Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10508 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Әділет министрінің м.а. 26.11.2015 № 593 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамы 1500 бірлікке бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев