учаскесіне және аумағына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Тұрғын үй ғимаратына іргелес аумақ абаттандырылады, көгалдандырылады, жарықтандырылады және қоршалады, кіру жолдары мен жаяу жүретін жолдарының қатты жабыны болуы тиіс.

      4. Қоқысты жинау үшін қатты жабыны бар алаңға орнатылған контейнерлер пайдаланылады. Алаң үш жағынан биіктігі 1,5 м қоршаумен қоршалады.

      5. Контейнерлер санитариялық-қорғаныш аймағында жақын тұрған объектілер мен құрылыстардан 25 метрден (бұдан әрі - м) жақын емес, алаң тұрғын үй ғимараттарынан, балалардың ойын алаңдарынан, демалыс орындарынан және спортпен айналысатын орындардан 100 м алыс емес орналастырылады.

2-параграф. Тұрғын үй ғимараттарын жобалауға, салуға және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      6. Тұрғын үй ғимараттарын жобалау, салу және күтіп-ұстау осы санитариялық қағидалардың талаптарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      7. Құрылыс және әрлеу материалдарына Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.

      8. Тұрғын үй ғимараттарында пандустар көзделеді.

      9. Тұрғын үй ғимараттарында шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, сондай-ақ кәріздеу және суағарлар көзделеді.

      10. Баспалдаққа көтерілу жолы мен алаңында тұтқалары бар қоршаулары, тұрғын үй ғимараттарында қарт және мүгедек адамдар адамы бар отбасыларға қосымша қабырғалық тұтқалар болады.

      11. Баспалдақ торлары мен лифт холдары кез келген мақсаттағы басқа үй-жайлардан және қабатаралық дәліздерден есіктермен бөлектенеді, лифт шахталарын шахталардың сыртқы және ішкі қоршау конструкцияларының дыбыс оқшаулағышы болған жағдайда, тұрғын бөлмелермен көршілес орналастыруға жол беріледі.

      12. Кіреберістерге кіретін жерлердегі және баспалдақ алаңдарындағы едендер еңіссіз, тайғақ болмауы тиіс.

      13. Пәтераралық қалқалар ретінде гипсокартон қалқаларын орнатуға тыйым салынады.

      14. Цоколь және/немесе жертөле қабаттарда мыналарға:

      1) тұрғын үй-жайларды;

      2) мектепке дейінгі жастағы балалардың аз уақыт болатын топтарына арналған үй-жайларды орналастыруға тыйым салынады.

      15. Тұрғын үй ғимараттарының бірінші, екінші қабаттарында:

      1) жалпы ауданы 700 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) астам байланыс бөлімдерін;

      2) жалпы ауданы 150 м2 астам дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарына арналған объектілерді;

      3) орын саны 50-ден астам (жатақханадан басқа) қоғамдық тамақтану объектілерін және күніне 500-ден астам түскі ас дайындайтын ас үйлерді;

      4) ыдыс-аяқты қабылдау пункттерін, сондай-ақ жалпы сауда ауданы 1000 м2 астам болатын дүкендерді;

      5) пайдалануы тұрғын құрылыс аумағы мен ауасының ластануына әкеп соқтыруы мүмкін мамандандырылған дүкендерді, құрылыс, москательді-химиялық және басқа да тауарлард дүкендерін, жарылғыш заттар мен материалдары болатын дүкендерді, мамандандырылған балық және көкөніс дүкендерін;

      6) тез тұтанатын заттар қолданылатын тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін (ауданы 250 м2 дейінгі шаштараздарды, нормаланатын ауданы 100 м2 дейінгі сағат жөндеу шеберханаларын қоспағанда);

      7) нормаланатын ауданы 100 м2 астам тұрмыстық машиналар мен құралдарды жөндеу, аяқ киім жөндеу шеберханаларын;

      8) моншаларды, сауналарды (инфрақызыл кабиналардан басқа), бассейндерді, кәдеге жарату-шикізаттарын қабылдау пункттерін, кір жуу мен химиялық тазарту орындарын (қабылдау пункттерінен және ауысымда 75 килограмм киім-кешекке дейін өздігінен қызмет көрсететін кір жуу орындарынан басқа);

      9) жалпы ауданы 100 м2 астам болатын тұрғын үй ғимараттарына телефон жүргізуге арналған автоматты телефон станцияларын;

      10) қоғамдық дәретханаларды;

      11) жерлеу бюросын (кеңселерді), жерлеуге қызмет көрсететін бюро-дүкендерді орналастыруға тыйым салынады.

      16. Жоғарғы қабаттарда суретшілер мен сәулетшілердің шығармашылық шеберханаларын орналастыруға жол беріледі, бұл ретте баспалдақ торының қабатпен қабысуы тамбур арқылы көзделуі тиіс.

      17. Жертөле үй-жайлары таза ұсталады, құрғақ және жарық болуы тиіс.

3-параграф. Тұрғын үй ғимараттарының жылыту және желдету жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      18. Тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларындағы ауаның есептік параметрлері және ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

      19. Жылыту радиаторлары жинау үшін жеңіл қолжетімді болуы тиіс.

      20. Үй-жайлар фрамугалар, терезе желдеткіштері немесе басқа да құрылғылар арқылы желдетумен қамтамасыз етіледі.

      21. Тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайларда жылыту және желдету көзделеді.

      22. Қатты отынмен жанатын қайнату және жылыту пештерін (плиталар) биіктігі екі қабаттан аспайтын пәтерлік үйлерде, пәтерлік типтегі жатақханаларда (цоколдық қабатты есепке алмастан) орнатуға жол беріледі.

      23. Тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың, тұрғын бөлмелердің, асүйлердің табиғи жарығы болуы тиіс.

      24. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларында және тұрғын үй құрылысының аумағында инфрадыбыстың және төменгі жиіліктегі шудың рұқсат етілген деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.

      25. Ауыспалы токтың электр берілуінің ауа желісінен және басқа да объектілерден берілетін тұрғын үй құрылысы аумағындағы өндірістік жиілігі 50 Гц электрлік өрісінің кернеуі жер бетінен 1,8 м биіктікте 1кВт/м аспауы тиіс.

      26. Селолық елді мекендерде орталықтанған сумен жабдықтау болмаған жағдайда, орталықтанбаған сумен жабдықтау көзделеді.

      27. Ауыз сумен және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған сумен жанасатын құбырлар және өзге де жабдық қолданылады.

      28. Ауыз су құбыры желілерін ауыз су емес сападағы суға келіп түсетін су құбыры желісімен қосуға жол берілмейді.

      29. Орталықтанған сумен жабдықтауы және кәрізі жоқ аудандарда бір, екі қабатты тұрғын үй ғимараттарын ауладағы дәретханасымен және қазылған шұңқырларымен жобалауға және салуға жол беріледі.

3. Әкімшілік ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      30. Әкімшілік ғимараттар елді мекеннің аумағын жоспарлау және салу жобасына (ол бар болғанда) сәйкес орналастырылады.

      31. Үй-жайлардың (кеңселердің) және әкімшілік ғимараттардың аудандарының есептелген нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      32. Әкімшілік ғимараттарда арбалармен қозғалатын адамдарға арналған пандустар көзделеді.

      33. Әкімшілік ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар және аяқ киімді тазартуға арналған торлар орнатылады.

      34. Қоқысты жинау үшін қатты жабыны бар алаңға орнатылған контейнерлер пайдаланылады. Алаң үш жағынан биіктігі 1,5 м қоршаумен қоршалады. Контейнерлер санитариялық-қорғаныш аймағында жақын тұрған объектілер мен құрылыстардан 25 м жақын емес, алаң тұрғын үй ғимараттарынан, балалардың ойын алаңдарынан, демалыс орындарынан және спортпен айналысатын орындардан 100 м алыс емес орналастырылады.

      35. Әкімшілік ғимараттар жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Ыстық және суық сумен жабдықтаудың резервтік немесе автономды жүйелері көзделеді.

      36. Кәріз жүргізілмеген аудандарда ғимаратқа 25 м жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретхана көзделеді.

      37. Желдеткіш құрылғылары мен электр қозғалтқыштар шу-дірілден қорғаныш талаптары мен есептеулері ескеріле отырып, орнатылады.

      38. Жылумен жабдықтау жүйелері қосымша шуды болдырмауы тиіс және ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету үшін қолжетімді болуы тиіс.

      39. Әкімшілік ғимараттарда фрамугалар, терезе желдеткіштері көзделеді.

      40. Әкімшілік ғимараттарда жинау мүкаммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтау үшін арнайы үй-жайлар бөлінеді.

      Жұмыскерлер үшін, жеке және арнайы киімді сақтау үшін демалу және тамақ ішу бөлмелері (орындар), себезгі, дәретхана бөлінеді.

      41. Инженерлік және технологиялық жабдықты пайдалану кезінде шу деңгейін шекті рұқсат етілген нормалардан арттыруға жол берілмейді.

      42. Әкімшілік ғимараттардың үй-жайларында (кеңселерінде) жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде жұмыс орнының ауданы, үй-жайды желдету және жарықтандыру жағдайлары есептеледі.

      43. Үй-жайлардың ауданы бір жұмыскерге 6 м2, кресло-арбаларды пайдаланып жұмыс істейтін мүгедектер үшін тиісінше 5,65 және 7,65 м2 есебімен қабылданады.

      44. Жұмыс орындарын ірі габаритті жабдықпен жарақтандыру және ұжымдық пайдалану жабдықтарын жұмыс үй-жайларында орналастыру кезінде (электронды есептегіш машиналар терминалдарын, микрофильмдер көру аспаптарын және тағы басқалар) үй-жайлардың ауданы жабдықты пайдалануға арналған техникалық құжаттамаға сәйкес кеңейтіледі.

4. Мәдени-ойын-сауық және спорттық-сауықтыру мекемелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      45. Мәдени-ойын-сауық мекемелерінің көп салалы ғимараттарын төменгі жерүсті және жерасты деңгейлерінде жобалау кезінде автотұрақтар орналастыруға арналған орын көзделеді.

      46. Спорттық-сауықтыру мекемелері жеке тұрған, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған және жапсарлас салынған үй-жайларға орналастырылады.

      47. Спорттық-сауықтыру мекемелерінде жеңіл ылғалды өңделетін, шаңнан жеңіл тазартылатын спорт мүкаммалы пайдаланылады.

      Былғарыдан жасалғаннан басқа маттардың материалдан тігілген тысы болуы тиіс, олар ластануына байланысты, бірақ аптасына кемінде бір рет жуылуы тиіс.

      Жаттығу қапшықтары, тұлып және тасымалданатын спорттық мүкаммал күніне кемінде 1-2 рет ылғал шүберекпен, ал спорттық мүкаммалдың металл бөліктері құрғақ шүберекпен сүртілуі тиіс. Аптасына кемінде бір рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау жүргізу керек.

      48. Жыл бойы жұмыс істейтін спорттық-сауықтыру мекемелерінде тұрғын бөлмелердегі ауа температурасының плюс (бұдан әрі – +) 18-20 градусынан Цельсий (бұдан әрі – С) төмен болмауы, вестибюльде, фойеде, холдарда +16-+18 С градустан төмен болмауы қамтамасыз етіледі.

  "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды,
қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға
және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 1-қосымша

Тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларындағы ауаның есептік
параметрлері және ауа алмасу жиілігі

      1-кесте

Р/с

Үй-жай

Жылдың салқын мезгіліндегі ауаның есептік температурасы, оС

Ауа алмасу жиілігі немесе үй-жайдан шығарылатын ауаның көлемі

Ауаның кіруі

Ауаның шығуы

1

2

3

4

5

1

Пәтердегі немесе жатақханадағы тұрғын бөлме

20


Тұрғын үй-жайлардың 1 шаршы метріне (бұдан әрі - м2 ) сағатына 3 текше метр (бұдан әрі - м3/сағ)

2

Пәтер және жатақхана ас үйлері, текше электрлі плиталарымен, газ плиталарымен

18

-

2-конфоралық плиталарда кемінде 60 м3/сағ, 75 м3/

3-конфоралық плиталар

90 м3/сағ

4-конфоралық плиталар

3

Пәтерлердегі киім және аяқ киім кептіретін шкаф

-

-

30 м3/сағ

5

Жуыну бөлмесі

25

-

25 "

6

Жеке дәретхана

18

-

25 "

7

Дәретхана мен жуынатын бөлме біріктірілген үй-жай

25

-

50 "

8

Жатақханадағы киім тазартатын және үтіктейтін киім ілгіш бөлме, қол жуатын орын

18

-

1.5

9

Пәтерлік тұрғын үй ғимаратындағы немесе жатақханадағы баспалдақтың торлары, вестибюль, ортақ дәліз, алдыңғы бөлігі

18

-

-

10

Кір жуатын орын

15

Есеп бойынша, бірақ кемінде 4

7

11

Жатақханалардағы киім үтіктейтін және кептіретін орын

15

Есеп бойынша, бірақ кемінде 3

3

12

Жатақханалардағы жеке заттарды, спорттық мүкаммалды сақтайтын және шаруашылық, киім- кешек сақтайтын қоймалар

12

-

0,5

13

Лифтілердегі машина үй-жайы

5

-

Есеп бойынша, бірақ кемінде 0,5

14

Қоқыс жинағыш камера

5

-

1 (қоқыс салғыш діңгегі арқылы)


      Ескертпе:

      1. Пәтерлердің және жатақханалардың бұрыштық үй-жайларында ауаның есептік температурасы көрсетілген кестеден 2оС жоғары қабылдануы тиіс.

      2. Жылы мезгілде лифтілердің машина үй-жайының ауа температурасы 40оС аспауы тиіс.

Салыстырмалы ылғалдылық параметрлері және ауа қозғалысының жылдамдығы

      2-кесте

Р/с

Жыл мезгілі

Үй-жай атауы

Салыстырмалы ылғалдылық %

Ауаның қозғалыс жылдамдығы, секундына метр

Қолайлы

Рұқсат етілген артық емес

Қолайлы артық емес

Рұқсат етілген артық емес

1

2

3

4

5

6

7

1

Суық

Тұрғын бөлме

45-30

60

0,15

0,2

Дем алуға және оқу ғимараттарына арналған үй жайлар

45-30

60

0,15

0,2

Пәтераралық дәліз

45-30

60

0,15

0,2

Дәретхана



0,15

0,2

Жуыну бөлмесі



0,15

0,2

2

Жылы

Тұрғын бөлме

60-30

65

0,2

0,3

  "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды,
қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға
және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 2-қосымша

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар үй-жайларындағы және тұрғын құрылыс аумағындағы инфрадыбыстың және төмен жиіліктегі шудың рұқсат етілген деңгейлері

      Кесте

р

Үй-жайлардың немесе аумақтардың қолданылу мақсаты

Тәулік мерзімі

Дыбыс қысымының деңгейі, дБ Орташа геометриялық жиілікпен октавалық белдеуде, герц (Гц)

Дыбыс деңгейлері және дыбыстың балама деңгейлері (дБА-мен)

Дыбыстың ең жоғары деңгейлері LАмахс, дБА

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1.

Ауруханалардын, санаторийлердің палаталары мен операциялық бөлмелер

сағат 7-ден 23-ке дейін


сағат 23-тен 7-ге дейін

76

69

59

51

48

39

40

31

34

24

30

20

27

17

25

14

23

13

35

25

50

40

2

Емханалар, амбулаторийлер, диспансерлер, ауруханалар дәрігерлерлерінің кабинеттері


76

59

48

40

34

30

27

25

23

35

50

3

Мектептер мен басқа да оқу мекемелерінің сынып үй-жайлары, оқу кабинеттері, муғалімдер бөлмелері, аудиторийлері, мәжіліс залдары, кітапханалардың оқу залдары


79

63

52

45

39

35

32

30

28

40

55

4

Қонақ үйлердің нөмірлері мен жатақханалардың тұрғын бөлмелері

сағат 7-ден 23-ке дейін


сағат 23-тен 7-ге дейін

83

76

67

59

57

48

49

40

44

34

40

30

37

27

35

25

33

23

45

35

60

50

5

Дәмханалар, мейрамханалар, асханалар залдары


90

75

66

59

54

50

47

45

44

55

70

6

Ауруханалар мен санаторийлер аумағындағы демалыс алаңдары


83

76

67

59

57

48

49

40

44

34

40

30

37

27

35

25

33

23

45

35

60

50

7

Пәтерлердің тұрғын бөлмелері, демалыс үйлерінің, пансионаттарды, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің тұрғын үй-жайлары, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және мектеп- интернаттардағы жататын бөлмелер.

сағат 7-ден 23-ке дейін


сағат 23-тен 7-ге дейін

79

72

63

55

52

44

45

35

39

29

35

25

32

22

30

20

28

18

40

30

55

45

8

Ауруханалар мен санаторийлерге тікелей іргелес аумақтар

сағат 7-ден 23-ке дейін


сағат 23-тен 7-ге дейін

83

76

67

59

57

48

49

40

44

34

40

30

37

27

35

25

33

23

45

35

60

50

9

Қонақ үйлер мен жатақханалар ғимараттарына тікелей іргелес аумақтар

сағат 7-ден 23-ке дейін


сағат 23-тен 7-ге дейін

93

86

79

71

70

61

63

54

59

49

55

45

53

42

51

40

49

39

60

50

75

65

10

Дүкендердің сауда залдары, әуежайлар мен вокзалдардың жолаушылар залдары, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қабылдау пункттері


93

79

70

63

59

55

53

51

49

60

75

11

Тұрғын үйлерге, емханалар, амбулаторийлер, диспансерлер ғимараттарына, демалыс үйлеріне, пансионаттарға қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына, мектептерге және басқа оқу ұйымдарына, кітапханаларға тікелей іргелес аумақтар

сағат 7-ден 23-ке дейін


сағат 23-тен 7-ге дейін


90

83

75

67

66

57

59

49

54

44

50

40

47

37

45

35

44

33

55

45

70

60

12

Шағын аудандар мен тұрғын үй топтары, демалыс үйлері, пансионаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері, балалардың мектепке дейінгі ұйымдары мен басқа да емдеу мекемелері аумағындағы демалу алаңдары


83

67

57

49

44

40

37

35

33

45

60


      Ескертпе: Үй-жайларда сыртқы көздерден шудың рұқсат етілетін деңгейлері үй-жайдың нормативті желдетілуі қамтамасыз етілген жағдайда белгіленеді (тұрғын үй-жайлары, палаталар, сыныптар үшін – желкөздер, фрамугалар, терезелердің тар жақтаулары ашық кезінде).

      Жалпықалалық және аудандық мақсаттағы магистральдық көшелердің, темір жолдардың жағына қараған тұрғын үйлер, қонақ үйлер, жатақханалар ғимараттарының шуылдан қорғау типтерінің бірінші эшалонын қорғайтын конструкциядан 2 м-дегі аумақта автомобиль, темір жол көлігі құралдары тудыратын шуыл үшін дБА-дағы дыбыстың балама және ең жоғары деңгейлері жалпықалалық және аудандық мақсаттағы магистральдық көшелер, темір жолдар жағына қарай кестенің 10 және 12 позицияларында көрсетілгеннен 10 дБА-ға (түзету

= + 10дБА) жоғары қабылдауға рұқсат етіледі.

      Жиіліктің октавалық белдеулеріндегі шуыл үшін дБА-дағы дыбыстық қысымның деңгейлерін, үй-жайларда және ғимараттарға іргелес аумақтарда, ауа баптау, ауамен жылыту және желдету жүйелері және басқа инженерлік-технологиялық жабдық тудыратын шуыл үшін дБА-дағы дыбыстың деңгейлерін және балама деңгейлерін 3-кестеде көрсетілгеннен 5 дБА-ға (түзету

= - 5 дБА) төмен қабылдау керек (тоналдық және импульстық шуыл үшін түзетуді бұл жағдайда қабылдау керек емес).

      Тоналдық және импульстық шуыл үшін 5 дБА түзетуді қабылдау керек.

  "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды,
қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға
және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 3-қосымша

Әкімшілік ғимараттар үй-жайлары (кеңселер) ауданының есептік нормативтері

      1-кесте

Р/с

Үй-жайлардың қолданылу мақсаты

Мекемедегі қызметшілер санына байланысты аудан көлемі, м2, адам саны.

100-300

300-600

600-1000

1000- нан жоғары

1

2

3

4

5

6

1

Мекеме басшысының кабинеті

27-36

36-45

45-54

54

2

Басшының бірінші орынбасарының кабинеті

18-24

24-36

24-36

36-45

3

Басшының орынбасарының кабинеті

12-18

18-24

18-24

18-36

4

Басшының көмекшісінің кабинеті (референт)

12

12

12

12-18

5

Мекеме басшысының қабылдау бөлмесі

12

18

24

36

6

Басшы орынбасарының қабылдау бөлімі

12

12

18

24

Ескертпе: басшының және оның орынбасарының кабинеттерінің жанында ортақ қабылдау бөлмесін орналастыруға жол беріледі

Кабинеттер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының
қабылдау бөлмелерінің алаңы

      2-кесте

Р/с

Үй-жайлардың қолданылу мақсаты

Қызметшілер саны 1 адам болғандағы аудан, м2

1

2

3

4

5

6

1

Басқарма бастығы

18 (24)

24(36)

36(54)

Жақша ішінде Жұмысшылар саны 500 адамнан жоғары болған кездегі ғимараттар мен мекемелердегі кабинеттер ауданы

2

Бастық орынбасары

12(18)

18(24)

24(36)

3

Қабылдау бөлмесі

12(18)

12(18)

18(24)

4


Қызметшілер саны, адам

Бөлімдегі қызметшілер саны 5-ке дейін болған жағдайда бастықтың жұмыс орны бөлім үй-жайында орналастырылады

5-10

10-20

20-дан жоғары

5

Бөлім, зертхана, есептік орталық бастығы және т.б.

9

12

18

Үй-жайлардың ұсынылатын есептік нормативтері:
жұмысшы, ақпараттық-техникалық мақсаттағы
кеңестерге арналған үй-жайлардың, кіру тобының
және санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайлары

      3-кесте

Р/с

Үй-жайлардың қолданылу мақсаты

Есептік бірлік немесе ауданды есептеу принципі

Есептік бірлікке аудан, м2

Ескертпе

1

2

3

4

5

Жұмыс үй-жайлары және кеңестерге арналған үй-жайлар

1

Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс үй-жайлары

Бір жұмыс орнына:


Арнайы үстелдерді қажет ететін ұйымдастыру техникасымен жұмыс орындарын жабдықтау кезінде, олардың ауданының нормативтері оның іске қосу техникалық шарттарына сәйкес ұлғаяды.

бөлім басшысы, бас маман, бас бухгалтер

9,0


2


бөлім басшысының орынбасары (бас бухгалтер), бас инспектор және т.б.

7,5


3


инженер, экономист, бухгалтер, инспектор

6,5


4


машинисткалар, іс қағаздарын жүргізушілер

5,0


5


келушілерді жеке қабылдау жүргізетін қызметкер (заңгерлер, әкімшілер, әлеуметтік қорғау органдарының жұмыскерлері және т.б.)

9,0 (12,0)

Жақшаның ішінде әр қызметкердің жеке бөлмесінің ауданы көрсетілген.Құжаттарды жұмыс бөлмелерінде сақтаған жағдайда бір қызметкерге 0,3 м2есебінен жапсарлас шкафтар құруға жол беріледі

6

Макет шеберханасы

Бір макетшіге

12

Жобалау институтының тапсырмасына сәйкес

7

Жиналыс залы

Залдағы бір орын

0,9

Инженер- техникалық жұмыскерлер 300 адамнан жоғары болғанда зал жұмыскерлердің 30 %-не есептеледі

8

Жиналыс залы жанындағы кулуарлар

Залдағы бір орын

0,3

Кулуарлар ауданына жиналыс залына жапсарлас дәліздің ауданы қосылады.

9

Жиналыстарға арналған үй-жай (басшылар кабинеттерінің бірі)

Бір орын

0,8

Инженер-техникалық жұмысшылар 300-ге дейінгі мекемелерде

10

Мәжіліс залы (эстрадасыз)

Пюпитрмен бір орын

0,8

Қызметкерлер саны 200 адамнан жоғары болғанда қарастырылады

Сондай, пюпитрсіз

0,7

Орын саны- қызметкерлердің

50%, бірақ 800-ден артық емес

11

Мәжіліс залы жанындағы кулуарлар немесе фойе

Мәжіліс залындағы бір орын

0,3


0,6

12

Мәжіліс залы жанындағы кино аппарат жайы

Жобалауға тапсырыс бойынша



13

Президиумға арналған үй жай

350 орынға дейінгі залға

12


сондай 350 орыннан жоғары

18

14

Жиһазға және құрал-жабдықтарға арналған үй-жай

Мәжіліс залындағы бір орын

0,03

кемінде 8 м2 

15

Темекі шегетін

Сондай

0,06

500 орыннан жоғары залдар үшін

16

Мәжіліс зал эстрадасы

Тереңдік, м, залдағы орын саны:



17


350- ге дейін

5


18


350 -ден-500-ге дейін

7


19


500- ден жоғары

9


Ақпараттық-техникалық мақсаттағы үй-жайлар

20

Барлық ақпарат қағазда орналасқан техникалық кітапхана, оның ішінде




21

Оқу залы

Бір орын

2,7(3)

Жақшада ҒЗИ-ға арналған нормативтер келтірілген

22

Кітап қоймасы

сақтау 1000 бірлігі

2,5(2,7)


23

Қызмет бөлмесі

Бір жұмыс орны

4


24

Әдебиеттерді қабылдау және беру аймағы

сондай

5

Техникалық кітапхана жалпы ауданы 90 м2 асқан жағдайда көрсетілген бөлмелер және жоспарлы аймақтар бір бөлмеге бірігеді

Каталог және жаңа түсірілімдер көрмесі аймағы

сақтау 1000 бірлігі

0,6

25

Мұрағат, оның ішінде



Жақшада ғылыми зерттеу институтына арналған нормативтер келтірілген

26

Оқу залы

Бір орын

2,7(3)


27

Жұмыс үй-жайы

Бір жұмыс орны

4(6)

Егер жобалауға тапсырыс бойынша өзгеше қарастырылмаса, ауданы 54 м2 аспайтын мұрағат бір бөлмеде орналасады.

28

Есептеуіш техника бөлімшелері үй- жайлары, оның ішінде:

Жобалауға тапсырыс бойынша



29

Өндірістік –диспетчерлік бюро

Жұмыс орны

4,5


30

Бағдарламау бюросы

Жұмыс орны

4,5


31

ЕО басшысының бөлмесі

ЕО-дағы жұмысшылар саны: 20 адамға дейін

12


32


20 адамнан артық

18


33

Экспедиция

Бір жұмыс орны

6

кемінде 12 м2. Басқарма мекемелерінде құжат айналымы жылына 30 мың құжаттан көп болғанда, жобалау-құрылыс мекемелерінде қызметкерлер саны 1000 адамнан жоғары болған жағдайда - 24 м2 кем емес

34

Көшірме – көбейткіш қызмет, оның ішінде: тапсырыстарды қабылдайтын және беретін үй-жай

Бір жұмыс орны

6


35

АТС, радиоторап

Жобалауға тапсырыс бойынша



36

Телетайп үй-жайы

Жұмыс орны

4,5


Үй-жайлардың кіреберіс тобы

37

Вестибюль

Бір қызметкерге

0,2

Сырт киім шешетін орынды есепке алмағанда кемінде 18м2

38



0,25

Солтүстік құрылыс- климаттық аймақта

39

Вестибюль жанындағы сырт киім шешетін орын

Киім ілгіштің бір ілмегіне

0,1

Басқармалар ғимараттарында ілмектер саны мынадай есеп бойынша құрылады: қызметкерлер саны плюс 10-20 %-келіп кетушілер үшін, плюс 80 % мәжіліс залындағы орындар саны, егер жанында арнайы сырт киім шешетін орын болмаса. Егер жұмыс үй-жайлары мен бөлмелерде сырт киімге арналған арнайы жиһаз болса, ілмектер саны тек келушілерге ғана есептеледі

40

Мәжіліс залы жанындағы вестибюльдегі сырт киім шешетін орын

сондай

0,1

Ілмек саны залдағы орын санына тең

41

Аванвестибюль

12 м2 және 0,05 м2 әрбір қызметшіге қосымша

Өткізу тәртібі кезінде

42

Күзет бекеті

Бір күзетші орнына

3



43

Өткізу бюросы

Бір жұмыс орнына

4,5

Өткізу тәртібі кезінде

44

Өткізу бюросы жанындағы күту үй-жайы немесе аймағы

Бір терезеге

6

Терезелер саны (жұмыс орны) жобалауға тапсырма бойынша анықталады

45

Қауіпсіздік және күзет қызметі үй жайы

Жеке техникалық тапсырмамен белгіленеді



46

Анықтамалық ақпараттық қызмет үй-жайы

Бір үй жай

12

Вестибюль жанында

47

Келушілердің күту үй-жайы

Бір адамға

1,5 м2 келіп кетушілер 20 адамға дейін болса және 1 м2 қалған әр келіп кетушіге

Күту бөлмелерін қабылдау жүріп жатқан бөлмелермен жанасқан холлдармен және дәліздермен біріктіруге болады

Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар

48

Тамақтанатын үй-жай

Бір қызметкер

0,8 - 1

Қызметкерлер саны 50-ге дейін және 10-нан аз болғанда-жұмыс бөлмесінде 6 м2 қосымша аудан

49

Буфет

Қоғамдық тамақтандыру орындарын жобалау нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес

Қызметкерлер саны 50-250 адам болғанда

50

Асхана

сондай

Қызметкерлер саны 250 адамнан жоғары болғанда

51

Қызмет көрсететін және іске қосатын қызметшілердің үй және жұмыс киімі тұратын үй-жай

1 адам

1,4



52

Қызмет көрсететін және іске қосатын қызметкерлердің демалу үй-жайы

1 адам

0,3

9 м2 кем емес

53

Медициналық пункт

Сандық тізім бойынша:

50 – 150

12



151-300

18

54

Дәрігерлік денсаулық пункті

Жобалауға тапсырма бойынша

Қызметкерлер саны 300 адамнан артық болмаған жағдайда

55

Қызметкерлер дәретханасы

45 ер адамға және 30 әйелге 1 унитаз

45 ер адамға 1 писсуар

40 ер адамға және 27 әйелге 1 қол жуғыш



56

Әйелдердің жеке бас гигиенасы үй- жайы

75 әйелге 1 қондырғы

Дәретханаларда орналастырған жағдайда

57

Темекі шегетін орын

1 қызметкер

0,02

Кемінде 8 м2. қызметкерлер саны 200 адамнан артық болған жағдайда құрылады

58

Жуып-жинау мүкаммалы үй- жайы

100 м2 қабатқа немесе 1000 м2 ғимарат ауданына

0,8

Кемінде 4 м2 қабат ауданы 400 м2 кем болмаған жағдайда - екі шектес қабатқа бір үй жай

59

Сауна

Жобалауға тапсырма бойынша

Аталған құжаттың 6-шы бөлімінің талаптарын ескере отырып

60

Психологиялық демалу немесе демалу үй-жайы

сондай




61

Белсенді демалыс, оның ішінде спортқа арналған үй-жайлар





Мекемелер ғимараттарындағы техникалық қызмет көрсету үй-жайларының ауданы

      4-кесте

Р/с

Атауы

Аудан, м2 қызметкерлер санына байланысты


Ескертпе

100-ге дейін

100 – 200

200 - 500

500 –ден астам

1

2

3

4

5

6

7



1

Жөндеу шеберханасы

-

-

36

54

Басқарма мекемелерінде, әкімшілік ғимараттарда

2

Механикалық шеберхана

-

-

-

54

Жобалау конструкторлық ұйымдарда

3

Балташы шеберханасы

-

-

-

Жобалауға тапсырма бойынша


4

Кеңсе бұйымдарының қоймасы

12

12

18

24

Қызметкерлер саны 100 адамнан төмен болғанда қоймалар бір бөлмеде орналасады

5

Құрал-жабдықтар мен мүкаммалды сақтау қоймасы

12

12

18

24

6

Қағаз қоймасы

12

12

18

24

Жобалау конструкторлық ұйымдарда

7

Макулатураларды орау және өңдеу үй-жайы

-

-

-

24

Басқарма мекемелерінде

8

Жобалау объектілері бойынша көрнекі материалдарды, модельдерді және мүсіндерді сақтау қоймасы

Жобалауға тапсырма бойынша, бірақ 6-дан кем емес

Жобалау конструкторлық ұйымдарда, сәулет шеберханаларында


      5-кесте

Р/с

Үй-жайлар атауы

Жайлылық деңгейінде көру залындағы 1 орынға бөлме ауданы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Кассалық вестибюль

0,06

0,05

0,05

Рұқсат етілген бірігу

2

Кіру вестибюлі

0,15

0,10

0,10


3

Үлестіру вестибюлі

0,35

0,30

0,25


4

Киім ілетін орын

0,12

0,10

0,10


5

Сөмкелер мен портфельдерді сақтайтын жүк сақтау камерасы 2

0,06

0,05

0,04

Киім ілетін орынмен қатар орналасады

6

Қызмет көрсету бюросы

0,03

0,03

-

Кіру немесе үлестіру вестибюльдерімен қатар орналастыру ұсынылады

7

Санитариялық тораптар

0,20

0,15

0,10