Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10566 тіркелді

Қолданыстағы

      «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                   Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 142 бұйрығына 1-қосымша

Жеке күзет ұйымдарының
күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері

1-сурет
Қысқа жеңді жейде

2-сурет
Ұзын жеңді жейде

      

3-сурет
Жазғы арнайы киім

      4-сурет
Қысқартылған күртесі бар жазғы арнайы киім

5-сурет
Қысқы арнайы киім

6-сурет
Қысқартылған күртесі бар жазғы арнайы киім

7-сурет
Жазғы бас киімдер
 

8-сурет
Қысқы бас киімдер

9-сурет
Галстук

10-сурет Қысқа жеңді жейде

11-сурет Ұзын жеңді жейде

12-cурет Бір ілме өңірлі күрте

13-сурет Шалбар

1. Арнайы киім

      1. Жазғы арнайы киім (1, 2, 3, 4, 7, 9-суреттер):
      бейсболка немесе сұр түсті кепи;
      сұр түсті күрте;
      сұр түсті қысқартылған күрте;
      көгілдір немесе ақ түсті жейде;
      көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
      сұр түсті галстук;
      сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
      классикалық модельдегі немесе қара түсті арнайы аяқ киім.
      2. Қысқы арнайы киім (2, 5, 6, 8, 9-суреттер):
      тоқылған, сүр немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті бөрік;
      табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара (жылы; күртенің жағасымен түстес) түсті жасанды теріден жасалған құлақшын;
      сұр түсті, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар жылы күрте сұр түсті, жылы шалбарымен;
      жылы, сұр түсті, қысқартылған, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы:
      бар күрте сұр түсті, жылы жартылай комбинезонымен;
      көгілдір немесе ақ түсті жейде;
      көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
      сұр түсті галстук;
      классикалық модельдегі немесе арнайы қара түсті, жылы аяқ киім.
      3. Кеңсе үй-жайларына арналған арнайы киім (10, 11, 12, 13-суреттер):
      ерлерге арналған күңгірт түсті бір ілме өңірлі күрте;
      төменгі жағы тарылтылған күңгірт түсті шалбар;
      көгілдір немесе ақ түсті жейде;
      күңгірт түсті галстук;
      классикалық модельдегі қара түсті аяқ киім.

2. Айырым белгілері және фурнитура

      1. Омырау белгісі:
      белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және «КҮЗЕТ» деген сары түсті жазуы бар;
      белгі негізінің түсі - сұр немесе көгілдір;
      белгінің көлемі - 120x30 мм;
      белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жақ омырау қалтасының жоғары жағына тағылады;
      белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
      2. Арқадағы белгі:
      белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және «КҮЗЕТ» деген сары түсті жазуы бар;
      белгі жиегінің түсі - сұр немесе көгілдір;
      белгінің көлемі - 280x80 мм;
      белгі жазғы және қысқы күртелердің артқы жағына жапсырылады, белгінің жоғарғы жағы жауырын тігісі бойынша орналасады;
      белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
      3. Жеңдегі белгі:
      пішінін, түс гаммасын, материал және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
      белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
      белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жеңінде иық тігісінен 120 мм төмен жапсырылады;
      Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің қызметкерлері үшін корпоративтік белгісімен бірдей дайындалған Қауымдастықтың логотипі бар белгіні тағуға болады, Белгі жейденің, жазғы және қысқы күртелердің оң жеңіне, сол жеңдегі белгімен деңгейлес жапсырылады.
      4. Бас киімдердегі белгілер:
      тоқымашылық жолымен әзірленген белгілерде немесе тез балқығыш металдан жасалған кокардаларда күзет ұйымының корпоративтік логотипі болады;
      сопақша белгінің көлемі - көлденеңінен 70 мм, тігінен 40 мм;
      дөңгелек белгінің диаметрі - 40 мм;
      кокарданың көлемі: биіктігі - 60 мм, ені - 40 мм;
      белгілер бас киімнің алдыңғы бөлігінің ортасына жапсырылады.
      5. Кеңсе үй-жайларына арналған киімдегі белгілер:
      кеңсе үй-жайларына арналған киімнің жеңіне тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен белгі салынады және ол тозуға төзімді болуы тиіс;
      пішінін, түс гаммасын, материалын және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
      белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
      белгі жейделердің және күртелердің сол жеңінде иық тігісінің 120 мм төмен жапсырылады.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 142 бұйрығына 2-қосымша

Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киімді киіп жүру қағидалары

      1. Күзетшілер, жүргізуші-күзетшілер арнайы киімді күзетілетін объектілерде, жүктерді алып жүру кезінде, жедел ден қоятын ұтқыр топтар құрамында қызмет өткеру кезінде киеді.
      2. Әйелдердің арнайы киімі тиісті киім пішімі ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы эскиз бойынша тігіледі.
      3. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау бойынша қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнайы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Тараптардың келісуі бойынша күзет қызметін көрсету кеңсе үй-жайларына арналған арнайы киіммен жүзеге асырылады. Жазғы уақытта күртесіз, жеңі қысқа көйлекпен қызмет атқаруға жол беріледі. Күртенің (көйлектің) сол жақ төс қалтасында күзет ұйымының атауы жазылған және логотипі бар бейдж бекітіледі. Бейдждің ортасына «КҮЗЕТ» деген жазу жазылады. Күзетшінің тегін және аты-жөнін немесе атын көрсетуге болады.
      5. Кеңсе үй-жайларын күзету бойынша қызмет көрсету бас киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
      6. Сыртқы күзет орындарында қызмет өткеретін күзетшілер:
      қыс мезгілінде ауаның температурасы төмендеген кезде - тондар (ішіктер) және аң терісінен тігілген унтылар киюге;
      арнайы киімнің (күртенің) кеудесіне және арқасына жарық шағылыстыратын жолақтар тағуға болады.
      7. Жазғы уақытта күртесіз қысқа жең жейде және галстук немесе жейденің орнына футболка, шалбар және күрте киюге болады.