"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туристік қызмет көрсетуге үлгілік шарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_________________ Е. Ыдырысов
2015 жылғы 13 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 20 ақпан
Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығымен бекітілген |
Туристік қызмет көрсетудің үлгі шарты
_________________ 20___жылғы "___" ______________
_____________________________________________________________________
(туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы)
___________________________________ бұдан әрі "Орындаушы" деп аталып
______________________________________________негізінде әрекет ететін
(лицензия (№, берген күні) немесе хабарлама)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
жеке басын куәландыратын құжаты _____________________________________
(нөмірі, берілген күні, кім берді)
тұлғасында бір тараптан, және бұдан әрі "Тұтынушы" деп аталып, ______
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Орындаушы Шартта көзделген көлемде және шарттарда Тұтынушының (және Шарттың қосымшасында көрсетілген тұлғаларға) саяхат кезеңіндегі және саяхатқа байланысты қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
2. Орындаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (тек қана туристік оператор/туристік агент үшін) ______________________________
______________________________жылғы "___"__________№_________________
(сақтандырушының атауы)
қолданыстағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына сәйкес сақтандырылды.
3. Тұтынушы отбасының деректері (туристпен болған төтенше
оқиғалар туралы хабарлау үшін) ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық
____________________________________________________________________.
дәрежесі, мекенжайы, байланыс және өзге мәліметтер)
4. Өткізілетін туристік өнімді ________________________________
_____________________________________________________________________
(туристік оператордың толық атауы, лицензияның №, мекен жайы)
туристік оператор қалыптастырады, ол және Орындаушы – туристік агент
_____________________________________________________________________
"____" ______________ 20__жыл № _______ шарттың негізінде өткізіледі.
2. Тұтынушыға ұсынылатын ақпарат
5. Туристік қызмет көрсетуді сипаттау _________________________
(уақытша болатын (жер) ел,
_____________________________________________________________________
болатын пункттер, туристік маршрут, туристік ресурстарды аралау)
6. Саяхаттың басталған және аяқталған күні, уақыты ____________
7. Тұтынушыны орналастыру орындары туралы ақпарат______________
_____________________________________________________________________
(орналастыру орындарының атауы, оның санаты, тұру, тамақтану
жағдайлары)
8. Тұтынушыны тасымалдау бойынша жөніндегі қызметтер __________
_____________________________________________________________________
(трансфертті қоса алғанда, саяхаттың барлық кезеңіндегі көліктің түрі,
_____________________________________________________________________
үлгісі және санаты, тасымалдаушының/тасымалдаушылардың атауы)
Тұтынушыны тасмалдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалады.
9. Экскурсовод, гид (гид-аудармашылар) және туризм нұсқаушысының болыу.
10. Қосымша қызметтер ________________________________________.
11. Саяхаттың ерекшелігі (оның ішінде туристік маршруттардың күрделі учаскелерінің қысқаша сипаты) ______________________________.
____________________________________________________________________.
Киімге және жабдықтарға қойылатын талаптар ____________________
____________________________________________________________________.
(қажет болған кезде толтырылады)
Қауіпсіздік шаралары___________________________________________
12. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде туристік өнімге кіретін жекелеген қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар туралы мәліметтер.
13. Қазақстан Республикасының уақытша келген елде (орында), консулдық және дипломатиялық қызметтері өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдері туралы ақпарат _____________________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері, почталық мекенжайы және байланыс деректері)
3. Туристік қызмет көрсетудің бағасы және төлеу тәртібі
14. Шарт бойынша туристік қызмет көрсету құны _________________
__________________________________________________ теңгені құрайды.
15. Шарт бойынша туристік қызмет көрсету құнын төлеу тәртібі __
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
16. Саяхатқа дайындық кезінде транзитті қоса алғанда, оны жасау уақытында Тұтынушы мыналарға құқылы:
1) оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консульдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) кіру, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) шығу және онда болу қағидалары туралы, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасының ерекшеліктері, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және ерекше қорғауға алынған басқа да туристік көрсету объектілері, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;
4) Орындаушының Туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте өтелуiне;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және тәртіпте Шартты өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
6) Орындаушыға Шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде тартқан шығындарын төлеген кезде, саяхат басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;
7) шетелдік туристерге құқықтық және өзге көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;
8) қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуге;
9) Қазақстан Республикасының және уақытша болатын елдегі (жерде) заңнамамен анықталған өзге де құқықытар.
17. Транзитті қоса алғанда, саяхат жасау уақытында Тұтынушы мыналарға міндетті:
1) уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтауға;
2) уақытша болатын елде (жерде) қоршаған ортаны сақтауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштеріне мұқият болуға;
3) уақытша болатын елге (жерге) кіру және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету және транзиттік өту елдерінде болу қағидаларын сақтауға;
4) саяхат уақытында жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтауға.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 6-тармағына сәйкес, уақытша болатын елге (жерге) саяхатқа баруды болжамдайтын Тұтынушылар, халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге;
5) болатын елдің (жердің) заңнамасымен анықталатын өзге міндеттер.
18. Тұтынушының кінәсінен болған жағдайдан басқа, Орындаушы Тұтынушыға берушіге Шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ғана Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
19. Орындаушы мыналарға:
1) Шарт бойынша қызметтерді тиісті түрде, сапалы және мерзімінде көрсетуге;
2) Тұтынушыға туристік саяхаттың бағдарламасы, туристік өнімді қалыптастырған туристік оператор, қабылдаушы тарап, уақытша болатын елге (жерге) кіру және шығу (транзиттік өту елдері) қағидалары туралы және (халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде) өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс ету қажеттігі туралы қажет және дәйекті ақпаратты ұсынуға;
3) жолаушыларды көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдаған кезде Тұтынушыға жөнелтiлетiн және баратын пункттер атаулары, жолаушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезiнде) тасымалдау құжатын (билетiн) беруге;
4) туристік өнімге кіретін жеке туристік қызметтер көрсететін нақты үшінші тұлғалар туралы ақпаратты ұсынуға;
5) Тұтынушыны виза алуға қажет құжаттарды мезгілінде ұсыну қажеттілігі туралы ескертуге. Тұтынушы көрсетілген мерзімді бұзған жағдайда визаны уақтылы алмағаны үшін Орындаушы жауапты емес. Бұл жағдайда Тұтынушы барлық нақты шығындарды өз есебінен көтеруге;
6) шартпен көзделген мән-жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулi түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерiстердiң сипаты және ықтимал салдарлары туралы дереу хабарлауға;
7) саяхат уақытында Тұтынушымен болған төтенше жағдай туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Тұтынушының отбасына өз есебінен дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, Орындаушы дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.
20. Шартты жасасу кезінде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулі түрде өзгеруіне байланысты Тараптардың әрқайсысы Шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.
Мән-жайлардың елеулі түрде өзгеруіне "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған шарттар, сондай-ақ мынай негіздер ___________________________________________________________ жатады.
Тараптар келісімі бойынша Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау жолымен жазбаша нысанда жүзеге асырылады.
21. Тараптардың біреуі де Шарт бойынша өз құқықтары мен мiндеттемелерiн үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
5. Тараптардың жауапкершілігі
22. Туристік қызметтің сапасы және (немесе) көлемі басқа елге келген жері бойынша не жүру бағыты бойынша Шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өткізілетін туристік өнімді қалыптастырған туристік оператор Шарт талаптарының тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.
23. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 9-тармағына сәйкес шартты Тұтынушының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заңнамалық актілерде немесе өтеусіз қызмет көрсету Шартында өзгеше көзделмесе, қызметтерге толық көлемде ақы төленуі тиіс.
24. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 10-тармағына сәйкес шартты орындамау мүмкіндігі Тараптардың бірде бірі жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, Тұтынушы Орындаушыға іс жүзінде тартқан шығындарын өтейді.
25. Таразыға тартылуға ұсынылмаған жүктің тасымалы мен сақталуы үшін жауапкершілік Тұтынушыға жүктеледі. Егер Орындаушы тасымалға алынған жүкке билет, багаж түбіртегін немесе жүк құжаттамасын берсе, бірақ олар дұрыс ресімделмеген немесе жоғалған, немесе қандай да бір себептермен ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда, тасымалдау Шарты күшінде қалады.
26. Орындаушы саяхат жасау уақытында дүлей күштің салдарынан Тұтынушыға келтірілген залал үшін жауапты болмайды.
27. Шартта көзделмеген Тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес қолданылады.
6. Дауларды шешу
28. Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешілуге жатады.
7. Қорытынды ережелер
29. Туристік қызмет көрсетуге арналған шарттан Шартта қарастырылған ережелерді алып тастауға жол берілмейді.
Туристік қызмет көрсетуге арналған шартты Қазақстан Республикасы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзге де талаптар мен толықтыруға жол беріледі.
30. Шартқа барлық толықтырулар және өзгерістер жазбаша жасалады, екі Тараппен қол қойылады және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
31. Шарт заңды күші бірдей екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.
32. Шартқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) туристік қызметке арналған хабарламаның/лицензияның көшірмесі;
2) туристің жадынамасы;
3) туристік жолдама;
4) ақы төленгендігі туралы түбіртек;
5) туристік ваучер (туристік өнімді өткізген кезде).
33. Шарт оған қол қойылған күнінен бастап, Тараптардың бір-бірінің алдында Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
8. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
_________________________________ __________________________________
(Орындаушының толық атауы) (Тұтынушының Т.А.Ә.А.)
_________________________________ __________________________________
(мекенжайы, телефоны, факсы) (мекенжайы, телефоны, факсы)
_________________________________ __________________________________
(қолы) (қолы)
Мөр орны