ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.08.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
13 ақпан 2015 жылы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
30 қаңтар 2015 жылы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты
дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін айқындайды.
3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері-тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық инспекциялары.
4. Есептік нөмір код, қосылатын қызмет түрінен және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық обектісінің нөмірінен тұрады. Шаруашылық обектісінің нөмірі айқындалатын ел кодынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірінен және өндіріс объектісінен тұрады. Код, қосылатын қызмет түрі өндіріс объектісінің әріптік және сандық белгілерден тұрады.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелерінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс. Есептік нөмірі барын растау үшін сою алаңдары есептік нөмірлерін сақтай отырып осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру рәсімдерінен қайтадан өтеді.
Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е" символы, экспортты жүзеге асыратын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келген жағдайда қосымша енгізіледі.
5. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері береді.
6. Өтініштерді қабылдау және өндіріс объектісіне есепке алу нөмірлерінің нәтижелерін беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Ведомство осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер берілген тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.
2-тарау. Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Есептік нөмір беру үшін өтініш беруші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелеріне:
1) өтініш тиісті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіпте, өтінішті бергенге дейін отыз күнтізбелік күннен аспай берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытындының деректемелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтініш беруші-өндіріс объектісінің мөрімен (бар болған кезде) және қолымен ристалған ақпаратты ұсынады.
Құжаттарды тапсырған кезде:
оның өтінішінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, қағаз тасығыштағы тіркеу туралы белгі өтініштің қабылдануын растайды;
порталда – "жеке кабинетінде" өндіріс объектісіне есептік нөмірлер нәтижесін алу күнін көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
9. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
2) "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді (бұдан әрі - журнал).
Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге сұрау жолдайды немесе өтініш беруші-өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
10. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне жолдайды, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
11. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелері растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, оны мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді.
12. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
2) журналға тіркейді.
13. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері ұсынылған құжаттар тексеру нәтижелері бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
Есептік нөмір беру туралы шешім болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшасыға сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
14. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтінуші – өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай:
1) өтініш берушінің есептік нөмір беру үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған;
2) есептік нөмір беру үшін қажетті ұсынылған құжаттар, объектілер деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) өтініш берушіге қатысты өндіріс объектісіне есептік нөмір беруді талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші өндіріс объектісіне есептік нөмір алуына байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайларда бас тартады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.
Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.
17. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі сот тәртібімен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымданады.
Қызмет түрін және өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұратын есептік нөмір
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.08.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Өндіріс объектілерінің қызметі түрлерінің кодтары
р/с № | Қызмет түрі | Коды |
1 | Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері | K |
2 | Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
ет өңдеуші кәсіпорындар; | U1 | |
сою пункттері; | U2 | |
сою алаңдары; | U3 | |
құс өңдеуші кәсіпорындар | U4 | |
3 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
ет; | G1 | |
балық және балық өнімдері; | G2 | |
бал және балара шаруашылығы өнімдері; | G3 | |
жануарлардан алынатын шикізат | G4 | |
сүт және сүт өнімдері | G5 | |
4 | Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | Y |
5 | Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | V |
6 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | W |
7 | Азық және азықтық қоспаларды өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | O |
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодтары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі
р/с № | Код | Атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | KZ | Қазақстан Республикасы |
2 | C | Ақмола облысы |
3 | 01 | Ақкөл ауданы |
4 | 02 | Аршалы ауданы |
5 | 03 | Астрахан ауданы |
6 | 04 | Атбасар ауданы |
7 | 05 | Бұланды ауданы |
8 | 06 | Көкшетау қаласы |
9 | 07 | Степногорск қаласы |
10 | 08 | Егіндікөл ауданы |
11 | 09 | Біржан сал ауданы |
12 | 10 | Ерейментау ауданы |
13 | 11 | Есіл ауданы |
14 | 12 | Жақсы ауданы |
15 | 13 | Жарқайың ауданы |
16 | 14 | Зеренді ауданы |
17 | 15 | Қорғалжын ауданы |
18 | 16 | Сандықтау ауданы |
19 | 17 | Целиноград ауданы |
20 | 18 | Шортанды ауданы |
21 | 19 | Щучье ауданы |
22 | B | Алматы облысы |
23 | 01 | Ақсу ауданы |
24 | 02 | Алакөл ауданы |
25 | 03 | Балқаш ауданы |
26 | 04 | Еңбекшіқазақ ауданы |
27 | 05 | Ескелді ауданы |
28 | 06 | Жамбыл ауданы |
29 | 07 | Іле ауданы |
30 | 08 | Қарасай ауданы |
31 | 09 | Қаратал ауданы |
32 | 10 | Кербұлақ ауданы |
33 | 11 | Көксу ауданы |
34 | 12 | Панфилов ауданы |
35 | 13 | Райымбек ауданы |
36 | 14 | Сарқант ауданы |
37 | 15 | Талғар ауданы |
38 | 16 | Ұйғыр ауданы |
39 | 17 | Қапшағай қаласы |
40 | 18 | Талдықорған қаласы |
41 | 19 | Текелі қаласы |
42 | 20 | Кеген ауданы |
43 | D | Ақтөбе облысы |
44 | 01 | Әйтеке би ауданы |
45 | 02 | Алға ауданы |
46 | 03 | Байғанин ауданы |
47 | 04 | Ақтөбе қаласы |
48 | 05 | Ырғыз ауданы |
49 | 06 | Қарғалы ауданы |
50 | 07 | Мәртөк ауданы |
51 | 08 | Мұғалжар ауданы |
52 | 09 | Темір ауданы |
53 | 10 | Ойыл ауданы |
54 | 11 | Қобда ауданы |
55 | 12 | Хромтау ауданы |
56 | 13 | Шалқар ауданы |
57 | E | Атырау облысы |
58 | 01 | Атырау қаласы |
59 | 02 | Жылыой ауданы |
60 | 03 | Индер ауданы |
61 | 04 | Исатай ауданы |
62 | 05 | Қызылқоға ауданы |
63 | 06 | Құрманғазы ауданы |
64 | 07 | Мақат ауданы |
65 | 08 | Махамбет ауданы |
66 | F | Шығыс Қазақстан облысы |
67 | 01 | Өскемен қаласы |
68 | 02 | Аягөз қаласы |
69 | 03 | Алтай қаласы |
70 | 04 | Курчатов қаласы |
71 | 05 | Семей қаласы |
72 | 06 | Риддер қаласы |
73 | 07 | Абай ауданы |
74 | 08 | Аягөз ауданы |
75 | 09 | Бесқарағай ауданы |
76 | 10 | Бородулиха ауданы |
77 | 11 | Глубокое ауданы |
78 | 12 | Жарма ауданы |
79 | 13 | Зайсан ауданы |
80 | 14 | Алтай ауданы |
81 | 15 | Катон-Қарағай ауданы |
82 | 16 | Көкпекті ауданы |
83 | 17 | Күршім ауданы |
84 | 18 | Тарбағатай ауданы |
85 | 19 | Ұлан ауданы |
86 | 20 | Үржар ауданы |
87 | 21 | Шемонаиха ауданы |
88 | H | Жамбыл облысы |
89 | 01 | Байзақ ауданы |
90 | 02 | Жамбыл ауданы |
91 | 03 | Жуалы ауданы |
92 | 04 | Қордай ауданы |
93 | 05 | Мерке ауданы |
94 | 06 | Мойынқұм ауданы |
95 | 07 | Т.Рысқұлов ауданы |
96 | 08 | Сарысу ауданы |
97 | 09 | Талас ауданы |
98 | 10 | Шу ауданы |
99 | 11 | Тараз қаласы |
100 | L | Батыс Қазақстан облысы |
101 | 01 | Ақжайық ауданы |
102 | 02 | Бекейорда ауданы |
103 | 03 | Бөрлі ауданы |
104 | 04 | Жаңақала ауданы |
105 | 05 | Жәнібек ауданы |
106 | 06 | Зеленов ауданы |
107 | 07 | Қазталов ауданы |
108 | 08 | Қаратөбе ауданы |
109 | 09 | Сырым ауданы |
110 | 10 | Тасқала ауданы |
111 | 11 | Теректі ауданы |
112 | 12 | Шыңғырлау ауданы |
113 | 13 | Орал қаласы |
114 | P | Қостанай облысы |
115 | 01 | Алтынсарин ауданы |
116 | 02 | Аманкелді ауданы |
117 | 03 | Әулиекөл ауданы |
118 | 04 | Денисовка ауданы |
119 | 05 | Жангелді ауданы |
120 | 06 | Жітіқара ауданы |
121 | 07 | Қамысты ауданы |
122 | 08 | Қарабалық ауданы |
123 | 09 | Қарасу ауданы |
124 | 10 | Қостанай ауданы |
125 | 11 | Меңдіқара ауданы |
126 | 12 | Наурызым ауданы |
127 | 13 | Сарыкөл ауданы |
128 | 14 | Таранов ауданы |
129 | 15 | Ұзынкөл ауданы |
130 | 16 | Федоров ауданы |
131 | 17 | Қостанай қаласы |
132 | 18 | Арқалық қаласы |
133 | 19 | Лисаковск қаласы |
134 | 20 | Рудный қаласы |
135 | M | Қарағанды облысы |
136 | 01 | Абай ауданы |
137 | 02 | Ақтоғай ауданы |
138 | 03 | Бұхар жырау ауданы |
139 | 04 | Жаңаарқа ауданы |
140 | 05 | Қарқаралы ауданы |
141 | 06 | Нұра ауданы |
142 | 07 | Осакаров ауданы |
143 | 08 | Ұлытау ауданы |
144 | 09 | Шет ауданы |
145 | 10 | Қарағанды қаласы |
146 | 11 | Балқаш қаласы |
147 | 12 | Жезқазған қаласы |
148 | 13 | Қаражал қаласы |
149 | 14 | Приозерск қаласы |
150 | 15 | Саран қаласы |
151 | 16 | Сәтпаев қаласы |
152 | 17 | Теміртау қаласы |
153 | 18 | Шахтинск қаласы |
154 | N | Қызылорда облысы |
155 | 01 | Арал ауданы |
156 | 02 | Қазалы ауданы |
157 | 03 | Қармақшы ауданы |
158 | 04 | Жалағаш ауданы |
159 | 05 | Сырдария ауданы |
160 | 06 | Шиелі ауданы |
161 | 07 | Жаңақорған ауданы |
162 | 08 | Қызылорда қаласы |
163 | 09 | Байқоңыр қаласы |
164 | R | Маңғыстау облысы |
165 | 01 | Бейнеу ауданы |
166 | 02 | Қарақия ауданы |
167 | 03 | Маңғыстау ауданы |
168 | 04 | Түпқараған ауданы |
169 | 05 | Ақтау қаласы |
170 | 06 | Жаңаөзен қаласы |
171 | 07 | Мұнайлы ауданы |
172 | S | Павлодар облысы |
173 | 01 | Павлодар қаласы |
174 | 02 | Ақсу қаласы |
175 | 03 | Екібастұз қаласы |
176 | 04 | Ақтоғай ауданы |
177 | 05 | Баянауыл ауданы |
178 | 06 | Железинка ауданы |
179 | 07 | Ертіс ауданы |
180 | 08 | Тереңкөл ауданы |
181 | 09 | Аққулы ауданы |
182 | 10 | Май ауданы |
183 | 11 | Павлодар ауданы |
184 | 12 | Успен ауданы |
185 | 13 | Шарбақты ауданы |
186 | T | Солтүстік Қазақстан облысы |
187 | 01 | Айыртау ауданы |
188 | 02 | Ақжар ауданы |
189 | 03 | Аққайың ауданы |
190 | 04 | Есіл ауданы |
191 | 05 | Жамбыл ауданы |
192 | 06 | М. Жұмабаев ауданы |
193 | 07 | Қызылжар ауданы |
194 | 08 | Мамлют ауданы |
195 | 09 | Ғ. Мүсірепов ауданы |
196 | 10 | Тайынша ауданы |
197 | 11 | Тимирязев ауданы |
198 | 12 | Уәлиханов ауданы |
199 | 13 | Шал ақын ауданы |
200 | 14 | Петропавл қаласы |
201 | X | Түркістан облысы |
202 | 01 | Арыс ауданы |
203 | 02 | Бәйдібек ауданы |
204 | 03 | Қазығұрт ауданы |
205 | 04 | Мақтаарал ауданы |
206 | 05 | Ордабасы ауданы |
207 | 06 | Отырар ауданы |
208 | 07 | Сайрам ауданы |
209 | 08 | Сарыағаш ауданы |
210 | 09 | Созақ ауданы |
211 | 10 | Төлеби ауданы |
212 | 11 | Түлкібас ауданы |
213 | 12 | Шардара ауданы |
214 | 13 | Арыс қаласы |
215 | 14 | Түркістан қаласы |
216 | 15 | Кентау қаласы |
217 | 16 | Жетісай ауданы |
218 | 17 | Келес ауданы |
219 | А | Алматы қаласы |
220 | 01 | Алатау ауданы |
221 | 02 | Алмалы ауданы |
222 | 03 | Әуезов ауданы |
223 | 04 | Бостандық ауданы |
224 | 05 | Жетісу ауданы |
225 | 06 | Медеу ауданы |
226 | 07 | Түркісіб ауданы |
227 | 08 | Наурызбай ауданы |
228. | Z | Нұр-Сұлтан қаласы |
229 | 01 | Алматы ауданы |
230 | 02 | Есіл ауданы |
231 | 03 | Сарыарқа ауданы |
232 | 04 | Байқоңыр ауданы |
233 | Ү | Шымкент қаласы |
234 | 01 | Абай ауданы |
235 | 02 | Әл-Фараби ауданы |
236 | 03 | Еңбекші ауданы |
237 | 04 | Қаратау ауданы |
Ескертпе:
Есептік нөмір символдардан тұрады және құрылымы мынадай:
бірінші символ - елдің коды - КZ;
екінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
үшінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші символ - өндіріс объектісінің қызметі түрінің коды;
бесінші символ - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы символ - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е;
КZ - елдің коды
С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е - экспорттаушы.
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер берілген тізілім
№ | Ұйымның атауы | Иесі | Ұйымның мекен жайы | Қызмет түрі | Тіркеу нөмірі және берілген күні |
1 |
Нысан
Қайда___________________________________________
(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті
________________________________________________
атқарушы органының тиісті бөлімшенің толық атауы)
Кімнен _________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде)
ЖСН,/заңды тұлғаның аты БСН)
Анықтама (куәлік) нөмірі
мемлекеттік тіркеу______________________________
Мекен-жайы _____________________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
_____________________________________________________________________
(өндіріс объектісінің қызмет түрі, атауы)
___________________________________ есептік нөмір беруіңізді, қайта
ресімдеуіңізді, растауыңызды сұраймын (керегін сызу)
____________________________________________ орналасқан орны бойынша
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының берілген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
_____________________________________________________________________
Байланыс телефоны __________________ E-mail _________________________
________________________________________________________ _____20__жыл
(тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)) өтінушінің қолы)
Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада
ескерту: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (реттік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
Нысан
Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/
подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства
Осы растау берілді/Настоящее подтверждение выдано____________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның аты /
_____________________________________________________________________
фамилия, имя отчество (при наличии) наименование юридического лица)
_____________________________________________________________________
бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
_____________________________________________________________________
(қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 201_ жылғы "___" ________ № ____ бұйрығымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 201_ жылғы "___" ______ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от "___" _____ 201_ г. № _____, ему присвоен учетный номер _____ от "___" _______ 20__ г.
Басшы/Руководитель _______________________________________ _________
(тегі аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/фамилия, (қолы/
имя, отчество (при наличии)) подпись)
Мөрдің орны /Место печати
"___" _______ 20____ ж./г.