«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 146 бұйрығымен
бекітілді
Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның
ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік
кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері
үшін арнайы нысанды киім үлгілері
1 сурет
Азаматтық қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның азамттық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін жаздық арнайы нысанды киім
Жоғары, аға және орта басшы құрамына арналған бас киімдер
а) жоғары басшылық құрамына арналған
б) аға және орта басшылық құрамына арналған
2 сурет
Азаматтық қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның азамттық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін қысқы арнайы нысанды киім
3 сурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің суда құтқару қызметтері құтқарушыларының суға шомылу маусымы кезеңінде арнайы нысанды киім
4 сурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның жендегі белгі мен шеврондар
Жендегі белгі – жапсырма
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің шевроны
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның шевроны
5 сурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрымдылық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне тиесілігін көрсететін жендегі белгілер
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитетіне ведомстволық бағынысты
мемлекеттік кәсіпорындары
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның
азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері
6 сурет
Азаматтық қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлеріне арналған кеуде белгілері
Жоғары, аға және басшы құрамына арналған
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік
кәсіпорындарының өзге де жұмыскерлеріне арналған
7 сурет
Азаматтық қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның азамттық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің арнаулы нысанды киім арқасындағы жарық шағылдыратын жазулар
1. Азаматтық қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (бұдан әрі - Комитет) ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері, сондай–ақ Ұлттық ұланның азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін арнайы нысанды киім үлгілері (бұдан әрі – Үлгілер):
1) 1–суретке сәйкес жазғы:
қара көк түсті сыдырмалы күрте;
қара көк түсті тік пішілген шалбар;
қара көк түсті қысқа жеңді жейде;
қара көк түсті футболка;
қара көк түсті кокардасы бар кепи;
аға, орта және жоғары басшы құрам үшін қара көк түсті фуражка;
қызғылт сары түсті берет (келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан сержанттар (старшиналар) және сарбаздар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының (бұдан әрі – Институт) курсанттары үшін);
ақ қызғылт сары көлденең кезектескен жолағы бар тельняшка (келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан сержанттар (старшиналар) және сарбаздар, Институт курсанттары үшін).
Салтанатты іс–шараларды өткізу кезінде салтанатты белдік (офицерлік құрам үшін – алтын түстес; келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан сержанттар (старшиналар) және сарбаздар, Институт курсанттары үшін – ақ түсті), аксельбанттар (офицерлік құрам үшін – алтын түстес, келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан сержанттар (старшиналар) және сарбаздар, Институттың тыңдаушылары үшін – ақ түсті) тағуға рұқсат етіледі.
2) 2–суретке сәйкес қысқы:
қара көк түсті күләпарасы бар сыдырмалы жылы күрте;
қара көк түсті тік пішілген жылы шалбар;
қара көк түсті футболка;
қызғылт сары түсті берет (келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан сержанттар (старшиналар) және сарбаздар, Институт курсанттары үшін);
қара көк түсті қой терісінен тігілген құлақшын (полковниктер мен жоғары офицерлік құрам үшін – сұр түсті қаракөл құлақшын);
қара көк түсті кашне;
қара түсті қысқа қонышты жылы құрым етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке;
қара көк түсті мойны жабық свитер.
3) 3–суретке сәйкес Комитеттің суда құтқару қызметтері құтқарушыларының шомылу маусымы кезеңінде кезекшілік өткеруі үшін:
көгілдір түсті футболка;
көгілдір түсті шорты;
көгілдір түсті бейсболка;
қара түсті табаны гелді сандалии.
2. Айырым белгілері Комитетке тиістілігін анықтайтын геометриялық кескіндер қисынымен, салынған суреттердің мазмұнымен, мәтіндік жазуларымен және түстердің үйлесімімен ерекшеленетін стандартталған матадан тігілген жапсырмалар түрінде болады, ал азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланға тиістілігін анықтайтын айырым белгілері.
3. Жеңдегі белгі – Комитеттің шевроны биіктігі – 90 мм, ені – 75 мм қалқан түрінде болады. Реңнің түсі қызыл, шевронның – жиегі және ондағы жазулар мен суреттер – алтын түстес. Шевронда жер шары, ортасында – қызғылт сары шеңбердің ортасында «жел бағыты» бейнеленген, оның ішінде көк түсті үшбұрыш бар. Жоғарғы бөлігінде – «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу, төменде «ТЖК» деген әріптер, олардың астында алтын түстес қалықтап ұшқан қыран 4–суретке сәйкес сол жақ жеңге тігіледі.
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері үшін – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның шевроны қалқан түрінде болады. Шеврон жиегі, ондағы жазулар және суреттер – алтын түстес. Шеврондардың өлшемдері: биіктігі – 90 мм, ені – 75 мм. Шевронның ортасында көгілдір жасыл түстес тудың матасына салынған күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран орналасқан. Үлгілерге 4–қосымшаға сәйкес жоғарғы бөлігінде – «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу, төменде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген жазу бар.
4. Жеңдегі белгі – Қазақстан Республикасының туы түрінде, оның ені 75 мм, ұзындығы 35 мм тікбұрышты түрде болады, 4–суретке сәйкес сол жақ жеңге тігіледі.
5. Кокарда жиегінен 2 см арақашықтықта алдыңғы қабырғаның ортасына тігіледі. Кокарда биіктігі 9 см тікбұрышты пішіндегі пластиктен жасалуы керек.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланда белгіленген кокарда қолданылады.
6. Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне тиістілігін көрсететін және құтқару қызметіне байланысты диаметрі 82 мм шеңбер түріндегі шеврон 5–суретке сәйкес оң жақ жеңге тігіледі.
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның құрылымдық бөлімшелеріне тиістілігін көрсететін диаметрі 82 мм шеңбер түріндегі шеврон 5–суретке сәйкес оң жақ жеңге тігіледі.
7. Азаматтық қорғау органдарының жоғары, аға және басшы құрамына және Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне белгісі ішінде диаметрі 50 мм қызғылт сары түсті шеңбері орналасқан, диаметрі 70 мм қара көк түсті шеңбер нысанында болады, ортасында Комитеттің белгісі.
Жоғары бөлігінде – «The Соmmetteе of Emergencу situations» деген жазу, төменде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар, жазулар алтын түстес. Комитеттің белгісі қызыл жолақпен жиектелген, оған көгілдір түсті шеңбермен бейнеленген сегіз бұрышты жұлдыз. Жиектелген шеңбер бойынша үстіне алтын түсті қаріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар, сол жақтан оңға қарай «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ» деген жазу бар, жиектелген шеңбердің ішінде «АР–НАМЫС ПЕН БОРЫШ–ОТАН ҚЫЗМЕТІНЕ! деген жазу бар.
Шеңбердің ортасында – «жел бағыты» мен халықаралық азаматтық қорғаныс белгісі (қызғылт сары түсті шеңберде бейнеленген көгілдір үшбұрыш) бейнеленген жер шарының айшықты контурының бейнесі. Жер шары контурының астында – қалықтаған қыран бейнесі, төмен жағында қызыл әріптермен «ТЖК» деген аббревиатура бар. «Жел бағыты» мен оюдың, «АР– НАМЫС ПЕН БОРЫШ–ОТАН ҚЫЗМЕТІНЕ!» деген жазудың, «ТЖК» деген аббревиатуранының, жер шары мен қыран контурларының бейнесі – алтын түстес. 6–суретке сәйкес жер шары мен қыран контурларының ішіндегі кеңістік – көк түсті.
8. Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың өзге де жұмыскерлеріне белгісі ішінде диаметрі 50 мм қызғылт сары түсті шеңбері орналасқан, диаметрі 70 мм қара көк түсті шеңбер нысанында болады, ортасында көк түсті тең қабырғалы үшбұрыш белгісі. Үшбұрыштың астында ақ әріптермен «ТЖК» деген аббревиатура бар.
Жоғары бөлігінде – «The Соmmetteе of Emergencу situations» деген жазу, төменде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар, жазулар ақ түстес, 6–суретке сәйкес.
9. «КAZAKHSTAN, «Қан тобы» сөздері көрсетілген кеуде белгілерінің жапсырмалары тікбұрышты нысандағы жапсырмалар және оң жақ және сол жақ кеуде қалталарына сәйкес тағылады. Жазулар латын әріптерімен, жапсырмалардың ені – 3,5 см, ұзындығы – 13 см, 6–суретке сәйкес әріптер (цифрлар) өлшемдері биіктігі бойынша 20 мм, ақ түсті.
10. Арнайы нысанды киімнің алдыңғы жағында және арқасында жазғы қара көк түсті қысқа жеңді жейдені қоспағанда, ені 20 мм көлденеңінен жарық шағылыстыратын жолақ тігілген.
Арқасындағы жарық шағыстырылатын жолақтың үстінде «ТЖК» деген жазу бар, жарық шағыстырылатын жолақтың астында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. 7–суретке сәйкес барлық жазулар жарық шағылыстыратын матадан «Arial» қарпімен жазылады.
Ұлттық ұланның азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері үшін арқасындағы жарық шағылыстыратын жолақтың үстінде «Ұлттық ұлан» деген жазу бар, жарық шағылыстыратын жолақтың астында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. 7–суретке сәйкес барлық жазулар жарық шағылыстыратын матадан «Arial» қарпімен жазылады.
Жазу өлшемі:
«ТЖК», «Ұлттық ұлан» деген жазулардағы әріп биіктігі 60 мм, әріп ені 50 мм, қаріп қалыңдығы 12 мм.
«ҚАЗАҚСТАН» деген жазудағы әріп биіктігі – 35 мм, әріп ені – 25 мм., қаріп қалындығы 7 мм.
11. Азаматтық қорғау органдарының және Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің арнайы нысанды киімінде, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері үшін ордендік планкаларды, кеуде белгілерін (егер бар болса) тағуға рұқсат беріледі.