"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген |
Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық
1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты.
3. Технологиялық бронь - технологиялық процестерді аяқтау үшін тұтынушыға қажетті электр қуаты.
4. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісі үш данада жасалады және энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына қосымша болып табылады.
5. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісін жасау үшін энергия тұтынудың жалпы көрсеткіштері, өндірістік процестердің сипаты және жалпы кәсіпорын бойынша және жекелей алғанда әрбір қоректендіруші желі бойынша технологиялық және энергетикалық жабдықтың құрамы туралы мәлімет көрсетіледі.
6. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісіне өзгерістер кәсіпорынның өтінімі бойынша қажетті қуатты ұлғайтқан жағдайда жүргізіледі.
7. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісі осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады:
1) 1-жолда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйыммен жасалған энергиямен жабдықтау шартына сәйкес тұтынушының жеке шоты көрсетіледі;
2) 2-жолда электр энергиямен жабдықтау шарты жасалатын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы көрсетіледі;
3) 3-жолда тұтынушының толық атауы көрсетіледі;
4) 4-жолда тұтынушының пошта индексі, мекенжайы көрсетіледі;
5) 5-жолда тұтынушының (басшының, бас инженердің, бас энергетиктің шағын станция кезекшісінің) телефондары көрсетіледі;
6) 6-жолда тұтынушы жұмысының бір жыл ішінде ауысымдылығы және сағаттарының саны көрсетіледі;
7) 7-жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымға ең көп жүктеме түсетін сағаттардағы тұтынушының электр жүктемесі көрсетіледі, ол энергия беруші ұйымға ең көп жүктеме түсетін таңертеңгі және кешкі сағаттардағы кәсіпорынның неғұрлым орташа үш сағаттағы көп электр жүктемелерінің орташа мәні ретінде бір жұмыс күнінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша анықталады;
8) 8-жолда қуаттарды қосымша ұлғайту (төмендету) салдарынан энергия тұтынудағы өзгерістерді ескеретін соңғы үш жылғы энергия тұтынудың орташа жылдық мәні көрсетіледі;
9) 9-жолда тәуліктік энергия тұтыну көрсетіледі, ол кәсіпорынның жұмыс күнгі жүктемесінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша желтоқсандағы (маусымдағы) тәуліктік орташа шығысы бойынша анықталады;
10) 10-жолда тұтынушының трансформаторлық шағын станциясының, тарату пунктінің немесе тарату құрылғысының диспетчерлік атауының нөмірі көрсетіледі;
11) 11-жолда энергия беруші ұйымның қоректендіру орталығы (желісінің) нөмірі немесе диспетчерлік атауы көрсетіледі (трансформаторлық шағын станция, тарату пункті, шағын станция);
12) 12-жолда теңгерімдік тиесілілігінің аражігін ажырату актісі және осы энергия қондырғысы бойынша тараптардың пайдалану жауапкершілігі бойынша белгіленген қоректендіруші электр желілердің саны көрсетіледі;
13) 13-жолда баланстық бөлу актісіне сәйкес энергиямен жабдықтау сенімділігінің санаты көрсетіледі.
8. "Авариялық бронь" деген 1-бөлімде бағандар мынадай түрде толтырылады:
1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда кенеттен ажыратылуы өрт, жарылыс немесе адам өміріне қауіп төндіретін (авариялық және күзеттік жарықтандыру; жарылыс қаупі, өрт қаупі бар цехтардағы және адам өміріне қауіпті ортадағы ауа алмастыру; су төгу, кәріз, жылыту, өрт қауіпсіздік құралдары және басқалар) ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі.
Электр қабылдағыштар әрбір қоректендіруші желі бойынша жеке көрсетіледі.
Тізбені толтыру кезінде электр жабдығының толық атауы көрсетіледі;
3) 3 және 4-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша пайдаланылып жатқан қуаты жеке көрсетіледі;
4) 5 және 6-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 3 және 4-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.
9. "Технологиялық бронь" деген 2-бөлімде бағандар мынадай түрде толтырылады:
1) 7-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 8-бағанда технологиялық процестер тізбесі көрсетіледі.
Технологиялық бронь электр қабылдағыштары тізбесіне жұмысы тұтынушыға негізгі технологиялық процесті аяқтау үшін қажетті электр жабдығы енгізіледі;
3) 9-бағанда (8-бағанда көрсетілген әрбір процесс бойынша) технологиялық процестің ұзақтығы көрсетіледі.
Технологиялық процестің ұзақтығы тәулік бойы және одан артық болғанда – 24 сағат деп көрсетіледі;
4) 10 және 11-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша жеке көрсетіледі;
5) 12 және 13-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 10 және 11-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.
10. "Энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіруші желілердегі жүктемелер" деген 3-бөлімде энергия беруші ұйымның трансформаторлық және таратушы пункттен кенеттен ажырату жарылысқа, өртке, адамдардың өміріне қауіп төнуіне, негізгі жабдықтың зақымдануына, өнімнің жаппай бұзылуына және күрделі технологиялық процестердің қауіпті бұзылуына әкеп соғуы мүмкін электр қабылдағыштарды көрсете отырып, тұтынушының әрбір қоректендіруші желісі бойынша әр жолдың мағынасы түсіндіріліп беріледі:
1) 14-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 15-бағанда осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын энергия беруші ұйымның трансформаторлық, тарату пунктінің және тарату құрылғысының қоректендіруші орталығынаң диспетчерлік атауы немесе нөмірі көрсетіледі;
3) 16-бағанда энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын тұтынушының (фидердің) қоректендіруші желісінің нөмірі немесе атауы көрсетіледі;
4) 17-бағанда қысқы өлшемдер (желтоқсан) бойынша қоректендіруші желінің жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
5) 18-бағанда кәсіпорынның технологиялық бронына енгізілген негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі;
6) 19-бағанда осы қоректендіруші желідегі (фидердегі) технологиялық бронның жұмыс жүктемесі (кВт) көрсетіледі.
7) 20-бағанда технологиялық процесті аяқтау үшін қажет етілетін уақыт сағатпен (2-бөлімнің 8-бағанында көрсетілген әрбір процесс бойынша) көрсетіледі;
8) 21-бағанда ажыратылмайтын энергия қабылдағыштардың тізбесі (1-бөлімнің 2-бағаны) көрсетіледі;
9) 22-бағанда жүктемелердің қысқы (желтоқсан) кестесіне сәйкес әрбір қоректендіруші желі бойынша авариялық броны тұтынылған қуатының жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
10) 23-бағанда жүктеме қай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматты түрде қосу немесе қолмен) ауыстырылып қосылатыны көрсетіледі.
Кәсіпорынның ажыратылмайтын электр қабылдағыштарды авариялық және технологиялық бронды қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың электр қондырғыларына ауыстырып қосуы энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы олар тұрған енгізу кәсіпорындары ұйымның диспетчерлік қызметімен келісіледі.
11. "Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері" деген 4-бөлімде жолдар мынадай түрде толтырылады:
1) 1-жолда электр желілеріндегі қуаттардың авариялық жетіспеушілігі кезінде қоректендіруші орталықтардан ажыратылатын кәсіпорын бойынша толық ажыратылуы мүмкін жүктеме (кВт) көрсетіледі;
2) 2-жолда ажыратылатын желілердің (фидерлердің) диспетчерлік атауы және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
3) 3-жолда 3-бөлімнің 20-бағанында көрсетілген технологиялық процестің аяқталу уақытының бітуі бойынша ажыратылуы мүмкін желілердің диспетчерлік атауы (фидерлердің) нөмірлері және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі.
1, 2 және 3-жолдар бойынша жүктемелер жүктемелердің қысқы кестесіне сәйкестікпен көрсетіледі.
12. 5-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің талап етуі бойынша ажыратылатын қоректендіруші желілер (фидерлер) және олардың жүктемесі туралы мәліметтерді қамтиды.
13. 6-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның желі жұмысында (фидерде) қалған ажыратылған жүктемелерді энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз қайта ауыстыруға жол бермеу туралы талабын қамтиды. Осы жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің телефоны көрсетіледі.
14. 7-бөлім резервті автоматты түрде қосудың қолда бар құрылғыларын пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.
15. 8-бөлімде энергия тұтыну және қуаттар режимдерін енгізу кезінде осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтауға арналған шартпен келісілген энергиямен жабдықтаудың ерекше шарттары көрсетіледі. Актіге кәсіпорынның электрмен жабдықтау схемасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер, қоректендіруші желілер мен резервті автоматты түрде қосу енгізілген шағын станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.
Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулығына Қосымша |
үлгі
Авариялық және технологиялық бронь актісі
1. Тұтынушының жеке шотының нөмірі ___________________________ | 8. Тұтынушының орташа жылдық энергия тұтынуы: __________мың кВт.ч. |
2. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы____________________________ | 9. Тұтынушының тәуліктік энергия тұтынуы: 1) қысқы ______________ кВт.сағ. 2) жазғы ______________ кВт.сағ. |
3. Тұтынушы______________________ | |
4. Тұтынушының мекенжайы _________ __________________________________ | 10. Тұтынушының трансформаторлық шағын станциясының, тарату пунктінің нөмірі _______________ |
5. Тұтынушының телефондары: 1) басшының, бас инженердің ____________________________ 2) бас энергетиктің ____________________________ 3) шағын станция кезекшісінің ____________________________ | 11. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның қоректендіру орталығының (желісінің) нөмірі немесе атауы _____________(трансформаторлық шағын станция; тарату пункті; шағын станциялар) |
12. Қоректендіру желілерінің саны ___________________________ | |
6. Ауысымдылық және жыл ішіндегі жұмыс сағаттарының саны __________ | 13. Энергиямен жабдықтау сенімділігінің санатты ______________________________ |
7. Тұтынушының нақты ең көп жүктемесі: 1) қысқы _____________________ кВт 2) жазғы _____________________ кВт |
Авариялық және технологиялық бронь актісі кәсіпорын (электр энергиясын тұтынушы) ________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
өкілдерімен бірлесіп, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның өкілдері арасында жасалды ___________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
20___ жылғы "___"____________
р/с № | 1-БӨЛІМ. Авариялық бронь | 2-БӨЛІМ. Технологиялық бронь | ||||||||||
Ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі | Тәуліктік қажеттілік | р/с№ | Технологиялық процестер мен операциялардың тізбесі | Технологиялық процестің ұзақтығы (сағат) | Толық технологиялық процестің қажеттілігі | |||||||
жүктеме бойынша, кВт | тұтыну бойынша, мың кВт.сағ. | жүктеме бойынша, кВт | тұтыну бойынша, мың кВт.сағ. | |||||||||
қысқы | жазғы | қысқы | жазғы | қысқы | жазғы | қысқы | жазғы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
3-БӨЛІМ. Энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіру желілеріндегі жүктемелер | |||||||||
р/с№ | Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтайтын ұйымды қоректендіретін орталықтың нөмірі немесе атауы | Тұтынушыны қоректендіретін желінің нөмірі немесе атауы | Тұтынушы желісінің жүктемесі (кВт) | Технологиялық бронь | Авариялық бронь | ||||
Негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі | Желідегі технологиялық бронның жүктемесі (кВт) | Технологиялық процесті аяқтауға қажетті уақыт сағатпен | Электр қабылдағыштардың тізбесі | Желідегі авариялық бронның жүктемесі (кВт) | Жүктеме қандай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылады | ||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
4-БӨЛІМ. Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері: |
1. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілеріндегі қуаттың авариялық тапшылығы кезінде қоректендіруші орталықтардан_____ кВт ажыратылуы мүмкін |
2. Фидер № __________________ Жүктеме___________________________ кВт |
3. 20-бағанында көрсетілген уақыт өткеннен кейін. № ____________ желі Жүктеме:_____________________ кВт |
5-БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің талабы бойынша тұтынушы жедел түрде ажыратуға міндетті: Желі (фидер) № _________________________ Жүктеме ________________________ кВт |
6-БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және тұтынушының электр қондырғыларындағы аварияның салдарынан желіні ажыратқан кезде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз ажыратылған жүктемені жұмыс күйінде қалдырылған желіге ауыстыруға тыйым салынады ___________________ (телефон) |
7-БӨЛІМ. Қолдағы резервті автоматты түрде қосу құрылғыларын пайдалануға: рұқсат етіледі ______тыйым салынады _______ |
8-БӨЛІМ. Айрықша шарттар: |
Қосымша: Актіге кәсіпорынның 203х277 көлеміндегі электрмен жабдықтау схемасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер мен резервті автоматты түрде қосу енгізілген шағын станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі. |
Энергиямен жабдықтаушы
(энергия беруші) ұйым өкілі _________________________________________
(қолы)
Кәсіпорынның бас энергетигі _________________________________________
(қолы)
Кәсіпорынның бас инженері ___________________________________________ (қолы)