Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10548 тіркелді

Қолданыстағы

      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы    
№ 164 бұйрығымен бекітілген 

Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар

      1. Осы кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-16) тармақшасына сәйкес әзірленген және кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.
      2. Талаптар Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде және бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.
      3. Экипаждың ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді, олардың саны осы талаптарға қосымшаға сәйкес кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативіне сәйкес белгіленеді:
      1) капитан;
      2) капитанның аға көмекшісі;
      3) капитанның вахталық көмекшісі;
      4) аға механик;
      5) вахта механигі;
      6) палубалық команданың қатардағы құрамы;
      7) машиналық команданың қатардағы құрамы.
      4. Кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамының нормативтерде көрсетілгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайлардың бірінің болуын қоспағанда, кеменің теңізге шығуына жол берілмейді:
      1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы;
      2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты;
      3) Заңның 27-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кеме экипажы мүшесінің репатриациясы;
      4) экипаж мүшесінің рейске шығуға объективті мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге оралмауы, құжаттарды жоғалтуы).
      5. Кеме экипажының ең аз құрамына жолаушыларға қызмет көрсететін жұмыскерлер, кемелердің командалық құрамы және кеме командасы кірмейді.
      6. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелерде кеме экипажының ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механиктің лауазымы көзделеді.
      Басты дизель-электр қондырғысы бар кемелерде кеме экипажының құрамына жолаушылар кемесінде екі электр механигі және басқа үлгідегі кемелерде бір электр механигі кіргізіледі.
      «Аut» нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғылар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде кеме экипажының құрамы қатардағы құрамның бір мүшесіне ұлғайтылады.
      «Аut» нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде экипаж құрамы тиісті мамандығы бар бір маманға арттырылады.
      7. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан көп кемелерді сүйрегіш кемелермен сүйреуді жүзеге асыру кезінде, сүйрегіш кеме экипажының штатына әрбір екі кемеге қатардағы құрамның бір адамы қосылады.
      Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүзетін кемелердің немесе 75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы немесе артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрамның саны кемінде екі адамды құрайды.
      8. Осы Талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі кемеге оны пайдалануға енгізгенге дейін берілетін экипаждың штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.

Кеме экипажының ең аз құрамына
қойылатын талаптарға қосымша 

Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері

Кеме экипажының лауазымдық құрамы

Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннаға дейін

Жалпы сыйымдылығы 500-ден артық 3000 тіркелімдік тоннаға дейін

Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тоннадан артық

Порттық кемелер және салмағы аз кемелер (200 тіркелімдік тоннадан аз)

Аut белгісі бар кемелер

Аut белгісі жоқ кемелер

Аut белгісі бар кемелер

Аut белгісі жоқ кемелер

Аut белгісі бар кемелер

Аut ( белгісі жоқ кемелер

Портта, рейдтік және 20 миль қашықтықта орналасқан панадан жағалау жүзу

Жағалаудағы жүзу

Жағалаудағы жүзу

Жүзу ауданы шектелмеген

Жағалаудағы жүзу

Жүзу ауданы шектелмеген

Жағалаудағы жүзу

Жүзу ауданы шектелмеген

Жағалаудағы жүзу

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

3

ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

3 ауысымдық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Капитан

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Капитанның аға көмекшісі

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

-

Капитанның вахталық көмекшісі

1

-

1

-

1

1

-

1

1

-

1

1

-

Аға механик

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

-

Вахта механигі

1

-

1

-

1

1

1

2

2

1

1

2

1

Палубалық команданың қатардағы құрамы

3

2

3

2

3

3

2

3

3

2

3

3

1

Машиналық команданың қатардағы құрамы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1

-

Барлығы

8

5

8

5

8

8

6

9

9

6

8

10

3