"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 20 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 1-қосымша |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру тәртібін айқындайды.
2. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерге сәйкес келетін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесін енгізу немесе байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) тиісті шешімі қабылданғаннан кейін тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):
байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бекітеді;
осы бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізеді;
байқау кеңесінің құрамын қалыптастырады және бекітеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.
Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен байқау кеңесі мүшелерінің қатарынан сайланады.
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы байқау кеңесінің төрағасы сайлану үшін үміткер болып табылмайды.
5. Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы және осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес конкурстық негізінде сайланатын өзге де тұлғалар кіреді.
6. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 3-тармағына сәйкес, Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымша |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар
1. Білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) білім беру саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) білім беру саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Ескерту. Талаптар 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 3-қосымша |
Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін (бұдан әрі - байқау кеңесінің мүшелері) конкурстық негізде іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Конкурс осы бұйрықта айқындалған талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері болып табылатын мемлекеттік кәсіпорын басшысы мен байқау кеңесінің мүшелерін қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу мақсатында жүргізіледі.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
3. Тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):
1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізу шарттарын, күні мен орнын анықтайды;
3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады және тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері арасынан Комиссия төрағасын тағайындайды.
4. Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді Комиссия жүзеге асырады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан құрауы тиіс.
Комиссия төрағасы лауазымы бойынша тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді;
3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) конкурс жеңімпазын мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің лауазымына тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.
6. Байқау кеңесі мүшесінің лауазымын атқаруға конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымдарында (әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында жарияланатын) жарияланады, сондай-ақ тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:
1) конкурс өткізу күні мен орнын;
2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, мемлекеттік кәсіпорынның атауын, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасын;
3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімін;
5) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін;
6) құжаттарды қабылдау басталатын күнін қамтиды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
8. Конкурс мынадай:
1) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу;
2) конкурсқа өзінің қатысуын растаған үміткерлердің біліктілігін бағалау;
3) үміткерлермен әңгімелесу жүргізу және байқау кеңесі мүшелерін іріктеу;
4) конкурстың қорытындысын шығару кезеңдерінен тұрады.
9. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) "_____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "____________ дейін ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Конкурстық комиссия шақыруларда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратқа сәйкес көрсетілген жерде және уақытта ұсынылған конкурстық өтінімдер берілген конверттердің түпнұсқасын ашады.
13. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінен кейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия мүшелері мен хатшы қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.
14. Егер конкурсқа қатысуға Талаптарға сәйкес келетін төртеуден аз үміткер конкурстық өтінім берсе не конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, онда Конкурстық комиссия конкурсты өткізілмеді деп санайды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үміткер ұсынған құжаттарды қарайды және үміткердің Талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізеді.
16. Конкурстық комиссия жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша әңгімелесу күнін, уақытын және ол өткізілетін жерді көрсете отырып, шақыру жіберілетін, Талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
17. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізу кезінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын білуі, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және денсаулық сақтау немесе білім беру ұйымдарының қызмет ерекшеліктерін білуі тексеріледі.
18. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ хаттама жүргізуді жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
19. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, үміткерлер мұндай шешімге сот тәртібімен шағымданады.
20. Конкурс өткізудің жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айдан аспайтын уақытты құрайды.
21. Конкурстан оң нәтижемен өткен қатысушымен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) басшысы тиісті шарт жасасады.
3. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
22. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі оның жазбаша өтінішінің негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде бұдан әрі өзінің міндеттерін орындай алмауының себебі көрсетіледі.
23. Байқау кеңесі байқау кеңесі мүшесінің өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарайды және осы өтініш тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде шешім шығарады.
24. Байқау кеңесінің мүшесі қызметке бағалау өткізу қорытындылары бойынша 0-ден 4 балға дейін алған жағдайда, оған жүктелген міндеттерге адал қарамағанының және Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия ұсыныстары негізінде тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті уәкілетті орган) оның өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
25. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған жағдайда байқау кеңесі қайта ұйымдастыру аяқталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күн бұрын өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.