Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10583 тіркелді

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                            В. Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 26 ақпан

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен  
бекітілген    

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) отынның орташа тәуліктік жұмсалуы – осы өңір үшін сыртқы ауаның ең аз есептік температурасы және жабдықтардың барынша жүктеу жағдайларында энергия өндіруші ұйым электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін тәулік ішінде тұтынатын отынның мөлшерлі жұмсалуы;
      2) пайдаланылатын отын қорының нормасы (бұдан әрі – норма) – энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын отын қорының тәуліктік есептегі ең аз мөлшері.

2. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібі

      3. Нормалар жылу электр станциялары мен қазандықтар бойынша айқындалады (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым).
      4. Нормаларды айқындау кезінде:
      1) отынның орташа тәуліктік жұмсалуы;
      2) жеткізілетін отынның энергия көзінен тиелу орнына дейінгі ара қашықтық есепке алынады.
      5. Белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат және одан жоғары энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықтық туралы ақпаратты келісу үшін ұсынады.
      6. Белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат төмен энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін жергілікті атқарушы органға отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықтық туралы ақпаратты келісу үшін ұсынады.
      7. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат және одан жоғары энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін мен энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтық туралы ақпаратты келіседі.
      8. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат төмен энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін мен энергия көздерінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтық туралы ақпаратты бекітеді.
      9. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:

B = Bжэ + Bээ, (тонна),

      мұндағы:
      B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;
      Bжэ – жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;
      Bээ – электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.
      Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.

Bжэ = Bжэшарт / Э, (тонна).

      мұндағы:
      Bжэшарт – жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы (шартты отынның тоннасы);
      Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:

Э = Qрт / 7000,

      мұндағы:
      Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, (килокалория/килограмм);
      7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, (килокалория/килограмм).
      Bжэшарт = Qтәу * bт * 10-3, (шартты отынның тоннасы),

      мұндағы:
      Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері (гигакалория);
      bо – шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлес шығысы, (килограмм/гигакалория).

Qтәу = Q * t,

      мұндағы:
      Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері (гигакалория);
      Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты (гигакалория /сағат);
      t – тәуліктегі сағат саны (сағат);
      Q = Qбелг *Ко, (гигакалория/сағат),
      мұндағы:
      Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, (гигакалория /сағат);
      Ко – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті;

Ко = Qөнд/(Qбелг.*n),

      мұндағы:
      Qөнд – жыл бойы өндірілген жылу энергиясының мөлшері (гигакалория);
      n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
      Тәулігіне электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шартты отын мөлшерін айқындау:

Bээ = Bээшарт / Э, (тонна),

      мұндағы:
      Bээшарт — электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, (шартты отынның тоннасы);
      Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті:

Э = Qрт / 7000, (килокалория/килограмм),

      мұндағы:
      Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, (килокалория/килограмм);
      7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, (килокалория/килограмм).

Bээшарт = Этәу * bэ * 10-3, (шартты отынның тоннасы),

      мұндағы:
      Этәу – тәулігіне алынған электр энергиясының мөлшері (мың киловатт*сағат);
      bэ – шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлес шығысы, (грамм/киловатт*сағат);

Этәу = N * t,

      мұндағы:
      N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты (мегаватт);
      tтәу – тәуліктегі сағат саны, сағат;

N = Nбелг.*Кэ, (мегаватт),

      мұндағы:
      Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, (мегаватт);
      Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті;

Кэ = Эөнд /(Nбелг*n),

      мұндағы:
      Эөнд – өткен жылы өндірілген электр энергиясының мөлшері (мың киловатт*сағат);
      n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
      10. Келісілген отынның орташа тәуліктік жұмсалуы мен отынды тиеу (өндіру) ауданынан бастап энергия өндіретін ұйым орналасқан жерге дейінгі қашықтық негізінде норма айқындалады.