«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
«Келісілді»
Жеке сот орындаушыларының
республикалық палатасы
басқармасының төрағасы
______________ С. Ли
2015 жылғы «__» ақпандағы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7146 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 326 (26717) «Казахстанская правда», 2011 жылғы 13 қазандағы № 493 (26885) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) «Жеке сот орындаушыларымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6753 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 129-130 (26550-26551) «Казахстанская правда», 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған):
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Жеке сот орындаушылары өзінің қызметі туралы ақпаратты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне қарай ұсынсын.
Жеке сот орындаушылары өзінің қызметі туралы ақпаратты бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіштерде және Атқарушылық іс жүргізуді есепке алу автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық түрде берсін.
3. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жинақталған деректерді Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына және аумақтық органға тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың төртінші күніне ұсынып отырсын»;
3) «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9256 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4) «Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9268 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке сот орындаушысының лицензиясының қызмет етуі тоқтатылған кезде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының мұрағатын, ағымдағы шоттағы қаражаттарын басқа жеке сот орындаушысына беру, сондай-ақ сот орындаушысының лицензиясын алып, уәкілетті органға беру және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою шарасын қабылдайды.
5. Жеке сот орындаушыларынан басталатын ұйымдық-өкімдік сипатындағы құжаттарда жеке тәжірибемен айналысатын жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайын және жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметі жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысы қызметінің аумағын көрсету керек.
Құжаттың тақырыбы (хаттама, қаулы, акт, ұсыныс, сұрау салу) бас әріптермен жазылады, қысқа болуы және құжаттың мазмұнын дәл көрсетуі тиіс. Тақырыпқа құжат түрінің атауы жазба әріптермен жазылады.»;
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау үшін жеке сот орындаушылары тігінделетін, нөмірленетін және жеке сот орындаушысының қолымен әрі мөрімен бекітілетін мынадай журналдарды жүргізеді:
кіріс хат-хабарлар журналы (1-қосымша);
шығыс хат-хабарлар журналы (2-қосымша);
атқарушылық құжаттарды есепке алу журналы (3-қосымша);
ағымдағы шоттағы соманы есепке алу кітабы (депозиттік кітап) (4-қосымша).
Есеп атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы да жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысына келіп түсетін құжаттар кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі.
Алынған құжатта бірінші парағының төменгі жолында оң жағында кіріс хат-хабарлар журналындағы реттік нөмірге сәйкес келетін оның тіркелген күні мен нөмірі көрсетіліп мөртабан (5-қосымша) қойылады.
14. Атқарушылық құжаттар атқарушылық құжаттарды есепке алу кітабында тіркеледі және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
15. Шығыс құжаттары шығыс хат-хабарлар журналында тіркеледі.
Құжатта шығыс хат-хабарлар журналындағы реттік нөмірге сәйкес келетін тіркеу нөмірі қойылады.»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Жеке сот орындаушысының құжаттары орындалғаннан кейін олар белгілі бір мәселеге жататын құжаттардың жиынтығын білдіретін істерге топтастырылады.
Құжаттар сыныптамасы іс номенклатурасында тіркеледі, ол сақталу мерзімін көрсете отырып, іс жүргізуде жасалатын істер тақырыптарының жүйелендірілген тізбесін білдіреді және тұрақты және уақытша (10 жылдан артық) сақтаудағы істердің түзімдемесін жасау үшін, сондай-ақ уақытша (10 жылға дейін қоса алғанда) сақтаудағы істерді есепке алу үшін негізгі болып табылады.
18. Жеке сот орындаушыларының номенклатурасын жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жасайды.
Істер номенклатурасы үш данада басылады және тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Істер номенклатурасының бірінші данасы жеке сот орындаушысында сақталады, екіншісі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мұрағатына, үшіншісі мемлекеттік мұрағатқа беріледі.»;
24-тармақ алып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, атқарушы округінің атаулары, лицензияның нөмірі көрсетілген жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) болады.
Мөр дайындалудың жоғары сапасымен, қолдан жасаудан қорғалуымен, мемлекеттік тілде жазылып, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Сондай-ақ, жеке сот орындаушысында мөртабан мен жеке бланкілері болады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Жеке сот орындаушыларының мөрлерін дайындауға тапсырыс жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының тапсырысы бойынша орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
Мөрлерді беру нөмірленген, тігінделген және өңірлік палатаның мөрімен бекітілген арнайы басталған журналда қол қойдырып жүргізіледі.
Журнал қатаң есептілік және тұрақты сақтау құжаты болып табылады.»;
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Мөрі жоғалған немесе ұрланған жағдайда жеке сот орындаушысы уәкілетті органның аумақтық органына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тез арада хабарлайды.
33. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметі тоқтатылған жағдайда аумақтық орган және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының мөрін алып қою және комиссия арқылы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей етіп, деформациялау жолымен жою жөнінде шаралар қабылдайды, бұл туралы тиісті акт жасалады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Жойылған мөрлердің қолданылуын жою және жарамсыздығы туралы ақпаратты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы республикалық немесе жергілікті баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.».
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына 1-қосымша
Жеке сот орындаушысының куәлігінің үлгісі
Жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісінің сипаттамасы
1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасы мен жапсырмасынан тұрады.
2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыш немесе бумвинилден жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді.
3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көп деңгейлі қорғалады.
4. Куәліктің жапсырманың негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады.
5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады.
Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палатаның атауы жазылады.
Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3 x 4 см көлеміндегі орын болады.
Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік палата жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі).
6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады.
Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қарпімен «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палата атауы жазылады.
Жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм көгілдір түсті шеңберде таразы бейнеленген, таразының бүйірінен екі жағынан алтын түсті лавр жапырақтары бейнеленген.
Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензияның нөмірі және берілген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен).
7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі).
8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік палата мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады.
9. Белгіленген ресiмдердің қойылған талаптарына сәйкес келмейтін, түзетiлген жері және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.».
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына 2-қосымша
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің сипаттамасы
1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құрал-жабдықпен жасалады, жасандыларынан жоғары дәрежеде қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм. құрайды.
2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады.
3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады.
4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм. құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм. құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды.
5. Екінші және үшінші жиектердің арасында:
жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы;
ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздар;
төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензияның нөмірі және берілген күні бейнеленеді.
6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында таразы, таразының бүйірінен екі жағынан лавр жапырақтары бейнеленген; төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен, аты және әкесінің атының бірінші әрпі бас әріппен, Tahoma қарпімен жазылады.
Ескерту:
Жеке сот орындаушысының бекітілген куәліктегі және жеке мөрдегі мәліметтерді өзгерткен жағдайда жеке сот орындаушысы он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерту енгізеді және оларды әзірлегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жеке мөрдің баспа-таңбасын міндетті ұсынумен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына хабарлайды.».
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына 3-қосымша
Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидалары
1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібін, шарттары мен мерзімін анықтайды.
2. Жеке сот орындаушыларының тағылымдамадан өтушілеріне Заңның 156-бабында көзделген талаптар белгіленеді.
Осы талаптарға жауап беретін және тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға еркін нысанда жазылған өтінішпен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағасына жүгінеді және өтініш берген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде өңірлік палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) Заңның 156-бабының 1-1-тармағында көрсетілген мәліметтердің жоқтығы туралы құжат тіркеледі.
3. Өңірлік палатада комиссия құрылады, ол тағылымдаманың басшысын және тағылымдамадан өтушінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дайындығының деңгейін анықтайды.
4. Тағылымдамадан өтушілер кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.
5. Тағылымдама ұзақтығы өңірлік палата комиссиясының отырысында белгіленеді және үш айдан бір жылға дейін құрайды.
6. Тағылымдама ақылы негізде жүзеге асырылады. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту үшін ақы мөлшері тағылымдамадан өткен әрбір ай үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады. Тағылымдамадан өту үшін тағылымдамадан өтуші ақы төлеуді ай сайын, ақы төленуге жататын тағылымдамадан өтудің алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей жүргізеді және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырады.
7. Тағылымдамадан өту туралы шарт мына жағдайлардың бірі орын алған кезде бұзылады:
1) тағылымдамадан өтуші өз қалауы бойынша тағылымдамадан өту туралы шартты бұзу жөнінде өтініш бергенде;
2) тағылымдамадан өтушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзуы, оның ішінде бұдан әрі тағылымдамадан өтуге кедергі жасайтын, Заңның 156-бабының 1-1-тармағымен көзделген негіздемелердің тағылымдамадан өту кезінде туындауы;
3) тағылымдамадан өтуші осы Қағидалардың және тағылымдамадан өту туралы шарттың талаптарын сақтамағанда;
4) тағылымдамадан өту үшін ақыны уақтылы төлемеген жағдайда.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген, негіздемелер бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт бұзылған кезінде тағылымдамадан өтушіге тағылымдамадан нақты өтпеген кезі үшін ақы оны алдын-ала төлеген жағдайда, тағылымдамадан өтушіге қайтарылуы тиіс.
8. Тағылымдама жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының комиссия отырысында тағайындалған жеке сот орындаушысының басшылығымен өтеді.
9. Тағылымдамадан өту Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы бекітетін, барлық тағылымдамашылар үшін міндетті болып табылатын, бірыңғай бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлама жеке сот орындаушыларының кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын зерделеуді, жеке сот орындаушылары немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылған семинарлық сабақтарға баруды қоса алғанда, атқарушылық іс-әрекеттер жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік дағдыларды тағылымдамадан өтушілердің меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтиды.
10. Тағылымдама жетекшісі атқарушылық іс-әрекеттер жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру бойынша тағылымдамадан өтушінің кәсіби дайындық деңгейін ескере отырып, бекітілген бағдарлама негізінде жеке тағылымдама жоспарын әзірлейді және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағасына бекіту үшін ұсынады.
11. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамадан өтуші тағылымдама жетекшісінің басшылығымен:
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
түсетін хат-хабарды қабылдау, тіркеу және есепке алу тәртібін;
кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді;
іс номенклатурасын жасауды;
кітаптарды, журналдарды және жасақтарды жүргізу тәртібін;
есеп жасауды;
атқарушылық құжаттардың орындалуын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді зерделейді.
12. Тағылымдамадан өтуші атқарушылық іс-әрекеттер жасауға қатысады, тағылымдама жетекшісінің нұсқауы бойынша және бақылауымен іс жүргізу және атқарушылық іс жүргізу жөніндегі өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды.
13. Тағылымдама аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өтуші жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына ұсынылатын қорытынды есепті дайындайды, ол мыналарды қамтуы тиіс:
тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер;
тағылымдама жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты;
практикалық жеке жұмыстан алған дағдылары.
Есепке тағылымдамадан өтуші тағылымдама уақытында өзі жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған іс жүргізу және өзге құжаттардың үлгілері, сондай-ақ тағылымдама жетекшісінің тағылымдамадан өту туралы ұсынысы беріледі, онда тағылымдамадан өтушінің жалпы дайындығының деңгейі және тағылымдамадан өту барысында алған кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдылары көрсетіледі.
14. Тағылымдама жетекшісінің тағылымдамадан нәтижелі өту туралы ұсынысы және осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдар жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының комиссия отырысында оларды өңірлік палатаға ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей қаралады.
Комиссияның мүшелері әңгімелесу арқылы тағылымдамадан өтушінің атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыруға теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейін анықтайды.
Тағылымдаманың қорытындысы туралы шешім комиссияның барлық мүшелерінің дауыс беруімен қабылданады. Шешімдер қабылдау критерийлері атқарушылық құжаттарды орындау бойынша дербес қызмет үшін қажетті дайындық пен дағдыларды игеру дәрежесі болып табылады.
Әңгімелесу және тағылымдамадан өту туралы материалдарды қарау қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының комиссия отырысында осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша тағылымдаманың өткендігі туралы қорытынды бекіту жөнінде шешім шығарылады немесе тағылымдаманың өткендігі туралы қорытындыны бекітуден дәлелді бас тартады.
15. Тағылымдаманың нәтижелері туралы қорытынды немесе тағылымдамадан өткендігі туралы қорытындыны бекітуден дәлелді бас тартылғандығы жөнінде ақпарат тағылымдамадан өткен тұлғаға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тартқан жағдайда тағлымдамадан өтуші жалпы негізде тағылымдамаға қайта жіберіледі.
Тағылымдаманың өткендігі туралы қорытынды бекітуден бас тарту жөніндегі өңірлік палатаның шешімімен келіспеген жағдайда сот тәртібімен шағымдануға болады.
16. Тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өту қорытындылары туралы теріс қорытынды ұсынған жағдайда, осы ұсыныс өңірлік палатаның комиссия отырысында тағылымдаманы алты айлық мерзімге ұзарту туралы және тағылымдамадан өтушінің қалауымен тағылымдама жетекшісін ауыстыру мүмкіндігі қарастыруға жатады.
Жеке сот орындаушысында
тағылымдамадан өту
қағидаларына қосымша
Нысан
___________________________
(палатаның атауы)
Жеке сот орындаушыларының
өңірлік палатасының комиссия
отырысында бекітілді
____ жылғы «__»_______ № ___
хаттама
Өңірлік палатаның төрағасы
____________________________
(қолы, А.Ә. (бар болған
жағдайда) Т., қолы)
Тағылымдамадан өткені туралы
қорытынды
Тағылымдамадан өтушi __________________________________________
(толық А.Ә. (бар болған жағдайда) Т.)
20__жылғы «__»______ жасалған № ___ тағылымдамадан өту туралы шарттың негізінде тағылымдамадан өтті.
Жеке сот орындаушы ____________________________________________
(толық А.Ә. (бар болған жағдайда) Т., 20__жылғы «__»____ №_ лицензия)
тағылымдама жетекшісі болып тағайындалған.
Тағылымдамадан өту мерзімі 20__жылғы «__»____бастап 20__ жылғы «__»_______ дейін белгіленген.
Тағылымдамадан өту уақытында тағылымдамадан өтушi _____________
(толық А.Ә. (бар болған жағдайда) Т.)
тағылымдамадан өтудің бағдарламасын және жеке тағылымдама жоспарын толық орындады.
Тағылымдама жетекшісі _________________________________________
(қолы, аты-жөні,тегі)
М.О.»